Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 75 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 64 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 65 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 66 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 67 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 68 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 69 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 70 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 74

 

Стр. 76

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бір, екі... бір, екі...

Бірінші... екінші... Бірінші, екінші...

Әр жерге бөлек-бөлек қатарланған кіші бөлімшелер бәрі үн қосып, кең алап лезде түксиіп

қалды. Енді ұсақ бөлімшелерді біріктіріп, үш бұрыштап батальон ізімен құрып бәріне

ортақ «тыныш тұрыңдар!» деген команда берілді. Мейрам күндері болмаса, жүріске

арналғандай лек-лек болып қатарланбайтынбыз.

Тау жақтан орман арасынан зеңбірекшілер мен ұшқыштардың да қатарланып жатқан

үндері естіледі.

Курс командирі мен комиссар Сомов, қасында бір топ басқа командирлер бар, жинақы

адымдап, ортада турдан мінбеге шықты. Әр жерде аэродромдардан көтерілген самолеттер

лек-лек болып, үстімізден өтіп, батысқа қарай жөнеп барады. Көбі жеңіл самолеттер.

Гүжілдеп, гүрілдеп ауыр самолеттер де өтіп барады. Мен кешегі өзіміз секірген Шегеннің

самолетін танығандаймын. Төртеу, бесеу, алтау... Төменде бал тасыған аралар, таудың ірі

инеліктері еріп жүр. Аспанда лек-лек самолеттер өтіп барады.

Аспандағы самолет гүжілінен де басымырақ шыққан, курс комиссарының даусы шаңқ

етіп шықты. Мотор гүжілі, аспан мен жердегі бар үн тынып қалғандай болды.

Өткен түні Германия фашистері ұрланып келіп, батыс шекараны бұзып өтіп, қазір

еліміздің батысында қан кешкен қырғын соғыс басталды. Жалғыз батыс емес, оңтүстік

жақтағы ірі қалалар бомбаланып жатыр,— деді.

Демалыс күнінің бар ыржаңы бітіп, жауынгер жүзі суынып кетті. Артық бір үн, артық бір

қозғалыс жоқ, қатып қалыппыз. Әр жауынгер өз жүрегінің соғуымен бірге оң жағындағы

жолдасының жүрегі қалай соғып тұрғанын да естігендей. Әрі ауыр, әрі бір қапылысы бар

хал байқалады. Әркім осы күннің боларын біле жүріп, жете әзірленбегендей, қапы

кеткендей, өкініш те бар.

Соғыс!

Қанды қырғын!

Қалалар бомбаланып жатыр.

Комиссардың әрбір сөзі өз алдына сала-сала уақиғаға айналып, бір құшаққа сыймай

барады. Үш жүз миллион халқы бар Батыс Европа қазір жалғыз бізге қарсы аттанғандай,

соғыс түбі қомақты көрінеді. Қаңлы селдер қай жерге дейін ағар, қашан тоқтар. Әрбір

солдат неше мың километр жер жүріп барып, соғыстың шыққан ұясын өртер! Қанды

қырғын адам баласының естіген-білген шеңберіне сияр ма, жоқ па?

Манадан бері өтіп жатқан самолеттер енді тура соғысқа кіргелі кетіп бара жатқандай

көрінеді.

Қош бол, Шеген аға! Сен соғысқа да менен бұрын кірдің. Жолың болсын! Әр

жолыңнан жеңіспен қайт, аман қайт!

Қош бол, Ақбота! Енді екеуміз де кешіктік. Күте гөр дерлік те жай жоқ. Бейбіт

кезде ізіңнен айрылып ем, енді сәлемді жел арқылы айтам ба, сағынышыңды ғана ермек

етермін.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 74 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)