Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Персоналды басқару жүйесінің құрылымы

Кәсіпорынның кадрлық саясаты | Персоналды басқарудың мақсаттары мен әдістері | Іскерлік мансап түрлері | Іріктеудің тәсілдері мен әдістері |


Читайте также:
  1. ESS жүйесінің ПО архитектурасы.
  2. LC12DR Жылжыма машинасының құрылымы.
  3. Автоматты басқару жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу
  4. Адам қызметiн басқару және топты басқару
  5. Азақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы
  6. АХЕ-10 жүйесінің басқару қондырғысы. Процессорлар түрлері.
  7. Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi

Персоналды басқару – іс-әрекеттің функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады. Ең жоғарғы мақсат – персоналды басқару жүйесіндегі кәсіпорынның таза табысы адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін өндірісте қанағаттандыру болып табылады. Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару мақсаттарынның, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау процестерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен функционалды өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады. Персоналды басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.

Ұйымның персоналын басқару жүйесі жалпы және сызықтық басқарудың кіші жүйелерінен, сонымен қатар, бірыңғай функцияларды орындауға мамандандырылған бірқатар функционалды кіші жүйелерден тұрады. Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең – оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет. Құрылымдық байланыстың төрт түрін бөліп көрсетуге болады: сызықтық бағыну (тікелей әкімшілік жасау); функционалды жетекшілік ету (әдістемелікпен қамтамасыз ету, басқа бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару (жұмыстарды бірге атқару); функционалды қызмет көрсету (шешімдерді қабылдау процесін қамтамасыз етуде көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе басқа да жұмыстар). Персоналды басқару жүйесі келесі негізгі элементтерді қамтиды: басқару аппаратының мамандар тобын; басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін; персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін; еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын; құқықтық негізін; персоналды басқару мәселелерін шешудегі ақпараттық процестерді басқарудың бағдарламалар жиынтығын.

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Персоналды дамытудың әдістері| Йымда кадрларды іріктеу процесі және оның сипаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)