Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 79 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 68 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 69 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 70 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 74 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 75 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 77 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 78

 

Стр. 80

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

көпірмен мыңдаған адам өтсе, мыңдаған адам тағы тіреліп тұр. Дау-жанжал қыза түспесе,

бәсеңдер емес. Өйткені, осы жосыған жұрттың, артын тірей жау қолдары келе жатыр.

Алдына босқын жұртты тосып, оқ қағар етіп келеді. Жау жақындаған сайын көпір тынысы

да тарыла түседі.

Елеусіз көпір елеулі істің тиегі екендігіне әлгіде ғана тағы бір дәлел келді.

Сіздің қарамағыңызға жіберілген пулемет бөлімшесінің командирі Баранов! — деп,

жас сержант маған рапорт берді.

Неше пулемет?

Сержант санын айтты.

Келген пулеметтер онша көп болмағанмен бәрі де жоғары ататын пулеметтер екен. Маған

ол зеңбірек дивизиясы келіп қосылғандай күш берді. Пулеметтерімді жау самолетінің

күнде келіп жүрген кәнігі жолдарын тоса орналастырдым да өз ойым жеткен жерге дейін

тапсырмалар бердім.

Осы арпалыста екі күн, екі түніміз өтіп барады. Тарсыл-гүрсіл мен уда-шуға құлағымның

үйреніп кеткені сонша, көпірден жүз метр ғана былайырақ шығып ем, тып-тыныш

сияқтана қалды. Тау өзенінің күбір-күбір күңкілдеп ағып жатқаны да естілді. Тау кәдуілгі

бейбіт шақтай, таң жақындағанын білдіріп, өзеннің ар жағында қораз айғай салады. Оған

жосыған жұрттың арбасының бірінен тағы бір қораз жауап қайырды. Тамағын көріп,

даусын кергітіп тұрып жауап берді. Көпір үстіндегі қара боран шаңнан шыққан соң, таң

қараңғысында қатты жарқырап кететін оңтүстіктің үлкен-үлкен жұлдыздары да айқын

көрініп тұр. Қазылған окоп қопарылып, ойылып қалған апандарға құлай-сүрініп, мен ағаш

арасына апарып жатқызып қойған екі жаралы жолдастарымды іздеп келе жатырмын.

Құлаған, сынған ағаштар аяқтан шалып, жүргізбей келеді. Ауыр бомбалар қопарып кеткен

терең шұңқырға екі жаралыны өзім жатқызып кетіп ем, қазір таба алмай жүрмін. Шұңқыр

саны да көбейіп кеткен белгілеген ағаштарым да жоқ.

Кеше кештен бастап көпір арқылы жұртты өткізуді, бастығы мен болып қалдым. Әуелі

бастығымыз барлау взводының командирі лейтенант Алексей Горькин еді. Менің

бөлімшем соның қарамағына берілген. Күндізгі толассыз бомбалаулардан аман келген

лейтенант дәл кешке жараланды. Күн батып, қызылы сөніп, енді бомбалау тоқталар деп,

сығылысып, қаңтарылып тұрған жұртты тағы да өткізе бастап едік, әлдеқайдан сап ете

түскен үш ауыр самолет төмен төніп кеп, қара құстай айналып жүріп, көпір маңайын

бомбалай бастады.

Шығысқа қарай көшірілген өндіріс орындарының жүздеген машиналары мен әскер

құралдары, босқын жұрттың ат-арбалары лап беріп көпірге ұмтылғанда, біріне-бірі

соқтығысып, көпір алдын тағы тығындап тастады. У-шу Жұртқа жөн сілтеп, әмір беріп

тұрып, өзеннің жағасына, көпірге жақын бір бомба түскенде Горькин жатып үлгіре алмай

қалып еді. Бомба гүрс етті де, күш екпінімен Горькинді лақтырып жіберіп, көпірдің

жақтауына апарып соқты.

Горькин қатты бір ышқынып қалды да, үрейленіп, кимелеп бара жатқан біреуге:

Кейін!—деді. Даусы ышқынып, ащырақ шығып кетті.

Қауіп-қатер өткеннен кейін сұрасатын әдетіміз бойынша:

Жолдас лейтенант, жараланған жоқсыз ба?—деп сұрадым.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 50 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 78 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 80 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)