Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 114 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 103 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 106 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 108 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 109 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 110 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 112 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 113

 

Стр. 115

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

табан тірескенімізге міне бір ай болды. Окоп пен жаппаларымыз кезек ауысып тұрады.

Кеше немістер отырған окоптарда бүгін біздің әскерлер отыр.

Қазір мен ерекше бір баппен жасалған неміс жаппасында отырмын. Төбесін қатар-қатар

айқыш-ұйқыш етіп тоғыз қабат бөренемен жауыпты. Бүктеліп, жиналатын көрме төсекке

топырақ түспесін деп, төбеге әлдеқай музейден алып кеткен жұқа жібек кілем көріп

тастапты.. Түнде ғана бұл жаппада немістің үлкен бір командирі отырған болу керек.

Октябрь революциясының мейрамына арналған жорығымызда күн шыға бергенде біз

басып қалдық. Қазір мұнда, қасында бес жауынгері бар, «Қайрақты» колхозының қазағы

Қайрош Сарталиев қырынайын деп отыр. Азамат десең де болады, Костя десең де болады,

аға сержант десең де болады.

Жаппаның бұрынғы иесі елеулі адам болған сияқты. Күміс жақтаулы әдемі айна, сүйек

сапты ұстара, жымың қағып, жарқырап тұрған қырыну саймандары, үлкен ақ бокал толы

суынып қалған су, бәрі стол үстінде, құрулы күйінде қалыпты. Кешке мейрамға арналған

жиналыс болатыны белгілі еді, жігіттер қырынып алуға көңілдері кетті. Ескі мамандығым

есіме түсе қалып, ұстараның жүзін шашыма салып байқасам, қылпылдап тұр екен. Борсық

қылынан жасалған жұп-жұмсақ сабындағышты бетіме сүйкегенде иесінің қандай өкініп

отырғаны да көз алдыма келді. Қандай рахат сағатын үзіп жібердік екен!..

Жаппаның иесі жан-саяның әр түрін де жақсы көру керек. Бұл соғыс командирінің,

жаппасы емес, бір бай үйдің бөлмесі сияқты. Соғыста керексіз талай нәрселер бар.

Қабырғада толып жатқан суреттер тұр да, стол үстінде қалтаға сыйып кетерлік,

алтындатқан альбом жатыр. Сүзетін адамдай, қабағының астымен қараған біреудің суреті

менен кезін алмайды. Кезінде бір сиқыр бар, әмірші нышанасы бар деп ойлайтын болу

керек, кірпігін қақпай-ақ жыланның көзіндей, тесіле қарайды. Кездесіп қалсақ, таныма

етіп жүрмейін деп, бет-аузына дәлдеп бір қарап алдым да, босағаға қарай лақтырып

жібердім. Сурет босағаға сыртымен барып түсті.

Жерге басымен түсті ме, кеудесімен түсті ме?— деп, Петр мен Семен бәс тігісіп

жатыр.

Әрине, басымен түсіпті. Қырынатын кезек менікі болды! — деп, Петр қырынуға

отырып жатыр.

Осы сияқты бір ауруы бар патшаның жайын бұрын да естігенім бар еді. Ол патша, «мен

дәлдеп қарасам, адамның қан тамырын тоқтатып тастаймын» деп, нөкерлеріне қарайды

екен. Жағынымпаз сорлылардың қан тамырлары тоқтай қалуы қиын болсын ба, надан

патша сол сеніммен дүниеден өтіпті. Бірақ ішкі-сыртқы елдерге онша айбынды бола

алмапты. Мынау да сол жарамсақ жәдігөйлердің ықтай беруіне сеніп, өзін-өзі әмір иесі

санайтын адамның түрі. Жау окоптарында бұл суретке мен әлденеше рет кездестім. Әр

түрлі сипатта, әр түрлі қыр көрсетіп түскенмен Берлин көшесінде кездесе қалсақ, Гитлер

қайсы, басқасы қайсы, жаңылмаспын деп ойлаймын. Ол күнге жетсек, біздің

жауынгерлердің ішінен жаңылыса қоятыны сирек-ақ кездесер. Әрбір күн өткен сайын

соғыс өмірінің тағы бір күні қысқарғанын есептеп жүрген жауынгерлер ол кездесудің

жақындай беретінін де біліп, осы күннен әзірленіп жүр.

Өзім қырынып болған соң, баяғы мамандығым бойынша, Зониннің сақалын ала бастадым.

Оның бақандай саусақтары ауыр нәрсе болмаса, ұстара, ине-жіп дегендерге олақтау

жұғысатын еді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)