Читайте также:
|
|
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – еліміздегі ірі білім және ғылым орталықтарының бірі, өңірдегі жалғыз мемлекеттік көпбейінді білім және ғылым орталығы. Ол білім беру және ғылыми қызметті, экономиканың аграрлық және өнеркәсіптік салаларына қажеттібасқару және ғылыми кадрлар біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүзеге асыратын, еліміз бен аймағымыздың халық шаруашылығы кешенінің үздіксіз де қарқынды дамуын қамтамасыз етуге белсенді атсалысып келе жатқан оқу орны болып табылады.
ЖОО миссиясын даярлау барысында Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері, құрылымы мен мазмұны ескерілді, кейін ол ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өзектендірілді.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ миссиясы – қоғам мен мемлекеттің жаңа толқындағы кадрлар мен ғылыми ресурстарға деген сұранысын қамтамасыз ете отырып, Батыс Қазақстанның инновациялық экономикасының қозғаушы күшіне айналу.
Университет миссиясы Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақасат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауына, 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, 2012 жылдың 28 қыркүйегіндегі Ұлттық құзыреттілік шеңберіне сай жүзеге асуда.
Миссия университеттің мақсаты мен міндеттеріне сай дайындалған:
- инновациялық оқу-ғылыми кешенін қалыптастыру арқылы еліміздің жоғары аграрлық-техникалық білім беру жүйесінде көшбасшы болуға қол жеткізу;
- тұтынушылар мен өзге де мүдделі тараптардың білім беру стандарттары
деңгейінде сапалы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға
қоятын талаптарын қанағаттандыру деңгейін арттыру;
- дамыта оқытудың интерактивті технологияларын қолдануды кеңейту
арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін ішкі инновациялық-
білім беру жэне бәсекелестік ортаны дамыту;
- қызметкерлер мен білім алушылардың бойында корпоративтік мәдениет
пен этиканы, сондай-ақ көшбасшылық, ынталандыру, ортақ іске тарту,
ынтымақтастық, сенім, толеранттылық, командамен жұмыс істеу
принциптері бойынша жүмыс істеудің саналы қажеттілігін қалыптастыру;
- оқу-әдістемелік, ғылыми және ақпараттық инфрақұрылымды қазіргі күнгі білім беру стандарттарына сәйкестендіре жаңарту.
5В050600-Экономика мамандығын дайындау Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне сай келеді.
«5В050600-Экономика» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты – қоғамның, мемлекеттік және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуын қанағаттандыру, азаматтардың білім алу бағдарламасы бойынша мазмұны, нысаны және уақыты бойынша мүмкіндік беру.
5В050600-Экономика мамандығын дайындау бағдарламасының негізгі міндеттері:
- экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару, табиғатты қорғау қызметі саласында толық, сапалық білім алуды;
- дамудың жалпы интеллектуалдық жоғары деңгейді қалыптастыру, сауатты және дамыған сөз байлығын, гуманитарлық мәдениетті, жоғары адами, этикалық және құқық мөлшерлерін, ойлау мәдениетін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын игеру;
- студенттердің көп сатылы білім деңгейлерінің келесі сатысында білім алуын жалғастыру;
- бакалаврдың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады.
Бiтiрген түлекке «5В050600-Экономика» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесi берiледi.
Кәсіби қызмет саласы болып мемлекеттік органдар, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары және ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады.
«5В050600 – Экономика» мамандығының экономика және бизнес бакалаврының негізгі қызметіне қойылатын талаптар.
«5В050600 – Экономика» мамандығының бакалавры келесідей мағлұматтарға ие болуы керек:
- тарихи үрдістердің заңдылықтары мен кезеңдерін, әлемдік және отандық экономикалық тарихындағы негізгі оқиғаларды, өнеркәсіптік саясатта болып жатқан реформалар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына» сәйкес іске асырылуы туралы, қазіргі бизнес саласындағы даму тенденциялары туралы, экономика мен өндірісті басқару саласындағы негізгі құбылыстардың мәнінен туындаған проблемаларды терең түсінуі керек, соның ішінде қоршаған орта жағдайын, экономиканы толығымен және кәсіпорынды басқарудың шетелдік тәжірибесін білу.
дағдысы болуы керек:
- мамандық бойынша арнайы экономикалық терминология мен лексиканы кем дегенде бір шет тілінде білуі қажет;
- қазіргі кезеңдегі оқу технологияларын қолдана отырып, өз бетінше жаңа білімдерді меңгеру;
- өз қызметінде болатын стандартты жағдайларды шешуде кәсіби аргумент жасай білуі;
- кәсіпорын және оның бөлімшелерінің өндірістік- шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістерін қолдану және кәсіпорынның нарықтық жағдайын бағалау;
- қолданыстағы нормативті-құқықтық базаны ескере типтік әдістер негізінде инвестициялық жобалар жасау;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін бағалау олардың қаржылық жағдайын, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау әдістерін қолдану;
- кәсіпорында еңбекті нормалау, еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы қағидаларын және ережелерін, запастарды, шығындарды басқару әдістерін пайдалану;
- жоспарлау әдістемесін меңгеру, кәсіпорын дамуының жалпы және функционалдық стратегиясын жасау әдістерін қолдану.
«5В050600 - Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры жаңа формациядағы маман ретінде табиғи ғылымдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласында іргелі білімді игеруі тиіс.
Осыған сай оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын жетілдіру оны білім алушылардың қызығушылықтарына бейімдеу, оқытудың қазіргі кездегі нысандары мен әдістерін қолдану арқылы жағдай жасайды.
Кең базалық кәсіптік дайындау бакалавр түлекке терең іргелі білім беру арқылы, оның жалпы кәсіптік қызметінің пәнаралық әдістемесін, болашақ мамандардың кәсіптік шығармашылығын дамытуды, өз бетінше білім алу қажеттігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бакалавр қазіргі кездегі техниканы қолдану дағдыларын игеруі, кәсіптік қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білуі, сондай-ақ шет тілдерді білуі тиіс.
Ғылыми-зерттеу қызметтерінің инновациялық шеңберінде мамандарды дайындаудың кешенді талаптары:
- ғылыми зерттеудің дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру;
- ғылыми, теориялық және тәжірибелік әдістерді меңгеру;
- ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану;
- студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда теориялық және практикалық ойлау қызметін жетілдіру.
Білім беру бағдарламасы екі деңгейде жүзеге асырылады, олар: Бакалавр және Магистр. 2006-2007 оқу жылынан бастап кафедрада 6М050600-Экономика мамандығы бойынша магистратура жұмыс жасайды. «6М050600-Экономика» мамандығын дайындау екі бағытта дайындалады:
- ғылыми және педагогикалық бағытта 2 жыл оқу мерзімі;
- бейіндік 1 жыл оқу мерзімі.
Дублиндік дискрипторға сәйкестендіруге бағытталған екі бағыт қалыптасқан, олар: ғылыми және педагогикалық бағытта «Экономика және халық шаруашылығын басқару» және «Экономика инновациялық даму», бейіндік бағыт «Экономика кәсіпорында басқару» және «Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық байланыстары».
5В050600-Экономика мамандығын дайындаудың арнайы Білім және ғылым министрлігінің білім мен ғылымды бақылау Комитетінің 14.12.2012 жылы берген №12019473 лицензиясы бар.
Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі болып тұтынушылардың қанағаттандырылуын жоғарылату және еңбек нарығының сұраныстарына сай болу табылады. Еңбек нарығын маркетингтік зерттеу нәтижелері бойынша білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мамандықтың білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талап-тілектеріне сай элективті курстар кірістіріледі.
«Экономика» мамандығы дублиндік дискрипторға сәйкестендіруге бағытталған екі бағыт қалыптасқан, олар: «Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» және «Сала экономикасы».
Дискрипторларды ескеру болондық реформаларды жүзеге асырудың бір мақсаты болып табылады, онда оқу бағдарламасының негізгі бағыты көрсетіледі.
Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі болып тұтынушылардың қанағаттандырылуын жоғарылату және еңбек нарығының сұраныстарына сай болу табылады. Еңбек нарығын маркетингтік зерттеу нәтижелері бойынша білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мамандықтың білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талап-тілектеріне сай элективті курстар кірістіріледі.
Мамандықтың білім беру бағдарламасы ағымдағы және болашақтағы аймақтың қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және әрбір білім беру бағдарламасы нақты модулдерден тұрады.
«Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» бағыты келесі модулдерден тұрады: Виртуалды кәсіпорын, Кәсіпорынды жоспарлау, Табиғатты пайдалану экономикасы және өнеркәсіп, Өнідірісті ұйымдастыру негіздері. Білім беру бағдарламасының бұл бағыты кәсіпорын қызметін жоспарлау, сонымен қатар виртулады кәсіпорын бағыттарын қалыптастыру және өндірісті ұйымдастырудың орыны мен ролін анықтау болып табылады.
«Сала экономикасы» бағыты келесі модульдерден тұрады: Кәсіпорын өызметін болжамдау, Өндірістік сфера экономикасы және құрылыс, Кәсіпкерлік және мұнай бизнесін ұйымдастыру, Өндірісті ұйымдастыру және агробизнес негіздері. «Сала экономикасы» бағыты түлектері салалық құрылымдардың және олардың аранысдағы байланыстарын қарастырады, сонымен қатар экономиканың кейбір салаларының нақты дамуы туралы мәліметтерді иемденетін болады.
Білім беру бағдарламасын бұлай дайындау 2012 жылдың 28 қыркүйегіндегі Ұлттық құзыреттілік шеңберіне сай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Аймақты білім беру бағдарламасын тұтыну деңгейі өте жоғары. Жылма жыл тұлектердің жұмысқа ораналасу деңгейі өсіп келеді. Көптеген түлектер қлттық ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс жасайды. 2012-2013 оқу жылының түлектерінің 88% жұмысқа орналасқан.
Тқтынушыларды зерттеу нәтижесі көрсеткендей Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің басты артықшылықтары клесілер болып табылады:
- өте жоғары білім беру қызметін көрсету;
- қызмет көрсетудің сапасы мен бағасының қатынасының нақты құрылымының болуы;
- қоғамда жағымды имиджінің қалыптасуы.
Зерттеу жүргізген респонденттердің 70% жуығы универсиеттің өте жоғары білім беретінін көрсетті. Еңбек нарығында «Экономика» мамандығының жұмысқа орналасу деңгейі өте жоғары болып келеді. Олар кәсіпорынның құқықтық негізіне және қызметіне қарамастан тұтынушы талабына сай келеді.
Жұмыс берушілермен әріптестікті қамтамасыз ету мақсатында, тұлектердің жұмысқа оранласу кепілдігін жоғарлату мақсатында және университетте студенттердің пратикадан өту деңгейін көтеру мақсатында арнайы кадрларды аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының кепілденген таспырысы бойынша дайындайды. Жылма жыл кәсіби практика және студенттердің мансапы департаменті бойынша жұмыс берушілерге талдау жүргізіліп, еңбек нарығы зерттеліп отырады. Жүргізілген талдаулар негізінде жұмыс берушілердің 80 % универсиеттің білім беру деңгейінің «жақсы» екенін атап өтеді, бұл көрсеткіштер келесі оқу жылдарында мынадай көрстекіштерді көрсетті 2009-2010 оқу жылы - 80,0%, 2010-2011 оқу жылы - 80,8%, 2011-2012 оқу жылы - 81,2%, 2012-2013 оқу жылы - 81,7%. Зерттеу нәтижесі мен сауалнама кафедрада бар.
Университетте білім беру бағдарламасының жүзеге асуының тиімділік деңгейін бағалау сыртқы және ішкі бақылау арқылы жүзеге асады.
Білім беру бағдаламасының сапасын бақылау университеттің клесі қүрылымдары арқылы жүргізіледі, олар: кафедра, деканат, фаукльеттің ОӘБ, білім берудің сапасын бақылау, әдістемелік бөлім, ОӘК және университеттің ғылыми кеңесі.
Білім беру бағдаламасының және университеттің мақсаты келесі құжатта көрсетілген ол «Білім алушының жолсілтегіші». Мамандықтың барлық студенттері бұл құжатпен таныстырылды. Студенттерге эдвайзерлер 1 курста білім беру бағдарламасы мен университет миссиясын түсіндіреді.
1-кесте «Білім беру бағдарламасының мақсаты» стандартын SWOT талдау
S (strength) – күшті жақтары | W (weakness) – әлсәз жақтары |
- мемелекеттік оқу орынының статусы; - ішкі құжаттардың ҚР білім туралы заңына сәйкестігі; - білім беру бағдарламасы қажетті білім беру бағдарламасымен қамтылған, олар: МЖМБС, тұрпаттық бағдарлама; - білім беру бағдарламасының мақсатының университет миссиясына сай келуі; - кадрларды екі деңгейлік жүйеде дайындау, олар: «бакалавриат-магистратура»; - оқу үрдісіне кредиттік технологияны енгізу; - университетте сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің болуы. | - экономика мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру бағдарламасының өте аз бөлінуі; - «Экономика» мамандығы бойынша ұш деңгейлік білім беру бағдарламасының болуы. |
O (opportunity) – мүмкіндіктер | T (treat) – қауіп |
-білім беру бағдарламасына жұмыс берушілердің, тұтынушылардың белсенді қатысуы. | - батыс аймақта, соның ішінде Орал қаласында усиление и рост 5В050600-Экономика мамандығын дайындауда бәскелестердің санының өсуі. |
Ұсыныстар:
- білім беру бағдарламасына жұмыс берушілер мен тұтынуышлардың белсенді араласуы;
- «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторантура ашу.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 271 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КІРІСПЕ | | | СТАНДАРТ 2. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ |