Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып.XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси-құқықтық iлiмдер

Студенттердің ағымдағы үлгерімін бағалау белгілері | Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және әдістері. | Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері. | Тақырып. Ежелгi Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар | Тақырып. Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм | Тақырып. Ежелгi Рим өркениетiнiң саяси-құқықтық iлiмi | Тақырып. Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница |


Читайте также:
  1. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница
  2. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница
  3. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница
  4. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница
  5. Тақырып. Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар
  6. Тақырып. Ежелгi Рим өркениетiнiң саяси-құқықтық iлiмi
  7. тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница

10.1. XVIII—XIX ғасырлардағы немiс идеологиясының ерекшелiктерi.

10.2. Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы iлiмi.

10.3. Құқықтың тарихи мектебi.

10.1. Аталмыш дәуiрдегi Германияның әлеуметтiк-саяси жағ-дайы қоғамдық қатынастар дамуының өзiндiк ерекшелiктерiмен айқындалады. XVI—XVII ғасырлардағы дiни және әлеуметтiк қозғалыстардан кейiн елде крепостниктiк (басыбайлылық) тәр-тiптер бекiтiлдi. Феодалдық билiктiң нығаюы саяси бытыраң-қылықты күшейттi, бюргерлiктiң (буржуазияның) әлсiреуi нәти-жесiнде өнеркәсiптiң даму деңгейi төмендедi. Германияның экономикалық артта қалушылығы Ұлы фран-цуз төңкерiсiнен кейiн, әсiресе Наполеонның басқыншылық со-ғысы кезiнде айқын аңғарылды. Немiс жерiне төнген тәуелсiз-дiктi жоғалту қаупi билiк басындағы үстем тапты крепостниктiк тәртiптi шектеу мен феодалдық бытыраңқылықты жоюға бай-ланысты бiрқатар шаралар жүргiзуге мәжбүр еттi. Сонымен қа-тар немiс буржуазиясы Француз төңкерiсiнiң тәжiрибесiнен са-бақ ала отырып, елдегi соған ұқсас процестерге жол бермеу үшiн дворян ақсүйектерiмен келiсiмге қол жеткiздi. Олар өздерiне қо-лайлы өзгерiстердi жоғарыдан, корольдiк билiк тарапынан бiрте-бiрте жүргiзiлген реформалар көмегiмен iске асыруға ұмтылды. Бұл немiс бюргерлерiнiң үстем тапқа деген төзiмдi қатынасынан байқалады. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы немiс идеоло-гиясының ерекшелiктерi елде орныққан католиктер мен про-тестанттар арасындағы дiнге төзiмдiлiк қатынастарымен де сипатталады. Этникалық бiртектi ортадағы дiни плюрализм тео-риялық ойдың дамуына қалыпты жағдай жасады, өйткенi фило-софия дiни догматтардың қатаң құрсауынан босанып шықты. Осының нәтижесiнде қоғамдық санада алдыңғы орынға дүние-танымдық тұрғыдағы мәселелер көтерiлдi. Немiстiң классикалық философиясы қоғамдық теорияның дамуында жемiстi рөл атқарды. Осыған дейiнгi доктриналарды сыни тұрғыда қайта пайымдай отырып, немiс философтары теория-лық таным методологиясын жүйелi түрде дайындауға шұғыл кiрiстi. Бұл тенденция (үрдiс) классикалық немiс идеализмi өкiлдерiнiң еңбектерiнде барынша айқын көрiндi. И. Канттың және Г. Ге-гельдiң философиялық концепцияларында адам санасының белсендi, шығармашыл сипаты және табиғат заңдарымен салыс-тырғанда қоғамда өмiр сүретiн заңдардың өзiндiк ерекшелiгi сияқты мәселелер алғаш рет қойылды. Классикалық немiс философиясының ең маңызды жетiстiгi Гегельдiң диалектика ту-ралы iлiмi болды. Радикалды акциялардан қорыққан буржуазиялық саяси-құ-қықтық идеология ғасырдың революциялық идеяларын универ-ситеттiк философияның тiлiне алмастырып, заман талабының өзектiлiгiн бәсеңдетуге тырысты. Жоғары құндылық ретiнде са-на, ақыл-ой еркiндiгi жарияланды. Бұл бiр жағынан немiс бур-жуазиясының әлсiздiгiнiң орнын толтырған өзiндiк рухани ком-пенсация болды.

10.2. Иммануил Кант (1724—1804) — классикалық немiс фи-лософиясының көшбастаушысы және құқықтың қазiргi теория-сындағы iргелi бағыттың бiрiнiң негiзiн қалаушы. Кенигсберг университетiнiң профессоры Канттың iлiмi XVIII ғасырдың 70-жылдары осыған дейiнгi философияны сыни тұрғыда қайта пайымдағаннан кейiн қалыптасты. Өзiнiң саяси-әлеуметтiк көз-қарастарын ол бастапқыда құрамына ² Бүкiләлемдiк-азаматтық тұрғыдағы жалпы тарих идеясы², ²Мәңгiлiк әлемге қатысты² сияқты жұмыстары енген мақалалар жинағында баяндады, ал кейiнiрек² Адамгершiлiк метафизикасы² (1797) трактатында қо-рытындылады. Кант философиясы танымның эмпирикалық (тәжiрибелiк) және априорлық (тәжiрибеге дейiн немесе онан тыс) түрлерiн бiр-бiрiне қарсы қоюға негiзделедi. Адамның қоршаған әлемдi тануы әрқашанда тәжiрибеден, яғни сезiмдiк түйсiктерден басталады. Алайда эмпирикалық бiлiмдер толық емес, өйткенi олар зерттелетiн заттың тек сыртқы белгiлерi — түсi, салмағы және т.б. жөнiнде ғана бiлiм бере ала-ды. Тек ақыл-ойдың көмегiмен ғана заттың мәнiн танып бiлуге, оның iшкi қасиеттерi мен себептерiн анықтауға болады. ² Ақыл-оймен тану және априорлы тану екеуiнiң мәнi бiр² — деп жазды ол. Адамның жүрiс-тұрыс әрекетiнiң мәселелерiн қарастыратын Канттың практикалық философиясы өзге ұстанымдағы қағи-даларға сүйендi. Оның практикалық философиясының құрамдас бөлiктерi — этикасы мен құқық туралы iлiмiндегi негiзгi рөл априорлы идеяларға тиесiлi. Канттың пiкiрiнше, егер табиғатты тану барысында ² ақиқаттың негiзгi қайнар көзi тәжiрибе² болса, ал адамгершiлiктiң заңдылықтарын адамдардың арасында бола-тын қатынастардан туындатып шығару мүмкiн емес. Жараты-лыстану ғылымдарындағы сияқты мораль мен құқықтың тео-риясын қалыптастыруға болмайды. Моральдық философияның мiндетi ақыл-ойға сүйене отырып адамның өзiнiң эмпирикалық өмiр сүруiнде ұстанатын жалпыға ортақ жүрiс-тұрыс ережелерiн көрсетiп беру болып табылады. ² Өзiнiң эмпирикалық бастауын уақытша ұмыт қалдыра тұрмай және пiкiрдiң қайнар көзiн тек ақыл-ойдан iздемей² заңгер ешқашанда әдiлдiктiң жалпыға ор-тақ өлшемiн таба алмайды. Осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана этика құқық теориясымен ғылымға айналады. Басқаша айтқанда, Канттың iлiмiнде этиканың ғылыми статусы мәселесi көтерiледi, жаратылыстанымдық ғылымдардың методтарымен (әдiс-тәсiлдерiмен) салыстырғанда құқық теориясында қолданы-латын методтардың өзгешелiктерi туралы мәселелер қойылады. Канттың дүниеге әкелген сыншыл рационализм методоло-гиясының XVIII ғасырдағы ағартушылары рационалистiк кон-цепцияларынан мәндi ерекшелiктерi болды. Ең алдымен адам-ның ақыл-ой табиғатын түсiндiруде айырмашылық байқалды. Канттың көзқарасы бойынша ақыл-ой адамның айрықша қа-сиетi ретiнде индивидте емес, адамзат тегiнде, яғни ұрпақ алма-сушылықтың ұдайы аңдаусыз тiзбегiнде толығымен дамиды. Оның доктринасында ағартушылық алғаш рет бүкiләлемдiк-тарихи процесс ретiнде пайымдалды, оның барысында адам мә-дениет прогресiнiң нәтижесiнде табиғатқа тәуелсiздiктен құты-лып, еркiндiкке қол жеткiзедi. Сондай-ақ Кант адамдардың көп-шiлiгiнiң адамзат дамуының жалпы барысын түсiнбей, бейса-налы әрекет еткенiмен және өзiнiң жеке мүддесiн көздегенiмен олардың ұрпақтары да мәдениеттi жетiлдiруге өз үлестерiн қосады деп тұжырымдады. Мұнан шығатын қорытынды: ақыл-ой-өмiр сүрiп отырған практиканың нәтижесi емес, мәдениеттiң үдемелi нәтижесi. Бұл идеяларды негiздеу әлеуметтiк заңдардың ерекшелiгiн игеру жолындағы үлкен қадам болды. Әсiресе, адамдардың субъективтiк пиғылының тарихтың объективтi нәтижесiмен сәй-кес келмейтiндiгi белгiлi болды, алайда, Канттың әлеуметтiк док-тринасын кейiнгi ойшылдар әртүрлi түсiндiредi. Бұл iлiм қо-ғамдық процестiң диалектикасы, ондағы тарихилық пен логика-лықтың арақатынасы туралы iлiмнiң де (Гегель, Маркс), жараты-лыстанымдық және қоғамдық ғылымдарды бiр-бiрiне қарсы қоя-тын концепциялардың да (кантшылдықтың әртүрлi мектептерi) өзегiн құрайды. Кант рационализмiнiң тағы бiр ерекшелiгi философтың адамгершiлiк пен құқықты теориялық бiлiм қатарынан шыға-рудан бас тартуымен сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда ол Руссо негiзiн қалаған демократиялық дәстүрдi жалғастырды. Кант адамгершiлiктiң тасымалдаушылары ешқандай артықшы-лықсыз барлық адамдар бола алады деген руссоистiк идеяны қабылдағанымен, моральдың қайнар көзi туралы Руссоның позициясын қайта пайымдады. Канттың пiкiрiнше, адамгершiлiк және құқықтық заңдардың қайнар көзi практикалық ақыл-ой немесе адамдардың ерiктi ырқы. Бұл тәсiлдiң ерекшелiгi рус-соизмнiң демократиялық мазмұнын сақтай отырып, этика мен құқықты негiздеудiң рационалистiк әдiстерiн қалпына келтiруге мүмкiндiк беруiмен сипатталады. Бүкiл адамзат алдындағы өз жауапкершiлiгiн толық түсiну деңгейiне жеткен адам ғана моральдық тұлға бола алады деп жариялайды немiс ойшылы. Адамдар бiр тектiң өкiлдерi ретiнде бiр-бiрiне тең болғандықтан, әрбiр индивид өзгелер үшiн аб-солюттi адамгершiлiк құндылыққа ие болады. Канттың этикасы осылайша эгоистiк ұмтылыстардан жалпыадамзаттылықтың ба-сымдылығын бекiттi, әлемдегi өзгерiстер үшiн индивидтiң мо-ральдық жауапкершiлiгiн баса айтып көрсеттi. Осы принциптерге сүйене отырып, Кант адамгершiлiк за-ңын шығарды. Философтың есептеуiнше, моральдық тұлға уақыт пен кеңiстiктiң жағдайларына тәуелдi гипотетикалық (шартты) ережелердi басшылыққа алмайды. Өзiнiң әрекетiнде ол категориялық (шартсыз) императивтiң талаптарына сай қимыл-дайды. Гипотетикалық ережелермен салыстырғанда категория-лық императив қандай да бiр нақты жағдайда қалай әрекет жасау керектiгiн көрсетпейдi, демек формальды болып табылады. Онда ² адамзат бейнесi алдындағы парыз² деген жалпы идея ғана болады. Яғни индивидке мораль заңымен жүрiс-тұрыс қалы-бының қай бағыты сәйкес келетiнiн өз еркiмен таңдау еркiндiгi берiледi. Категориялық императивтi Кант адамгершiлiк еркiн-дiгiнiң заңы деп атады және бұл екi ұғымды синоним ретiнде қолданды. Философ категориялық императивтiң екi негiзгi формула-сын келтiредi. Оның алғашқысы: ² Өз қылығыңның ұстанымы жалпыға ортақ заңға айналатындай болсын² (бұл жерде ұстаным жеке жүрiс-тұрыс қалыбын бiлдiредi). Екiншi формула мынаны талап етедi: ² Өз болмысыңда және қандай да болмасын өзге бол-мысыңда адамзатқа ешқашанда тек құрал ретiнде емес, әрқа-шанда мақсат ретiнде қатынас жасайтындай етiп әрекет ет.² Ма-ғынасының айырмашы-лықтарына қарамастан бұл екi формула мәнi жағынан бiр-бiрiне жақын — оларда тұлғаның абыройы және адамгершiлiк сананың автономиясы идеялары айтылады. Канттың құқықтық теориясы этикамен тығыз байланысты. Оның iлiмiнде құқықтың да, моральдың да қайнар көзi (адам-ның практикалық ақыл-ойы) және мақсаты (жалпыға ортақ еркiндiктi бекiту) бiр. Олардың арасындағы айырмашылықты Кант қылық жасауға мәжбүр ететiн тәсiлдерден аңғарады. Мо-раль адамның iшкi ұмтылыстарына және өз парызын сезiнуге негiзделген, ал құқық осындай қылықтарды қамтамасыз ету үшiн өзге индивидтер немесе мемлекет тарапынан сырттай мәжбүрлеудi пайдаланады. Мораль саласында жалпыға мiндеттi кодекстер болмайды және болуы да мүмкiн емес болса, құқық мәжбүрлеушi күшпен қамтамасыз етiлетiн жалпы заңдылықты қажет етедi. Құқық пен моральдың арақатынасын қарастыра отырып, Кант құқықтық заңдарды адамгершiлiктiң алғашқы сатысы ретiнде қарастырады. Егер қоғамда адамгершiлiк заңдарына ұқ-сас құқық бекiтiлсе, онда жеке адамның ерiктi ырқы өзгелердiң еркiндiгiне қайшы келмейтiндей адамдар арасында қатаң сақ-талатын қатынас орнайды. Мұндай қатынастар толық адам-гершiлiктi болып табылмайды, өйткенi бұл қатынасқа түсетiн индивидтер парыздың ықтиярын емес, мүлдем өзге мотивтердi — бас пайданы ойлау, жазаланудан қорқу және т.б. басшылыққа алады. Басқаша айтқанда құқық адамдар арасындағы сырт көзге iзгiлiктi, өркениеттiк қатынастарды қамтамасыз еткенiмен, олар-дағы өзара антипатия, тiптi бiрiн-бiрi жек көру сақталып қалады. Тек құқық (моральсыз) үстемдiк ететiн қоғамда индивидтер ара-сында ² толық антогонизм² орын алады. Канттың анықтамасы бойынша құқық — бұл еркiндiктiң жалпыға ортақ заңы тұрғысында жеке адамның еркi өзгелердiң еркiне қайшы келмейтiн шарттардың жиынтығы. Бұл шарттарға мыналар жатады: мәжбүрлеушi заңдардың болуы, индивидтiң жеке құқықтарының және жеке меншiктiң кепiлдi статусы, қоғам мүшелерiнiң заң алдындағы теңдiгi, сондай-ақ дау-дамайдың сот жолымен шешiлуi. Практикалық-идеологиялық тұрғыда бұл анықтама ерте либерализмнiң идеологиясына ұқсас. Ол бойынша еркiн және тәуелсiз индивидтер арада пайда болған қатынастарды өзара келiсiмге сай өздерi реттей алады және бұл қатынастардың берiк қорғалуын ғана қажет етедi. Канттың құқық туралы iлiмi XVIII ғ. батысевропалық заң-герлiк ой дамуының жоғары сатысы болып табылады. Онда құ-қықтың ғылыми теориясын методологиялық негiздеу, норматив-тiлiктiң (қалыптылықтың) интеллектуалды-ерiктi табиғаты, құқық пен моральдың арақатынасын ашу және өзге де түбiрлi мәселелер көтерiлдi. Құқықты кең мәдениеттанымдық контексте сипаттай отырып Кант дербес пән ретiндегi құқық философия-сының пайда болуының алғышарттарын даярлады. Арнайы заңгерлiк зерттеулер үшiн оның еңбектерiндегi субъективтi құ-қықтар мен мiндеттердiң өзара байланысы ретiндегi құқықтық қатынастардың сипаттамасы үлкен маңызға ие болды. ²Адамгершiлiк метафизикасында² табиғи құқықтың өзгеше түсiндiрмесi берiлген. Руссоның iзiнше, Кант объективтi құқық болмайтын гипотетикалық табиғи жағдай концепциясын ұстан-ды. Адамға әуел бастан жалғыз туа бiткен табиғи құқық — адам-гершiлiк таңдаудың еркiндiгi тән. Одан теңдiк, ойлау, пiкiр бөлiсу қабiлетi және т.б. адамның айнымас қасиеттерi туын-дайды. Мемлекетке дейiнгi кезеңде адам субъективтi табиғи құ-қықтарға ие болды, оның iшiнде меншiк құқығы да бар, алайда олар индивидтiң өз күшiнен өзге ешнәрсемен қамтамасыз етiл-меген. Мұндай субъективтi өкiлеттiлiктердiң жиынтығын Кант қалыптасқан дәстүрге қарамастан жеке құқық деп атады. Оның пiкiрiнше, жеке құқық өзiнiң нағыз заңды және кепiлдi сипа-тына тек мемлекет деңгейiнде ғана, жалпы заңдардың бекiтiлген тұсында ғана ие болады. Әлеуметтiк-саяси құбылыстарды түсiндiрудiң априорлы принципiне сай Кант мемлекеттiң шығу тегi жөнiндегi мәселе-мен айналысудан бас тартты. Табиғи құқық концепцияларына тән мемлекеттiң қоғамдық келiсiм жолымен орнау мәселесiне келгенде ол тек ақыл-ойдың идеясына ғана ие. Алайда заң шығарушы өз мiндетiн атқару барысында бүкiл халықтың бiрiк-кен еркiн бiлдiретiн заң шығару мәселесiне келгенде күмәнсiз (практикалық) нақтылыққа ие болады. Үстем таптың мұрагерлiк билiгi жөнiндегi заңға халықтың келiсiм беруiне ол күмәнданады. Саяси теорияның қалыптасуындағы Канттың үлесi оның құқықтық мемлекет туралы қазiргi iлiмдердiң негiзгi идеялары мен принциптерiн орнықтыруымен сипатталады. ²Адамгершiлiк метафизикасындағы² дефиницияға (анықтамаға) сәйкес мемле-кет — құқықтық заңдарға бағынған адамдар көпшiлiгiнiң бiрiгуi. Мемлекеттiң маңызды белгiсi ретiнде заңның үстемдiгi аталады. Тұрақты құқықтық тәртiптiң кепiлi болатын мемлекет, Канттың пiкiрiнше, қоғамдық шарт және халық егемендiлiгi бастауларына негiзделiп құрылуы тиiс. Ол заң билiгiн халықтың жүзеге асыруы азаматтардың арасында құқық теңсiздiгiне әкелетiн заң қабылдауға жол бермейдi деген Руссоның пiкiрiмен келiседi. Алайда Канттың халық егемендiгi туралы көзқарасы шектеулi сипатта болды, Руссодағы халық билiгiн ол парламент-тегi халық өкiлеттiлiгiмен алмастырады. Ерте либерализмнiң идеологы ретiнде Кант индивидуалды еркiндiктi құқықтық қамтамасыз етудегi мемлекеттiң қызметiн былайша сипаттайды: ²Мемлекеттiң жалпы игiлiгi конституция-ның құқық принциптерiмен барынша келiсiмдiлiк жағдайына тiкелей байланысты. Бiздi осыған ұмтылуға өзiнiң категориялық императивiмен ақыл-ой мiндеттейдi². Философтың пайымдауын-ша азаматтардың бақыты туралы қамқорлық мемлекеттiк билiк-тiң мiндетiне жатпайды (мұндай саясат билеушiлердiң ² өздерiнiң түсiнiгi бойынша бақытты етуге² ұмтылатын деспотиялық мем-лекеттерге тән). Кант мемлекеттегi үш басты органды — заң шығарушы (парламент), оны атқарушы (өкiмет) және қорғаушы (сот) деп бөледi. Мемлекеттi ұйымдастыру үлгiсi ретiнде билiктердiң ажы-ратылуы және субординациясы жүйесi алынады. Немiс ойшылы бұл принциптi өз кезегiнде мемлекеттiң республикалық және деспотиялық нысандарын ажырату негiзiне де қолданады. ² Рес-публиканизм — атқарушы билiктiң (өкiметтiң) заң шығарушы билiктен бөлiнуiнiң мемлекеттiк принципi; деспотизм — өзiнiң шығарған мемлекеттiк заңдарын өз билiгiмен атқару принципi². Мемлекет нысандарын үстем топтың саны бойынша дәстүрлi жiктеуге (монархия, аристократия және демократия) Кант аса мән берген жоқ, оны ол мемлекеттiк құрылымның рухын бiлдiр-мейтiн әрiптердiң көрiнiсi ғана деп есептедi. Бұл концепцияның мәнi бойынша егер билiк ажыратылса монархия республикаға айналады, ал олай болмаса, керiсiнше, деспотияға айналады. Ойшыл Германияның болашақ құрылымын конституция-лық монархия түрiнде елестеттi. Идеалды мемлекетке өту тәсi-лiнде революциялық жолды ол үзiлдi-кесiлдi түрде терiске шы-ғарды. Қоғамның құқықтық жағдайына құқыққа қарсы құ-ралдар арқылы жетуге болмайды. Англиядағы Карл I-ң өлтiрiлуi мен Франциядағы Людовик XIV-ге жүргiзiлген сот процесiнiң заңсыздығын алға тарта отырып, мемлекеттiк құрылыстағы өзге-рiстердi бейбiт жолмен заң шығарушы реформалар арқылы бiрте-бiрте iске асыруға шақырды. Адамзаттың болашақ дамуын ойшыл құқықтық респуб-ликалық мемлекеттердiң әлемдiк конференциясының құрылуы-мен байланыстырды. Оның бұл доктринасы XIX ғ. саяси даму-дың негiзгi тенденциясының — монархия институтын сақтай отырып, басқарудың парламенттiк нысанына көшу тенденция-сының алдын алды. Мемлекет және құқық туралы Канттың iлiмi Француз төң-керiсiнiң тiкелей ықпалымен пайда болған алғашқы iрi саяси доктрина болды. Кант либерализмнiң саяси бағдарламасын сол замандағы радикалды және танымал бағыттардың идеяларымен бiрiктiрiп, оны терең пайымдалған теориялық жүйеге айнал-дырды. Кант философиясын кейде Француз революциясын не-мiсше ақтау варианты деп те атайды.

10.3. Германияда құқықтың тарихи мектебi XVIII ғасырдың аяғында пайда болып, XIX ғасырдың ортасында толық қалып-тасып болды. Бұл дәуiрде Германияда феодалдық тәртiп сақ-талып қалды және экономикалық, әлеуметтiк және саяси қаты-настары жағынан Батыс европа елдерiнен артта қалды. Немiс қоғамының осы жағдайы құқықтың тарихи мектебiнiң қалып-тасуы мен таралуына ықпал еттi. Бұл мектептiң негiзiн қалаушы Геттинген университетiнiң профессоры Густав Гуго (1764—1844) болды. Ол өзiнiң ² Қалыпты құқық философиясы ретiндегi табиғи құқық оқулығы² деген шығармасында құқық қалыптасуының ұзақ тарихи процесi мә-селесiн көтередi және құқықтық реттеудiң жоғарыдан жүргiзi-летiндiгi туралы пiкiрдi терiске шығарады. Заң құқықтың жалғыз қайнар көзi емес. Құқық заңгерлiк әрекеттен өзге, заң шыға-рушының еркiнен өзге жолдармен де қалыптасады. Римдегi әдет-тiк құқық, преторлық құқық осылай қалыптасқан. Заң шыға-рушының шығармашылық қабiлетi туралы көзқарасқа қайшы келе отырып Г. Гуго құқық та тiл сияқты ешқандай келiсiм мен бұйрықсыз өз-өзiнен құралады деп есептедi. Қатаң ережелер практика барысында туындайтын күмәндi мәселелердiң шешiмiн табу кезiнде бiрте-бiрте қалыптасады. Оның пiкiрiнше, көпшiлiк заңды оқымағанымен, оның мазмұнын бiлмегенiмен, оның тәр-тiбiмен жақсы таныс болып шығады. Құқық нормаларының айқындылығы әдеттiк құқық арқылы мүмкiн болады. Г. Гугоның идеялары Берлин университетiнiң профессоры Карл Фридрих Савиньидiң (1779—1861) XIX ғасырдың 40 жыл-дары басылып шыққан алты томдық ² Қазiргi рим құқығы жүй-есi² еңбегiнде жалғасын тапты. Бұл кезеңде Германияда сақта-лып қалған феодалдық тәртiптер жеке капиталистiк меншiкке негiзделген қатынастардың дамуына кедергi келтiрдi. Осы қай-шылықты шешуге ұмтылған немiс заңгерi Тибо өзiнiң ² Германия үшiн жалпыға ортақ азаматтық құқықтық қажеттiлiгi² деген ма-қаласында феодалдық әдеттердi ығыстыратын бiртұтас азамат-тық кодекс құруды ұсынды. Бұл ұсынысқа келiспеген Савиньи тарихи өткендi терiске шығарды деп Тибоны сынады. Шынды-ғында, Савиньидiң пiкiрiнше, құқық әдет-ғұрып, тiл сияқты әрбiр халыққа тән ерекшелiгiмен сипатталады. Құқық заң шы-ғарушының ойына келген еркiнiң бекiтiлуi емес, халықтық сананың, ² халық рухының² органикалық өнiмi. Құқықты халық сенiмiнiң көрiнiсi ретiнде жариялай оты-рып, Савиньи құқықты даярлаудағы заңгерлердiң рөлiн де терiс-ке шығармайды. Ол құқық дамуындағы екi негiзгi кезеңдi бөлiп көрсетедi: табиғи құқық кезеңi және ғылыми құқық кезеңi. Алғашқы кезеңде құқық халық санасында әдеттiк құқық ретiнде өмiр сүредi. Екiншi кезеңде құқық халықтың құқықтық санасы-ның бейнесi әрi оның өкiлдерi рөлiндегi ғалым-заңгерлердiң ең-бектерiнде аңғарылады. Дамуының бұл кезеңiнде құқық екi-жақты өмiр сүредi: бiр жағынан халық өмiрiнiң бөлiгi ретiнде, екiншi жағынан заңгерлердiң қолындағы ерекше ғылым ретiнде. Құқықтың тарихи мектебiнiң үшiншi өкiлi — Георг Пухта (1789—1846). Ол Берлин университетiнiң кафедрасында Сави-ньидiң iзбасары болды. ²Әдеттiк құқық² және ²Институция курсы² еңбектерiнде ол құқықтық тiл және әдет-ғұрып сияқты ха-лық рухының, ² халықтың жалпы санасының² өнiмi деп осы мек-теп өкiлдерiнiң ұсынған пiкiрлерiн қостады. ² Құқықтың өз тари-хы бар² деген пiкiрдi ұстанып, оның органикалық дамуын жақ-тайды, мемлекеттi де халық рухынан шығарады. Г. Пухта монар-хиялық басқаруды қолдады. Ғылыми тұрғыдан алғанда тарихи мектеп мемлекет және құқықты зерттеуге позитивтi үлес қосты. Оның өкiлдерi ағарту-шылық дәуiрдiң көптеген идеологтарына тән рационалистiк схематизмдi және антитарихилықты терiске шығарды. Олар та-рихи шарттылыққа және саяси-құқықтық институттардың эво-люциясына, олардың ұлттық ерекшелiгiне назар аударып, тари-хи-құқықтық зерттеулердiң көбеюiне ықпал еттi. Алайда ² халық рухы² ұғымы Монтескьенiң iлiмiндегi мазмұнмен салыстырғанда тарихи мектеп өкiлдерiнде мистикалық мазмұнға ие болды. Гуго, Савиньи және Пухта өз iлiмдерiнде тарихилықты реакциялық тәртiптердi сақтаудың құралына айналды деп таныды. Пiсiп жетiлген буржуазиялық өзгерiстерге қарсы тұрып, монархия, сословиелiк теңсiздiк, партикуляризм сияқты феодалдық тұғыр-ларды

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Мұхамедов, Сатершинов Б. Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Алматы, 2003.

2. Ибрагимов Ж.И. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. Алматы, 2006.

3. История политических и правовых учений (под ред. Мокичева, М., 1971 –т. 1; М., 197 –т.)

4. История политических и правовых учений (под ред. А. Лейтса) М., 1978

5. История политических и правовых учений. М., 1983 (под ред. Нерсесянца В.С.)

6. История политических и правовых учений. М., 1988 (под ред. Нерсесянца В.С.)

 

 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 697 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница| тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)