Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 23 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 14 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 15 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 16 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 17 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 18 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 19 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 20 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 25 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 22

 

Стр. 24

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Адам болады екенсің, айналайын,— деп арқамнан қақты. Қолы жұмсақ, айналайын

дегені жылы тиді жүрегіме.

Мені машинаға мінгізіп алып, сол түні қаланың.шетіндегі балалар үйіне тапсырды. Бар

баланың азық-түлігін жалғыз жеп семіргендей жуан әйел, отырған орындығын ойбайлата

сықырлатып, маған қарай әрең бұрылып:

Атың кім? — деді.

Костя.

Я, сендер бәрің де Костясыңдар... Әкең аты ше?

Сарталі.

Оқтаудай жуан қаламды қазандай үлкен қара сауыттағы сияға малғысы келіп, қолын соза

түсті де, менің атымды жазғысы келмей кеткендей, қолын қайта тартты. Сауытқа сүйей

берген қалам әуелі бір жағына қисайып құлады да, содан кейін бір-екі аунап түсіп, әйелдің

алдына таман барып жатты.

Бұл түнді мен бөлек бір бөлмеде өткіздім. Әуелі мені көбігімді бұрқыратып жуындырып

алды, таза киім берді. Әлгіде мені ынтасыз қарсы алған әйел, енді менің момын

екендігіме, анау-мынау бұраң жолым болмағандығына көзі жеткен соң тарта, шүйіркелесе

сөйлесіп, балалар үйінің жайын таныстырып отыр. Аздап қазақша біледі екен:

Мен жақсы шеше... Балаларым көп. Ойнайсың... Оқисың дейді әр сөзді икемдеп, қазақша

сөйлеп...

Неше балаңыз бар? — дедім.

Қазір елу.

Мен шын-ақ шошып кеттім. Бір адамның елу баласы бар дегенді естімеген едім.

Сентябрьде сексен болады...— деді әйел. Мен:

Бір айдың ішінде отыз бала табасыз ба?»—деп сұрай жаздап қалдым. Кескінімде айран-

асыр таңқалғанымдық болу керек, әйел күліп жіберіп:

Бәрің өзіңдей жетім балалар,— деді. Жетім балалар үйінде отырғаным енді ғана есіме

түсіп, ұялып қалдым.

Аппақ таза бөлме. Сырланған көк керует. Асты-үстімде таза ақ төсеніш. Бұл менің

өмірімде бірінші рет кездесіп отырған нәрселерім. Кез келген бұрышқа аунай кетіп

үйренген басым мына тазалыққа қалай жақындасудың ретін таба алмай қатты қысылдым.

Мені жуындырған әйелдер, қалғанына қарамай үсті-басымды көпіртіп жатып:

Енді таза боласың, ақылды боласың, жақсы боласың – дескен.

Сол таза, ақылды болатын балаңыз тазалыққа аяғын бата алмай кереуеттің шетінде ғана

отыр. Мұндайдың жайын Шеген білер еді, ол қасында жоқ...

Ал айналайын жат, ұйықта! — деп толық әйел де шығып кетті. Мана ол маған өрескел

жуан көрінсе, енді толық қана көрініп қалды.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 76 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 22 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 24 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)