Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 17
Стр. 19
Қазақстанның ашық кітапханасы
тура тоқсан емес? деген ой келеді. Шеген кек құрақтың үстіне құлай кетіп күлкісін әлі тыя
алмай жатыр.
Екі мың сегіз жүз сексен жеті!.. Өлтірдің, Костя, өмірдің мені! —деп, кейде қатты
қарқылдап жіберіп, кейде де булығып, демін ала алмай, аунап-аунап күледі.
Әрі-беріден соң ғана есіме түсті, сексен жеті дегенім
баққан сиырларымның саны екен. Шегенге осыны айттым.
—
Е, бақташы ма едің! —деді Шегең күлкісін тыйып.
—
Ие, жазғытұрымнан бері сиыр бағам.
—
Біз сені түнде керігі, алып кетсек қайтеді деп те ойлап едік. Бірақ, таптық жағыңа
көзіміз жеткен соң көрерміз деп қозғамап едік. Енді көзіміз жетті, біздіксің! — деді
Шеген.
—
Мен «таптық жағың» дегенің немене деп сұрадым. Шеген маған:
—
Шпана, бұзақылардың бірі болып жүре ме деп, жоламап едік. Ондайлар да болады.
Олар бізге жолдас емес,— деп түсіндірді.
Пұшық мұрын, бақыр шайнекті отқа қойып жатып:
—
Бірақ сен оқуың керек! Оны біліп қой!—деді Шеген.
—
Оқымаған бала оқыған балаға жолдас бола алмай ма?—деп, жәбірленгенімді
білдіргім келіп бір тұрдым да, бата алмадым. Сұрай алмадым.
—
Өзі орысша-қазақшаға судай! — деді Бораш, ақырын ғана сыбырлап.
—
Сен ше?
—
Оқи алам...
Көзім жасық тартып, үстіңгі қабаттарым азырақ қызып бара жатқандай, аузым балдыр
татып бара жатқандай сезіледі. Жәбір, қорлану, намыстану дегендер қол ұстасып, алқымға
келіп, буып бара жатқандай сезіледі.
—
Әуелі таза болайық,— деп, Шеген менің шапанымды алып өзенді сабалай бастады.
Айналдырған екі түймемнің біреуі үзіліп кете ме деп, мен қылпылдап отырмын.
—
Шапан жарықтық әкеңнен қалса да ескі исінен әбден арылатын болсын,— дейді
Шеген.
Әуелі түймелеріме жаным ашып Шегеннің қасына барып ем. Артынан сабалаған судың
сартылдағанына қызығып кетіп, шапанымды сабаласуға өзім де қосылып кеттім.
Борашта бір ерекше тәртіптілік бар. Әлдеқайдан ұзындау келген көкала орамал тауып
алып, оны әдемілеп төсеп, әкелген базарлықтарымызды түр-түрімен жайып жатыр. Екі ақ
қалайы бокалдары бар екен оны ысқылап, сүртіп, ыстық сумен шайып тастап:
—
Шеген аға, шайға келіңдер,— деді.
Шайға отырған соң, Шеген маған тағы үш түрлі өсиет айтты...
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 76 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 17 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 19 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |