Читайте также: |
|
13.3. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845—1904) саяси және құқықтық iлiм тарихы бойынша арнайы еңбек жаз-бағанымен, өлеңдерi мен қара сөздерiне өзi өмiр сүрген дәуiрдiң тыныс-тiршiлiгiн, қоғамдық өмiрiн, халықтың мұң-мұқтажы мен басқару орындарының жұмысын арқау еттi. Сол уақыттағы жер-гiлiктi атқару органдары мен билер қызметiн, әлеуметтiк тең-сiздiктi жырлаған Абай әлеуметтiк iстерге де араласады. Билердiң төтенше съезiне жетпiс алты баптан тұратын жаңа заң ережелерiн ұсынады және осы билер съезiнiң төрағасы бо-лып сайланады. Абайдың төрағалығымен өткен бұл съезде әдет-ғұрып нормаларының негiзi сақталған Ереже қабылданды. Билер сотының артықшылығын көрген Абай оған Ресей империя-сының кейбiр заң ережелерiн ғана енгiзедi. Бiрақ Абайдың бұл реформалық талаптары патша өкiметiнiң отаршыл әкiмшiлiгiнен қолдау таппайды. Бұл кезде қазақ даласында 1868 жылы 21 қа-занда қол қойылған ² Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыс-тарын басқару жөнiндегi Уақытша Ереже² үстемдiк етiп тұрған едi. Аталған ереже негiзiнде Ресей өкiметi қазақтардың дәстүрлi заң жүйесiн бұзып, қазақтың тұрмыс-тiршiлiгiмен үйлеспейтiн заң жобасын жасады. Қазақтар ²екiншi низам² деп атап кеткен қазақ даласын бас-қару туралы ереже нағыз отаршылдық пиғылда жазылған бола-тын. Осыған сәйкес сот жүргiзу iсi де едәуiр өзгерiске ұшырады. Бұрын билер сотының қарауына жататын жиырмадан астам жалпы қылмыстық әрекеттер шекаралық соттардың қарауына берiлдi, ал ² халық соттарына² жергiлiктi ұсақ-түйек iстер ғана қалдырылды. Бақылау мен қадағалаудан тыс қалған сот орын-дарының лауазымды адамдары өз қызметтерiн жеке бастарының баюына пайдаланды. Отаршыл әкiмшiлiк енгiзген ережелер мен тәртiптер болыс-тық пен билiк мансапқа ғана қызмет еттi. Судьялардың сатыл-ғыштығы мен болыстардың жағымпаздығы Абайдың жүрегiн жаралады. ²Болыс бидi құрметтейiн десең құдайдың өзi берген болыстық пен билiк елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен билiктiң ешбiр қасиетi жоқ² деп күйiне жазған Абай, бiр елдiң заңы екiншi елге жетекшi бола алмай-тындығын жақсы түсiндi. Сондықтан да ол зорлықпен танылған заң ережелерiн керексiз деп тапты. Отаршыл мемлекеттiң күнделiктi саясатына қарай бейiмделiп, өзгерiп отыратын тұрақсыз заңнан қандай әдiлдiк күтуге болатындығын ашына айтты. Патша өкiметi құрған әкiмшiлiк басқару iсiндегi әдiлетсiздiк пен жорықсыз әрекеттердiң қазақтың билiк дәстүрiне қандай зардабын тигiзгендiгi мен ² бар малын шығындап, болыс болған-дардың ² қызметi де Абай назарынан тыс қалған жоқ. ²Болыс болғандар өзi қулық, арамдықпен болыстыққа жеткен соң, мо-мынды қадiрлемейдi, өзiндей арам, қуларды қадiрлейдi². Сон-дықтан да Абай болыстыққа бiлiмдi адамдардың сайлануын жақ-тайды. Оның ойынша бiлiмдi болыс қана сайлану құқығына ие болса, оң нәтиже бередi. ² Кiсiге бiлiмiңе қарай болыстық қыл²,- дейдi Абай. Егер бiлiмдi адам табылмаса, болысты сайлау арқылы емес, жоғарыдан тағайындауды халыққа пайдалы болар деп есептеген Абай сайлауды ру арасындағы араздықты қоздыратын iс деп тапты. Адам өзi үшiн ғана қызмет етпеуi тиiс. Көпшiлiк үшiн жасаған еңбегiңдi құдай да ескередi. ² Өзiң үшiн еңбек қылсаң, өзiң үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың, адамшылықтың қарызы үшiн еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың². Сайлау кезiндегi өзара тартыстың зардаптары туралы Абай ² өз басын осындай таласпен кiсi көбейтемiз деп партия жиғандардың бүгiн бiреуiне, ертең бiреуiне кезекпен сатады да жүредi. Ұрылар тиылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкiм сүйемес едi. Ел екi жар болған соң, кiм ант iшiп, арам-дығын жақтап сүйемiн десе, соған жақ болып сүйенiп, бұрын-ғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады². Тыныш жатқан елдiң ² шала бүлiнгенiн² патша өкiметiнiң әкiмшiлiк және сот реформасының нәтижесi деп түсiнген Абай ²әрбiр болыс елде старшына басы бiр би сайланғандық халыққа көп залал келтiрдi²,— деп жазды. Абай сонымен бiрге қазақ даласында билiк айта алатын адамдардың да өте аз қалғанына қынжылыс бiлдiредi. Билiк айта бiлу үшiн ² бұрынғы Қасым ханның ² қасқа жолын², Есiм ханның ² ескi жолын, Әз Тәуке ханның ²Күл төбенiң басында күнде кеңес² құрған ²Жетi жарғысын² бiлмек керек… ондай кiсi аз, яки тiптi жоқ². Заманы тозған, дәстүрi озған дәуiрде кiмге ақыл айтасың, сенiң насихатыңды кiм тыңдайды? Заманның тозуына не нәрсе себеп болды? деген мазасыз сұрақтарға Абай өзi жауап бередi. ²Бiреу-болыс, бiреу — би. Олардың ақыл үйренейiн, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес едi. Олар өздерi де аздық кiсiмiз, өзiмiз бiреуге үлгi берiп, ақыл айта-мыз деп сайланды. Өздерi түзелiп жеткен, ендi елдi түзерлiгiнен қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе қолы тие ме? Басында өзiндiк жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки елдегi бұзақыларымызды бүлiндiрiп аламыз ба, яки халқымызды бүлдiрiп аламыз ба, яки өзiмiз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? — деген ебiне қарай бiреудi жетiлтейiн, бiреудi құтылтайын деген бейнетiнiң бәрi басында, қолы тимейдi². Елдi басқаруға сайланғандар басқаның ақылын қажет етпей, өздерiнiң ғана бас пайдасын ойласа ² балық басынан шiридiнiң² растығына Абай күмән келтiрмейдi. Арын сатқан билер мен болыстардан түңiлген Абай ² бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық, сақалын сатқан кәрiден еңбегiн сатқан бала артық² деп ой қорытады. Абай шығармаларында әр топтың өкiлдерi, олардың әрқилы мiнездерi мен қасиеттерi үнемi бой көрсетiп отырады. Олардың жаман қасиеттерiн ашып көрсеткен ақын, оның себебiн түсiн-дiредi. Жиырма екiншi қара сөзiнде ол ² Байды қадiрлеймiн десең бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркi өзiнде жоқ. Мырзаларды қадiрлейiн десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергiш мырза иттен көп. Бiреу бiр пайдама келтiрем деп мырза болып жүр. Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдiң бәрi мықты, жақсылыққа мықты кiсi елде жоқ. Естi кiсiнi тауып құрметтейiн десең әдiлет, ұят, нысапқа естi кiсi елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдiң бәрi естi². Әр топтың iшiнен қадiрлiсiн таба алмаған Абай, оның себебiн заманның өзгеруiнен iздейдi. Осыдан келiп ол ² көпте ақыл жоқ²,— дейдi. Абайға дейiнгi ғұламалар мен ойшылдардың көпшiлiгi де көптiң билiгiн дұрыс көрмедi. Өйткенi, көптiң билiгiнде дау-дамай мен қызыл сөз және бас араздық қоса жү-редi. Көпке ақыл айту да қиын. ² Көп қорқытады, терең батыра-ды². Абай көп дегендi бүтiндей бiр халықты меңзеп отырған жоқ. Ол жетексiз кеткен, билiкке көнбеген айғай-шудың тобы-рын айтып отыр. Ретiн тапса көптi де ақылға, жөнге келтiруге болады. ² Сократқа у iшкiзген, Жанна д,Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенiң жемтiгiне көмген кiм? Ол-көп, ендеше, көпте ақыл жоқ². Ебiн тап та, жөнге сал²,- дейдi ұлы Абай. Оның пiкiрi бойынша ақылсыз тобыр — өзiнiң ақылынан айрылып, басқаның жетегiне ерген-дер, ерте ме, кеш пе олар өз қателiктерiн ұғынады. Абай оларды ² Көп шуылдақ не табар, билемесе бiр кемел²,— деп сипаттайды. Абай өзi өмiр сүрген орта мен заман ызғарынан шырқы бұзылған халықтың бет-бейнесiн көрсетумен бiрге, оның себептерiн де ашады. Абай ² адам деген ұғымды кең де, терең түсiндi. Оның түсiнi-гiнше адам — ақылдылық пен имандылықтың, еңбек сүйгiштiк пен адалдықтың, әдiлдiк пен бiлiмдiлiктiң жиынтығы. Абайдың айтуынша, ² күллi адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек. Әуелi — надандық, екiншi — ерiншектiк, үшiншiсi — зұлымдық деп бiлесiң. Надандық — бiлiм-ғылым-ның жоқтығы, дүниеден ешнәрсенi оларсыз бiлiп болмайды. Бiлiмсiздiк — хайуандық болады. Ерiншектiк — күллi дүниедегi өнердiң дұшпаны. Талапсыздық, жiгерсiздiк, ұятсыздық, кедей-лiк — бәрi осыдан шығады. Зұлымдық — адам баласының дұш-паны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлiнедi². Адам бойындағы жаман қасиеттердi саралаған Абай адамгершiлiктi, әдiлеттiлiктi ең негiзгi моральдық принцип ретiнде ұсынады. Адамгершiлiк пен әдiлдiк болмаған жерде өкiнiш пен мұқ-таждық жүредi, олар адамды бақытқа жеткiзе алмайды деп ой түйедi дана ақын. Адам өмiрiнiң мағыналы да, саналы болуы, алдына қойған мақсатына жету жолдары да өз заманы мен заман талабына сәйкес болу керек деп түйген Абай: Дiн туралы Абай екi түрлi көзқараста болды. Ол құдайды және ислам дiнiн жоққа шығармайды. Отыз төртiншi, отыз бесiншi, отыз алтыншы және отыз сегiзiншi қара сөздерiнде Абай құдай жаратқан әлем мен ислам дiнiнiң қағидаларын, оның қазақ даласындағы көрiнiстерiн айтумен бiрге дiндi тарату-шылар мен уағыздаушылардың кейбiр жағымсыз әрекеттерiн сынға алады. Адам бойындағы жаман қасиеттердi ислам заңда-рымен дәлелдейдi. Абайдың дiни түсiнiгiнше ² дүние бiр қалыпты тұрмайды, әрбiр мақұлыққа құдай тағала бiрқалыпты тұрмаққа берген жоқ. Құдай тағала дүниенi кәмәлатты шеберлiкпен жаратқан, һәм адам баласын өссiн-өнсiн деп жаратқан². Абайдың дiн туралы пiкiрiне сүйенсек, ойшыл ақын дiннiң таусылмас рухани-тәрбиелiк маңызын жақсы түсiнген және көпшiлiктi мұсылмандықтың ақиқат жолына түсуге шақырған. Абай үшiн ең жоғары абсолюттi шындық — құдайды сүю. Абай-ша айтқанда адам алланы сүюмен ғана нағыз адам бола алады. Дүние туралы көзқарасында Абай деизмге жақын келедi, оның дәлелi ретiнде ақын сыртқы дүниенiң санадан тыс өмiр сүретiндiгiн қуаттады. Абайдың түсiнiгiнше, дене өлгенiмен оның жаны, рухы, ар-тына қалдырған мұрасы өлмейдi. Мұндағы Абайдың ² мен² деп айтып отырғаны — жаны, ² менiкi² — тәнi. Дүниенi жаратушы құдай деп таныған Абай идеалист-философ ретiнде көрiнедi. Бiрақ Абайдың өлмес жан, мәңгiлiк және шексiздiк туралы ұғымдары таза дiни мағынада емес. Абай әрекет етудi, еңбек етудi, талап қылуды алдыңғы орынға қояды. ² Құдай тағала сенi менен бiрдей жаратып па? Демек,— құдай тағалаға жала жауып, өзiн құтқармақ болғандығы. Бұл — ойсыз, өнерсiз, надан адамның iсi. Оған құдай тағала көрме, есiтпе, естiген-көргенiңдi ескерме, есiңде сақтама деп пе? Ойын-күлкiмен, iшпей-жемей, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да, iшiңдегi қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ²,— деп жазды ұлы ақын. Құдай берген несiбенi құнттай бiлу, оны көбейту және еселеу адамның өз қолында. Абайша айтсақ, ² тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын², ² Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей². Дана ақынның қоғам, замана, адам болмысы, оның қасиеттерi еңбек және жұртшылық туралы айтқан ұлағатты сөздерi мен өсиетi кейiнгi ұрпаққа қалдырған аса зор рухани мұрасы. Қорыта айтқанда, зар заман өкiлдерi дәстүршiлдiкке бой ұр-са, XIX ғасырдағы қазақ ағартушылығы (Шоқан, Абай, Ыбырай) батысшыл бағдар ұстанды. Өз халқының төл мәдениетiн заман ағымына бейiмдеп жалпы адамзаттық мәдениетке тең етiп қосу уақыттың талабы едi. Модернизация мiндетiн атқаруға тырысқан қазақтың реформашыл либерал-демократтық сипаттағы келесi тобының (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақ-баев, М. Шоқай) жанкештi әрекетi большевиктердiң билiк басына келуi нәтижесiнде тоқтатылды. Көшпелi тұрмыс салты келмеске кетiп, бұлдыр сағымға айналған қазақ мәдениетi кешегi өткен ғасырдың (ХХ ғ.) соңғы онжылдығында кеңестiк идеологиялық схемалар мен рухани қондырғылардан бас тарта отырып, тәуелсiздiк табалдырығына табан тiредi. Алтын заман (XIV—XV ғ.ғ), қилы заман (XV—XVIII ғ.ғ) және зар заманды бастан өткiзген халық еркiндiктiң самал лебiмен қатар, нарық-тық құндылықтар мен батыстық болмысқа тән индустриалдық ауаны да жұтуға мәжбүр болып отыр.
Негізгі әдебиеттер:
1.Мұхамедов, Сатершинов Б. Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Алматы, 2003.
2.История политических и правовых учений (под ред. Мокичева, М., 1971 –т. 1; М., 197 –т.)
3.История политических и правовых учений (под ред. А. Лейтса) М., 1978
4.История политических и правовых учений. М., 1983 (под ред. Нерсесянца В.С.)
5.История политических и правовых учений. М., 1988 (под ред. Нерсесянца В.С.)
6.Источники по истории политических и правовых учений. Учебное пособие (сост. Золотухина Н.М., Плоткина С.Я., Розин Э.) М., ВЮЗИ, 1981
7.История политических и правовых учений (Домарксистский период) М.: Юрид. Литература 1991
8.История политических и правовых учений (Древний мир), Москва, Наука 1985.
Қосымша әдебиеттері:
1.Арабо –мусульманская философия в системе мировой культуры. М., 1983
2.Бейсембаев К.Б, Очерки истории общественно – политической и философской мысли Казахстана. Алма – Ата, 1976
3.Зиманов С.З.. Атишев А.А. Политические взгляды Ч. Валиханова. А-а, 1965
4.Сегизбаев О.А. Казахская философия 15- нач. 20 вв. Алматы, 1996
Тақырып 14. ХІХ- ғасырдағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
1. Батыс Европалық саяси және заңгерлiк ойдың негiзгi бағыттары.
2. ХІХ ғасырдың I жартысындағы саяси ахуалдың ерекшеліктері
3. ХІХ ғасырдың II жартысындағы саяси ахуалдың ерекшеліктері.
14.1. XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Батыс Европа-ның қоғамдық-саяси өмiрiнде буржуазиялық тәртiптер онан ары нығая түстi. Әсiресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнiң дамуына мықты серпiн бердi.Алайда бұл капиталистiк қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмiрге ене бастаған буржуазиялық тәртiптердi дворяндық-аристократиялық, феодалдық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерiнiң жоғалтып алған ескi жеңiлдiктерiн қайта қалпына келтiруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бү-тiндей комплексiн консерватизм деп атау қабылданған. Консер-ватизмнiң ең кеңiнен таралған кезi XIX ғасырдың алғашқы ширегi. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизм-нiң нақты белгiленген тұрақты концептуалды өзегi болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлiк идеялары оқулықта қара-стырылмайды. Бiрақ өз заманында консервативтiк көзқараста-рымен кеңiнен танымал болған есiмдердi ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси әдебиетiнде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бо-нальд (1754—1840), немiстерде — Людвиг фон Галлер (1768—1854) және Адам Мюллер (1779—1829).Капиталистiк тәртiптерге консерваторлардан гөрi барынша қарсы шыққан социалистiк лагерьдiң өкiлдерi болды. Мұның басым көпшiлiгiн пролетариатқа айналған еңбекшiлер мен күйзелiске ұшыраған ұсақ меншiк иелерiнiң қалың бұқарасы құрады. Капиталистiк жүйе оларды бейшара халге түсiрдi. Олар құтқарылу жолын жеке меншiкке негiзделген өркениеттен бас тартып, ортақ меншiктi қоғам орнатудан iздедi. Социализм осындай антикапиталистiк позицияны ұстанды. Келесi бiр идеологиялық бағыт — анархизмнiң бағдарламасының өзiндiк ерекшелiктерi болды. Олардың кейбiр өкiлдерi буржуазия мен жеке меншiкке қарсы болмағанымен, барлығы да бiр ауыздан қоғамдық зұлымдықтардың шығу көзi ретiнде жалпы мемлекетке терiс көзқарас ұстанды.Батыс Европада орныққан капиталистiк құрылыс өз идео-логиясын либерализмнен тапты. XIX ғасырда ол өте ықпалды саяси және интеллектуалды ағым болды. Оның жақтаушылары барлық қоғамдық топтарда да кездестi. Алайда оның әлеуметтiк негiзiн — ең алдымен, кәсiпкер (өнеркәсiптiк және сауда) топ-тар, шенеунiктердiң бiраз бөлiгi, еркiн кәсiптiң иелерi, универ-ситеттiк профессура құрады.Либерализмнiң концептуалды өзегiнiң екi негiз қалаушы тезисi бар. Бiрiншiсi: жеке еркiндiк, әрбiр индивидтiң еркiндiгi және жеке меншiк ең жоғарғы әлеуметтiк құндылықтар болып табылады. Екiншiсi: бұл құндылықтарды жүзеге асыру тек жеке тұлғаның бүкiл шығармашылық мүмкiндiгiнiң ашылуы мен игi-лiгiн қамтамасыз етiп қана қоймайды, сонымен бiрге бүтiндей қоғамның және оның мемлекеттiк ұйымдасуының гүлденуiне әкеледi. Либералды идеологияның барлық өзге элементтерi осы негiзгi өзектiң төңiрегiне топтасады. Ол элементтердiң арасында тарихтағы прогресс және әлемнiң рационалды құрылымы туралы көзқарас, жалпы игiлiк және құқық, бәсекелестiк және бақылау туралы пiкiрлермен қатар, мiндеттi түрде құқықтық мемлекет, конституционализм, билiктiң, өкiлеттiлiктiң, өзiн-өзi басқарудың ажыратылуы және т.б. идеялар ұшырасады.XIX ғасырдағы батыс европалық саяси-құқықтық ойдың жалпы барысын сипаттағанда француздың көрнектi социологы Огюст Конттың да еңбектерi мазмұндалады. Оның мемлекет пен құқыққа қатысты нақты арнайы зерттеуi болмағанымен қо-ғамды ыңғайлы әлеуметтiк ұйымдастыру туралы, қоғамның қыз-мет ету мен даму заңдылықтары туралы көзқарастары ғылыми-танымдық тұрғыда үлкен қызығушылық туғызады. Ол кейiнiрек кеңiнен таралған позитивизмнiң негiзiн қалады.
XVIII ғасырдың аяғында Англия қоғамдық дамудың негiзгi көрсеткiштерi бойынша әлемдегi жетекшi капиталистiк державаға айналды. XIX ғасырдың бiрiншi жартысында буржуа-зиялық саяси ойдағы негiзгi бағыт ретiнде либерализм қалып-тасады. Либерализм жеке инициатива, кәсiпкерлiк, ұят, сөз, пi-кiр, баспасөз еркiндiктерi негiзгi орын алатын ² азаматтық еркiн-дiктi² негiздеу мен қорғауға күш салды. Бұл концепция бойынша мемлекет тұлға қауiпсiздiгiн, жеке меншiктi, ² азаматтық еркiн-дiкке² негiзделген қоғамды қорғауы тиiс. Либерализм ² азаматтық еркiндiктi² шектеуге қарсы шығып, мемлекеттiң қоғамның эко-номикалық өмiрiне араласпауын қалады.Ағылшын либерализмiнiң ең көрнектi өкiлiнiң бiрi Иеремия Бентам (1746—1832) ағылшын философтары Гоббстың, Локк-тың, Юмнiң және француз материалистерi Гельвецийдiң, Голь-бахтың бiрқатар әлеуметтiк-философиялық идеяларын қорыта отырып утилитаризм (“utilitas”-пайда) теориясының негiзiн қалады. Оның негiзiн мынадай төрт постулат құрайды. Бiрiншiсi: адам әрекетiнiң мәнi, қасiреттi болдырмау және ләззат алу құрайды. Екiншiсi: пайдалылық, қандай да бiр мiндеттi шешудiң құралы болу мүмкiндiгi — бүкiл құбылыстарды бағалаудың ең құнды өлшемi. Үшiншiсi: адамгершiлiк мейлiнше көп адамның барынша бақытқа жетуiн бағдарлайтын қасиеттерден құралады. Төртiншiсi: индивидуалды және қоғамдық мүдделердiң үйлесiм-дiлiгiмен жалпы ортақ мүдденi барынша арттыру адамзат дамуы-ның мақсаты болып табылады. Бентам саясат, мемлекет, құқық, заң шығару және т.б. тал-дау барысында осы постулаттарға сүйендi. Оның саяси-құқық-тық көзқарастары ²Заң шығарушылықтың принциптерi², ²Өкiмет туралы үзiндiлер², ²Барлық мемлекеттер үшiн конституциялық кодекстiң жетекшi бастаулары², ²Деонтология немесе мораль ту-ралы ғылым² және т.б. еңбектерiнде мазмұндалады.Бентам өзiнiң алғашқы шығармаларында-ақ табиғи құқық теориясын терiске шығарады. Оның пiкiрiнше, табиғи құқықтың мазмұны айқындалмаған және әрқилы түсiндiрiледi. ² Қоғамдық шарт² ұғымының да мәнi жоқ, өйткенi мемлекеттер зорлықпен қалыптасып, әдетке айналудың арқасында бекiтiледi. Бентам 1789 жылғы француздың “адам және азамат құқықтарының Дек-ларациясын” жалған ² метафизикалық шығарма² ретiнде сынға алады, себебi жеке тұлғаның құқықтары идеясы анархияны не-гiздеуге алып келедi. Заңға қарсы қойылған ² құқық ақыл-ойдың дұшпаны және өкiметтi күйрететiн күш болып табылады².Бентам да Гоббс сияқты құқықты сувереннiң (егеменнiң) еркiнiң көрiнiсi деп есептедi. Құқық — бұл мемлекеттiң бекiткен және санкциялармен қамтамасыз етiлген бұйрықтар мен тыйым-дар. Субъективтi құқықтар заңнан туындайды, сувереннiң ық-тиярынсыз ешқандай да тұлға құқықтары жоқ. Бентамның айту-ынша ² табиғи құқықтар² — бұл ² анархиялық софизмдер², заң мен оның қызметiн өз еркiмен бағалау. Прагматикалық-саяси тұрғыда оның құқық пен заңды айырып қарастыру идеясына қарсы шығуы Бентамды заң ғылымындағы позитивизмнiң негiзiн қалаушы ретiнде көрсетедi.Мемлекеттiк билiктiң ұйымдасуы мәселесiне келгенде Бентам демократиялық позицияны ұстанды. Бұл оның либерализмiн күшейтiп нығайтты. Ол монархия мен мұрагерлiк аристокра-тияны сынады да, негiзгi үш билiк тармағы бөлiнуге тиiс бола-тын мемлекеттiң республикалық құрылымын қолдады. Бiрақ, Бентам бұл билiк тармақтары өздерiнен-өздерi өмiр сүрiп, бiр-бiрiнен тәуелсiз әрекет етуiн қолдамады. Бентам олардың корпо-рациясын бiр-бiрiмен өзара әрекетте болуын қалады, өйткенi ² осы өзара байланыс олардың бiр-бiрiмен келiсiмге келуiне, тұ-рақты ережелерге бағынуына жағдай жасайды және жүйелi түрде үздiксiз қызмет етуге мүмкiндiк бередi. Егер билiктер мүлдем тәуелсiз болса, онда олардың арасында үнемi қақтығыстар бо-лып отырар едi”. Бентам Англияда бiр палаталы парламент жүйе-сiн енгiзудi және лордтар палатасын таратуды ұсынады. Бентамның ойынша тек мемлекеттiк билiктi ұйымдастыруды ғана емес, қоғамның бүкiл саяси жүйесiн демократияландыру қажет. Осыған байланысты ол сайлау құқығын барынша кеңей-тудi, оның iшiнде әйелдерге де сайлау құқығын берудi жақтады. Ол демократия институтының көмегiмен (оның iшiнде баспасөз бостандығы, қоғамдық пiкiрталас, жалпы халықтық жиналыстар және т.б.) заң шығарушы және атқарушы билiктiң қызметiн тиiмдi бақылап отыруға болады деп үмiттендi.Өкiметтi тағайындау Бентамның iлiмi бойынша, ең алдымен тұрғындардың қауiпсiздiгi мен меншiгiне кепiлдiк бередi, яғни негiзiнен қорғаушылық қызмет атқарады. Әрбiр жеке адам үшiн бақыттың не болып саналатынын анықтауға, бақыт туралы өз көзқарасын индивидке таңуға және қалай болғанда да оны ба-қытты етуге өкiметтiң құқығы жоқ. Бентамды өкiмет қызметiнiң көлемi, оның бағыттары мен шекаралары туралы мәселелер көп толғандырды. Ол мемлекеттiң экономика саласына тiкелей ара-ласуы көп жағдайда қажетсiз, өйткенi ол жағымсыз нәтижелерге әкелуi мүмкiн деп есептедi. Оның экономикалық либерализмi А. Смит және Д. Рикардоның саяси экономиясының заңды жалғасы болды.Заң шығарушылықты көнерген, архаикалық элементтерден арылтуда, оны қоғамда өтiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық және саяси өзгерiстерге бейiмдеуде Бентамның қосқан үлесi зор. Ол заң шығару процесiн қарапайымдандырып жетiлдiрудi, сот процесiн кедейлер қорғана алатындай түрде демократияланды-руды ұсынды. Бүкiл қоғамдық жүйенiң негiзгi жалпы мақсаты — Бентам бойынша адамдардың неғұрлым көп мөлшерiнiң барын-ша бақытқа жетуi.Бентамның бiрқатар идеялары XIX—XX ғасырлардағы сая-си-құқықтық ойдың дамуына, құқықтық ғылымның дамуына пәрмендi ықпал еттi. Мысалы, оның ұсынған заң шығарушылық және әлеуметтiк мақсат пен мүдделер балансының арақатынасы мәселесi құқықтың әлеуметтiк мектебiнiң қалыптасуына алып келдi. Екiншi жағынан, Бентамның қарастырған табиғи құқық және заң арақатынасы мәселесi құқықтың заңгерлiк-позитивис-тiк мектебi құрылуының алғышарты болды.Европалық либерализмнiң отаны — Англия XIX ғасырда оның көптеген көрнектi өкiлдерiн дүниеге келтiрдi. Заң шығару-шылықтың Ньютоны атанған Бентамның iлiмi сол заманның идеологиялық өмiрiне зор ықпал еттi: оның утилитаризм теория-сы Джон Стюарт Милльдiң (1806—1873) шығармашылығында жалғасын тапса, ал оның методологиясы мен этикасы Джон Остиннiң (1790—1859) заңгерлiк позитивизм мектебiне әсерiн тигiздi.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница | | | тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 5 страница |