Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 4
Стр. 6
Қазақстанның ашық кітапханасы
бір күні ұйықтап қалып, таңертең жиырмадағы жігіт болып тұра келсем деп те арман
етемін! Бұл ойым өрлей-өрлей барып, қиын бір қамалға барып тіреледі бір күні Ақбота
жиырмадағы қыз болып тұра келсе қайтем. Онда аузымның аппақ болғаны емес пе!
Маңдайымнан тер бұрқ ете түседі. Қайдағы жаман ой қайдан келе қалып едің, күні бойы
қынжылам, Ақботаның ойына түсе көрме деп тілеймін.
Ақботадан мен үш жас үлкенмін. Жасы үлкендік істеп, бір-екі рет төмпештеп алғаным да
бар. Артынан екеуміз бірге жыладық. Ол жылап үйіне кетті, мен жазадан қорқып ауылдан
қашып кеттім. Ертеңіне қайта татуластық.
—
Ендігәрі тиемісің, маған, тиемісің, ә? — деп, Ақбота құлағымнан ұстап алып, үйді
бір айналдырды да, қоя берді. Сонымен татулық қайта орнады.
Осыған қарағанда, Ақбота менен гөрі айлалырақ, тегі жиырмаға да менен бұрын жетер-ау
деп, қатты қауіптенетін едім. Қалайда, ержету жайы еркек баладан гөрі қыз балаға
оңайырақ көрінетін еді. Ол кезде «он сегізге толсаң азаматсың» дегенді естіген емеспін.
Киіз кітаптан құлаққа сіңген нақыл — шыр етіп жерге түскеннен бастап жиырмаға толсаң,
жігіт болғаның дейтін. Сондықтан жиырма жасқа Ақботадан бұрын жетейін деп қалаға
қашып кеттім... Өмір жолы қалай бұраңдар, қайда апарар, ол жағы қараңғы бастауын
қалаға қарай бастадым...
Бұл айтқаным қалжың ғой әшейін, қалаға қашқан себебім тіпті ол емес. Барлық балалық
шағым лақтырған доптай домалап, көз ілестірмей өте шықты да, барлық кедей баласының
маңдайы тірелетін бұдырға соғып бір-ақ тоқтады. Доп бір-екі ыршып көтерілді де, енді
қайтып секіре алған жоқ... Менің ес білгенім де, маңдайым келіп неге тірелгенін
ұғынғаным да өткен жазғытұры алдыма ауылдың барлық сиырын салып беріп:
—
Бір тайынша жоғалса, он жыл сарайға қамаймын!— дегенді естіген күнім еді. Сол
күнді әлі ұмыта алған жоқпын, тегі ұмыта алмасам керек. Өйткені, ол жақсы ма, жаман ба,
өмірге бірінші кездескен күнім сияқты. Әдейі әр түрліден жиналғандай, тілерсегі
майысқан әр түсті арық сиырлар, ағашқа өрмелеген жүнді құртқа ұқсап, өзен бойын өрлей,
шұбай жөнелді. Қасымда дымқос жерге айқын түскен таңертеңгі ұп-ұзын көлеңкем тұр.
Көлеңкем де аумай өзіме ұқсап, өмірмен менің алғашқы кездесуіме таңдана қарайтын
сияқты. Оның үстінде де менің шоқпытым, оның басында да жалба тымақ. Әкемнен
қалған ескі шапан көлеңкеме де ұзынырақ сияқты. Оның, қолында да қисық таяқ. Бірақ
көлеңке бойы менен анағұрлым сұңғақ, сондықтан сұлуырақ, сұлу болмағанмен
ажарлырақ көрінеді.
Әкемнен қалған шапанды киіп, ағамнан қалған таяқты қолыма алып өзенге қарай
беттегенде, мен де өзіме өзім үлкейген адамдай көрініп кеттім. Балалық шақта үлкендерге
ұқсау деген о да бір кеудеңе паңдық беретін нәрсе. Әттең, тап осындай дандайсып бара
жатқан кезіме қаракөк ат пен қарамұрт кездесе кетті де, жоғарыда келтірілген «он
жылдың» жайын айтты... Айтқанда анау-мынау емес, өмір бойы есінде жүрсін дегендей
қадағалап-шегелеп тұрып айтты. Сол-ақ мұң екен бар паңдығым сағымдай сейіліп, көздің
жасы алқымға келіп тығылды. Кесім еститін күнәм қайсы? Еңбекке жұмсарда жақсылық
емес, жамандық жағын баса ескерту керек пе екен? Ол жағын мен білмеймін. Бірақ өксіп
жәбірленгенімді білем.
«Жаман дос — көлеңке» деп әлдекім дұрыс айтқан ғой деймін. Мен өксіп шылап келе
жатсам, көлеңкем өзімді мазақтап, жеңімен көзін сүртеді. Мүмкін, мен де соны істеген
болармын...
Содан бергі бірнеше ай жап-жақсы өтіп еді.
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 4 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 6 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |