Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стандарт 5. Профессор-оҚытушы ҚҰрамы

Зін-өзі бағалау есебі | КІРІСПЕ | СТАНДАРТ 1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ | СТАНДАРТ 2. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ | СТАНДАРТ 3. СТУДЕНТТЕР | орытынды |


Читайте также:
  1. Standard - Стандартная программа
  2. W3C и стандарты
  3. Алгоритм 2.8. Установка стандартной ортогональной ПСК
  4. Анализ стандартов, принятых в международных программах, и Европейская информационная система
  5. Библиотеки стандартных подпрограмм
  6. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения
  7. Виды стандартов

 

Эконмика және бизнес факультетінің профессор-оқытушылар құрамы 5В050600-Экономика мамандығы бойынша бакалавр дайындайтын басты ресурс болып табылады.2013-2014 оқу жылдарындағы 5В050600-Экономика мамандығын дайындау бойынша 56 оқытушы оның 25-і немесе 50% ғылым докторы немесе кандидаты жұмыс жасады. ПОҚ қойылған талаптарға сай оның ішінде 3 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты 12 магистр еңбек етеді. Оқытушылардың барлығы да базалық білімге ие.

Талданып отырған периодтағы ПОҚ лицензиялық талаптарға сай оны 10-кесте мен 3-қосымшадағы көрсеткіштер дәлелдейді.

 

10-кесте Профессор оқытушы құрамының сандық және сапалық көрсеткіші

 

Барлық ПОҚ /оның ішіндегі штаттағы ЖОО конкурс-пен қабылданғандар Ғыл. докт профессор/штаттағы Ғыл. канд доценттер/штаттағы Ғыл лауазым%/штаттағ5ы Бірмезетті Базалық білімі бар ПОҚ Штаттағы кесте бойынша ПОҚ қамтылуы Ғылыми пед. өтіл ПОҚ орташа жасы
5 жылға дейін 5-15 жыл 15 жплдан көп 35- дейін 35-50 50 жастан үлкен//зейнеткер
2009-2010 оқу жылы
56/48   2/2 20/20 39/46                 5/2
2010-2011 оқу жылы
50/49   3/3 20/20 46/47     97,9           2/2
2011-2012 оқу жылы
50/49   2/2 21/21 46/47     95,9           4/2
2012-2013 оқу жылы
54/54   2/2 25/25 50/50                 12/2
2013-2014 оқу жылы
56/50   3/3 22/22 45/50                 11/1

 

Кафедрада өндірістің әр саласыында жұмыс жасаған еңбек өтілі әрі тәжірибесі бар оқытушылар жұмыс жасайды (Т.Н.Траисова, А.И.Ғиззатова, З.К.Аманғалиева,.И.Төлеуғалиева). кономика және болжамдау кафедрасында оқытылатын пәндердің барлығынан білікті оқытушылар бар ол әрдайым балама кандидатуралардың болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол 5В050600 Экономика мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқытушыны әрі пәнді таңдауға мүмкіндік береді.

ПОҚ өзінің біліктілігін әрдайым арттыруда. Соңғы 3 жылда 4 кандидаттық (М.Б.Сұлтанова, З.П.Айдынов, З.К.Аманғалиева, А.Ж.Есбулатова) және 12 ғылыми және педагогикалық бағытта магистерлік диссертация қорғалды.

2011 жылы факультет деканы, экон.ғыл.докторы Р.С.Габдуалиева ҚР ЖАК профессоры және 4 оқытушы доцентлауазымын алды.

ПОҚ ұдайы біліктілігін көтеріп отыру сапа саясатының діңгегі. Осы орайда оқытушылар біліктілігін жергілікті оқу орнында, республиканың басқа ЖОО арттырып отырады.Сонымен қатар жақын және алыс шетелдердегі ЖОО кәсібилігін арттырып отырады.Мәселен бес оқытушы ағылшын тілінен Оксфорд университетінде шеберлігін шыңдап бүгінде олар экономикалық пәндерден ағылшын тілінде сабақ береді.

Соңғы үш жылда ПОҚ әртүрлі 54 оқу курсында біліктілігін арттырды соның ішінде мыналарды атап өтуге болады:

· Гуманитарлық мамандықтар бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын жасау(Қарағанды)

· Мәліметтерді талдау және болжау(Алматы)

· Оқу процесінде ғылыми зерттеулердің экономикалық тәсілдері(Орынбор)

· Заманауи ЖОО оқытудағы инновациялық модельдер мен технологияларды жобалау (Орал)

Жыл сайынғы біліктілікті арттыру оқытушылардың шеберлігін шыңдап, маманды дайындаудың сапасын жоғарылатады. ПОҚ курс кезінде алған біліктерін, яғни жаңа технологиялар мен тәсілдерін белсенді түрде қолданады. Республикалық және шетелдік деңгейде өткен біліктілікті арттыру курсынан өткен ПОҚ саны соңғы 3 жылда өзгеріссіз қалды.

Есепті кезеңде біліктілікті арттыру курсынан өткен ПОҚ 5 қосымшада берілген.

 

11-кесте. Біліктілікті арттыру курсынан өткен ПОҚ саны

 

Оқу жылы Республикалық деңгейде өткен ПОҚ саны Халықаралық деңгейде өткен ПОҚ саны Біліктілікті арттыру курсынан өткен ПОҚ үлесі %
2010-2011      
2011-2012      
2012-2013      

 

Факультет оқытушылары соңғы 3 жылда ғылыми ізденіс жұмыстарына белсене атсалысуда. 2013-2014 оқу жылындағы әрбір оқытушыға шаққандағы қаржыландыру 105,3 мың теңгені құрады.

Олар бюджеттік 055 «Ғылыми және ғылыми-техникалық ізденіс» бағдарламасының «Ғылыми ізденісті гранттық қаржыландыру» 101тармағы бойынша 9300 мың гранттық қаржы жеңіп алды. Грант «Аймақтық және шекаралас ықпалдасудың негізіндегі ұлттық экономиканың территориялық дамуының ұйымдық-экономикалық механизмдерін құру» бағдарламасына берілді. Бағдарлама жетекшісі экон.ғыл. докторы Р.С.Габдуалиева. Доцент А.М.Қазамбаева гранттық қаржыландыратын «Каспий -Жайық табиғи шаруашылық бассейнінің су ресурстарының мелиоративті бағалануы» тақырыбындағы ғылыми жобаның мүшесі. Тақырып жетекшісі доцент М.Х.Оңаев.

Доцент А.М.Қазамбаева 2011 жылы ІV Астана Экономикалық форумында «ДСҰ кірудегі агроөнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық механизмі» тақырыбындағы еңбегі 2 орынға ие болып, 1000$ көлеміндегі сыйақы алды.

Сонымен қатар V экономикалық форумның «G-20 үлкен жиырмалыққа ұсыныс» сертификаты алынды.

2010 жылы А.М.Қазамбаева «Агробизнесті құру және тиімді жүргізу» электронды экспресс курсын жасауға қатысты. Аталмыш жұмыс ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығының өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы бойынша а/ш өнімдерін өндірушілерге арналған грант бойынша жүзеге асты. Грант көлемі 4 млн теңге. Ғылыми жетекшісі профессор Ғ.С.Гумаров.

«Қаржы» кафедрасының доценті Г.А.Айешова «Бекіре тұқымдас балықтарды өсіру кәсіпорны» жобасының жетекшісі.Жобаның құны 18000 АҚШ доллары. Жоба 2012 жылғы 10 сентябрьдегі CRDF Global Америка қорының келісімшарты бойынша жүзеге асуда.Сонымен қатарГ.А.Айешова «Инновацияның ғылыми- әдістемелік және ақпараттық -кеңестік орталығы» жобасының авторы және «Тасымал техникасының және жабдықтарының бөліктеріне қажетті жаңа подшипниктерді жасау және модельдеу» жобасының экономикалық негіздеме тобының жетекшісі.№313 келісімшарт 2012 жылғы 1 қазан(ҚР технологиялық дамуының Ұлттық агенттігі)

ПОҚ ғылыми-ізденіспен шұғылдану мәліметтері 6–қосымшада берілген.

Ғылыми жұмыспен кафедраның барлық оқытушысы шұғылданады. ПОҚ 94% ғылыми мақалалары ЖОО аралық жинақтарда жарияланған, ПОҚ 87,3% республикалық және халықаралық конференцияларда баяндамаларын жариялады.Бес оқытушы ғылыми монографияларын басып шығарды.Тоғыз оқытушы жоспарлы ҒІЖ қатысуда және басқа ұйымдармен келісімшартпен жұмыс жасауда.5 оқулық және 11 оқу құралы баспаға әзірленуде.Оқытушылар ғылыми симпозиум,кеңес және конференцияларға ұдайы түрде қатысады.

Оқытушылар 4 монография және ғылыми еңбек, 5 оқулық пен оқу құралы, 4 диссертацияға сын пікір жазып,3 ғылыми еңбекті редакциялауға және 7 мақала мен оқу құралына сын-пікір беруге қатысты. Ғылыми еңбекті орындау үшін 7 оқытушы іс-сапарға шықты.

Кафедраның еңбек ырғағын қамтамасыз ету үшін әрбір оқу жылының басында күндізгі және сырттай бөлімдерге штаттағы кесте бойынша сағат бөлінеді. Жүктеме оқытушылардың лауазымына және нормативіне байланысты жасалынады.Сонымен қатар кафедраның жоспары және ПОҚ жеке жоспары құрылады. 1524 сағатымен оқу жұмысының көлемінің айырмасы 4 түрлі жұмысқа бөлінеді.

· Оқу-әдістемелік(жеке жоспардың 2 бөлімі)

· Ғылыми-ізденіс(жеке жоспардың 3 бөлімі)

· Ұйымдық-тәсілдік(жеке жоспардың 4 бөлімі)

· Тәрбие(жеке жоспардың 5 бөлімі)

Аталмыш жұмыстардың әртүрлі болуы оқытушының әрдайым ынталы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Жеке жоспар бойынша көрсетілген жұмыс түрлерінің орындалуы оқу процесінен басқаі бағытта оқытушының еңбек етуіне негіз болады.

Кафедраның барлық оқытушылары(100%) аудиториялық, яғни дәріс оқу, машықтану жұмысы, кеңес беру жұмысымен шұғылданады.ПОҚ 87,5 оқу жоспарына сай бақылау жұмыстарын қабылдау және тексеру жұмыстарымен шұғылданады.Оның ішінде қашықтан оқыту технологиясы оқу және өндірістік практиканың есептерін қабылдау жұмыстары бар.12 оқытушы(75%) оқу және өндірістік практиканың жетекшісі болып табылады.

15 оқытушы(93,8%) дипломдық жұмыстардың жетекшісі болып табылады. Оның 81% алдын ала қорғаудан өтеді. Тәжірибелі 6 оқытушы(37,5%) қортынды емтиханды қабылдауға және аттестациялық комиссия мүшесі ретінде қатысады.

6 оқытушы(37,5%) студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасайды. Студенттер республикалық және халықаралық студенттік ғылыми жұмыстардың конкурстарына қатысады. 14 оқытушы(87,5%) ЖОО және республикалық студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурсына жетекшілік етеді.

ПОҚ 87% сабақта слайд-дәрістер оқиды.Сонымен қатар видео және аудио курстар өте сирек(4-қосымша).

Жалпы оқу жүктемесі ПОҚ арасында лауазымы мен біліктілігі негізінде бірқалыпты таратылған.

Оқытушының жеке жоспарының орындалуы және оның сапалы түрде жүргізілуін кафедра жетекшісі мен декан қадағалайды. ПОҚ жеке жоспарын оқытушының өзі толтырады. Онда негізгі жүктеме, жыл бойы орындалуы, орындалмай қалса оның себептері, оқу-әдістемелік жұмыс,ғылыми-ізденіс жұмысы, тәрбие жұмысы, қоғамдық және жеке жұмыстардың бағыттары сипатталады.ПОҚ жұмысы ЖОО миссиясы,мақсаты және міндеті негізінде жоспарланады. Әрбір оқу жылының басында әрбір оқытушы жеке жоспарды құрып, оқу жылының соңында оның орындалуын қортындылайды.

Жеке жоспардың орындалуын кафедра меңгерушісі оқу жылының аяғында тексеріп, оқытушы жоспардың орындалуын сипаттаған есеп, кафедра отырысында және университет комиссиясы алдында баяндалады. Ол келесі жылға келісімшарт қоюға негіз болады. Есеп негізінде университеттегі білім сапасының менеджмент және бақылау бөлімі әрбір оқытушының рейтингісін шығарады.

ПОҚ жұмысын бағалау үшін СМК.08.ПД.03 «ПОҚ және университет құрылымдарының рейтингісі» ережесімен ішкі бақылау жұмысы жүргізіледі.Ол «Оқытушы студент көзімен», «Кафедра меңгерушілері мен декандар әріптестер көзімен» анкеталары арқылы жүргізіледі. Кафедра көрсеткіштері арқылы кафедра рейтингісі анықталады.«Оқытушы студент көзімен», анкетасы пәнді оқытудың сапасын және оқу-әдістемелік деңгейін тексеру үшін емтихан аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Сонымен қатар мынадай шаралар жүргізіледі:

· Студенттердің сабаққа келуі және бағалануы оқытушы журналымен және аттестациялық ведомость бойынша тексеру

· Оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы журналы

· Оқытушылардың ашық сабаққа қатысуы

· Жаңа бағдарлама бойынша дәріс курсын жаңалау

Кафедраларда оқу процесінің сапасын бақылау үшін ашық сабақтың және өзара қатысудың графиктері жасалады. Бақылау әдістемелік бөлім, кафедра меңгерушісі,декан, факультет УМБ тарапынан болады.Ашық сабақ ПОҚ педагогикалық шеберлігінің шыңдалуына, оқу процесіндегі жаңа тәсілдерді жариялауға негіз бола алады.

Оқу процесінің сапасын бақылау үшін оқу жылының басында ашық сабақтардың, шеберлік кластардың кестесі жасалады. Ол оқыту сапасын тексерудің жоспарлы, жүйелі және міндетті болуын қамтамасыз етеді. Аталмыш жұмыс СМК. 07. КП. 05. Университеттегі оқу процесін ұйымдастыру, СМК.07.ПД.15. Университеттің ОӘЖ басқарудың талаптары негізінде жүргізіледі. Мұнда оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кезінде дәрістік, семинарлық, машықтық сабақтарды жүргізудің сапасы мен ретін ұйымдастырудың тәртібі көрсетілген. Сонымен қатар СМК.07.ПД.15 білім алушының өзіндік жұмысының ұйымдастыру, өткізу және бақылау реті баяндалған.

Кафедрадағы барлық оқытушылар өзара сабаққа, ғылыми-әдістемелік семинарға, ғылыми конференцияларға, кафедра, факультет кеңестеріне қатысып отырады. Біліктілікті арттыру курстарына кафедраның ПОҚ 87,5% қатысты. ПОҚ 81% пәндердің электронды оқулықтарын жасауда, 75% қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытудың әдістемелік нұсқалауларын әзірлеуде.

Пәндердің машықтану сабақтарының тапсырмаларын 14 оқытушы(87,5%) жасады, 6 оқытушы пәндердің лабораториялық практикумын шығарды. Модульдық тестілік тапсырмаларды 10 оқытушы жасап өңдеуде. Мамандық бойынша мемлекеттік аттестациялық бағдарлама мен билетті 9 оқытушы жасады(5 Қосымша).

Жалпы кафедрадағы ұйымдық және әдістемелік жұмыс заманауи талаптарға сай.

«Экономика және болжамдау» кафедрасында оқытудың интерактивті түрлерін атап айтса дебат, іскер ойындар, дискуссиялар, рольдік ойындар, кейстер, конкурстар, презентацияларды кеңінен қолданады.

2013-2014 оқу жылының 1 семестрінде оқытушылар мынадай инновациялық тәсілдерді қолданды. 19-іскер және топтық ойындар, 27-кейс-тәсіл және нақты жағдайлық есептер,6-эссе, 2-дебат, 1-Project Expert бағдарламасының ресурстарын қолданудың есебі (434-ауд). Сабақ өткізу кезінде оқытушылар мультимедиялық құралдарды: проектор, интерактивті тақталарды белсенді түрде пайдаланады.

Кафедра ПОҚ жыл сайын оқу процесіне қажетті оқу әдістемелік материалдарды дайындайды. 2010-2011 оқу жылында мамандық бойынша 57 оқу әдістемелік құрал дайындалды. Оның 10 мемлекеттік тілде шықты. 2011-2012 ж 52 оқу әдістемелік құрал шығып, оның 26-сы мемлекеттік тілде болды.2012-2013 ж 54 оқу әдістемелік құрал, 2 электронды оқулық

оқулық жарияланды оның 21 мемлекеттік тілде жарық көрді.

2013-2014 оқу жылының 1 семестрінде 10 оқу әдістемелік құрал және 2 электрондық құрал жарық көрді.

Есепті кезеңде кафедра ПОҚ 6 оқу құралы, 46 оқу әдістемелік құралын барлығы 100,1 баспа бетпен оның 34,9 мемлекеттік тілде 3 электронды оқулық жариялады.

ПОҚ ғылыми жұмыстарының нәтижелері ғылыми мақалаларда жарияланып тұрады. Кафедрадағы барлық оқытушылар ғылыми ізденіс жұмыстарына тартылған.Комиссияға ПОҚ ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының тізімі берілген.

Есепті кезеңде кафедра ПОҚ жарияяланған еңбек көлемі 174,39 б.б. болды: оның ішінде 2010-2011 оқу жылында 53,35 б.б., 2011-2012 оқу жылында 53,41 б.б., 2012-2013 оқу жылында 67,63 б.б., 2013-2014 оқу жылының 1 семестрінде 34,5 б.б. құрады.

Сайып келгенде 1 штаттағы оқытушыға жарияланған 2010-2011 оқу жылында 1,0 б.б., 2011-2012 оқу жылында 1,3 б.б., 2012-2013 оқу жылында 0,6 б.б., 2013-2014 оқу жылының 1-семестрінде 0,32 б.б. болды. Соңғы 3 жылдың ішінде 2 оқытушы кандидаттық диссертация қорғады, 1 оқытушы ғылыми лауазым алды.Кафедра 85 магистр дайындады. Соңғы 3 жылда кафедра оқытушылары Қазақстан,Ресей,Белоруссия және Болгариядағы ғылыми халықаралық конференцияларға қатысты. Халықаралық конференцияларда жарияланған мақалалардың саны 30 көлемі 17,7 б.б. болды 2010-2011 оқу жылында 5,41 б.б., 2011-2012 оқу жылында 7,07 б.б., 2012-2013 оқу жылында 5,22 б.б. құрады.

Интеллектуалдық қоржын бойынша кафедрада көшбасшы ретінде экон.ғыл.док. проф. А.И.Ғиззатова, экон.ғыл.канд,проф. Т.Н.Траисова, экон.ғыл.канд., доцент А.М.Қазамбаеваны атауға болады. Жарияланымдар жөнінде айтса аталмыш кезеңде рецензиялық журналдарда З.К.Аманғалиеваның 6 мақаласы,С.М. Есенғалиева мен А.Ж.Есбулатованың 4 мақаласы жарық көрді. Зерттеу монографиясы бойынша 9 еңбегі бар А.М.Қазамбаеваны және өндіріс практикасы бойынша 4 оқытушыны атап өтуге болады.

Айтылған дәйектер кафедраның интеллектуалдық деңгейінің жоғары екенін сипаттайды, сонымен қатар оқытушыларға шаққанда көрсеткіштердің бірқалыпты емес екені көрінеді(7-Қосымша).

Оқу процесінде 5- «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері еңбек етеді(2007 жыл экон.ғыл.канд Т.Н.Траисова, 2010 жыл экон.ғыл.док. Р.С.Габдуалиева, 2011 жыл экон.ғыл.канд. А.А.Муфтиғалиева, 2012 жыл экон.ғыл.канд. Г.А.Айешова, 2013 жыл экон.ғыл.канд. А.М.Қазамбаева)

 

12-Кесте. «Профессор-оқытушы құрамы» стандарты бойынша SWOT-талдау

 

S-Strehgth-күшті жақтары(потенциалды оң әсерлі ішкі фактор) W(weakness)-әлсіз жақтар(потенциалды теріс әсерлі ішкі фактор)
· Оқытуда ақпараттық технологияны және белсенді әдістерді тиімді қолданатын жоғары білікті ПОҚ болуы · Оқу процесінде 5- «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері еңбек етеді   · ПОҚ ғылыми дәрежелердің орташа деңгейде болуы · Нольдік емес импакт факторлы рейтингілік басылымдардағы ПОҚ жарияланымдардың жоққа қастығы
О(opportuniti) жағдайдың оң болуы (потенциалды оң әсерлі сыртқы фактор Т(Threat) қауіптер(потенциалды теріс әсерлі сыртқы фактор)
Магистрлік диссертация және нострификация арқылы ПОҚ ғылыми өсуін қамтамасыз ету · Ғылыми дәрежесі бар жоғары білікті оқытушылардың зейнеткерлікте және зейнеткерлікке таяу болуы

 

Ұсыныс

Магистратура және докторантура арқылы ПОҚ ғылыми дәрежесін арттыру

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 263 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СТАНДАРТ 4. ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ, ТИІМДІЛІГІ| СТАНДАРТ 6. МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ БАЗА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)