Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 62 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 63 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 64 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 65 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 66 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 67 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 68 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 69 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 70 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 72

 

Стр. 74

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Сен сәнденіп қалықтап жүргенде жау сені оп-оңай атып түсіреді. Қыран қалай

түсерін естіп пе ең? Құйындай суылдап, шаншыла құлау керек! Қанатыңды жерге

жақындай бергенде бір-ақ жай! — деді Шегең арқамнан қысып қалып.

«Сәнденіп» дегені өтіп кетті ме, «қалықтап» дегені өтіп кетті ме, әлде екеуі қосылып

бірдей тиді ме, мен қызараңдап:

Мен оны ертең баяндайын саған,— дедім, қазір қайтара қоятын жауабым әлсіз

болғандықтан.

Шеген жүріп кетті. Мен қалаға киіп баратын таза киімдерімді әзірлеп жүріп, жан қиыспас

досыммен жаңа жолымда бірінші кездесуімнің жансыздау өткеніне қынжылдым. Көңілім

наразы, жүрегім темен тартқандай болды. Қолды шекеге апарып жатпай-ақ, бірден

Шегеннің мойнына асыла кетуім керек еді дедім... Сонда ол «О, желаяқ!» деп қалар еді де,

әңгіме баяғы балалық шақтан басталып, оп-оңай ширатылып жүре берер еді... Әлде

онымыз өз күндерімен еткен дәуір ме екен? Адам артына қарап ойланады, алдына қарап

еседі демейтін бе еді! Нақыл жаңылыс па, мен жаңылысам ба? Қалай да түн бойы

аунақшып шықтым.

Володя екеуіңнің балалықтарың кетіп болғанша, менің, балаларым да сендердей

болып қалар!—деп Петр біраз мазақтап алды.

Николай екеуміз болмашыдан бастап-ақ түн бойы сөйлесіп шығатын едік. Балалық

шағымыз басқа жерде өтсе де біріміздің көргеніміз бірімізге қызықты да, түсінікті де

көрініп, жырқ-жырқ күлісіп, шегіміз қататын еді.

Мынадай бір қызық тағы болады ғой! —деп, Николай басын көтеріп алса:

Ол түгіл мынаны қайтесің?— деп, мен кимелеп кетуші ем.

Тегі ол екеуміз балалық дәуірді бірдей кешіп, ересек өміріне бірдей кірген болармыз.

Ересек дәуіріне көшкенмен «түйеқоңызын» тастауға қимай, Шегеннің маған бергені

сияқты, екеуміздің де балалық шақтан тастауға қимай, ала келгеніміз болуы мүмкін.

Сонымен бірге, үлкен бе, кіші ме, шекара күзетіне бір күні келіп, қауып-қатерін бірге

көрдік. Сондықтан шегіміз араласып, сырымыз қосылып кетіп еді. Мен оған Ақботаның

жайын айтсам, ол маған өзінің Майя дейтін сүйген қызының сипатын суреттейтін.

Шегенге бұлайша ашыла алмай, тартына бердім.

Ақбота есіме түсіп кетіп еді, ол тіпті Шегеннен де арғы балалық шақтың әсері емес пе

екен деп ойлана қалдым. Жоқ, балалық емес, тұрақты бір ойдан шықпайтын сағыныш бар.

Осы ойыма тағы да еріп, сағым теңізімен бірге толқып жатып ұйықтап кетіппін. Жайық

жағасында Ақбота тұрғандай, Шеген екеуміз бірге жақындай бергендей бір бұлдыр елес

берілгені есімде сияқты, ар жағы әлденеге айналып, қатер бір үннен оянып кеттім.

Асықтыра, аптыға берілген қатер белгісімен бәріміз де атып-атып тұрдық.

Тым болмаса жексенбі күні тыныш өтпейді-ау,— деп, кей бір жолдастар наразы

күбірлеп, ренжи киініп жатыр. Менің бүгін қалаға кететінім есіме түсіп, тез ғана бар таза

киімдерімді киіп алып, далаға шықтым.

Аспанда бір жапырақ бұлт жоқ, күннің көзі ұяла қарағандай, тау өркештерінің арасынан

жаңа ғана көріне бастапты. Көлеңке төгіп маужырап тұрған жасыл дүниеге бүгін

жапырағыңды күйдірмейін деп, уәде беріп келе жатқандай тау жақтан ақырын ғана


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 74 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)