Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 88 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 77 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 78 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 79 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 80 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 81 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 82 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 83 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 84 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 85 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 86 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 87

 

Стр. 89

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Мен бар ішкен-жегенімді ақтарып тастадым,— деді ақкөңіл, алып Семен Зонин.

Иттей ыза қылғаны-ақ батып отыр! — деді Петр.— Қазір мен жиырма неміс

солдатымен жалғыз алысар едім. Мылтықты тастап, құр қол болсам да тайынбас едім!

Күтпеген жерден Семен қулық айтып:

Онда маған қоштаса кетерсің...— дейді.

Аспанда қара құс қаптап кеткен соң окопқа қарай ұмтылғанымда, жаңа ғана әлдеқайдан

қайтып кеп, өгіздеріне бір қарап қойып, бері қарай жөнелген таныс кемпірді көріп ем.

Кемпір еш нәрсеге алаң етпей, қорқу-сасу да ойында жоқ, ақырын ғана кетіп бара жатты.

Мен кемпірді қолтығынан демеп, жедел жүріңкіреп кеп, өзен жар қабағының астына

түсірдім. Бұл маңда қазылған окоптар да, бомба қазып тастаған шұңқырлар да кеп, соның

біреуіне түсірейін деп ем,.кемпір басын шайқады. Гуілдеген кеп үн кемпірдің не

айтқанын да естіртпеді. Енді бір үн толастаған сәтте кемпір ауыр ыңырсығандай болды.

Әлде, сіз жараланып қалғансыз ба?— деп сұрадым.

Жоқ, шырағым, жараланғаным жоқ. Оқ мені не қылсын! — деді.

Ыңырсығандай болдыңыз ғой?

Ол жүрегім ғой, балам. Ыңқылдайды, ыңырсиды...

Мынау үрей үнінен оның үні аз деймісің... Қайсысы жеңер әлі,— деді.

Мен кемпірдің үміт күшінің молдығына, терең бір ойды дана бір теңеумен айтып

салғанына таңқалдым. Бомбалау басылысымен сізді өткізіп жіберем дегім келді де,

айтпадым. Кемпірге одан көп үлкен көңілдің сөзің үлкен жұбаныштың сезін айту керек

сияқтанды. Анда-санда бір сөз айтысып, кеп ойымызды сөзсіз ұғынысып, екеуміз жар

астында ұзақ отырып қалдық.

Жүзін түгел ажым басқан кемпір, кәрі көздерін шығысқа тігіп, бір тілек тілегендей мүлгіп

отыр. Мынау үрей үні құлағына кірмейтіндей, еріндері әлденеменені күбірлеп қояды.

Көздерінде өшпес үміт, ізгі тілектің ғана сенімді елесі бар. Тас қабаққа жұмсақ қана

сүйеніп, демалып отырғандай.

Бір кезде кемпірдің буалдыр көздері жарқ етіп жоғары қарап қалды. Аспаннан бір

жақсылық көріп қалғандай, бар денесімен елең етіп, қадала түсті. Мен де кемпір қараған

жаққа қадалдым. Кемпірдің тілегі қабыл болғандай, күмістей жарқырап, біздің көк қырғи

көрінді. Мұнартқан аспаннан сүңгіп шыққандай екінші, үшінші, төртінші, бесінші қырғи

көрініп қалды.

Алдыңғы көк қырғи ағып келген бойы жаудың «қоңыр аласының» тобына кіріп кетті де,

атқып жоғары шығып ап, төге-түйілдіре оқ септі. Пулеметтің таныс үні әндей естіледі,

жердегі гүріл де сейіле қалды. Оңтайлы көк қырғилар орамалдай ғана ақ бұлтты

тасаланып, жалт етіп, жарып тастап жүр.

Құйрығына қонды деп ананы айтады,— дедім кемпірге.

Көріп отырмын, балам,— деді кемпір.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 43 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 87 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 89 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)