Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

орытынды

Зін-өзі бағалау есебі | КІРІСПЕ | СТАНДАРТ 1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ | СТАНДАРТ 2. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ | СТАНДАРТ 3. СТУДЕНТТЕР | СТАНДАРТ 4. ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ, ТИІМДІЛІГІ | СТАНДАРТ 5. ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫ ҚҰРАМЫ |


 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «5В050600-Экономика» бағыты бойынша бакалаврларды дайындау жоғарғы оқу орнының стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне сай келеді.

«5В050600-Экономика» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты қоғамның, мемлекет пен жеке адамның сапалы жоғары білімге қызығушылығын қанағаттандыру, әрбір азаматқа оқу мазмұнын, түрлері мен уақытын таңдауға көптеген мүмкіндіктер беру.

«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврларын дайындау бағдарламасының негізгі мақсаты мына жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады:

–экономика, басқару және өндірісті ұйымдастыру, табиғатты қорғау қызметі аясында толыққанды, және сапалы базалық жоғары білім беру;

–жоғары интеллектуалды дамыған, сауатты сөйлеу алатын, жоғары этикалық, құқықтық нормаларға сай, ойлау мәдениеті мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдылары қалыптасқан мамандарды даярлау;

–білім алушыларға оқуларын магистратурада жалғастырып білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

«5В050600-Экономика» мамандығының бітірушісіне «5В050600-Экономика» мамандығының «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілік талаптарына сай «5В050600-Экономика» мамандығының Экономика және бизнес бакалаврлары әртүрлі салалардағы кәсіпорындарда, ұйымдарда экономика және статистика, қаржы және экономикалық бөлімдерде басшылық қызметте, маман немесе басқа қызметкерлер ретінде қызмет атқара алады.

Білім беру бағдарламасында білім алушыларға компетенттік ықпал көрсетілген. Жалпы білім беру пәндерінің блогы адамды жеке тұлға ретінде қарау құзіреттілігін қалыптастырады (бұл элективті (таңдау) пәндері өзін-өзі тану, психология, мәдениеттану). Базалық пәндер адамның іс-әрекетіне қатысты құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Кәсіптендіру пәндері адамның әлеуметтік іс-әрекетіне қатысты құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Білім алушылардың шығармашылқ қабілетін дамыту үшін білім беру бағдарламасында курстық, дипломдық жұмыстар, және кәсіби дайындықты қалыптастыру үшін оқу және өндірістік тәжірибе қаралған.

Білім беру бағдарламасының сапасын жақсарту мақсатында оқу жоспарында өзара пәндер байланысын анықтау арқылы пәндер курсының логикалық бірізділігін пререквизиттер мен постреквизиттер жүйесінде білім алушылардың кәсіби және әлеуметтік құзіреттілігі, жеке тұлға ретінде қалыптасыуна ықпалдылықты қамтамасыз ету сақталған.

 

 

Білім беру бағдарламасының міндеттерінің бірі білім беру процесін ресурспен қамтамасыз етуді үнемі толықтыру мен жетілдіру; экономика секторынан білім сапасын жоғарылатуға механизмдерді тарту болып табылады. Осы мақсатта білім алушылардың ойлары мен тілектері сауалнама жүргізу арқылы және хаттар мен ұсыныстарға арналған жәшіктерді орнату, сенім телефондары арқылы ескеріледі.

Университетте әрбір оқу жылында білім алушылардың элективті пәндерді таңдау процесі жетілдірілуде.

«Дублин дескрипторлары» негізінде «Экономика» мамандығы бойынша білім бағдарламасының екі бағыты қалыптасқан: «Экономика және кәсіпорынды жоспарлау», «Салалық экономика».

«Экономика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының траекториясы қоғам қажеттілігін және аймақтағы еңбек нарығының ағымдағы және болашақтағы қажеттілігін ескере отырып жасалған, және сәйкесінше әрқайсысы нақты модульдардан құралған. «Экономика және кәсіпорында жоспарлау» бағыты келесі модульдардан тұрады: Виртуалды кәсіпорын, Кәсіпорынды жоспарлау, Табиғатты пайдалану және өнеркәсіп экономикасы, Өндірісті ұйымдастыру негіздері. Бұл таректория кәсіпорынның жоспарлау қызметінің ерекшеліктерін, сонымен қатар виртуалды кәсіпорынның негізгі аспектілерін, ұйымдағы жоспарлаудың ролі мен маңызын зерттеп, оқуға бағытталған.

«Салалық экономика» бағытының модульдері «Кәсіпорын қызметін жоспарлау», «Өндірістік сала және құрылыс экономикасы», «Кәсіпкерлік және мұнай бизнесін ұйымдастыру», «Өндірісті ұйымдастыру және агробизнес негіздері» пәндерін қамтиды. Білім беру бағдарламасының бұл бағытының бітірушілері сала құрылымы туралы, оның жекелеген элементтерінің өзара байланысы, сала экономикасы туралы теоретикалық білім негіздері, және де экономиканың түрлі салаларының экономикалық даму ерекшеліктері туралы дағдылар мен білімдерді қалыптастырады. Білім беру бағдарламаларын дайындаудың бұл амалы 2012 жылғы 28 қыркүйекте бекітілген Ұлттық біліктілік рамкасының талаптарына толығымен сәйкес.

Ұлттық біліктілік рамкасының талаптары салалық біліктілік рамкаларының барлық деңгейлерінде бірыңғай шкаланы әзірлеуді, кәсіби стандарттарды анықтап, біліктіліктің салааралық салыстыруын қамтамасыз етеді, және мамандарға біліктілік берудің негізгі жүйесі болып табылады.

Таңдау компоненттері білім алушының жекелеген дайындығын, нақты аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қажеттілігін, сонымен қатар жоғарғы оқу орнындағы ғылыми мектептерді, сонымен бірге білім алушының қызығушылығын көрсетеді.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін пәндер бойынша бағалау баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша және «Жоғарғы оқу орындарындағы білім алушылардың ағымдағы оқу үлгерімін, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялау туралы типтік ережелері» ҚР БжҒ министрлігі 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бекітілген бұйрығы және МЖБЖ талаптарына сай. Сонымен білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау СМЖ.07.ПД.03 «Университетте білім алушылардың білімін бағалау тәртібі туралы» ережеде қаралған.

«Экономика және болжамдау» кафедрасында студенттік ғылыми үйірме – «Бизнес клуб» жұмыс істейді. Студенттік үйірменің зерттеу тақырыптары мынаған бағытталған: әртүрлі ұйымдық-құқықтық меншік формаларындағы кәсіпорындардың іс-әрекетін ұйымдастыру және оның қазіргі жағдайын талдау, еңбек нарығын зерттеу, мүлік нарығын зхерттеу, түрлі халық шаруашылығ салаларын зерттеу.

Әрбір білім беру ұйымының мақсаты білім беру ортасын инновациялық білім беру технологиялары мен ғылыми негізде жетілдіру. Университетте «5В050600-Экономика» мамандығы бойынша білім беру процесін ұйымдастыру ЖОО оқу және ғылыми зертханалар. 23.08.2012 жылғы 1080 ҚР МЖМБС негізделеді. Оқу процесінің қазіргі білім беру процесінің талаптарына сай болуын қамтамасыз ету үшін мамандық бойынша оқу зертханалары құрылды.

Мамандықтың білім беру бағдарламасында бірнеше пәндер бойынша зертханалық сабақтар өткізу қарастырылған. Кафедрада «Виртуалды кәсіпорын» зертханасы жасалған. Осы мақсатқа 434 аудитория бөлініп, жалпы университеттік локалды жүйеге біріктірілген және Интернетке қосылған 12 жеке (INTEL CORE i3 процессорлары) компьютерлер, лицензиялы 12 жұмыс орны бар PROJECT EXPERT аналитикалық жүйесі орнатылды.

«6М050600-Экономика» білім беру бағдарламасы жоғары кәсіптік білім аккредитация стандарттарының критериилері, жоғары кәсіптік білім бағдарламасының талабына сай.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СТАНДАРТ 6. МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ БАЗА| Бакалаврам – AutoCAD

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)