Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница

Тақырып. Ежелгi Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар | Тақырып. Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм | Тақырып. Ежелгi Рим өркениетiнiң саяси-құқықтық iлiмi | Тақырып. Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница | Тақырып.XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси-құқықтық iлiмдер | тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Негізгі әдебиеттер:

1. Мұхамедов, Сатершинов Б. Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Алматы, 2003.

2. История политических и правовых учений (под ред. Мокичева, М., 1971 –т. 1; М., 197 –т.)

3. История политических и правовых учений (под ред. А. Лейтса) М., 1978

4. История политических и правовых учений. М., 1983 (под ред. Нерсесянца В.С.)

5. Источники по истории политических и правовых учений. Учебное пособие (сост. Золотухина Н.М., Плоткина С.Я., Розин Э.) М., ВЮЗИ, 1981

6. История политических и правовых учений (Домарксистский период) М.: Юрид. Литература 1991

7. История политических и правовых учений (Древний мир), Москва, Наука 1985.

8. Зоркин В.Д. Позитивстская теория права в России. МГУ 1978

9. Захаров А. Еще раз о теории формации. ОН, 1992, № 2

10. Застенкер П.Е. Очерки истории социалистической мысли. М., 1985Реальный социализм и «азиатский» способ производства. ОН, 1993, № 3

11. Пяткина С.А. Русская буржуазная правовая идеология. М., 1980г.

12. Скакун О.Ф. теория правового государства в дореволюционной России.//Сов.гос и право, 1990 г. №2.

13тақырып. ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар.

1. Зар заман мектебінің өкілдерінің саяси құқықтық ойлары.

2. Шоқан Уалихановтың саяси және құқықтық көзқарастары

3. Абай Құнанбаевтың қоғам және мемлекет туралы ойлары

4. 20 ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар

13.1. Ресейдiң отарлық жаулап алуы нәтижесiнде XIX ға-сырдың 60-жылдарына қарай бүкiл қазақ жерi Ресейге қосылды. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығына капиталистiк қатынас-тардың енуi Қазақстанның саяси-әлеуметтiк және эконо-мика-лық-мәдени өмiрiне едәуiр ықпал еттi. 1822 жылғы ²Сiбiр қырғыздарының жарғысы² экономикалық-әкiмшiлiк мәселелердi ға-на қамтып қоймай, сонымен бiрге саяси өзгерiстердi де қам-тыды. Ресей саяси-құқықтық ойының көрнектi қайраткерi, Ба-тыс Сiбiр губернаторы М. М. Сперанский дайындаған Жарғы бойынша қазақ даласындағы хандық билiк жойылып, басқа-рудың жаңа әкiмшiлiк түрi — округтiк жүйе енгiзiлдi. Барлығы 8 округ құрылды. Оларды округтық приказдар аға сұлтан мен ресейлiк екi кеңесшi, болысты — болыс сұлтаны, ал ауылды — ауыл старшыны басқарды. Кiшi Жүз бен Орта Жүзде патша өкiметi билiгiнiң күшеюi бұрынғы сот жүргiзу тәртiбiнен де айқын көрiндi. Мемлекетке опасыздық жасау, кiсi өлтiру, барымта алу сияқты iстердi пат-шаның әскери соты қарады, ал билердiң қарауына ұсақ-түйек iстер ғана қалдырылды. Жаңадан енгiзiлген әкiмшiлiк шаралар патша өкiметiнiң отаршылдық белсендiлiгiн арттырып, отар-лаудың қазақ даласына тереңдей енуiне мүмкiндiк бердi. Әкiм-шiлiк құрылымы қазақтардың дәстүрлi көшiп қонатын аудан-дарын тартылтты, құнарлы жерлерге казактар жаппай қоныстана бастады және олар патша өкiметiнiң қазақ жерлерiн отарлаудағы әскери күш тiрегi қызметiн де атқарды.Қазақстан жер көлемi жағынан, халқының саны жағынан және бағалы шикiзат көзi жөнiнен де Ресейдiң ең үлкен отары болғандықтан, патша өкiметi бұл аймақта ерекше белсендiлiк та-нытты. Капиталистiк қатынастар қазақ жерiне кеулей ене бас-тады, бұл процестi отаршыл әкiмшiлiк те үнемi қолдап отырды. Бүкiл ресейлiк рыноктың шеткерi аймақтарды қамти нығаюы да қоғамдық еңбектiң бөлiнуiн тереңдете түстi. Қазақ әдебиетiндегi батырлық рух XVIII ғасырда жоңғарлар-мен қарсы күресте, XIX ғасырда ұлт-азаттық күресте (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерiлгенiмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуi нәтижесiнде зар-заман кезеңi басталады. Қазақ жерiне қол салған патша өкiметi халықты жарылқау үшiн келмеген-дi. Жерiнен айырылған халық әдет-ғұрып мен қазақы мiнезiнен де айрыла бастады. Патша өкiметi енгiзген жаңа әкiмшiлiк шаралар қазақ болмысына тән емес-тiн. Ұрлық, өсек, талас-тартыс, алауыздық, арызқойлық — қазақ қоғамының осы кезеңдегi жемiсi болды. Осы кезде өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының бiр тобы қоғамда болып жатқан келеңсiз құбылыстарды аяусыз сынға алды. Олар Қазақстанның Ресейге қосылуы мен капиталистiк қатынастардың енуiн керi кеткендiк деп есептедi, өткен өмiрдi аңсады, болашақ туралы өз болжамдары мен пiкiрлерiн бiлдiрдi. Қоғамда болып жатқан өзгерiстерге өзiндiк көзқараста бол-ған және оны сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов ² Зар заман² жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тарихында да олар осылай аталды. Тарих ғылымының докторы М. Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтап байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасiретiн жырлаушыларды ² Зар заман² мектебiнiң ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсiз-дiктен толық айрылып, қазақ жерiнiң нағыз тонауға түскен — отарлау саясатының ең күшейген кезеңiн зар заман мектебiнiң ақындары торығу, сары уайымға салыну сарынымен жырлады. Еркiндiк пен бостандықтың, дәстүр пен европалық метро-полиядан енген жаңа тәртiптердiң шегiне жете шиеленiсуi Шор-танбай, Дулат және Мұрат сияқты ²зар заман² ағымы ақында-рының шығармалары арқылы пайымдалады. Олар XIX ғасыр-дағы қазақ өмiрiне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтiк үйлесiмдiлiк уақыты ретiнде өткен дәуiрдi идеялан-дыра отырып, бүгiнгi заманның келешегiнен де үмiтiн үзiп, түңi-ледi. Қазақтар ата-бабадан қалған рухани құндылықтарын ұмы-тып, елдiң iшiн әдiлетсiздiк, арамдық, өтiрiк, өсек-аяң, ақымақ-тық, ата сөзiн тыңдамаушылық жайлап кеттi, тiптi мал да жай-лап айдауға көнбей қойды. Көңiл жұбататын ешнәрсе таппаған зар заман ақындарының кеудесiн кернеген мұң, зар, шер әбден күнаға батқан ² замандастарының құлағына² жете қоймайды. ²Зар заман² мектебiнiң көрнектi тұлғаларының бiрi — Дулат Бабатайұлы (1802—1874). ² Қазаққа² деген толғауында ол қазақ халқының Абылай хан заманынан кейiнгi Ресей бұғауына қалай түскендiгi мен болашақты дұрыс болжай алмағандығына өкiнiш бiлдiредi. Орыс за-ңын қуаттап, елдi жас балаша жуатпақ болған билердi, шен-шек-пенге қызыққан бектердi жерден алып жерге сала мiнейдi. Орыс сыйына сатылған ел жақсыларына орыс өкiметi сендердi әлi-ақ ² сырғалыңды күң қылып, күнiңдi тұман түн қылып, шабақтай жемге қақалтып, көмейiңе салар қармақты² деп ескертедi. Мемлекеттiң бүтiндiгi мен күштiлiгi ел билеген хандардың көрегендiгi мен ақылдылығына тiкелей байланысты екендiгiн Дулат Абылай ханның ² қазаққа ағарып атқан таң болған² дәуiрiн-дегi ² толағай болған жылғадан, сарқырап тұрып су аққанын², ²елi еркiн², ²қара суы май болғанын², ²шалшық суы көл болып², әр рудың ²құрамалы ел болғандығымен² салыстыра отырып дәлел-дейдi. Қара халықты бастайтын билер бен бектердiң, батырлар мен сұлтандардың қоғамдағы орнын жоғары бағалаған ақын олардың өз мiндеттерiн тура атқармағандығынан елге келетiн қиыншы-лықтың өте ауыр болатынына қынжылады. ²Елдi тура жолға салмаған², оның ²ыстығына күйiп², ²суығына тоңбаған² билер мен бектердi, ²түн ұйқысын төрт бөлiп², ² толғаулы найза қолға алмаған² батырларды, ²нашарға жәрдем бермеген², ²кем-кетiктi көрмеген байларды², сынаған Дулат ² күш кеткен соң қолыңнан² зарлаудың да, сарнаудың да пайдасыз екендiгiн айтады. Езгiге түскен елде ² ата тiлiн бала алмады², ² қызы шешеге назар салмады², ² мәстек озып бәйге алды², ² үлкеннiң тiлiн кiшi алмай, елдегi жақсы бұзылды². Заманына қарай бұзылған адам-шылық қасиеттерден жұрдай болған ел iшiндегi пысықайлар мен сөз тасушыларды, жағымпаздарды сынаған ақын ² елдiң қамын жейтұғын, мынауың терiс дейтұғын² ел ағаларының шықпаға-нына қынжылыс бiлдiредi. Дулат қоғамдағы келеңсiз құбылыстарды тiзбектеп сары уай-ымға ғана берiлiп қоймайды, ол елдiң ертеңiне, болашағына, бұ-рынғы несiбелi, берекелi өмiрдiң қайта келетiнiне сенедi. Ел бастар ерлердiң халқы үшiн күресiне қолдау көрсету қажеттiгiн айтады. ²Жүйрiкке керек көтерме²,— дейдi. Шер мен мұңға, үмiт пен сенiмге толы өлеңдер жазған, халық мүддесiн қорғап, оның мұ-ңын жоқтаған, жарқын болашаққа сенген Дулат ақынды қазақ халқы қасиет тұтып, әулие санаған, өсиетiнен үлгi алған. ²Зар заман² мектебiнiң аса iрi өкiлдерiнiң бiрi — Шортанбай Қанайұлы (1818—1881) ² Зар заман² атауы да ақынның сол дәуiр халiн жырлаған өлеңдерiнiң бiрiнiң атынан алынған. Ақынның туған жерi Түркiстан маңындағы Қарнақ ауылы болғандығы оның өлеңдерiнде айтылады. Бiрақ консерватор ақын өмiрiнiң көп уақытын Қарқаралы өңiрiнде өткiзедi. Өзiнiң атамекенiне жас кезiнен кейiн бармағанға ұқсайды. Ақындық өмiрiн алғашқы кезде Жамантай төренiң, кейiн-нен Жанқұты бидiң қолында өткiзген ол патша өкiметiнiң отар-лау саясатының қазақ халқының болмыс тiршiлiгiне керi әсер еткенiн, көптеген қайшылықтарды алып келгенiн, заманның азғанын, әдет-ғұрыптың тозғанын, ел-жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етiп алады. Қазақ халқының дәстүрлi шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуiр ықпал еткен капиталистiк қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмiрiнде болып жатқан өзгерiстерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдардың әлеуметтiк топқа бөлiнуi олардың шыққан тегiне сәйкес болу керек деп есептедi. Елде ұрлық пен парақорлықтың, өсек пен жалақорлықтың көбеюiн, ұлы атасын сыйламаған, атасы батасын бермеген әлеуметтiк құбылысты заманақырға теңеген Шортанбай оның себебiн патша өкiметiнiң отарлау саясатынан iздейдi. Көшпелi тұрмысқа бейiмделген қазақ тұрмыс-салтындағы өзгерiстердiң адамдардың мiнезiне де ықпал еткенi ақиқат едi. Қазақ қоғамындағы өзiне тән адамгершiлiк ережелерiнiң бұзылу-ын ақырзаманның жақындауы деп түсiндiрген Шортанбай ұл мен қыздың ата-ана тiлiн алмауы, олардың орыс киiмiн киюi, жақсы әдептiң қалмауы жесiр әйел мен жетiм баланың көбеюiне себепкер болғандығын айтады. Шортанбай ² ақырзаманды² бүкiл адамзат ұрпағының жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша, ² ақырзаман² бұрынғы әдет-ғұрыптың бұзылуы, адамдар арасын-дағы сыйластық пен бауырмалдықтың азаюы, әркiмнiң өз басын күйттеуi, қазақ халқының өз еркiндiгiнен айырылуы, орысқа бодан болуы. Хандық билiктi аңсаған ақын ² жандарал ұлығың, майыр (майор -авт.) сыйынғаның болды², ² кәпiрдi пiрiңдей, тiл-мәшты жеңгеңдей, дуанды үйiңдей көрдiң², ендi сенi күтiп ² абақ-ты тұр қасыңда, қазылған қара көрiңдей² деп сақтандырады. Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшелiк-терiнiң екiншi халыққа күшпен енгiзiлуiнiң қаншалықты қатерлi екендiгiн түсiндiредi. Ғасырлар бойы қалыптасқан билiктiң, әдет-ғұрыптың кенеттен өзгерiске ұшырауын ол халықтың адамгер-шiлiк нормаларын бұзатын құбылыс ретiнде бағалады. Патша-лық Ресейдiң отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағ-дайдан шығудың жолдарын iздеп арпалысты. Зар заман ақындарының XIX ғасырдың екiншi жартысын-дағы танымал өкiлдерiнiң бiрi — Мұрат Мөңкеұлы (1843—1906) қазiргi Атырау облысында туып өскен. Оның зар заман мекте-бiнiң басқа ақындардан ерекшелiгi сары уайымға салына бермей, патша өкiметiнiң отаршылдық езгiсiне қарсы күресуге шақы-рады. Заманның азуы мен тозуын табиғаттан көрмейдi, ² ай тууы-нан, күн шығуынан жаңылмайды, бұның бәрi адамнан² деп есептейдi. Отарлық езгiмен бiрге келген орыстандыру саясаты-ның халықты адамгершiлiк қасиеттерден жұрдай еткендiгiне налыған ақын ² қоңсыдан туып би болған², ² қара кiсi хан бол-ған², ² асылзада баласының құл болып², ² асылсыз баласының ақшасына сүйенiп пұл болғанын² батыл сынайды. Оның пiкiрiн-ше, халықты тектi тұқымнан шыққандар ғана басқаруы тиiс, ² құлдан туған төренi, ақсүйектiң ұлы деп², оған ел тiзгiнiн ұста-ту ² адыра қалғыр заманның белгiсi². ² Дiнi басқалардың ел биле-уiн² бар пәленiң бастауы деп есептеген Мұрат ақын бекерден-бекер жылай бермей ² кейiнгi туған бала үшiн², кейiнгi ұрпақтың ² сауабы үшiн², ² күндердiң күнi болғанда, обалы маған² болмас үшiн ² дулығалы қара нарларды² атқа қонуға шақырады. ²Зар заман² мектебiнiң жыршылары өз дәуiрiнiң жоғын жоқ-таған, халықтың тiлеуiн тiлеген, оның iргесiнiң шайқалмай, ата-бабалар дәстүрiнiң сақталуын, тәуелсiздiктiң уыстан шықпауын жақтаған адал ұлдары едi. Олар үшiн ең алдымен елдiң тәуел-сiздiгi, ел дәстүрi, әдет-ғұрып ² Қасым хан салған қасқа жолы², Абылай хан салған елдiң бiрлiгi мен ынтымағы қымбат болатын. Консерватор ақындар күштi де, әдiл хан билiгiн құп көрдi. Олар өз шығармаларында өткен дәуiрдi аңсады, әз Жәнiбектi, Қасым ханды, Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды, олардың ел бiрлiгiн нығайтудағы еңбектерiн атады. Замананың бұзылуын ел билеудiң бұрынғы дәстүрлерiнiң жойылуынан деп бiлдi, сондықтан ел арасындағы келеңсiз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп түсiндiрдi. Олар патшалық отаршылдық сая-сатты сынаумен қатар, болашақта жарқын өмiрдiң қайта орнай-тынына сендi. ²Зар заман² ақындарының уақыт тығырын дұрыс түсiнгенi және оны әдiл бағалағаны өзiнiң тарихи маңызы мен өзектiлiгiн жоғалтқан жоқ. Бiрақ олар дәстүрлi құндылықтарды қорғаға-нымен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен, олар патшалық отаршылдық сая-сатты сынаумен қатар, болашақта жарқын өмiрдiң қайта орнай-тынына сендi.

13.2. Патшалық Ресейдiң қазақ жерiн толық жаулап алуы-ның аяқталуы мен отаршылдық езгiнiң күшейе түскен дәуiрiнде өмiр сүрген қазақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов — осы кезеңдегi қоғамдық ойдың дамуына зор үлес қосқан ойшылдардың бiрi. Ресейдегi және Европаның басқа да елдерiн-дегi саяси-әлеуметтiк өзгерiстермен жақсы таныс болған Шоқан қазақ жерiндегi патша өкiметi жүргiзiп отырған отарлық сая-саттың мүмкiн болар зардаптары туралы өзiнiң ұсыныстары мен пiкiрiн батыл бiлдiрдi. Ол қоғамда жүргiзiлiп жатқан өзгерiстер адам мүддесiне сәйкес келуi қажеттiгiн атап көрсеттi. Шоқан сол кез үшiн халыққа ең тиiмдiсi және жайлысы экономикалық және әлеуметтiк реформалар деп бiлдi. Оның айтуынша ² саяси реформалар экономикалық iстердi жүзеге асы-ратын құрал ретiнде көрiнбек² және ² адамның тұрмыс қажетiн өтейтiн реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергi келтiретiн реформа зиянды болып табылмақ². Шоқан реформа жасауда асығыстыққа жол бермеуге, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрып ерекшелiгiн, тiптi ² оны қоршаған орта мен ауа-райын, жер жағдайын да² ескеруге шақырды. ² Реформа оңтайлы жасалғанда, яғни, қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негiзделiп жасалғанда ғана ұтымды реформа болады. Мұндай реформаны ешқандай жағдай-да да бөгемей, қайта оны қолдау керек².Ресей үкiметi дайындап жатқан реформаның жалпы бағыты мен мазмұнынан хабардар болған Шоқан қазақ даласын басқару мен сот реформасы туралы өзiнiң жобасы мен пiкiрiн патша өкiметiнiң әкiмшiлiгiне ұсынады. ² Қазақ былай тұрсын, орысқа да түсiнiксiз² 1822 жылғы Сiбiр қырғыздарының Жарғысын сынға алған Шоқан мұндай асығыс жасалған реформалар халықты опат етедi және прогресс жолына кедергi келтiредi деп есептедi. Ол отырықшы халыққа арналып жобаланған әкiмшiлiк өзгерiс ² Ресейдiң Европалық, Азиялық бөлiгiнде көшiп-қонып жүрген халықты басқаруға бүтiндей қолданылса, мұндай өзге-рiстен ешқандай пайда келуi былай тұрсын, нағыз тұрпайылық болар едi²,— деп жазды. Шоқанның ойынша, қазақтың европалық қайта туындау идеясын қабылдайтын қабiлетiн арттыру үшiн оған алдын-ала бiлiм беру және ой қабiлетi мен жүйке жүйесiн жетiлдiру керек. Өйткенi, ² организм өз деңгейiне жетпеген нәрсенi қабылдай ал-майды². Сондықтан да заң шығарушылар мен реформа жасау-шылар қоғам мүддесiн ғана ойлауы керек. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған рефор-малар ғана кездейсоқтыққа ұрындырмай, өз мақсатына жете алады. Ал реформаның сәттi шығуы мен көздеген мақсатына жете алуы үшiн, Шоқан оны ² халық пiкiрiне сүйене отырып жасау керек² деп есептедi. Ол патша өкiметiн қазақ халқын өз пiкiрiн бiлдiре алмайтын ² тағылығы мен тұрпайылығы² туралы көзқарасына батыл қарсылық бiлдiрiп, ² халық пiкiрiне дұрыс баға беру үшiн комитет (заң жобасын жасау жөнiндегi коми-тет.авт.) қазақтың қауымдық қатысына, олардың орыс өкiметiне тiкелей қатысына назар аударуы қажет² — деп жазды. Шоқан сонымен бiрге, халық пiкiрiн бiлдiретiн қоғамдағы әлеуметтiк екi топты және олардың пiкiрiн қалай қабылдауға болатындығын да бөлiп көрсеттi. Шоқанның жазбасында: ² ха-лық, әсiресе бiлiмсiз, тұрлаусыз халықтың пiкiрi әрқашан да халықтың шынайы көкейтестi тiлегiнен шыға бермейдi. Қоғам-ның пұрсатты, яғни, мәртебелi тобының пiкiрiн халықтың жо-ғын жақтаушы деп қарауға болмайды, өйткенi ақсүйектер мен ауқатты адамдардың, әуелi жоғары мәртебелi қауым адам-дарының мүддесi көбiнесе қауымның, көпшiлiктiң мүддесiне керағар, қарама-қайшы келедi². Реформаның сәттiлiгi мен қоғамдық прогрестiң негiзгi шарты ағарту мен ғылымды тарату, қалың бұқараның қараңғылығы мен надандығын жою деп түсiнген Шоқан өзiнiң замандасы, ағылшын философы Джон Стюарт Мильдiң “қандай да бол-масын қауымның адамдарына жаңа құқық берместен бұрын, бұл қауым адамдарының ақылдық қабiлетiн, саяси сана сезiм-дiлiгiн ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет” деген пiкiрiне толық қосылатындығын мәлiмдейдi. Өзiндiк әдет-ғұрпы бар халыққа төтеннен келген түрлi атаулы сатысы бар бюрократтық орталыққа бағынуы бұл халық-тар үшiн түсiнiксiз жағдай. Сондықтан да ² реформа жөнiндегi мәселе терең ойды, байыпты тұжырымды қажет етедi, өйткенi халықтың өмiр сүру, сүрмеуi соған байланысты². Шоқан фран-цуз ойшылы Вольтердiң ² халықтың қажеттi даму деңгейiне жетпеген заңдарды күшпен таңуға болмайды² деген идясын толық қолдайды. Шоқанның демократиялық көзқарасы оның өз халқының азаттыққа жетiп, нағыз бiлiм алуын армандауынан айқын көрi-недi. ² Тек ақиқат бiлiм ғана күдiк туғызбайды,— деп жазды Шоқан, ол өмiрдi бағалауға, тұрмыс құруға үйретедi. Халықтың кемелiне келiп, өркендеп өсуi үшiн, ең алдымен азаттық пен бiлiм қажет².Патша өкiметiнiң қазақ даласындағы сот iсiн қайта құру-дағы кемшiлiктерiн сынаған Шоқан сол кез үшiн билер сотын артық көредi. Ежелгi халықтық билер сотының тарихына егжей-тегжейлi тоқталған ол сот құрылымы мен сот iсiн жүргiзуде билер соты мен патша өкiметi енгiзген мировой (бiтiстiру) соттың айырмашылықтарын атап көрсетедi.

Билер соты Мировой судья
Санына шек қойылмайды. Әрбiр округте бiрнеше судья болады.
Ресми түрде ешкiм сайламайды және бекiтпейдi. Судьяның сайлауында арнайы тәртiп, ереже бар.
Қазынадан да, халықтан да ешқандай ақы алмайды, тек ² би ақы² ғана алады. Земстводан белгiлi мөлшерде қаржы бөлiнедi.
Съездерi мезгiлсiз шақырыла бередi. Съездер белгiлi бiр мерзiмде шақырылады.
Шешiмге әрқашан да шағым жасауға болады. Шағым жасауға жатпайды, белгiлi жағдайда ғана артық шешiм бар.
Барлық iстi жария жүргiзедi. Азаматтық iстердi ғана жария жүргiзедi.
Бидiң шешiмiн сұлтандар, старшындар, болыстар жүзеге асырады. Мировой судьяның өзi орындайды.
Барлық iсте адвокатура қарастырылады. Адвокат тек азаматтық iске ғана қатыстырылады.
Шешiмге ² ант берушiнi² қатыстыратын жағдай бар. Ант берушiнi қатыстырмай-ақ шешiм қабылдайды.

Осындай айырмашылықтарды саралаған Шоқан мировой (бiтiстiру) сотта көпшiлiк жағдайда немқұрайлылық (формаль-дық) пен төрешiлдiк (бюрократтық) белгiлерiнiң басым екендi-гiне назар аударады. Шоқанның пiкiрiнше ² билер сотының басты артықшылығы немқұрайлылық пен әртүрлi ресми кер-тартпалықтың жоқтығы², яғни, ² бидiң мәнi беделге негiзделген және бұл атақ сот практикасына деген патент тәрiздi². Қазақ даласында сот реформасын жасау үшiн халық пiкiрiн бiлу мақсатында құрылған комитеттiң (төрағасы Сiбiр облыстық басқармасының кеңесшiсi И. Е. Яценко) жобасын сынаған Шоқан билер сотының бұл жобадан едәуiр әдiл екендiгiне баса назар аударады. Билер сотының қазақ даласындағы артық-шылығы туралы Шоқан былай деп жазды: ² Бiздiң ойымызша, егер өсiп-өнудiң жоғары сатысы мен төменгi сатысындағы үй-лесiмдiлiктi, ұқсастықты ескерсек, мировой соттан билер соты-ның ең болғанда қазақ үшiн кейбiр айырмашылығы барына таңдануға болмайды. Дәрiптеп жiберiптi деп айтудан жасқанға-нымыз болмаса, артықшылығы басым дер едiм². Европаның сол кездегi алдыңғы қатарлы елдерiндегi миро-вой сот мекемелерiндегi кемшiлiктердi мысалға келтiрген Шоқан ағылшын заңгерi В. Блекстон, немiс ғалымы Гнейст және фран-цуз заң зерттеушiсi Ш. Конттың осы тақырыптағы ойларын дә-лелге тартады. Шоқанның сот реформасындағы шағымдану-шының кез-келген биге жүгiнуге ерiктiлiгi туралы пiкiрi нағыз демократиялық көзқарасты бiлдiредi. Қазақтың би сотында бұрыннан қалыптасқан судьяны таңдау ерiктiлiгi туралы идеяны жан-тәнiмен қорғаған ол, ² қазақтар соттың төрелiкке (Renom-mer) ие болған бидiң кез-келгенiне жүгiнуге ерiктi, бұл жағынан қарағанда бiзде сырқат адамның медицинаның беделдiсiне қа-ралуға, ал айыпкердiң белгiлi адвокатқа сүйенгiсi келетiнi сияқ-ты² — деп жазды. Билер соты қай жағынан алып қарағанда да Ресей өкiметi дайындаған сот реформасынан әлдеқайда әдiлiрек. ² Дамудың жо-ғары сатысының төменгi сатысымен үйлесiмдiлiгiн ескергенде, шығарылған заңдарға, мысалы мұсылман, қытай және орыстың правдасына қарағанда, қазақтың әдеттегi құқығының адамгер-шiлiк жағы басымдау². Халық рухына, әдет-ғұрпына және тұр-мысы мен мiнезiне жақын келетiн заңдар ғана халық үшiн тиiм-дi болмақ. Халық сырттан келген заңға бiрден көндiге қоймай-ды. Халық үшiн ең қолайлысы ² өзiне етене таныс, сонымен тәр-биеленiп өсiп-өнген заң ғана болмақ². Соттың жариялылығымен қатар iс жүргiзiлетiн тiлге де ерек-ше көңiл бөлген Шоқан басқа елдiң, басқа жұрттың тiлiнде жа-зылған заңның сот жүргiзу процесiндегi қиыншылығы мен зар-дабы туралы да айтады. ²Мәселен, қазақты орыс заңымен соттау-ға болмайды. Оның себебi мынада: бiрiншiден, өзге тайпалық құрамдағы, өскен ортасы, тiршiлiгi бөлек қазақтардың қылмыс пен жат қылыққа көзқарасына, түсiнiгiне орыстармен, европа-лықтармен қатар қарауға болмайды, қазақтар тергеу кезiнде орыспен қатар заңды бiлмейтiндiгiнен бас тарта алмағанымен, олар орыс заңдарын бiлмейдi, бiле де алмайды. Орысша бiрауыз сөз түсiнбейтiн қазақ орыс заңын бiлмеймiн деп аузын аша алмайды. Бұл талаптың қисынсыз, көзсоқырлық екенi даусыз. Бұл әрине, китаизм, яғни жаратушы иенiң тұрғызған асыл мұрасы. Сонда бiздiң үкiметiмiз өз қол астындағы пенделерiнен орындауға болатын iс сияқты қисынсыз iстi талап етiп отырған болып шығады². Ана тiлiнде сөйлеу мен өзiн-өзi қорғауды табиғи құқық ре-тiнде қарастырған Шоқан қазақтың әдет-ғұрып заңы ² қаншалық олпы-солпы болғанымен, сырттан телiнген немесе жоғарыдан ұсынылған заңнан гөрi оған етене жақын, түсiнiктi² екендiгiне күмән келтiрмейдi. Сот реформасының адам құқығын қорғау-дағы ролiне маңыз берген Шоқан бұл саладағы реформада асы-ғыстық пен қызбалыққа салынуға болмайтындығын ескертедi. ² 1793 жылдан бастап Европада болған революцияның бәрi де бостандық үшiн болған халық қозғалысының басталуынан туындады. Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өмiрiне негiзделiп, зорлықпен ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етiп келедi. Бүгiнгi тарихшыларымыз бiздiң қоғамдық дертiмiздi, аномальдық, яғни ауытқушылық жағ-дайымызды Петр реформасының халыққа қарсы бағытталған қасiреттi рухынан деп текке айтпаса керек². Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының тағы бiр артықшы-лығы қолданылатын жазалардың тым қатал еместiгi мен гума-нистiгiнен де айқын көрiнедi. Тәуке хан тұсында ²қанға-қан² принципiнiң құн төлеу принципiмен алмастырылуы да әдет-ғұрып нормаларындағы жаза мөлшерiн бiршама жеңiлдеткен едi. ² Қазақ заңында европалық жаңа кодексте сiресiп тұрған ескер-тетiн, сескендiретiн шаралар жоқ. Қазақта тән жазасы ешқашан болған емес. Ру заңы бойынша, туыстардың бiрiнiң iсiне бiрi жауап беретiн руластық жағдайы ру қатынасында iс жүзiнде көп пайда келтiрiп отыр². Патша өкiметi қазақ өлкесiн округтерге бөлiп, басқарудың жаңа түрiн енгiзгеннен кейiнақ Шоқан отаршылдық әкiмшiлiк құрған басқару iсiне қазақ халқының өкiлдерiн көбiрек қаты-стыру арқылы да халықтың саяси-әлеуметтiк жағдайын бiршама болса да жақсартуға болады деп есептедi. ²Баянауыл округi ту-ралы² (1857ж.) мақаласында жаңадан құрылған әкiмшiлiк аймақ-тарды басқару үшiн қазақ халқының тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын және мұң-мұқтажын басқадан гөрi жақсы түсiнетiн қазақтарды қою қажеттiгi туралы жазды. Шоқан бұл мақала-сында сырттан келген шенеунiктер халықтың дәстүрлi тұрмыс-салтын, оның өзiндiк ерекшелiгiн бiлмегендiктен ел басқаруда қабiлетсiз болатындығы және зорлық-зомбылыққа жол беретiн-дiгiн дәлелдедi. Ол әкiмшiлiк аймақтар басында халыққа беделдi де, бiлiмдi сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтiк әдiлдiк орнатуға болар едi деп үмiттендi. Шоқан бұл идеясын өзiн сұлтандыққа ұсыну арқылы да дәлелдемекшi болды. 1862 жылы Атбасардың аға сұлтаны сай-лауына өз кандидатурасын ұсынған ол өзiнiң досы Достоевский-ге жазған хатында ²Бiр кезде менiң өз отандастарыма пайда келтiрейiн, оларды чиновниктер мен қазақ байларының озбыр-лығынан қорғайын деп, сұлтан болсам ба деген ниетiм де болған. Сондағы көбiнесе ойлағаным — оқыған билеушi сұлтанның қандай пайдалы болатынын жерлестерiме өз iсiммен көрсету едi²,— деп жазды. Француз ағартушысы Вольтердiң ² ағартушы билеушi² идесын жақтаған Шоқан бiлiмдi билеушiлер мен шенеунiктер ғана халық мүддесiн қорғай алады деп есептедi. Шоқанның саяси және құқықтық идеяларын оқығанда оның өзiне дейiнгi ойшылдар мен қайраткерлердiң еңбектерiмен терең танысқанын байқау қиын емес. Шоқанның терең бiлiмi мен ғылыми iзденiсi қазақ қоғамында әлеуметтiк теңдiк орна-туға, демократиялық өзгерiстер енгiзуге, халық мүддесiне жақын келетiн реформаларды iске асыруға қызмет еттi және оның осы мақсаттағы ойлары өзiнен бұрынғы және сол кезеңдегi ойшылдардың көзқарастарымен үндесiп жатты.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница| тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)