Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 109 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 98 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 99 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 100 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 101 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 102 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 103 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 106 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 108

 

Стр. 110

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

жатыр. Бір сайға тұрақтай алмай, екінші бір жыраның табанына шыққан тал мен тікеннің

түбіне келіп, біз де құлай-құлай кеттік.

Буалдыр таңды айқыш-ұйқыш есіп, қызылды-жасылды оттар жарқылдай бастады. Азырақ

жаңбыр сіркірейді. Ракеталар жарығымен манағы көпірден өтіп кеткен жалғыз танкы да

көрініп қалады. Қазір ол қираған көпірдің қасына қайта барып тұр. Көпір аузына

сығылысып қалған кеп танкы, бір-бірлеп кейін шегініп, жолды тастап, ағашқа қарай бет

алып барады.

Екі жүз бар шығар!—дейді Зонин, иегімен танкыларды нұсқап.

Қорықпай санасаң, бес жүзге жеткізерсің...— дейді Петр оған.

Таң атып қалды. Жау танкылары тез-тез жылжып, бақша арасына қарай кетіп барады.

Әрине, күн бойы сол бақша мен ағаш арасынан шыға алмайды енді. Кешке дейін көпір

іздеп, түнде ғана орындарынан қозғалады. Қай жерге бекінгендерін анықтап алған соң,

бізге де қайтуға болады.

Володя қайда жүр? — деп, жолдастарым кезек-кезек сұрап қояды. Өжет жастың

жоқ болып кеткені бәрімізді де қатты күйзелтіп отыр.

Петрді ағаш басында бақылауда отырған Сергейге жібердім. Танкылардың қай жерге

қалай жасырынғанын шамасы келгенше анықтап, қағазға дәл түсіріп әкелсін дедім.

Семенді қару-құралдармен осы орнымызды қорғауға қалдырып, өзім Володяны іздеп,

көпір маңайын бір шолып қайтуға кеттім. Дос жолдас үшін қолымнан келері сол-ақ болып

қалып еді.

Көпір маңайында бір танкы қалмапты. Өзен бетін шып-шып шымшып алып тұрған оқтар

алыстан бақша арасынан келіп жатыр. Володя бәрібір табылмады. Манағы жалғыз танкы

кейін өте алмай, ашыққан жолбарыстай жортып, жем іздеп жүр. Бойтаса табу да оңай

болмай қалған сияқты. Біресе пісіп тұрған егінді жапырып-жаншып, арғы ойға түсіп

кетеді, біресе бері оралады.

Менің көңілсіз қайтқанымды көрді де, Семен еш нәрсе деп сұраған жоқ. Бір қырын

отырған Семеннің сол жақ көзінен сорғалаған жалғыз тамшы жас үлкен бетінің сай-

саласымен жылжып, иегіне қарай келе жатыр...

Жалғыз жүрген танкы екі рет біз жақтағы сайға дейін кимелеп келді де, кейін бұрылды.

Қорқып жүр...— деді Зонин,— тұрақтай алмай жүргенін көремісің? Тоқтаса-ақ

біздің келіп қалатынымызды біледі!

Табаны екі елі тиіп кетсе, тапап тастайтын темір жөйттің бізден қорқып жүр дегені маған

да ұнап кетті. Екеуміз бір-бір қарасып, жымиысып қойдық.

Мұның өзін құрту керек,— дедім.— Мұның аман жүргеніне біз айыпты. Қашан

қолға түскенше, бұл доңыз бүлік салып кетуі мүмкін.

Несі бар құртса...— деп, Зонин тұруға оңтайлана бастады.

Тоқтай тұр... Жиналайық.

Биік егіннің орта кезінде егін бастары қозғалып қойып тұр екен. Бұл не, біздің

пулеметшілеріміз, не болмаса, Володя болуы мүмкін. Сергей отырған ағашқа Петр де


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 56 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 108 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 110 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)