Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 77 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 66 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 67 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 68 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 69 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 70 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 74 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 75 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 76

 

Стр. 78

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Түс кезінде бар бөлімшелер мінбе қасындағы радиоға жақындап келіп тұрдық. Елімізге

түгел таныс, қоңыр дауыс сенімді жігермен жасқану жоқ, жалынмен шықты. Жауымыз

қанша күшті болғанмен жеңетін біз боламыз деді. Ауыр айқастар барын жасырған да жоқ.

Айнала қарасам жолдастарым енді біржола сенген сияқты. Кескіндерінен манағы аң-

таңның ізі жоғалып, қабақ біткен түйіліп, енді сыртқа ызғар шыға бастапты. Қандай айқас

кездессе де, әрқайсысы да өзіне-өзі сенімді сияқты. Барлық қабақ бірге түйіліп, барлық

кек бірге қайнап тұр. Сонымен бірге әркім-ақ, байқаусыз ғана жолдасына көз қырын

салып қояды. Жұмғанда қандай, жайғанда қандай дегендей, алаңда тұрған барлық

бөлімдерді қарап өтеді. Айқас алдына жолдасты жолдас, досты дос тағы бір байқап, кімнің

қандай әзірлігі жетіңкіремей жатыр, жәрдемін беруге міндетті. Жалғыз өзің жау

алмайсың, бірден ондар, ондардан жүздер құралып, бәріміз қосылғанда ғана — біз

боламыз!

Манадан көптің ауанын байқағандай болып тұрып, енді өз ішіме үңілсем жұрт көзінен

таныдым дегенімнің бәрі де өз ойым екен. Ойға-қырға қыдыра жортып кеп, өз шамасынша

әр нені түсінгісі келіп, аяғында бір сұрауға келіп, тіреліп тұр:

Миллиондармен есептелетін ұлы Қызыл Армияның қатарында маған тиер енші қандай

екен? Қолма-қол сыналар кезеңге ойланып келдім бе екен әлде көптің панасына ықтаумен

болдым ба екен?

Бұл әлі өткелектерден өтерде байқалатын сыр. Бірақ ешкім қипақтамайды, құр тәуекел де

емес, сенім берік, жүрек орнында сияқты.

Ойларыңның салмағы басыңды төмен алып барады,— деді, налу білмейтін Володя

Толстов. Ол әр кезде менің орысша сөйлегенде оңай оралымға келмейтін жайымды

бақылай жүретін. Қазір де сонысын істеп, сөйлемін әдейі ауырлатып айтып тұр. Мен оған:

Ойыңда тек салмақ болсын, Володя, басыңды өзі-ақ көтеріп әкетер әлі... Бас тіреуі

ой ғой,— дедім.

Философия майданға да бірге кірсе, мен оны ұнатып қалғанымды сонда ғана

айтармын,— деп, Петр қашанғы әдеті бойынша әр нәрсеге ашық шек қойып жатыр.

Біз намазға тұрғандай сапқа тұрып, Отап алдында тағы бір рет ант еттік. Қансырап келіп

соқтыққан қанды жол жауымызды өз қанына тұншықтырмай, тынбаймыз дедік. Анттың

әр әрпін анық, әр сөзінің мағынасын жадымызға құйып алып тұрмыз.

Ант артынан алдыңғы жеті кісінің бірі болып, командирлердің алдына барып рапорт

бердім:

Курс аяқталуына қаратпай-ақ, еріктілер қатарында майданға жіберіңіз,— дедім.

Сарталиев жолдас, артыңызға қараңызшы!—деді курс командирі жымиып.

Алғашқы бір қас қаққандай сәтте жеті жауынгер шыға келсек, енді арт жағым ұзын

құйрық кезекке айналып барады екен.

Орындарыңа!..— деген ұзын команда берілді. Бәріміз де орнымызға бардық.

Рахмет, жауынгерлер!—деді командир.— Қазіргі сағаттан бастап, бәрің де

майдандамыз деп есептеңдер өздеріңді. Бізге ұшыраспай соғыс кете алмайды. Отан

бәрімізді майданға шақырып отыр. Отан ұлы қоңырауын қағып, аттан салды.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 78 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)