Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 7 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 3 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | К полной версии | Стр. 4 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 5 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 9 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 10 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 11 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 14 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 6

 

Стр. 8

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Кешкі күн жалқау сырғып, теңіз толқынын алау-жалау өрттей жалтылдатып, ұясына құлап

барады. Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады.

Күн де батты, теңіз үстіне қорғасындай басқан ауыр бір қара тұман да көтерілді. Қара

тұманның ауырлығынан теңіз беті қайысып, темен түсіп кеткендей сезіледі.

Қара тұманның әр жерінен жалғыз-жалғыз жарқыраған жұлдыздар көрінеді. Тұман

арқылы көрінгендіктен қызғылт тартқан кішкене жұлдыздар түнде жарқырайтын

қасқырдың көзін есіме салды. Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де

көрген емеспін. Бірақ жаңағы бір ой сап ете түсті де, айналамның бәрі қасқыр сияқтанып,

үрей антұрған кіре бастады. Күндіз әр бұтаны тасалана қашсам, енді бұта біткеннен

ойқастап келем.

Шошынып ұшқан жапалақ жарқ ете түсті. Қанаттарының әрі көгілдірлеу, әрі қызғылттау

жарқ етіп қалғаны есіме әлдеқайдан жын-шайтанды әкеп түсірді.

Оған молда өлгелі есіз далада жын-шайтан өріп жүретін болыпты ғой...

Түн болса-ақ молданың моласының басына жиналып алып ән салады екен...

Басқарма бір күні атының мықтылығынан-ақ құтылып кетіпті!—деп, үрейлене

сөйлеп отырғандарын ауылдың кемпірлерінен талай естігем.

Мен ол моланың қай жерде екенін де білмеймін. Әйтеуір, осы кең даланың бір жерінде

болар деп жорамалдап келем. Олай болса, кездесіп қалуым да оп-оңай ғой... Әлдене бұлаң

қаққандай болды. Даланы тастай беріп, өзенге қарай ағып келдім де биік жардан қарғып,

суға түстім. Күшті ағыс мені жаңқадай дөңгелетіп іліп ала жөнелді. Шапаным еріп

артымда қалқып келе жатыр да, құлақшыным қалқып алдымда кетіп барады. Әрең дегенде

шаруамды жинап алып, Гурьевке қарай бетімді түзедім. Жайық ағызып қара апаратынын

жақсы білетінмін. «Өзен бойында өзінен жол болмайды, көзіңді жұмып алсаң да, қаладан

шығарады» деп, Айдаш та талай айтқан.

Ізімнен айрылғандай сары масалар да қалды. Қасқыр жын-шайтан от пен судан өлердей

қорқады ғой... Енді олардың бәріне де ернімді шығарып келем. Шапанымды салып алып,

құлақшынымды басыма киіп құлашымды жайып жіберіп, рахат бір күйде сырғи бердім.

Кәрі Капийдің теңселіп, жардан биік толқындары тұрып, долданып жатқан бір кезі болу

керек. ыңырану естіледі. Алыстан жымың қағып шақыра беретін қала оттарына да

жақындап келем біресе ауыр күрсінгендей, біресе жалқау есінегендей болады. Мана теңіз

үстінде көтерілген ауыр қара тұман енді көрінбей кетті.

Тегі, теңізге батып кеткен шығарсың,— деп ойладым. Өйткені, үлкен бір қорқынышым

сол ауыр сезілген қараңғылық еді.

Жалпақ өзенді белінен бастыра салған ұзын көпірге таянғанда, жылжып жағаға жақындап,

әрең деп қырға шықтым. Үлкен қала ұйқыда. Алыстан балықшы кемесінің анда-санда

салған айғайы келеді. Ауыл түн болса-ақ түгелімен ұйықтайтын еді. Қала олай емес

сияқты. Әр жерден зіркілдеген үндер келеді. Ағаш кескен ара даусы естілгендей болады.

Қала оттарының түгел сенбегендігі де түгел ұйықтамайтынын айтып тұрғандай.

Қалаға кіріп, қатар-қатар тізілген кеп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуінің

жанына келдім де, жып-жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ құм өзінен-өзі үгітіліп,

жанбасқа жайлы төсек бола кетті.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 6 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 8 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)