Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 80 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 69 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 70 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 74 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 75 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 77 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 78 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 79

 

Стр. 81

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Горькин қолын бір сілтеді де, азғана жарықшақтана қалған дауыспен әмір беріп, өз

жұмысын басқара берді. Горькиннің кеше қарлыққан даусы түн ортасына дейін онша

әлсіремей үздіксіз шығып тұрды. Бір кезде даусы кенет үзіліп, бастаған бір сөзді аяғына

жеткізе алмағанын аңдап қалдым. Булығып, шашалып қалғандай болды. Жалт қарасам

Горькин өте берген бір жүк машинасының қанатына асыла құлап барады екен. Мен

құшақтап сүйей бергенде, көйлегінен өтіп кеткен желімдей жабысқақ, жылы қан қолыма

білінді. Арқа жағын қан жауып кеткен екен. Горькин ауыр бір ыңыранып қалды да:

Команданы сен ал, сержант Сарталиев! —деді. Мен көтеріп алып, жағадағы ең

жақын шұңқырға әкеп, сырт көйлегін шешіндіргенше Горькин ессіз де болып қалған екен.

Жараларын таңып, есін жидырған соң, мен оны кез келген машинамен кейін қайтарайын

деп ем, көнбеді.

Арқасында толып жатқан бомба жарықшағы тиген жара бар, сол жақ иықтың үстіңгі еті

көлденең жыртылып кетіпті. Түнде біз ондаған жаралыны ілгері жөнелттік. Горькин көпір

басынан кеткісі келмеді. Анда-санда есінен жаңылысып кетеді. Есі жиналса-ақ:

Шамаң келетін бе? Көпірдің алдын ашық ұста... Әскер бөлімдерін алдымен өткіз!..

Таңертең басымды көтеруге де жарармын,— деп ылғи үміттеніп жатты.

Бүгін кешке қарай Горькин қатты әлсіреп кетті. Түсі еліктей көгеріп, қолын да қозғай

алмай қалды. Жөнелтуге сонда ғана ризалық білдірді. Шегінген әскер бөлімдерінің ішінде

аурулар мен жаралыларды таситын жабық машиналар да бар екен дәрігер де бар екен.

Басында дөңгелек ақ қалпақ, үстінде ақ халат, көзілдірік киген қартаң дәрігер екі рет

келіп, Горькиннің жараларын қайта байлап беріп, машинаға алып кетпек еді, Горькин

көнбей қойды:

Машинада тұншығып өлем ғой. Салқындау ағаш ішінде жата тұрайын. Қазір

бәрібір кетпейсіңдер. Дәл жүрерде алдырыңыз,— деді.

Дәрігер машинасы өткен түнде ғана көпірге жақындай алды да, Горькинді де түнде ғана

жөнелттім. Өзім көтеріп апарып салдым.

Қазір мен кейінірек жараланған екі жолдасымды іздеп келе жатырмын. Оларды да ілгері

жөнелтуге бір жауынгерімді жіберіп ем, таба алмай қайтты. Енді міне, өзім де таба алмай

жүрмін. Күндіз талай көріп жүрген белгілі жер көшіп кетіп, оның орнына балшық алған

көп шұңқыр келіп қонған сияқты. Кеше ғана көлеңкелі көк орман өртке шалынғандай

селдіреп қалыпты. Күйген темір мен шүберек исі келеді.

Міне, белгілі шұңқырды да таптым. Бірақ жолдастарымды таба алмадым... Тани сала

қуанып кетіп, шұңқырға түсе қалып ем, тереңдігі екі есе болып кеткен екен. Бұрынғы

соғыстарда оқ бір түскен жеріне қайта түспейді деуші еді, бұл соғыста бұрынғы

заңдардың күл-талқаны шығатын сияқты. Шұңқырға құдыққа құлағандай құлап, қайта

тырмысып шыға беріп ем, үйіліп қалған балшық етегінен үзіліп қалған адам аяғы қолыма

ілекті. Етік, етік ішінде үзіліп кеткен аяқ, үзіліп кеткен адам аяғы. Қорқып кетіп, тез

лақтырып жібердім. Жаралы жолдастарымнан біржола айрылғанымды да білдім. Осы

екеуі менің бөлімшемнің бірінші құрбандары болды. Әрбір құрбан айқас үстінде болар

деп арман етуші едік, өмір өзі осылай ұйғарыпты. Бұл екеуі мыңдаған адамдарды көпірден

аман өткізіп, өздері құрбан болды. Горькин анау, ауыр халде госпитальға жөнелтілді.

Енді міне, көпір басындағы тәртіп бастығы болып қалдым. Штабқа хал-жайды айтып

жіберген рапортыма бастық деп қол қоюға тура келді. Азырақ қысылғандаймын, бастық

болмасқа амалың да жоқ. Көзің азғана тайып кетсе-ақ шоферлар жанталасып, кимелеп


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 56 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 79 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 81 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)