Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 4 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 3 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 6 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 7 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 8 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 9 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 10 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 11 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 14 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 3

 

Стр. 5

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

араласа, іркес-тіркес біткен торы ала тістері әкем мен шешемнің арғы-бергісін қазбалаған

сөздерді бұршақтай төгіп келеді. Құлағыма қаракөктің жер солқылдатқан дүбірімен бірге

«Он жыл сарайға қамаймын!» деген қарамұрттың қаһары да естілгендей болады.

Кейде мен соған ішімнен риза да болып қалатын кездерім болатын еді. Сиыр бағып жүріп

жиырмаға келгенше, сарайда отырып жиырмаға келгенім тынышырақ көрінетін.

Қарамұрттың қамайтын жері өзінің сарайы болса ол бір бала біткеннің арман ететін

сарайы, іші-тысы бірдей сыланған, қапшық-қапшық ұн дегеніңіз, қарын-қарын май

дегеніңіз, сүрленген қазы-қарта, жал-жая дегеніңіз иін тіресіп тұрады. Оның қасында өз

үйім дегенің әшейін, бірдеме.

Он жыл сонда отырып шықсам, жасым жиырмаға келеді, мөлдір қара көзді Ақботаға сөз

айтуға да жарап қаламын. Бірақ Ақбота жиырмаға менен бұрын жетіп қалып, мен сарайда

отырғанда ұзатылып кетіп жүрсе қайтем деген ой тағы қинайды. Рас, Ақбота менен үш

жас кіші. Бірақ «қызы құрғырға сенім бар ма!» дегендей, зырылдап жүріп тез өсіп кетіп,

жиырмаға менен бұрын жетіп жүрсе, мені күтіп отырар ма үйінде! Жетіп қалатыны да,

жетіп қалса— кетіп қалатыны да даусыз сияқтана береді.

Сондықтан болу керек, әттең, дүние-ай, сол сарайға Ақбота екеуміз бірге қамалар ма едік,

деп ойлаймын. Ұятырақ болса да айта кетейін, селтиген ғана бұрымы бар, лақтай секіріп

жүретін, мөлдір қара көзді, аппақ болғандықтан Ақбота атанып кеткен бала қызды мен

жанымдай жақсы көретін едім.

Мені Ақбота да теріс көрмейтін сияқтанатын. Кейде бір жақ ұртымнан шымшып алады,

кейде темірдей тиетін қос жұдырықпен кеудемнен түйіп жібереді, кейде мұрнын шүйіріп,

тілін көрсетеді де жалт беріп үйіне кіріп кетеді. Балалық шақта мұның бәрі де достық

белгісіндей көрінеді. Ақботада жас ботаның ерке сипаты мен жас лақтың ойнақы

мінездері бар. Бұл екеуі қыр баласының ең жақсы көретін серіктері.

Мен тезірек жиырмаға жетіп, Ақботаны айттыруға кісі жіберсем-ау деген де арманым бар.

Оған жіберетін кісілерім де әзір... «Қызыл бұрыштың» бастығы Ажығали мұндай жұмысқа

таптырмайтын адам. Осы өңірдің ескілі-жаңалы құда түсерінің бәрі соның қолынан өтеді.

Қара елтірі бөркімен екі тізесін оңды-солды сабалап отырып, құда болмасты құда қылып,

қосылмасты қосып шығарады. Екінші бір сенерім — кооператив бастығы. Ол енді,

Лұқман әкімдей данышпан адам... Кәрі мен жас қосылып жатса, мұны ол адам баласының,

әр кезде жастыққа, жаңара беруге ұмтылатын ұлы тілегіне апарып тірейді. Жас жігіт

мосқалырақ әйелмен қосылса, оны ол адам баласының естиярлыққа ұмтылуына апарып

тірейді. Екі жастың теңін тауып қосылуы — ол үшін «Мың бір түн» ертегісіндей

шұбатылған бір хикаяға айналады.

Соған байланыстырып, өз басынан өткен бозбалалық әңгімелерін айтып кеткенде, талай

таңға жетерлік мол қордың барлығы сезіледі. Ол бірталай ғасыр өмір сүріп, талмай,

шаршамай ғашық бола берген үйлене берген адам сияқты. Оның әңгімелері бұл маңайда

талай айтылған, жұрт құлағын мезі қылған әңгімелер болса да, тыңдаушы жұрт біріне-бірі

қарап, жымиып қойып, тағы да тыңдай береді. Мал далада бағында, басқа көсіп аз, ескі

мінездерге кешірімі көп жұрт тыңдай береді.

Осы екеуі тірі тұрғанда бұл өңірдегі құда түсер, қыз айттыру сияқты жұмыстар сенімді

қолда. Көңілің кеткен жерің болса, бұл екі қол бүріп түседі. Бұл екеуіне мен де сенулімін.

Сондықтан біреуінің екі күрең қасқа сиыры мен екі күрең қасқа торпағына, енді бірінің

тарғыл ала сиыры мен қоңыр сиырына ерекше құрметпен қараймын. Кешке қарай

табынымды ауылға айдап әкелгенде, бұл екі үйдің сиырларын қораларына да кіргізе

кетем... Менің алдымда тұрған ең қиын бел — тезірек жылжып жиырмаға жету. Кейде мең


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
К полной версии| Стр. 5 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)