Читайте также: |
|
Әрбір білім беретін мекеменің басты міндеті білім мен ғылымның инновациялық технологиялары арқылы білім ортасын жетілдіру. Университетте 5В050600 Экономика мамандығын дайындау ҚР №1080 ГОСО бойынша жүзеге асырылады.
ЖОО оқу және ғылыми лабораторялары
Оқу процесін заманауи білім беру процесінің талаптарына сай болуы үшін оқу лабораториялары жұмыс жасайды.Оқу жоспарына сәйкес бірқатар пәндер бойынша лабораториялық сабақтар жүргізіледі. Кафедра базасында «Виртуалды кәсіпорын» лаборатрориясы жұмыс жасайды. Лаборатория 434 аудиториясында орналасқан.Онда (INTELCOREi3) процесорлы12 жеке компьютер жұмыс жасайды. Ол жергілікті желі арқылы университет желісіне және INTERNET шыға алады. Сонымен қатар 12 орындық PROJECT EXPERT лицензиялық бағдарлама жұмыс жасайды.
Сонымен қатар лабораторияда есеп және қаржы кафедрасы пәндеріне сәйкес «1С: ПРЕДПРИЯТИЕ 8.2» лицензиялық бағдарламасы және салық есебін жүргізетін «СОНО РК» бағдарламасы жұмыс жасайды.
PROJECT EXPERT жүйесін негізгі бағдарлама ретінде болу себебі мынада:400 –ден астам мұнай,энергетика,қаржы т.с.с. салаларындағы кәсіпорындар дәл осы бағдарламаны қолданады. Сонымен қатар жергілікті, облыстық және республикалық басқару органдары демек болашақ мамандарға жұмыс берушілер де осы жүйемен жұмыс жасайды.
Оқу процесінде тасымалды ноутбук, проектор немесе экранның болуы оқытушының сабақ өткізуін көрнекі әрі әртарапты етуіне мүмкіндік береді.
Университетте дәріс өткізу үшін 12 мультимедиялық интерақтивті аудитория бар.Студенттерге оқу және ғылыми жұмыстарын жүргізу үшін Интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютерлік кластар жұмыс жасайды. Университет қызметкерлеріне Интернетке шығу мүмкіндігі абсолюттік тұрғыдан қамтамасыз етілген.
Лабораториялар мен арнайы кабинеттердің саны 2010-2011 оқу жылында -7,2011-2012 оқу жылында -10,2012-2013 оқу жылында-13,2013-2014 оқу жылында-15 болды. 2013-2014 оқу жылындағы лаборатория мен арнайы кабинеттің саны 2011-2012 оқу жылына қарағанда 85% көп болды.2012-2013 оқу жылында 1 лаборатория мен 2 компьютерлік класс іске қосылды.
13-Кесте. 5В050600-Экономика мамандығының лабораториясы мен арнайы кабинеттері
2011-2012 оқ ж | 2012-2013 оқ ж | 2013-2014 оқ ж | |
Лаборатория мен арнайы кабинеттер | |||
Оқу бөлмелерінің техникамен қамтылуы · Жеке компьютер · Жабдықтар |
2008 оқу жылынан бастап оқу,ғылыми-танымдық фильмдерді оқу процесінде қолдану үшін «Парасат» оқу телевизиялық студиясы құрылды.
5В 050600 Экономика мамандығы бойынша білім алатын контигентіне сәйкес оқу ауданы нормаларға сай, бір студентке келетін 23,3 м2
2013-2014 оқу жылында 5В 050600 Экономика мамандығы студенттері 37 арнайы аудиторияларда шұғылданады. Материалдық-техникалық және ақпараттық база білім беретін мекемелерге қойылатын талаптарға мен стандарттарға сай.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аймақтағы типтік кампусы және дамыған инфрақұрылымы бар бірден бір жоғары оқу орны.Мұнда 8 оқу ғимараты, 3 жатақханасы, кафе-асхана,1 типтік және 2 арнайы спорт залы, студенттік медицина орталығы, редакциялық-баспа бар.
Білім беру бағдарламасының басты міндеті оқу процесін сапалы оқу-әдістемелік және ғылыми негізде қамтамасыз ету және бірегей білім ақпараттық ортаны құру әрі оны үздіксіз жетілдіру.
Қазіргі кезде ғаламдық желілердің оқу процесінде алатын орны зор. Осы орайда университетте өзіндік веб-сайт www.wkau.kz жұмыс жасайды. «Білім порталы» атты ақпараттық-білім ортасы құрылды.Барлық студенттер Интернетке еркін кіре алады.Олар өздеріне қажет сабақ кестесі, тапсырмалар, электрондық сабақ кешендерін кез келген уақытта ала алады.Қашықтықтан оқитын студенттер желі арқылы қажетті тапсырмаларды және оқу материалдарын алып, орындаған тапсырмаларын оқытушыға жібере алады.
Басты корпуста 12 аудиторияда студенттер сымсыз желі арқылы Интернетке кіре алады және жатақханаларда WI-FI ресурстары жұмыс жасайды.
Университетте ғылыми және оқу әдебиетіне бай қор жұмыс жасайды.2013-2014 оқу жылында мамандыққа сай оқу және оқу-әдістемелік құралдарыдың саны 19050 дананы құрады. Бір студентке шаққандағы оқу құралымен қамтамасыз ету нормадағы 140 бірліктің орнына 150 бірлік мемлекеттік тілде 141 бірлікті құрады.2010-2011 оқу жылында аталмыш көрсеткіш 19684 бірлік болып, бір студентке шаққанда 148 бірлікті, 2011-2012 оқу жылындағы 210062 бірлік болып бір студентке шаққанда 195бірлікті құрады.
Электронды оқулықпен қамтамасыз ету 2013-2014 оқу жылында 103 бірлікті құрады. Бір студентке шаққанда ол 1,05 бірлік болды.5В050600 Экономика мамандығы бойынша қажет 63 пәннің 30 пәнінен электронды оқулық бар. Ол 47,6% құрайды.
5В050600 Экономика мамандығы бойынша қажет оқулық,оқу құралдары және практикумдар қойылған талаптарға сай.Оқу процесінде қолданылатын оқулықтар ҚР БҒМ экономикалық мамандықтарды дайындауда ұсынған құралдар болып табылады.Экономика мамандығы бойынша оқу әдістемелік орталық болып табылатын Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ республикалық оқу әдістемелік кеңесі ұсынған оқулықтар пайдаланылады.Жыл сайын университет кітапханасы 400 тарта периодты басылым қабылдайды, оның 103 мемлекеттік тілде.
Ғылыми кітапханадағы барлық компьютерлер университеттің ақпараттық жүйесіне тіркелген. Студенттер «Жәңгір хан ат.БҚАТУ ғалымдарының еңбектерін» электронды түрде кез келген уақытта оқи алады.Кітапханада оқушылар қажет анықтамаларды,энциклопедияларды, сөздіктерді қажет формада алады.
ҚР «Білім» заңының 48 бабына орай студенттерге дер кезінде медициналық көмек беру, денсаулығын нығайту үшін 2010 жылдың 10 желтоқсанында «Студенттік медициналық орталық» ашылды. Ол университет оқытушылары үйінің бірінші қабатында орналасқан аумағы 425 м2.
БҚО денсаулық басқармасының 06.01.2011 ж шешімімен ол медицина қызметін көрсету үшін №ДП0054DL лицензиясын алды.
«Материалдық-техникалық база және ақпараттық ресурс» стандарты бойынша SWOT-талдау
S-Strehgth-күшті жақтары(потенциалды оң әсерлі ішкі фактор) | W(weakness)-әлсіз жақтар(потенциалды теріс әсерлі ішкі фактор) |
· Білім беру үшін университет өте жақсы материалды-техникалық және ғылыми базасы бар · Кітап қорының жоғары деңгейде жаңаруы · Саламатты өмір салтына сай спорттық база · Шығармашылыққа сай мәдени демалыс орталығының жұмыс жасауы | · |
О(opportuniti) жағдайдың оң болуы (потенциалды оң әсерлі сыртқы фактор | Т(Threat) қауіптер(потенциалды теріс әсерлі сыртқы фактор) |
· Мемлекеттік тілде басылымдардың молаюы · Материалдық техникалық базаның нығаюы | · |
Ұсыныстар
Кафедраның материалдық-техникалық базасын инновациялық оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталуын жақсарту
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
СТАНДАРТ 5. ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫ ҚҰРАМЫ | | | орытынды |