Читайте также: |
|
«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі замаңғы жағдайы «Экономика және болжау» кафедрасының маңыздылығын көрсетеді және білім алушылардың тұлға ретінде қалыптасу процессін басқарып, олардың кәсібін ұйымдастырады.
Дайындық артықшылығын кәсіптің сапасын көрсету бағытындағы анкеталау нәтижесіне сүйеніп сарапталады. Білім алушылар арасында жүргізілген анкеталау келесідей артықшылықтарды көрсетеді: жоо деңгейі; оң көзқарастар; мемлекеттік грант негізінде мамандарды дайындау; білім беру қызметін сапалы түрде ұсыну; ұжымдағы жақсы психологиялық атмосфера және студенттермен өзара жақсы қарым-қатынас; университеттің материалдық-техникалық базасы.
Бәсекеге қабілеттілігі жөнінде мамандықтардың қазақстан жоғарғы оқу орындары арасындағы рейтингісіндегі орындарына қарап тұжырымдауға болады. 2010 жылы университет үздік техникалық оқу орындарының басты рейтингісінде 10-орын алды, 2011 жылы 7-орын, 2010 жылы 6 мамандық, 2011 жылы – 7 мамандық, 2012 жылы 4 мамандық Қазақстан Республикасының оқу орындары арасындағы ҚР НАЦ МОН ұлттық рейтингісінің жеңімпаздары болды.
«Экономика және болжау» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, «5В050600-Экономика» мамандығының материалдық-техникалық базасы білім ошағының ұлттық даму тұрғысы мен стратегиясына сәйкес білім беру бағдарламасының қалыпты жұмыс жасауына себепші болады.
Осы мамандықтың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері ұзақ және қысқа мерзімді академиялық жоспарлау процесіне тұрақты қатысуда, соған байланысты әрқайсысы өз алдына белгілі бір мақсат қояды. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің тактикалық және стратегиялық жоспарларды жасауға қатысуы келесі аспектілерде көрсетіледі:
- Стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды кафедра жиналыстары мен құрылымдық отырылыстарда талқылау;
- Академиялық топтардың кураторлық сағаттарда стратегиялық жоспарлар мен даму бағдарламаларын талқылау;
- Кафедраның негізгі бағыты негізі бойынша толықтай қанағаттандыратын деңгейін анықтау мақсатында студенттер арасында анкеталау жүргізу.
Кафедра ОП жүзеге асырылуы жайындағы ақпараттарды жүйелі түрде жинақтайды, тереді және сараптайды ж»не өлшеу процестерін жасау және енгізу негізінде барлық бағыттарда өзін-өзі тексеру жүргізеді.
Барлық білім беру бағдарламалары мемлекеттік МЖМБС мамандандырылған және ғылыми талаптарына сәйкес құрылған.
Әрбір білім беруші бағдарлама құрылымында жадпы білім беруші, базалық және профильдеуші талаптар көрсетілген, олар студент бойында тек қана белгілі бір тұлғаны ғана емес, сонымен қатар неше түрлі қабілеттерін, интелектуалды және академиялық амалдарын дамытады.
Жалпы оқытушы тәртіптер циклі мамандардың жаңа түрін даярлауға бағытталған, ол мамандар кең терең білімді, мақсат қоя білетін, еңбек нарығының өзгерісіне тез үйренетін, топпен жұмыс істей алатын болады. «Экономика» мамандығының оқу жоспарының басты бағыты жоғарғы деңгейлі интеллектуалды даму, нақты және тура сөйлей білу, гуманитарлы мәдениет, этикалық және құқықтық нормаларға, мәдени ойлау қабілетке ие болуы. Осыған байланысты 1-курста жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқуқарастырылған.
Базалық пәндер экономика. Маркетинг, менеджмент, финанс, бухгалтерлік есеп, статистика, ағымдағы материалды сараптай білетін және шешім шығара алатын мамандарды дайындауға бағытталады. Келесі пәндер блогы студенттерде әлеуметтік нормаларды қалыптастыруға, оларды топпен жұмыс жасауға үйретуге, жаңа шешімдерді ұсыну, өз ойын басқалардың ойымен ұштастыру, ұжымдық шешімге бағыну секілді қасиеттерді қалыптастырады.
Профильдеуші пәндер циклі маманды белсенді профессионалдық және әлеуметтік кәсіпке, тәжірибелік тапсырмаларды сапалы орындауға бағытталған. Тәжірибелік тапсырмаларды және белгісіздік пен қауіп кезінде шешім табу үшін теориялық білім алу.
Барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер дайындалды, соның ішінде: жұмыс оқу бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспары, дәріс кешені, СӨЖ тапсырмалары, жұмыс оқу жоспарлары типтік және типтік емес бағдарламалармен, силлабус, практикалық сабақ жоспарлары, оқу-әдістемелерін әдебиеттер картасымен қамтамасыз ету, бағалау графигі, пәндерді оқыту бойынша нұсқау, білімді бағалау және бақылау жұмыстарының материалдары, жеке жұмыстары үшін материалдар, бағдарламалық және мультимедиалық құрылғымен жүргізу, курстық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқамалар, мамандандырылған аудитроиялар, кабинеттер және зертханалар тізімідері.
Оқу процессі кезінде кафедра оқытушылары жеке-бағытталған дамушы оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, компьютерлік оқыту технологиясын, интерактивті оқыту технологиясын, болашақ мамандардың коммуникативтік және басқарушы қабілеттерін дамыту, профессональдық жұмысына психологиялық дайындығын және шынайы профессиональдңк оқытуға жақындатылған жағдайларды пайдаланады.
Білім берудің сапасын арттыру мақсатында кәсіптік практикадан өту мүмкіндігі бар, сонымен қатар түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыруға көмектесу, университет көптеген танымал шет ел компанияларымен, екінші ретті банктармен, мемлекеттік мекемелермен, ірі зауыттармен, дамыған шаруашылықтармен өзара қатынаста.
Оқыту бағдарламасы бойынша мамандығын алып шығып, жұмысқа орналасқан түлектер жұмыс берушілерінен оң сипатта көрінуде. Өз сипаттамаларында түлектердің теориялық білімі жоғарғы деңгейде екені, теориялық және практикалық қабілеттерін шыңдауға талпынысы бар екені, тіл тапқыштықтары, психологиялық тұрақтылығы, компьютер технологиясын меңгергені айтылады. Мұның бәрі оқу бағдарламасын жұмыс берушілердің мойындайтындығын көрсетеді.
Білім алушыларды бағалау баллдық-рейтингтік жүйе түрінде, қазіргі, аралық және соңғы бақылау түрінде болады. Университетте білім алушыларды аттестациялаудың бірнеше түрі, әдістері бар: компьютерлік және қағаз жүзіндегі тестілеу, ауызша және кешенді емтихандар, жазбаша жұмыстар.
Университет бойынша сыртқы және ішкі тұтынушы білім беру қызметтерінің сапасын анықтау мақсатында студенттер, ППС, қызметкерлер, жұмысберушілер арасында анкеталау жүргізіледі: «Оқытушы студент көзімен», «білім алушылардың оқу процессімен қанағаттануы», «оқу бағдарламасының нәтижелігін бағалау», «Элективті пәндер», «университетте қолданылатын заманауи оқутылу әдістері», «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушыларының сабақ беру стилін анықтау», «Практика сапасы студент көзімен», «Кафедра филиалының әрекетін бағлаудың студент көзімен», «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студент-практиканты кәсіпорынның жұмысберушісі көзімен», «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да мамандарды дайындау сапасы жұмысберуші көзімен».
«Студенттердің оқу процессі сапасымен қанағаттану» анкеталауының нәтижесі оқу процессінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын көрсетті (80%-дан жоғары).
Университетте білім алушыларға жәрдем беретін, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұйымдасқан қызмет көрсеу орталықтары бар:
- 1117 орынға арналған студенттер жатаханасы;
- 3 оқу залы бар ғылыми кітапхана (370 орындық), жалпы ауданы 2912,4 м.кв. (кітапсақталымы -1380,0 кв.м.);
- әрбір факультетте орналасқан студенттерге арналған асханалар жалпы ауданы 528,7 кв.м;
- 634 орындық концерт залы;
- 6 спорт және тренажер залдары жалпы ауданы 1636 м2;
- 2 эстрадалық студия және биге арналған зал.
Жүргізген сұраныстар нәтижесі бойынша көпшілік студенттер жатахана жағдайымен толықтай қанағаттанады, сұралған студенттердің 59,2%-ы толықтай қанағаттанатындығын айтқан болатын. Басты мәселе ретінде барлық студенттердің 6,4%-ы тұрмыстыө жағдайы нашар деген болатын, 5,2% студенттер жатахананың кейбір ережелерімен келіспеді.
2-сурет – Студенттердің жатаханаға қатысты қанағаттануы
«Барлық ақпараттандырушы анықтамалықтармен (жолсілтеуші, академиялық күнтізбе, элективті пәндер каталогы және т.б.) қамтылғансыздар ма?» деген сұраққа 63,2% студенттер толықтай қамтылғанын айтты, 28% студенттер оларда анықтамалықтар толықтай емес екендігін айтты, 3,6% пакет тек академиялық топтарға берілетінін айтты, 0,8% студенттербарлықақпаратберушіанықтамалықтармен қамтылмағандығын айтты.
3-сурет – Студенттердің ақпараттық анықтамалықтармен қамтылуы
«Сіздің оқу орныңызда өз академиялық міндеттерімен толықтай атқара алмайтын студенттерге академиялық көмек көрсетіле ме» деген сұраққа студенттердің жартысынан көбі академиялық міндеттерімен толықтай атқара алмайтын студенттерге академиялық көмек барлық ережелерге сәйкес көрсетіледі деген, 27,4% студенттер ондай көмек барлығына көрсетілмей деген, 4% студенттер мүлдем көрсетілмейді деген.
4-сурет–Академиялық міндеттерімен толықтай атқара алмайтын студенттерге академиялық көмек
Интернетке қол жетімділік жайында сұраққа 60,6% студенттер интернет толық тәулік ішінде қол жетімді, 26,8% тәулігіне 3 сағаттан артық емес, 5,6% және 5% студенттер кестесіне сәйкес, және тек 2% студенттер интернет тек ақылы деген болатын.
5-сурет–Интернеттің студенттерге қолжетімділігі
Студентерің көпшілік бөлігі кәсіптік практиканың өткізілуі мен ұйымдастырылуына толықтай қанағаттанады (63,6%).27,2%студенттерді оқытылатын пәндердің мамандыққа сәйкес келмейтіндігі күмәндандырады. «Кәсіптік практиканың өткізілуі мен ұйымдастырылуына толықтай қанағаттандыра ма?» деген сұраққа 4,2% ия болуы мүмкін, 2,6% жоқ болуы мүмкін, 2,4% жоқ деп жауап берді.
6-сурет – Кәсіптік практиканың өткізілуі мен ұйымдастырылуына студенттердіңқанағаттануы
Сұраныстар негізінде студенттердің көпшілік бөлігі оқу процессімен толықтай қанағаттанатындығын айтқан болатын.
Сұралған студенттерің көпшілі біздің университті таңдаудағы себебі білім беру сапасы деген болатын(68,2%), 22,6% - жақын жерде тұратын болғандық. Сұралғандардың 5,6% университетті оның атаң абыройы үшін таңдаған, тек 2,6%-ы таныстарынан естиген.
7-сурет –ЖОО таңдаудағы себеп
Біздің университетте оқу қаншалықты абыройлы деген сұраққа 70,4% студенттер бұл университетте оқу абыройлы деген болатын, 24,4% студенттер білмейміз деді және тек 2,6% студенттер жоқ деді.
8-сурет – Біздің университетте оқу қаншалықты абыройлы
9-сурет.Оқу қызық па?
Сұраныс көрсеткендей студенттер үшін басты мәселе сабақ кестесі (32,8%), білімді бағалау сапасы (23,4 %), сабақты өткізу сапасы (22,2%) және СРОП өткізу сапасы(21,6%).
10-сурет – Студенттерді мазалайтын сұрақтар
Оқу процессінің сапасын жоғарылаты мақсатында университетте білім сапасының менеджменттік жүйесі жасалып, жұмыс істеуде, ол өз ішіне оқу процессін басқару және бағалауды біріктіреді. Бакалавриатты дайындаудағы мамандықтар мен дайындау бағыттары бойынша негізгі білім беру бағдарламалары ҚР Мемлекеттік жалпыміндетті оқу стандарттарына сәйкес жасалады. Барлық әрекеттер арнайы құжаттарда сипатталып және бекітілді.
Білім беру мен білім алушылардың білім деңгейі сапасына басқару келесі бақылау шараларын өткізу арқылы жүзеге асырылады: қазіргі және аралық бақылау, семестр ішіндегі аттестация (семетрда екі рет), аралық аттестация (мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жобаларды қорғау). Барлық бақылау түрлері жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың негізгі білім беру бағдарламалары ҚР Мемлекеттік жалпыміндетті оқу стандарттарына сәйкес жасалады.
Оқу орны ішіндегі бақылау жүйесі туралы хаттамаға сәйкес студенттердің білім алу сапасына бағалау жүргізіледі. Негізгі көрсеткіштері ретінде қазіргі және ақтық бақылау нәтижелері алынады.
Білімдерді қазіргі бақылау жұмыстарын оқытушы сабақ үстінде жүргізеді. Қазіргі бақылау шараларының мерзімдері мен түрлері бағдарламаны басқарушылармен орнатылады және силлабуста көрсетіледі.
Аралық бақылау жұмыстары белгілері мерізмдерге сәйкес, курс жетекшесімен және силлабуста көрсетілгендей жүргізіледі.
Аралық аттестация академиялық күнтізбеге, университеттің оқу кеңесімен қабылдаып, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес жасалған мамандықтың оқу жоспарына сәйкес университетте жүргізіледі.
Емтихан нәтижсіне қарсы студенттер апелляцияға беруге құқығы бар. Осыған байланысты емтихан сессиясы кезінде ректордың бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.
Тест тапсырмалары тестілеу және мониторинг бөліміне біра ай бұрын беріледі. Қалыпты жағдайда әр кредитке кем дегенде 90 сұрақ жасалады.
«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша сессия нәтижелері білім беру дәрежесінің жылдан жылға өсуі көрінеді.
11-сурет - «5В050600-Экономика» мамандығының сессия нәтижелері
«Экономика» мамандығының білім беру бағдарламасы типтік оқу жоспарына сәйкес ақтық мемлекеттік аттестация жүргізуді қарастырады (дипломдық жобаны қорғау, мемлекеттік емтиханды тапсыру). ГАК жұмысының нәтижесінде төраға есеп береді, ол есет беру кафедра жиналысында және афакультет кеңесінде талқыланып, ҚР БҒМ жіберіледі. Барлық жұмыстар кафедрада бар.
Аралық бақылауды, аралық аттестация мен ақтық мемлекеттік аттестация жүргізу тәртібіне сәйкес оқу орындарында 2 курс студенттері аралық мемлкеттік емтихан тапсырған болатын.
Емтиханның орташа баллы «5В050600-Экономика» мамандығы бойынша 2010-2011 оқу жылында 81,7 болды.
2012-2013 оқу жылдарында алғаш рет гуманитарлық мамандықтар, соның ішінде «5В050600-Экономика» мамандығы төрт пән ойынша ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау), орташа балл 103 болды (7-кесте).
Таблица 7- «5В050600-Экономика» мамандығының ОЖСБ нәтижелері
Мамандық шифрі | Орташа балл | Бағасы | |||
А,А- | В+,В, В- | С+,С, С-, D+, D | F | ||
2012-2013оқу жылы | |||||
5В050600 Экономика | - | - | |||
2013-2014 оқу жылы | |||||
5В050600 Экономика | 84,1 |
2013-2014 оқу жылдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауға жоғарғы немесе орта мамандандырылған оқу орнын бітірген сырттай оқыту бөлімінің студенттері қатысты.
Дипломдық жобаларды орындау университетте әр мамандық үшін жасалған әдістемелік нұсқаулықпен жасалады.
Дипломдық жобалардың тақырыптары өте маңызды, қазіргі замаңғы ғылымның, техниканың, ауыл шаруашылығы жағдайы мен болашағына сәйкес келеді. Тақырыптар келесі талаптарға сәйкес алынады: зерттеудің жалпы нәтижелілігі, ғалымдардың, аналитиктардың, практиктардың келтірген жобалық шешімдері: инжинерлер, құрастырушылар, менеджерлер, экономисттер; ғылыми негіздегі теориялық тұжырымдар мен белгілі бір тапсырмаларды шешуге арналған нәтижелер болуы керек. Дипломдық жобалар тақырыптары жаңашыл болады, тәжірибеде қолданылу бағыты болады, онда ғылымның қазіргі жағдайы мен мәселелері бар аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Дипломдық жоба ақырыптары жұмыс берушілер мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне байланысты жыл сайын жаңарып отырады, ол кафедрада талқыланып, оқу-әдістемелік кеңесте бекітіледі.
Дайын дипломдық жоба деканат құрамында шығармашылық ұрлық болмауын ексереді. Алдын ала қорғаудан өткізілген және қойылған талаптарды қанағаттандыратын жұмыс студентпен қойылып, ғылыми жетекшіге көрсетіледі. Ғылыми жетекші жұмысқа қатысты сынпікір жазады, ол сынпікірде студенттің жұмысқа деген қатынасы, оның дерестік деңгейі, квалификация деңгейі жазылады және дәлелдейтін қортындысы бар жұмыс «қорғауға жіберіледі» немесе керісінше «жіберілмейді». Кафедра шығаратындипломдық жоба рецензияға жіберіледі. Рецензия деп дипломдық жобаға қағаз жүзіндегі рецензия түрінде болады, онда жобаны маңыздылығы, жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, қойылған квалификацияға дипломдық жобаның сәйкес келуі, зерттеу жүргізудің даралығы, тұжырымдар мен ұсыныстардың болуы, мәселені шешу деңгейі мен зерттеудің аяқталу деңгейі көрсетіледі. Рецензияда дәлелдеуші қорытынды беріледі және оны баллдық-рейтингтік жүйеде бағаланады және оған академиялық деңгей мен квалификация берілу мүмкіндігі қарастырылады.
Жұмысты аяқталуымен барлық төрағалар екі апталық мерзім ішінде өздерінің есептемесін береді, ол есептемелер талқыланады және факультет отырысында бекітіледі. Төрағалардың ұсынған есептемелеріне сараптау жүргізу мамандықтар бойынша мамандардың дайындық деңгейін, дипломдық жобаның жасалу сапасын, дипломдық жоба тақырыбының қазіргі замаңғы ғылым, техника және өндіріс сұраныстарына сәйкестігін, білім алушылардың мемлекеттік емтиханда көрсеткен білімінің мінездемесі, мамандықтар бойынша мамандардың дайындық деңгейінің сапасына сараптама жасау мен университеттегі мамандарды дайындаудағы дайындық жетілу жайында ұсыныстар болады.
Университеттің мамандарды дайындау деңгейі мамандықтарға қойылатын мемлекеттік талаптарға сәйкестігін көрсетеді және студенттердің мемлекеттік емтиханда көрсеткен білімдерін дәлелдейді.
Сонымен қатар төрағалар кафедра жағынан білім беру сапасын жақсарту жұмыстары жасалатындығын ерекшелейді, ол кафедра филиалдарының өзара бірге жұмыс жасауымен, қосымша сабақтар өткізумен, сабақтардың білім беру сапасын арттырумен және болашақ мамандарда қажетті қабілеттерді дамытумен көрсетіледі.
8-кесте - 5В050600-Экономика мамандығы бойынша дипломдық жобаларды қорғау мен мемлекеттік емтихандарды тапсыру нәтижелері (күндізгі және сырттай бөлім)
А | А- | В+ | В | В- | С+ | С | С- | Д+ | Д | Д- | Ғ | Студенттер саны | ||
2010-2011 оқу жылы | ||||||||||||||
Мемлекеттік емтихандар бағасы | - | - | - | - | - | |||||||||
Дипломдық жобаларды қорғау бағалары | - | - | - | - | - | - | ||||||||
2011-2012 оқу жылы | ||||||||||||||
Мемлекеттік емтихандар бағасы | - | - | - | - | - | |||||||||
Дипломдық жобаларды қорғау бағалары | - | - | - | - | - | - | ||||||||
2012-2013 оқу жылы | ||||||||||||||
Мемлекеттік емтихандар бағасы | - | - | ||||||||||||
Дипломдық жобаларды қорғау бағалары | - | - | - | - | - | |||||||||
Мамандандырылған пәндер бойынша мемлекеттік емтихан нәтижелері 2009-2010 оқу жылында – 4,4 балл, 2010-2011 оқу жылында - 4,2 балл, 2011-2012 оқу жылында – 4,5 балл және 2012-2013 оқу жылында – 4,0 (8-кесте).
2009-2010 оқу жылында кафедрада 67 студент, 2010-2011 оқу жылында 56 студент, 2011-2012 оқу жылында 44 студент, 2012-2013 оқу жылында 46 студентдипломдық жобаларын қорғады. Дипломдық жобаларды қорғаудағы орташа баллы 4,6 болды.
Қазіргі замаңғы талаптар мен білім беру бағдарламаларының принциптары негізінде формалау білім берудің бәсекеге қабілеттілігін, экономикалық өсу үшін сапалы білім алу қол жетімді болу жолымен адам капиталының дамуын қамтамассыз етеді.
9-кесте - SWOT – «Білім беру нәтижелері, тиімділігі» стандарты бойынша сараптау
S (strength) күшті жақтары | W (weakness) – әлсіз жақтары |
-білім беру қызметтерімен тұтынушылардың қанағаттануы жаындағы анкета болуы; -дайындық деңгейінің студенттер мен жұмысберушілердің жоғары бағалауы; -білім алушылар арасында анкеталау жүргізу және білім беру сапанын жоғарылату мақсатында анкеталау нәтижелерін есептеу; - түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы | -мемлекетаралық білім беру бағдарламаларының жеткіліксіз болуы |
О (opportunity) – қолайлы мүмкіндіктер | T (threat) – қауіптер |
- бакалавриат мамандығы бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа білім беру бағыттарын енгізуҒ | -білім беру қызметтері нарығында бәсеке; -экономикалық пәндер және ақпараттық технологиялар бойынша ақпаратты жаңартудың жоғарғы жылдамдығы |
Ұсыныстар:
- Бұқаралық ақпарат құралдарында оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің ғылыми жетістіктерін үгіттеу.
- жобалар, оқытушылар мен студенттер айырбастап білім беру бойынша халықаралық байланыстарды беріктендіру және кеңейту
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
СТАНДАРТ 3. СТУДЕНТТЕР | | | СТАНДАРТ 5. ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫ ҚҰРАМЫ |