Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 112 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 101 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 102 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 103 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 106 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 108 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 109 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 110 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 111

 

Стр. 113

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Көпір астына құлаған екі танкыны Петрдің танкылары дейміз де, мынаны

Володяның танкысы дейміз... Пісіп-қатқан, ысылған жауынгер болып, батысқа бет

алғанда, сөз жоқ, осы танкылардың қасынан өтеміз,— дедім.

«Кемпірдің өткелі» деген сияқты ма? — деп, Петр езу тартып келе жатты да, кенет

өзгеріп кетіп:—Жоқ, Костя, Володяның танкысы деген дұрыс. Петр танкысы деген танкы

әлі қолға түскен жоқ. Көпірдегі екеуді «біздің танкы» деп атаймыз! —деді.

Біздікі дегеннен еске түсіп кетіп, ойлана қалсам, аз күннің ішінде-ақ әр жерге қалдырған

белгілеріміз едәуір екен. Екі самолет, екі көпір, үш танкы, батысқа оралар кезде кездесуі

де мүмкін. Соғыс қазір қалай қарай кетіп бара жатса да түбінде Берлин көшесінде барып

аяқталатынын біздің, ішімізде білмейтін бір адам жоқ. Жауынгер қазір қалай қарап кетіп

бара жатса да әрбір адым аттаған сайын Берлинге жақындай түседі. Әр сағат соғыс өмірін

қысқарта береді. Сол сапар қысқарып, сол сағаттар таусылып Берлинге жеткенімізше,

талай белде талай белгілер қалатыны да даусыз. Отанымыздың жас ұландары, сол

алғашқы ауыр күндерді де осы сеніммен кешті.

Аузымыз кеуіп, тіліміз аузымызға сыймай бара жатқанын айқас біткен соң сезе бастадық.

Соғыс өмірінде бұ да бір қызық жай. Манағы әлекпен кешке дейін сарпалдаңда жүрсек,

ас-су деген ешкімнің, ойына кірмес еді, енді міне, «жұмыстан» босап едік, қаталап

барамыз... Радиошы Женко алма бағының жиегіне орнаған екен. Сергейді сүйреп, Зонин

де келіпті. Бәріміздің әкеміз сияқтанып, қамқорлық жасай жүретін ақкөңіл Семен

көлеңкеге алма мен тамақты жайып, әзір отыр екен. Алманы шайнай тұрып, Женкоға

штабқа берілетін тығыз хабарды айтты. Шамам келгенше Сергей салған суретті дәл

баяндадым.

Сергейді сұр палаткаға салып алып қозғала бергенімізде-ақ төбемізден ысқырып өтіп бара

жатқан ауыр зеңбірек оқтарының үнін таныдық. Артта қалған өзен жаққа барып гүмп етіп

түсіп, гүрс етіп жарылғаны да естіле бастады. Ауыр снарядтар кейде ауаны иіріп ысқырып

өтеді де, кейде қарау қамыстың, сылдырындай естіледі. Күйініп тұрған Русаковтың

зеңбіректері құйындай соғып, боратып кетті. Ішін тартып, аспан күркірегендей, бұлт

күңгірлегендей болады. Бізге штабқа қайт деген бұйрық берілмегенде, манағы орнымызда

жатып бақыласақ, көп нәрсені көретінбіз. Әрбір гүрс еткен снаряд бір-бір танкыны

ұшырып жіберіп жатқандай, жауынгер жүрегі ән салып келеді. Арт жағымызға бұрыла

беріп, қарайлай беріп келеміз.

Түс ауа майданның алдыңғы шебіндегі майор Русаковтың зеңбіректеріне келсек, біздің

политрук Ревякин де сонда екен. Барған жұмысыңды тындырып қайтқанда, аяғыңды сарт

еткізіп, оң қолыңды шекеңе қадап тұрып баяндағың келеді. Бірақ Русаков пен Ревякин

оған жібермей, бірден қолдарын соза, құшақтарын ашып:

Тірімісіңдер, түгелмісіңдер, көксілдер! — деп, бәріміздің қолымызды ала бастады.

Русаков арқамнан құшақтай өзінің жаппасына алып түсе бере:— Ал, қалай? — дегенде,

мен жауап таба алмай қалып:

Сізге де батыс жақтың жолы ашылды... — дей салдым. Әскерлік тәртіппен жарты

сағат баяндармын деп әзірлеп алған сөздерім, жай әңгіме ретінде айтылар түрін таба

алмай, көмейіме келіп кептеліп қалған сияқтанады.

Денсаулықтарың үшін бокалды кешке көтерерміз, әзірше тамақтана тұрыңдар,—

деді Русаков.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)