Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 10 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 3 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | К полной версии | Стр. 4 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 5 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 6 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 7 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 8 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 14 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 9

 

Стр. 11

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Ал ақшаңды шығар! Суыр қолыңды. Әкел бері!— деді ол.

Ақшам жоқ...— дедім мең қолымды суырып, түк жоқ алақанымды жайып.

Апыр-ай, не деген кеще едің!— дегендей, үлкен бір қынжылыстан бастады да,

дүкеншім маған төніңкіреп келіп:—әдейі ақша берген бол дедім ғой саған! Сал қолыңды

қалтаңа! Ашпа алақаныңды! Бер маған жүз сомды!—деді.

Менің қолымды қалтама да өзі салды, жұмырығымды да өзі жұмды. Содан кейін

алақанымды да өзі ашып, құлқыны құрып тұрған «жүз теңгені» де өзі алды... Жүндес жуан

саусақтары жып-жып етіп, маған «артығын» да қайырып берген болды.

Содан кейін бір тілім нанға пышақтың ұшымен ғана бір сипап қызыл уылдырық жағып,

маған ұсынды да:

Бүйте берсең, босқа өлесің! — деді. Мен өлгім келмейтінін айттым...

Ескі Гурьевтің кедір-бұдыр, қисық көшелерімен базар халқы ағылып келеді. Айран, сүт,

жұмыртқа, нан сататын әйелдер ұзын тақтайлардың өн бойын ерлей тізіле қалып,

қонақтайтын тауыққа ұсап, «қыт-қыттай» бастады нанды шайнай жүріп, әр әйелдің, көзіне

қадалып ананы-мынаны дәме етіп едім, еш қайсысының бүйрегі бүлк ете қойған жоқ.

Анда-санда көзінің қырын маған бір тастап қойып, тақтай дүкеннің алдында манағы

дүкенші де жүр. Қара ала әтештей кердең басқанмен әлі еш нәрсе сата қоймағандықтан

оның жүзіне де әлі рең кірген жоқ. Менің жүз теңгем әлі ырыс әкеле қойған жоқ-ау

деймін. Базарда алушыдан гөрі сатушы көп сияқты. Сондықтан еш нәрсе сата алмай

тұрған әйелдердің жүздері де жылынар емес. Оларға мен де алақанымды жайғым келмеді.

Базар қабағын ұнатпай, өзенге қарай жөнеле беріп ем:

Ей, балам, ей, жетім бала... Бері кел! —деген дауыс естідім.

Жалт қарасам, базар шетінде айран сатып отырған қарт әйел маған қолын бұлғап отыр

екен. Мен қасына жеткенде күбі шелектің бетін ашып, маған тостағанға айран құя

бастады. Бейне өз шешемнің отырысы, бейне өз шешемнің айран құйысы, бейне өз

шешемнің аяныштығы... Есіме шешем де түсіп кетті, үйге қайтқым келді.

Мә, іше ғой, байғұс бала,— деді, кемпір маған айран құйған аяғын ұсынып жатып.

Бар буыным босап, аяқты әрең қолыма алдым.

Борашты көріп жүретін шығарсың? — деді қарт әйел, ерекше бір аналық жылы

дауыспен.

Көріп жүрем, әже...— дей бергенімде, мұрным лайықсыз бір қорс етіп қалды да,

көзім де көлдетіп жүре берді. Айранды жұтып жатырмын, қыңсылап жылап та тұрмын.

Өмірде айран ішіп тұрып жылағандағы дауысымды естігенім осы еді, әлем-тапырық екен.

Ей, байғұс бала-ай... Не боласыңдар бүйтіп жүріп...— деп, кемпір маған ренжуден

бастады да,—өгей шешенің аты өгей шеше де..- Әйтпесе, Бораш қаңғып кетер бала ма

еді...— деп өзі де көзін сүртті.— Әкеге бәрібір, қатынның аты — қатың балаға туған

шешедей қайдан болсын! — деп, онсыз да ауырып тұрған жанымды тағы бір жанап өтті.

Аяғы жазылды ма, өзінің? —деді бір кезде.

Жазылғалы,— дедім, кемпірдің ыңғайына қарай көшіп. Тап осы жерде аяғыш

кемпірдің көңілі нені қалап тұрса, соған орай бір түнге жетерлік жақсы әңгіме тауып


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 9 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 11 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)