Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және әдістері. | Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері. | Тақырып. Ежелгi Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар | Тақырып. Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм | Тақырып. Ежелгi Рим өркениетiнiң саяси-құқықтық iлiмi | Тақырып. Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

11.1. Ағартушылық дәуiр саяси-құқықтық ойының негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерi.

11.2. Вольтер, Монтескье және Руссоның саяси-құқықтық көзқарастары.

 

11.1. Орта ғасырларда католик шiркеуi абсолютизмдi және феодалдық тәртiптердi қызғыштай қорғады. Монархиялық шек-сiз билiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң бәрiн құдай жаратты, бұлар құдай iсi деген соқыр сенiмдi халық арасында кеңiнен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейiн-ақ Еуро-паның көптеген елдерiнде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тәртiптерiн сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дiнге қарсы қойды, бас көтерiп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топ-тарының мүдделерiн қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дәуiрiндегi осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистiк қозға-лыс Ағарту деп аталып, оның өкiлдерi тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен ендi. Ағартушылық бағыттың кең өркен жаюына ағылшын және американ буржуазиялық револю-цияларының идеялары да едәуiр ықпал еттi. Ағартушылық бағыт сол дәуiрдегi жас буржуазия мен халық бұқарасының феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегi құрамды бөлiктерiнiң бiрiнен саналды. Ағарту-шылықтың басты мазмұны әлеуметтiк-адамгершiлiк идеалдар мен оны iске асырудың жолдарын iздестiрумен сипатталады. Адам қасиеттерiн құрметтеудi, қараңғылық пен бойкүйездiктi жеңудi, рационалды бiлiмдi халық арасына кең таратуды басты мақсат еткен ағартушылар ең алдымен, феодалдық тәртiптер мен шiркеу үстемдiгiн жоюды талап еттi. Олардың феодалдық тәртiп-терге қарсы, жеке кәсiпкерлердiң еркiндiгi мен адам бостан-дығын және құқықтарын қорғау және адамды, қоғамды шiркеу мен абсолютизм езгiсiнен азат ету жолындағы айтқан ой-пiкiр-лерi мен үндеулерiнiң аса зор маңызы болды. Ағартушылық әр елдiң қоғамдық-тарихи ерекшелiктерiне қарай әртүрлi мазмұнда және сипатта көрiндi. Франциядағы ағар-тушылықтың көрнектi өкiлдерi Ф. Вольтер, И. Монтескье, Ж. Рус-со, Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф және тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшiн озық идеялар ұсынды, бұл идеялар күнi өткен дәстүрлердi жойып, неғұрлым прогресшiл тәртiптердi енгiзуге бағытталды. Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бiрi адам құндылықтарын қадiрлеумен қатар, социалистiк идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың бiрiне айналды. XVIII ға-сырдың өн бойында социалистiк мұратты бiлдiретiн әдеби шығармалар оған дейiнгi бүкiл дәуiрге қарағанда көбiрек жазыл-ды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидiң ² Табиғат кодексi немесе оның заңдарының нағыз рухы², Г. Маблидiң ²Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi туралы², Г. Бабефтiң ² Теңдiк² және тағы басқа еңбектердi қосуға болады. Жеке меншiкке жан-тәнiмен қарсы болған Бабеф сол кезде өмiр сүрiп тұрған халықтық емес мемлекеттiк құрылысты құлатып,² халықтық мемлекет орнықтыру² идеясын батыл жақ-тады. Оның ойы бойынша, мұндай мемлекеттi қастандық жолы-мен өзiнiң жақтастарының — яғни теңдiктi жақтаушылардың шағын тобы мен революционерлер дайындаған халық көтерiлiсi орнатады. Оның ² Теңдiк² манифесiнде көрстiлген² бiз қоғамдық меншiкке немесе дүние-мүлiктiң ортақтығына ұмтыламыз. Мұнан былай жерге жеке меншiк жоқ, жер ешкiмнiң де меншiгi емес. Бiз жердiң жемiсiн бәрiмiз де пайдалануды талап етемiз, солай еткiмiз келедi және жердiң жемiсi ортақ² болуы адам-дардың барлығын тұрпайы теңестiруге әкелiп соғатын қоғамдық құрылысты бiлдiрдi. Ағартушылық ойдың дамуына энциклопедистердiң де қосқан үлесi аз болған жоқ. Энциклопедистер атауының пайда болуына жазушы әрi философ Дени Дидро бастаған бiр топ ағартушылардың 1751 жылдан бастап ² Ғылым, өнер және кәсiп энциклопедиясын² шығаруы себеп болды. Оның авторлары қата-рында Вольтер, Руссо және басқа да белгiлi ойшылдар болды. Олар сол дәуiрдегi ғылыми бiлiмдер мен алдыңғы қатарлы озық идеяларды бiр жүйеге келтiрудi және мазмұндауды, оны оқыр-манға көптеп таратуды мақсат етiп қойды. Озық идеялар ретiнде феодалдық-абсолюттiк тәртiптер мен шiркеу үстемдiгiн сынайтын ойларды негiзге алған олар, адам-ның бүкiл өмiр әрекетiнiң негiзiнде дiн емес, парасаттылық, оқу-ағарту және ғылым жататынына ерекше назар аударды. Олар дiн мен шiркеудi сынады, монархтардың жеке билiгiн, сосло-виелiк артықшылықтарды, шаруалардың феодалдық мiндеткер-лiктерiн, басқа да ескiрген тәртiптердi айыптады. Адамзат үшiн мәдениет құндылығын баса көрсеткен олар сөз, баспасөз және ар-ождан бостандықтарының берiлуiн талап еттi. Адамдардың заң алдында ғана тең болуы мүмкiн екендiгiн ескерген олар заңның күштiлiгi мен әдiлеттiлiгiне ерекше назар аударды. Энцик-лопедияның басшысы Дидро ² заңдар жақсы болса, мiнез де жақсы, ал заңдар кесапатты болса мiнез де кесапатты² деп жазды. Энциклопедистер халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асы-ру үшiн мемлекеттiк басқару тәсiлiн өзгертуге, заңдарды реттеуге көп көңiл бөлдi. Олар бүкiл француз қоғамы (ұлты) сословиеге бөлiнген артықшылығы мен құқықтары шектелген ² азамат-тардан² емес, заң алдында тең құқылы, тең мiндеттерi бар ерiктi азаматтардан тұруға тиiс деп жариялады. Француз ағартушылары өз еңбектерiнде қоғам мен табиғат-тың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күшi, теңсiздiктiң себеп-терi, дiни наным, адам құндылықтары сияқты сұрақтарға жауап iздедi. Олар қоғам дамуының нәрiн парасаттылық пен саналы-лық, бiлiмдiлiк пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байла-ныстырып, ² әлемдi пiкiр билейдi² деген қорытындыға келдi. Ағартушылық идеялары Франциямен қатар Италия, Англия, Германия, Ресей, Голландия, Солтүстiк Америка және тағы бас-қа елдерде кең қанат жайды. Ағартушылықтың гуманистiк-адам-гершiлiк идеялары мемлекет пен құқық туралы ғылымның даму бағыттарына, әдiстерiне және мазмұнына зор ықпалын тигiздi. Олардың озық ойлы идеялары ұлы француз революциясын дай-ындауда және оның барысында маңызды роль атқарумен қатар, оның идеологиялық алғы шарты қызметiн де абыроймен атқара бiлдi.

11.2. Вольтер, Монтескье және Руссоның саяси-құқықтық көзқарастары.

11.2. Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшiсi Франсуа Мари Аруэ Вольтер европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушiсi және көсемi болып табылды. Ол арнайы саяси-құқық-тық еңбектер жазған жоқ. Бiрақ оның шығармаларында мемле-кет, саясат, құқық және заң туралы көзқарастар көрiнiс тапты. Сол дәуiрдегi феодалдық қоғамның әлеуметтiк-құқықтық және идеологиялық қайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердiң сол қоғамға дейiнгi ойшылдардың көзқарастарынан басты ерекшелiгi — бостандық рухы, гуманизм және әдiлдiк болды. Оның пiкiрi бойынша әлеуметтiк зорлық түп-тамырымен жойы-луы тиiс, ал оның ең басты көрiнiстерi адамгершiлiкке жатпай-тын күштеу әрекеттерi, үстемдiк, қараңғылық және сананы тұн-шықтыру. Әлеуметтiк зорлық пен қараңғылықтың басты тiрегi мен жауапкершiлiгiн Вольтер шiркеуден iздедi. Оның шығармашы-лық еңбегiнiң көп бөлiгi де шiркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Өзiнiң соқыр сенiмi мен жауыздық әрекеттерiн жүргiз-ген құдайды ол тиранға теңейдi. Шiркеу қызметкерлерiн арам-тамақтар мен қаңғыбастар ретiнде қарғайды, дiни қуғындау мен фанатизмдi аяусыз сынға алады. Ол католиктiк шiркеуге қарсы ² сұмырайды таптаңдар² деген ұран көтердi және құдайдың бар-лық уақытта табиғат құбылысы мен адамның әрекетiне араласу жөнiндегi шiркеу iлiмiн әшкереледi, дегенмен ол атеист болған жоқ. Ол дiндi халық үшiн, халықты бағынышты жағдайда ұстау үшiн қажет деп есептедi. Вольтер барлық бостандықтың өмiрлiк бастауы болып табы-латын ар-ождан және сөз бостандығын дiни қараңғылық пен сенiм тұншықтыруда деп есептедi. Ол католик шiркеуiне дұш-пандық көзқараста және онымен аяусыз күресте болғанымен, дiн мен дiншiлдiктi жоққа шығармайды. Вольтердiң ² егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар едi² деген қанатты сөзi де бар. Вольтер сонымен бiрге демократиялық идеяларды да жақтай қойған жоқ. Бостандық пен бiлiмдi және адамгершiлiктi жоғары бағалаған ол еңбекшi халықтың ауыр тұрмысы мен оны жақсар-тудың жолдарын және қоғамды демократиялық негiзде қайта құру мәселелерiн қарастырмады. Демократия мен халық билiгiн тобыр билiгi ретiнде есептедi. Бiрақ табиғи құқықтар, бостан-дық, теңдiк оның қызу қолдаған мәселелерi болды. Вольтердiң ойынша жеке тұлғаның бостандығы қоғам бос-тандығы ретiнде емес, оның өзiне тиесiлi бостандығы ретiнде ғана қарастырылды. Жеке бас бостандығының негiзгi кiлтi ретiн-де сөз және баспасөз бостандығын алдыңғы орынға қояды. Оның католик шiркеуi тұншықтырған ар-ождан бостандығы туралы идеясы да осы қатардан орын алған. Жаңа заман сипаты-ның негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi еңбек бостандығы да Вольтер көзқарасынан тыс қалмаған. Яғни, еңбек бостандығы ² әркiмнiң өз қалауы бойынша неғұрлым жоғары бағаға өз еңбегiн сата алуы, өйткенi еңбек те әр адамның жеке меншiгi болып сана-лады². Вольтер нағыз бостандықты адамдар бiр-бiрiнен тәуелсiз болғанда, олар автономды субъектiлер болып қалыптасқан кезде ғана көредi. Бұл жағдай автономды ерiктердiң бейберекет қақты-ғысы мен қоғамдағы тәртiпсiздiктi туғыза қоймайды. Өйткенi, адамдардың белгiлi бiр әрекетiнде бiр-бiрiне деген тәуелдiлiгi сақталады және осы қатынастар бұл кезде басқаша сипат алады. Вольтердiң iлiмi бойынша, ² Бостандық тек заңға тәуелдi болуды бiлдiредi². Оның бұл сөзi кейiннен ² құқық үстемдiгi² идеясы ретiнде бүкiл Батысқа белгiлi болды. Кейбiр ойшылдар сияқты Вольтер бостандық пен еркiндiктi бiр-бiрiне қарама-қарсы қоймайды. Ол еркiндiктi саяси-құқықтық мәннiң шеңберiнде, яғни барлық адамдардың тең дәрежедегi азаматтығы және заң арқылы өзiн қорғай алуы ұғымында түсiнедi. Алайда, Вольтер мүлiктiк теңдiктi жақтай қоймайды, оның көзқарасы бойынша қоғамдық игiлiктер мәселелерi жағынан дауыс беруге кез-келген адам емес, тек меншiк иелерi ғана құқылы. Ол әсiресе, жеке меншiктiң мызғымастығына, жеке адамның бас бостандығына және заңмен тиым салынбаған iс-әрекеттiң барлығымен айна-лысу мүмкiндiгiне көбiрек мән бердi. Бостандық және еркiндiк туралы ойларын Вольтер феодал-дық қоғамды реформалау туралы ұсыныстарында пайдаланды. Ол сословиелiк артықшылықтарды жоюды, шiркеу соттарын таратуды талап еттi және мемлекеттiк басқару жүйесiндегi басты орындарды иеленген аристократияны бюрократиямен алмастыру қажеттiгiн айтты. Мемлекеттiк басқару формасында абсолюттi монархияға бүйрегi бұрған Вольтер революциялық сiлкiнiстер қажеттiгiн де жоққа шығармайды. Бiрақ ол абсолюттi монархияның ² ағарту-шылық² болғанын қалайды. Король тағында ² ағартушы монарх² отырғанда ғана саяси құрылыс игiлiктi болып табылады. Бiлiмдi және ақылды патшаға, сонымен бiрге, қайырымды, кешiрiмдi және жомарттық қасиеттер де қажет. Терең бiлiмдi, адамгер-шiлiгi мол билеушi ғана елдегi әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қайшылықтарды жоюға қабiлеттi, яғни Вольтердiң ойынша абсолюттiк монархиялы билiк өз күшiн әлi де әлеумет-тiк игiлiк үшiн жұмсай алады. Вольтер философ билеген абсо-люттi монархияның осындай әрекеттер жасай алатынына сендi. Ол мемлекеттiк басқару формалары мен билiк институт-тарын және оның iс-қимылдарын маңызды деп таппады. Яғни, оның пiкiрiнше мемлекет құрылысының ең жақсы түрi Англия-дағы сияқты тежеулi конституциялық монархия болып табыла-ды. Вольтер үшiн әлеуметтiк-саяси және құқықтық принцип-тердiң ең маңыздысы бостандық, меншiк, заңдылық және адам-гершiлiк болып саналды. Оның саяси-құқықтық және ағарту-шылық идеялары бүкiл Европа мен Америкаға кеңiнен таралды. Шарль Луи Монтескье — француз ағартушылығының көр-нектi өкiлдерiнiң бiрi, танымал заңгер және саяси ойшылы. Ол құқықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дiн мәселелерiне арналған көлемдi шығармалар қал-дырды. Оның мемлекет, саясат және құқықтануға арналған басты үш еңбегi: ² Парсы жазбалары² (1721), ² Римдiктердiң қуат-тылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрлер² (1734) және жиырма жыл бойы жазған ² Заңдар рухы туралы². Францияның феодалдық-абсолюттiк тәртiбi аяусыз сыналған ² Парсы жазбалары² бiр жылда сегiз рет жарық көрдi. ² Римдiк-тердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi туралы пiкiрле-рiнде² Монтескьенiң ағартушылық және антидеспоттық идея-лары Ежелгi Римнiң қоғамдық, саяси және рухани өмiрiнiң тарихи зерттеу тәжiрибесiмен және дәлелдерiмен бекiтiледi. Кең көлемде және жан-жақты жазылған ² Заңдар рухы туралы² еңбегi Монтескьенi саяси және құқықтық ойдың бүкiл әлемдiк тари-хындағы танымал классиктердiң қатарына шығарды. Сол кездегi қоғамдық құрылыс пен шiркеудiң қарсылығына тап болған бұл шығарма тиым салынған кiтаптар тiзiмiне енгiзiлдi. Монтескьенiң саяси-құқықтық теориясының басты тақы-рыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостан-дық. Оның аталған шығармасында бостандықты қамтамасыз етудiң қажеттi шарттары ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк құрылымның тиiмдi жұмыс iстей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады. Монтескье барлық заңның бастауы жеке оқиғалардан туын-дайды, соның салдарынан жеке заңдар басқа заңдармен байла-нысады және жалпы заңдармен өзара тәуелдiлiкте болады дейдi. Табиғи заңдар адамдардың тiршiлiк әрекетiне байланысты олар-дың iшкi өмiрi негiзiнде қалыптасады, яғни адам табиғатының қасиеттерiне қарай табиғи заңдар пайда болады. Монтескье бұндай заңдарға адамдардың бейбiт тұруға ұмтылысын, өзiне қа-жеттi азық-түлiктi табуын, адамдардың бiр-бiрiне көмегiн және олардың қоғамдағы тыныштық өмiрiн қосады. Француз ойшылы Гоббстың адамдардың әуелгi кезден-ақ бiр-бiрiне дұшпандық ниетте және бiрiн-бiрi билеуге ұмтыл-ғандығы туралы қателiгiн арнайы атап көрсетедi. Монтескьенiң ойынша адамдар алғашқы кезде әлсiз, қорғансыз, батылдығы жеткiлiксiз болған және басқалармен бейбiт қарым-қатынаста болуға, тең өмiр сүруге ұмтылған. Адамдар қоғамға бiрiккен кезден бастап қана өздерiнiң әлсiздiгi туралы ойларды ұмыта бастаған, олардың арасындағы теңдiк жойылып, жеке адамдар және халықтар арасында соғыс әрекеттерi басталған. ²Осындай соғыстардың пайда болуы деп жазды ол, адамдар арасында заң шығаруды қажет еттi². Халықтар арасындағы қарым-қатынасты белгiлейтiн, (халы-қаралық құқық) билеушiлер мен басқарушылар арасындағы қатынасты айқындайтын (саяси құқық) және барлық азаматтар арасындағы қатынастарды белгiлейтiн (азаматтық құқық) заңдар пайда болды. Бiр қоғамда және сол қоғамдағы заңдармен өмiр сүретiн адамдардың қажет етуi себептi мемлекет құру қажеттiлiгi туындайды. Заңдардың шығуына қажеттi қатынастарға әр халықтың өзiндiк сипаты мен ерекшелiгiнiң ықпалы бар екендiгiне де Мон-тескье назар аударады. Сирек жағдайда болмаса бiр халықтың заңы екiншi халыққа жарай бермейдi. Бұл туралы кейiннен қа-зақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов та ² Сот реформа-сының жазбасы² туралы еңбегiнде айтады. Монтескье, сонымен бiрге, мемлекет белгiлеген заңдардың табиғаты мен принципi оның географиялық жағдайы мен ерек-шелiгiне, жер көлемi мен табиғатына (ыстық, суық, шөл, тро-пиктiк), топырақ құрамына, тұрғындардың өмiр салтына (егiн-шiлер, малшылар, көшпелiлер т.б.), халықтың санына, елдiң байлығына, әдет-ғұрыптарына сәйкес келу қажеттiгiн атап көр-сетедi. Монтескье заңдардың шығуына азаматтық жағдайда құ-рылған үкiметтiң билiк етуi мен табиғаты шешушi ықпал ететiн-дiгiн айтады. Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетедi. Басқарудың аталған түрлерiндегi заң шығару принциптерi мен бұл заңдардың кiмге тиiмдi екен-дiгiн, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың теңдiгi мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуге тыры-сады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабi-леттi заңдар шығаратындығына назар аударады. Монтескьенiң пiкiрiнше, басқару түрiнiң өзi мемлекеттiң жер көлемiне қарай әртүрлi болуы мүмкiн. Ол билiктiң үлкен мемлекеттер үшiн дес-поттық, орта мемлекеттер үшiн монархиялық, шағын елдер үшiн демократиялық түрi тиiмдi деп есептейдi. Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесiне арнайы көңiл бөледi, ол саяси бостандық туралы заңның екi түрiн атап көрсетедi. Бiрiншiсi — мемлекеттiк құрылымдағы саяси бостан-дықты қамтамасыз ететiн заңдар, екiншiсi -азаматтардың саяси бостандығын қамтамасыз ететiн заңдар. Бұл жерде әңгiме саяси бостандықтың заң жүзiнде бекiтiлуi мен оның жүзеге асу мүмкiндiгi туралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектi-лерсiз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье ²…еркiн мемлекеттiк құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекеттiк құрылысты бостан-дығы бар құрылым деп атауға болмайды² деп жазды. Оның iлiмiнiң едәуiр бөлiгi ² билiктi бөлу² концепциясына арналған. Локктың билiктi бөлу идеясын одан әрi дамытқан Монтескье мемлекеттiк билiктi терiс пайдалану жағдайында саяси бостандық бос сөзге айналатындығын, сондықтан да мемлекеттiк билiктi заң шығару, атқару және сот билiгiне бөлу қажеттiгiн айтады. Билiктi бөлудiң басты мақсаты — өкiмет билiгiн терiс пайдалануды болдырмау. Билiктiң бөлiнуi мен олардың теңдiгi және әрқайсысының жосықсыз әрекеттердi өзара тыйып отыруы саяси бостандықты мемлекеттiк құрылымда қамтамасыз етудiң басты шарты болып табылады. ²Егер,— деп жазды Монтескье, заң шығару және атқару билiгi бiр адамның қолына шоғырланса, бостандық болмайды, өйткенi, монарх немесе сенат өзi тиiмдi пайдалана алатын заңдар шығарады². Сот билiгi заң шығару және атқару билiгiнен бөлiнбеген жағдайда да бостандық бола алмайды, өйткенi судья өзi шығарған және орындаған заңдар бойынша ғана әрекет етедi. ² Заңда мiндеттелмеген iстi ешкiмнiң де күшпен орындатуға өкiлеттiгi жоқ және заң тиым салғанды iстеуге де мәжбүр етуге де болмайды². Монтескье сонымен бiрге саяси бостандық ойына келгеннiң бәрiн iстей беру еместiгiн де атап көрсетедi. ² Бостандық — заң-мен ерiк берiлген нәрсенiң бәрiн iстеу құқығы². Монтескьенiң заңдар туралы iлiмiнiң құрамды бөлiгi оның заңдарының әртүрлi разрядтары (түрлерi) туралы тұжырымдары болып табылады. ²Адамдар,— деп атап көрсеттi ол, әртүрлi заңдармен, табиғи құ-қықтармен, құдайлық құқықтармен (дiни құқық), шiркеу құ-қығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттiк құқық-пен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқы-ғымен басқарылады². Монтескье заң құрастыру мен заң шығару техникасының түрлерiне арнайы көңiл бөледi. Заң шығарушы ең алдымен, заң-ның нақты, қарапайым және қысқа болу ережесiн басшылыққа алуы тиiс. Заң сөздерi мен терминдерi барлық адам үшiн түсi-нiктi бiр ғана ұғымда болуы шарт. Монтескье шығармаларындағы заң теориясының талдаулары заң шығару тарихының тәжiрибелерiне сүйенiп жасалған. Ол римдiктердiң заң шығару iлiмiн, Франциядағы азаматтық заңдар-дың пайда болуы мен өзгерiстерiн және басқа елдердiң құқық тарихын жан-жақты зерттеген және пайдаланған. Оның ² заңдар рухы² және билiктi бөлу туралы iлiмi одан кейiнгi саяси-құқық-тық ойдың, әсiресе құқықтық мемлекет теориясы мен практи-касының дамуына едәуiр ықпалын тигiздi. Жан Жак Руссо саяси және құқықтық iлiмдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бiрi. Оның саяси-құқықтық және әле-уметтiк көзқарастары ² Адамдар арасындағы теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар², ²Саяси экономия туралы², ²Мәңгi әлем туралы ойлар² және ² Қоғамдық келiсiм немесе сая-си құқық принциптерi туралы² шығармаларында көрiнiс тапқан. Оның қоғам, мемлекет, құқық мәселелерi туралы iлiмi халық-тың егемендiк идеясы мен принципiн қорғауға негiзделген. Сол кездегi кең тараған табиғи жағдай ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтiк, саяси-құқықтық және рухани өмiрiнiң қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланады. Табиғи жағдайда, Руссоның iлiмi бойынша, жеке меншiк болмайды, барлық адам еркiн және тең. Ал алғашқы теңсiздiк адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни дене қабiлеттерiнен ғана. Жеке меншiктiң және әлеуметтiк теңсiздiктiң пайда болу себебiнен табиғи теңдiк бұзылып, кедейлер мен байлар арасында күрес басталған. Руссо бұл туралы ² теңдiктiң жойылуына адам-дар тарихындағы ең бiр ауыр кезең — күштiлердiң әлсiздердi, байлардың жарлыларды ұрып-соғуы мен тонауы басталды, ауыр күнәға батқан адамзат ұрпағы кейiн қайтар жолды да таба алмады және дәулеттiлер бұл мүмкiндiктен қайта айрылғысы да келмедi² деп жазды. Байлар үшiн өз мүдделерiнiң заңдылығын бұзбастан мұндай жағдайдан шығудың бiрден-бiр жолы барлық адамдар бағынышты болатын мемлекеттiк билiк пен заң орнату туралы келiсiм жасау болды. Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар ² әлсiздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш бердi, табиғи бостандықты қайта келместей етiп жойды, меншiк пен теңсiздiк туралы мәңгi-лiк заң шығарды². Жеке меншiктегi теңсiздiкке саяси теңсiз-дiктiң қосылуы Руссо iлiмi бойынша, деспотизмдегi абсолюттiк теңсiздiкке алып келдi, ал деспот алдында өзiнiң құлдығы мен теңсiздiгi жағынан барлық адам тең. Қоғам мен мемлекет дамуының адамзат үшiн терiс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзiнiң ² халықтар мен билеушiлер арасындағы нағыз келiсiм — саяси организм² құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркiм өзiнiң жеке мүддесi мен тұлғасын, өзiнiң барлық күшiн жалпы игiлiк пен жалпы ерiкке бере отырып, тұтастың бөлiнбес бөлiгiне айналады. Жекелеген адамдардың келiсiмдiк қатынастарға кiруi шартты ұжымдық бүтiндi құрайды. Руссоның қоғамдық шарт концепциясындағы басты идеясы оның осы концепцияға сай құрылған мемлекетi. Осы мемле-кеттiң саяси қатынастары мен заңдары ғана табиғи жағдайдан азаматтық жағдайға ауысуын әдiлдiк пен құқықтық және сана тұрғысынан ақтай алады. Руссо қоғамдық шарт концепциясында теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң жолдарын iздестiредi. Феодалдық қоғамда өмiр сүру құқығы заңға емес, күштiлiкке негiзделгенiн және әлсiздердiң өз құқық-тарын қайтаруға кез-келген уақытта құқылы екендiгiн айтады. Мемлекет пен оның заңдарындағы жалпы ерiк үстемдiгiн қол-даған Руссо әртүрлi жеке ассоциацияларды, партияларды, топ-тарды аяусыз сынға алады. Өйткенi олардың еркi өз мүшелерi бойынша жалпы, ал мемлекет бойынша жеке ерiктi бiлдiредi. Бұл азаматтардың нағыз жалпы еркiндiгiн қалыптастыру про-цесiне қайшы келедi, яғни ² дауыс берушiлер қанша адам болса сонша емес, қанша ұйым болса соншалықты². Руссоның ойынша егемен (² Егемен² бұл жерде ² билiк² мағынасында айтылып отыр) өзi шығарған заңдарға бағынышты емес. Халық үшiн мiндеттi заңдар, тiптi қоғамдық шарт та егемен үшiн мiндеттi болып табылмайды. Егемен ² судьядан да, заңнан да жоғары² тұрады. Егеменнiң адамдарға кешiрiм жасау, жазадан босату туралы құқықтарын айта келiп, Руссо оның ролiн тым жоғары бағалайды. Яғни егеменнiң билiгi адамдардың өмiр және өлiм туралы тағдырын да шеше алады. Егер билеушi ² сенiң өлiмiң мемлекет үшiн қажет деп тапса, ол өлуi тиiс². Руссоның сөзiмен айтсақ, қоғамдық шарт мемлекет құзы-рына оның барлық мүшелерiнiң үстiнен шексiз билiк бередi. Жалпы ерiк бойынша бағытталған бұл билiктi Руссо егемендiк деп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесi халықтар егемендiгiн бiлдiредi. Халық ретiнде бұнда қоғамдық шарттың барлық мүшелерi, (қоғамның ерекше әлеуметтiк топтары емес) ересек ер адамдар айтылады. Жалпы ерiктiң нағыз көрiнiсi, иесi, егеменi халық болып табылады. Сондықтан да Руссоның айтуынша ² адам еркi емес, билiк қана қолдан қолға көшедi². Осы сөзiнiң негiзiнде Руссо билiктiң өкiлдiк формасын және мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi туралы принцип пен идеяны терiске шығарды. Атқарушы билiктi кiмнiң атқаратынына қарай Руссо басқа-рудың демократия, аристократия және монархиялық түрлерiн қарастырады. Оның барлық формаларында егемендiк пен заң шығару билiгi халықтың қолында болады. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшiн, аристократиялық басқару орташа мемлекеттер үшiн, ал монархиялық билiк iрi мемлекет-тер үшiн тиiмдi екендiгiн ескертедi. Оның ойы бойынша халық басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келiсiмдi тоқтатуға және өздерiне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқылы. Руссо заңдарды төрт түрге — саяси, азаматтық, қылмыстық және салт-дәстүрлер мен қоғамдық пiкiрге бөледi. Қоғамдық шарт тақырыбына тек саяси заңдар ғана кiретiндiгiн атап көрсе-тедi. Кез-келген заңдар жүйесiнiң басты мақсаты — бостандық пен теңдiк. Бостандықтың өзi де теңдiксiз өмiр сүре алмайды. ² Сондықтан да,— деп жазды Руссо, материалдық зат күшi әр-дайым теңдiктi жоюға ұмтылады, ал заң күшi әрдайым оны қорғауға тырысуы тиiс². Заңдардың күшi мен ықпалы сол елдiң географиялық жағ-дайы мен табиғатына, тұрмысына, халықтың әдет-ғұрпына да байланысты. Сондықтан да халықтың қажеттi даму деңгейiне жетпеген заңдарды ұсына беруге болмайды. ² Ерте қабылданған заңдар барлық еңбектi зая кетiредi². Руссо I Петрдiң реформаларын асығыс қабылданған әрекеттер ретiнде сынға алды. Заңдар жүйесiн жасау — ұлы да, мәртебелi және терең бiлiмдi, көп күштi қажет ететiн ауыр еңбек. Заң жасау үшiн мемлекет пен халықтың бар тынысы, оның мүмкiн болар қажет-тiлiктерi мен ықтимал зардаптары, әрбiр тұлғаның жалпы құқы-ғы терең ойластырылуы тиiс. Руссо ұлы заң жасаушылар мемлекеттiң негiзiн салушы қайраткерлер, саясат және құқық саласындағы реформаторлар деп бiледi. Ол мұндай ұлы заң жа-саушыларды егемен немесе магистратура емес мемлекеттi құру-шылар деп түсiндiредi және заң шығарушы билiктi ² мемлекеттiң жүрегi² ретiнде сипаттайды. Мемлекеттiк құрылыс пен отанға қауiп төнген төтенше жағдайда ² заңның қасиеттi күшiн тоқтатуға² және ² қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi диктаторға ерекше актi арқылы мiндеттеуге² болады. Бiрақ диктаторлық билiктiң мұндай мерзi-мiн Руссо қысқа мерзiмге ғана беруге болатындығын қатаң ескертедi. Ж. Ж. Руссоның мемлекеттi ұйымдастыру принциптерi мен қоғамдық шарт туралы концепциясы және жалпы ерiктi бiл-дiретiн заң мен заң шығару билiгi туралы iлiмi мемлекеттiк-құ-қықтық ойдың және әлеуметтiк-саяси тәжiрибенiң одан кейiнгi дамуына терең ықпалын тигiздi. Оның саяси-құқықтық қағи-далары мен тұжырымдамалары ұлы француз революциясын дай-ындау мен өткiзу кезiнде оның идеялық қызметiн атқарды.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 376 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып.XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси-құқықтық iлiмдер| тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)