Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 82 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 71 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 74 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 75 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 77 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 78 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 79 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 80 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 81

 

Стр. 83

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

денесі меңсіз құбақан атан өгіздер, кейбір елдердің тәңірі деп табынуына туратын. Биіктеу

жарқабақта тұрғандықтан жүк машиналарының үстінен көрініп турады. Қазір таң атып

келе жатқан ала-көлеңде баяғы өз орнында ақ шатырдай ағараңдаған, әрине, сол екі өгіз.

Қаз-қатар тіресе, құйрық тістесе келе жатқан машиналар мен соғыс құралдары кемпір

байғұсты жолға жақындатпай қойды. Қайта, бір адым болса да жарқабақтың астына қарай,

әрірек шегіндірген сияқты. Керексіз шаң-шұң тоқталып, мына жұрт күнбе-күнгі өміріндегі

әдептілігі мен тәртібін бұзбаса, көпірден өтуі де оңайлана түсер еді. Жаралыларға

арналған, қазір көпірден үнсіз ғана өтіп бара жатқан машиналар сияқты болса бәрі де

бұдан он рет тез өтер еді. Майордың соғыс тәңірлері де кезек күтіп қалмас еді.

Жабық машиналарда тұншығардай болып, ашық машиналарда күнсіп, қаталап келе

жатқан көп жаралылар бар. Шегініп барып, бекініс жасап алып, жауға қарсы тұруға тиісті

әскер бөлімдері күтіп тұр. Мүмкін, дивизия командирі полктарыңды үш сағаттың ішінде

бекініске сал деген бұйрық алып жатқан шығар. Оның орындалуы мына тар көпірдің

аузында, не болғаны сержант Сарталиевтің қолында тұр. Оны мен ғана білем, басқалар өз

қамын ойлап шуласады.

Менің бөлімшемнің жауынгерлері бұл күнге дейін әдеп салтына үйретілген арам сөздерге

бармайтын жігіттер еді. Үш күннің ішінде қабаттай боратып, қатты сөздер айтуға үйреніп

алыпты. Әсіресе, Петр аспанды жаңғыртады. Боқтық айта бастағандардың қасынан

үндемей ғана тұрып кететін Владимир Толстов та енді ешкімнен қалысар емес... Көпір

алдымдағы азғана ашық жердің сол жақ шетін қорып тұрған Петр, кимелей берген

шоферларға тәртіп сақтауды түсіндіру үшін, аюдай ақырып қалады.

Жалғыз-ақ, үндемей жапырып, жұртты өзінің алып денесімен ығыстырып тұрған ұзын

бойлы, алып денелі, Сталинград жұмыскері Семен Зонин.

Көпір аузының тығыны алынып, алдыңғы машиналар тез сырғып кетіп еді, биік қырқаның

аржағында келе жатқан қалың жұрт, сеңдей сығылысып көпірге келіп тірелді. Көпір

алдындағы ашық жеріміз бітеліп қалды. Машинаға жетектерімен соғылып, ауыздарын

арандай ашып, қарғыған аттар, жеңіл машиналарды бір жағына қарай ығыстыра қозғалған

ауыр машиналар, еш нәрсені естімеген түсінбеген боп, жауынгерлерімді де басып өтердей,

кеуделеп келеді. Жігіттерім де шегіне бастапты. Алыста тұрған кемпір де ұзын шыбықпен

жатқан өгіздерін үсті-үстіне ұрып, тұрғызып жатыр.

Таганрог қаласына қарай етіп алып, қорғаныс шебін құрғалы бара жатқан әскер бөлімдері

мен зеңбірек, танкілерді алдымен өткізу керектігін мен де білем. Бірақ әскер бөлімдері

босқын жұрттық ат-арбаларымен араласып алыпты да, басын сұққан жерден өздері де

қозғала алмай тұр. Сондықтан бөгесін болып, алға тұрып қалған арбалар мен жаяуларды

тез еткізіп жіберу керек. Жұрттың алдыңғы жағы тоқтаусыз шұбап өте бастаса, қабақта

көлденеңдеп тұрып қалған машиналар, арбалар барлығы байқалады. Ол жақтағы жұрт

кезек дегенді өз бетімен көбінесе күшпен құрып жатыр.

Сол бір топ қинағалы тұрсын-ау...— деп, солай қарап ем, биік жардан ойға қарай

артымен сырғып барып, енді тырп ете алмайтындай болып тоқтаған жүк машинасының

үстіндегі бір топ қызға көзім түсті.

Дұрысында, көзім түскен жоқ, сол машинадан шыға қалған таныс әнді құлағым шалып

қап бастап кетті-ау деймін. Осынша үйме-жүйме жат дыбыстардың ішінен ән естілуінің

өзі де жат еді. Көзім соны тексеру үшін түскен сияқты. Үш күннен бері ұйқы көрмеген

адам, ән емес, түс көріп тұрғандай да болып кетем. Құлағыма сене алмаймын. Көпір

аузындағы мына хәлді қандай күтпесем, ән естілуін де сондай күтпеген екемін.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 81 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 83 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)