Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 95 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 84 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 85 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 86 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 87 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 88 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 89 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 90 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 91 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 92 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 94

 

Стр. 96

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Тағы да бір күн өтіп кетті...— деді кемпір.

Біз әңгімемен отырғанда күн батып, қас қарайып қалған екен. Әлі де ағылып жүрген

машиналар мен арбалылар көпір алдына келіп тіреліп тұр. Машинадан түскен екі

жауынгер бізге келіп:

Жолдастар, көпірлерін, қайда? — деді. Көріп тұрғанын сұраған адамға ызаланып

қалатын Петр, атып орнынан тұрып:

Көрмей тұрсыңдар ма? — деді.

Жоқ, біз өткел бар ма деп сұрап тұрмыз.

Өткелді өткел деп сұрау керек. Өткел бұл жерде жоқ. Жұрттан сұраңдар. Қайда

барын білсеңдер, бізге де айтыңдар.

Осы арадан өтіп болмас па, тексердіңдер ме?

Бұл арадан өтем десеңдер қару-құралдарың мен машиналарыңды тастап, өздерің

ғана жүзіп өтесіңдер.

Жоқ, жолдас, қалжың деген жақсы-ақ шығар. Қару-құралды тастап кет деген жаман

қалжың! дейді, жөн сұрап тұрғандардың бірі.

Дұрыс айтасың, жолдас. Мен саған тастап кет деп айтқаным да жоқ!

Солай шығар!

Ие, солай!

Жосып жүрген машиналар, өте алмай қалған жаяу адамдар әлі кеп, жау қолы жақындаған

сайын көбейе де бермек. Өткел табылып, бүгінгі түн түгел біздің қолда болса талайлар

жан сақтап қалар еді де, талайлардың ар-намысы төгілмес еді. Әсіресе, арып-талып келе

жатқан бейбіт жұрт, көп азаптан құтылар еді.

Осы кезде Захаров өткелінің не күйде екенін кім білсін...— деді кемпіріміз ақырын

ғана.— Қалайда солай қарай беттеуге тура келер...

Қандай еткел, шеше? — дедім.

Захаров өткелін айтам... Естіген шығарсың, Захаров дейтін шұға фабрикасы бар,

бай адам еді. Осы арадан он бес шақырым жерде фабрикасы болды... Бай адамның іші

қандай тар келеді, жұрт қолына түсірмеймін деп, азамат соғысының кезінде өртеп жіберді.

Өзі ағылшындарға қашып кетті. Мыналармен бірге келе жатқан да шығар өзі! Фабрикасын

бір ағылшын ұстап тұрып еді, аяғында Катя дейтін қызын да берді соған...—деп, кемпір

ұзатыңқырап бара жатқан соң, мен тыпыршып:

Иә, сонымен?..— дедім.

Сонымен ол Кита болып кетті,— деді кемпірім,

Жоқ, өткел жайын айтам...

Ә, өткел ме?.. Өткел бар да. Фабрикасы өзеннің бер жағында болды да, жүн жуатын

жері ар жағында еді. Менің шалым, Степан марқұм қол қойып, ақша алайын деп барса

дым жоқ, тып-типыл өртеніп кетіпті.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 76 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 94 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 96 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)