Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 8 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 3 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | К полной версии | Стр. 4 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 5 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 6 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 10 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 11 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 14 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 7

 

Стр. 9

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

О, қасқаңның жатысын-ай!..— деп, тап өзіме ұқсаған екі бала мені аяқтарымен

бүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем, көзімді ашуға дәрменім жетпеді.

Аржағын білмеймін, тас болып қатып қалсам керек...

Зытып келеді екем, зытып келеді екем... Қуғыншы мені қуып келеді екен қуып

келеді екен... Менің қуғыншым сары маса ғой, буып келеді екен буып келеді екен...

«Батыр түсінде жау көреді, балықшы түсінде ау көреді» дегендей, мен түсімде қашып келе

жатқанымды көрдім. Алдымда тап өзіме ұқсаған тағы бір бала кетіп барады. Мен оны

егізімнің сыңары, бір туып, бірге өлерім шығар деп келе жатсам, ол мені мазақтап қашып

барады екен. Бір уақытта қарсы тура қалып:

Қашқын, қашқын,— деді ол маған.

Мен оны бас салып ұстап алдым да, құлақшекеңнің тұсы осы болар деп, жұдырықпен кеп

қойып жібердім. О да мені қойып жібергенде кеңсірігім жарылып кетті ме екен деп ем,

аман екен әйтеуір... Түшкіріп те жібердім, оянып та кеттім. Екі көз, құлақ-мұрныма

үймелеп алып, той жасап жатқан базардың қалың қара шыбындары екен. Бет-аузымды

еркін иемденіп алыпты да, сайрандай беріпті.

Кет-ей! Мына бір пәлеге қайдан душар болған! — деді дүкенші, тақтай дүкенін

ашып жатып, оның не айтқанын мен сөзінен емес, жиіркене шыққан үнінен аңғардым-ау

деймін.

Жатқан жерім базар маңы болу керек, айналам балық сасиды. Күн дүниеге ұяла

қарағандай, болмаса, бүгін шекеңнен өтпеймін деп, алдаусыратып келе жатқандай,

көкжиектен жаңа ғана ажырап, енді үйлердің төбесіне қарай иек арта бастаған екен.

Жалпақ жатқан Ақ Жайық есінегендей ғана леп береді. Жоғарғы жағы көк қорғасындай

ауыр толқиды да, теңізге құлар саға жағы күнге шағылысып, жалпақ күміс айнадай

жарқырайды. Таңертеңгі ұялшақ күн сол айнаға енді ғана қарана бастағандай... Сары дала

сағымданып, кейде терең көлге ұқсап кетіп, кейде қырқасына көгілдір түтін будақтаған

аласа-аласа төбелерді кез алдыңа әкеледі. Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден

асып, биік үйлердің терезелерін шам жаққандай жарқырата бастады. Таңертеңгі салқын

самал ашық алаңдардан етек-жеңін жинап алып, көлеңкелі жерлерде ғана қалып барады.

Meн қасына келіп түнеп шыққан тақтай дүкен базар шенінде тұр екен. Балық исі мұрныма

келген соң, қарным да ашып қоя берді. Кеше зыр қағып келген екі аяғым гиді екі ағаш

таяққа ұсап серейіп қалыпты, бастырар емес. Сүйретіле басып, дүкеншінің қасына

жақындап, орысша дұрыс білемін-ау деген жалғыз ауыз сөзімді айттым:

Іздрәсти...— дедім, ең әдепті үнмен. Ол маған: Пошел!— деп жауап қайтарды. Мен

түсінбейтін тағы бірнеше сөз қосты. Кескініне қараймын да, онша жақсы қайтып тұрған

жоқсың-ау, деп ойлаймын.

Сен маған пошел деме! Неге пошел дейсің? Мен ит емес, адам баласымын!—дедім

қазақша.

Қазақшаны ол да едәуір біледі екен:

Meн саған кет айтады! — деді. Ең болмаса, ұғынысып ұрысатыныма көзім

жеткесін, ерленіп кеттім білем.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 7 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 9 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)