Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 21
Стр. 23
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Сенің ешбір жерің ауырған жоқ. - Өтірік бақырасың! – деп қасымда бір
милиционер тұр. Милиционер мықтап ілінгенімді бір байқап алды да:
—
Азырақ шыдай тұр. Қазір түсіріп алам...— деді.
Шеген орғып шығып сонадай барып тұр. Бізге дыбыс беріп қояды. Бораш екеуміздің,
біржола қолға түскенімізді білген соң Шегенге қарай ұмтылды. Шеген театрды айнала
қашып, бізді тастап кетпейтінін аңдатып қойды. Милиционерлер түлкіге төнген бүркіттей
түйіліп салып, Шегенді аз-ақ іліп түспей жүр. Шеген кейде киіктей орғып, кейде балықтай
бұлт етіп қалып, жалт беріп, оқыс бұрылып, еркін жүрген сияқты. Шегеннің қызығына
қарап тұрып, мен де өз қайғымды ұмытып кетіппін.
Қуғыншылардың ысқырық белгілері бір алыстап, бір жақындап, бір оң жағынан бір сол
жақтан шығып, қашқан мен қуғанның белгілерін білдіріп қояды. Кейде «міне!» дегендей
кейде өкініш ысқырығы естіледі кеткенде, мен Борашқа:
—
Жөнел дедім. Аяғын сүйретіп, Бораш та ұзай берді.
Жанталас ысқырық үсті-үстіне шығып, тапыр-тұпыр жүгіріс тағы да жақындай беріп еді,
әлдеқайдан ағып келе жатырмын бұраңдап бара жатқан Борашты қағып әкетті болды.
—
Бауырым, қорықпа!—деген Шеген даусы алыстан қайталанды.
Тақтайдың үшкір басы байқаусызда артқы етектің астынан кіріп жаурын ортадан тесіп
шыққан сияқты. Қалың қолымша былқ еткізер емес. Ентіге жөтеліп, аптыға сөйлесіп,
қуғыншылар менің, қасыма келді. Дауыстарында бірін-бірі кінәлау да бар. Екеуі де қазақ
екен.
—
Мен қалай қарай жүгірсем, сен де солай қарай жүгіргенің не? —деп, жасы үлкені
кінәласа:
—
Әлгі бір жерде сізден болды...— деп, жастауы ақталып келеді.
Шортаны құтылып кетті... Шабақ... әшейін шабағы қолға түсті... деп, маған жастауының
көңілі де толмай тұр.
—
Тоқтай тұр сең шортан! Сені қармағыма бір іліндірмесем бе! — деп ең көп қуып,
көп азаптанған, мұрнының алдында ғана екі елі қара мұрты бар, жасы үлкені жер тарпиды.
—
Анау атамандарың, ғой? — деді ол маған.
—
Жоқ. Шегең— дедім.
—
Нешева подобного! Атаман! — деді ол.
Мені баптап, ілінген жерімнен түсіріп алып, мұртты милиционер аты-жөнімді сұрады.
Мен бар дұрысымды айттым.
—
Қарағым-ау, өзің оқу іздеп келіп, қайдағы бәлеге қайдан кез бола кеттің, ә? Көшеде
мені бір көрмедің бе? Аға, оқу іздеп келіп ем десең ғой, мен сені тұп-тура детдомға
апарып тапсырам. Өй, ақмақ бала!.. Шешеңе де хабар берем... Оқуға да кіргізем,— деп,
біресе ұрсып, біресе қамқор сөздер айтып қояды.
Жас милиционер маған темекі ұсынып еді, мен алдым да ортасынан бір сындырып
лақтырып жібердім. Мұртты милиционер:
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 20 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 23 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |