Читайте также: |
|
XIX ғасырдың бiрiншi жартысында Франциядағы сая-си-құқықтық ойдың дамуы 1789—1793 жылдардағы Ұлы буржуа-зиялық революцияның жетiстiктерiмен байланысты. Революция-ның нәтижесiнде ² бостандық², ² теңдiк², ² туыстық² сияқты бiрқа-тар жаңа саяси құндылықтар өмiрге ендi. Бұл кезеңде Франция-да Наполеон және оның режимiнiң құлап, Европа елдерiнiң саясатына ықпалын тигiзген реакциялық контрреволюциялық ² Қасиеттi Одақтың² (1815 жыл) құрылғанымен, Бурбондар әуле-тiнiң таққа қайта оралып, елде монархиялық құрылыс орна-ғанымен революцияның негiзгi жетiстiктерiн жоя алмады.Қалыптасқан осындай жағдайларда француз буржуазиясы-ның идеологтары капитализм дамуы үшiн қажет ² индивидуалды құқықтар мен бостандықтарды² негiздеуге үлкен көңiл қойды. Олар бостандыққа қауiп-қатер феодалдық реакция тарапынан да, революциялық кезеңнiң демократиялық теориялары тарапы-нан да төнуi мүмкiн деп қарастырады.Француз либерализмiнiң негiзiн қалаушының бiрi публицист ғалым және саяси қайраткер Бенжамен Анри Констан де Ребек (1767—1830). Констан саяси және тарихи-дiни тақырыптарға бiр-қатар шығармалар жазды, оның iшiндегi ең танымалы өзiнiң мемлекет туралы либералдық iлiмiн ыңғайлы жүйелi формада баяндаған ² Конституциялық саясат бағыты² еңбегi. Констан бұл еңбегiнде жеке инициатива, кәсiпкерлiк бостандығы, сөз бостан-дығы, ар-ұят бостандығы ретiнде түсiндiрiлетiн индивидуалды еркiндiк мәселесiне баса назар аударады.Констанның пiкiрiнше, Жаңа замандағы европалықтардың еркiндiгi мен антикалық заман адамдарының еркiндiгi арасында алшақтық бар. Ертедегi халықтар саяси билiктi жүзеге асыруға қатысу құқығымен (заң қабылдау, сотқа қатысу, лауазымды тұлғаларды сайлауға қатысу, соғыс пен бейбiтшiлiк мәселелерiн шешу және т.б.) сипатталатын саяси билiктi ғана бiлдi. Анти-калық республикалардың азаматтары (Афиныдан өзге) ұжымдық егемендiктi iске асыруға қатысу құқығына ие болғанымен, жеке өмiрде мемлекеттiк шектеу мен бақылауға бағынышты болды. ² Антикалық заманда адамдар өзiнiң жеке саяси салмағы мен мемлекет басқарудағы рөлiн сақтап қалу үшiн өзiнiң жеке тәуел-сiздiгiнен бас тартуға бейiм болып келдi². Олар мiндеттi түрде дiндi, әдет-ғұрыптарды, өмiр тәртiбiн сақтады; қоғамдық инсти-туттар байлықтың жинақталуына кедергi болып, теңдiктi ұстап тұрды. Ерте дүниедегi остракизм, аграрлық заңдар, цензура және т.б. институттар осыны дәлелдейдi.Ал жаңа халықтар, Констанның пiкiрiнше, еркiндiктi басқа-ша түсiндi. Саяси билiкке қатысу құқығы ерте замандағыдай құнды емес, өйткенi мемлекеттер үлкейiп кеттi және бiр аза-маттың дауысы ендi шешушi маңызға ие емес. Оның үстiне құлдықтың жойылуы бұрынғыдай саяси iстерге көп көңiл бөлетiн бос уақытты да келмеске кетiрдi. Ертедегi халықтардың жауынгерлiк рухы коммерциялық рухпен алмасты; қазiргi халық-тар өнеркәсiппен, саудамен, еңбекпен айналысады сондықтан басқару мәселелерiмен айналысуға уақыт таппағанымен қоймай, мемлекеттiң өз жеке iстерiне араласқанын тiптi қаламайды да.Демек, Констанның түйiндеуiнше, мемлекет фнукциясын атқаруда әрбiр индивидтiң тiкелей, үнемi қатысуы еркiндiктiң бұл типiнiң қатаң мiндеттi элементiне жатпайды.Констан практикалық-саяси тұрғыдан индивидуалдық ер-кiндiк мәселесiн қарастырғанда, адамның материалдық және ру-хани автономиясы, оның заңмен сенiмдi қорғалуы алдыңғы орында тұрады. Оның пiкiрiнше, мемлекеттiң мақсаты мен құ-рылымы осы құндылықтарға бағынуы тиiс. Саяси өмiрдi ұйым-дастырудың осындай табиғи тәртiбi мемлекет институттарының индивидуалдық еркiндiк iргетасынан қаланған пирамиданы елес-тетедi. Мұнда мемлекеттiң саяси тұтастығы елдегi әртүрлi ұжым-дардан құралған жүйенi бiлдiредi.Констан адамдар еркiн болса өз өмiрiн дербес және саналы түрде өткiзе алады деп сенедi. Олар қандай да бiр тұлғадан тыс күштiң ықпалынсыз өздерiнiң индивидуалдық күш-жiгерiнiң есебiнен өзiне лайықты өмiр сүруге қабiлеттi. Осы көзқарастарға сүйене отырып, Констан жалпы кұдiреттi халық егемендiлiгiнiң қажеттiлiгi туралы руссоистiк тезиске түзету енгiзедi. Оның ше-карасы ²жеке адамның дербестiгi мен өмiрiнiң² басталатын жерiнен аяқталуы тиiс.Алайда, Констан мемлекеттiң әлсiз болуын қалайтын либе-ралдардың қатарына жатпайды. Ол билiк институттарының әлеу-меттiк пайдалылығының нақты шараларын қатаң анықтауға, олардың компетенцияларының шекараларын дәл бекiтуге тырысады. Бұл шаралардың өзi қоғамға қажет мемлекеттiк билiктiң көлемiмен қатар мемлекетке қажет құқықтардың мөлшерiн (сапасын) белгiлейдi. ² Өкiмет өз саласынан тысқа шық-пауы тиiс, бiрақ өз саласында оның билiгi шексiз болуы керек² деген ұстанымға сүйенетiн мемлекеттiң күшiн әлсiретуте бол-майды. Констан үшiн ешқашанда бейқам және әлсiз мемлекет саяси идеал болған емес.Қазiргi мемлекет Констанның ойынша, формасы жағынан конституциялық монархия болуы қажет. Ол бұл құрылымға бе-керден-бекер басымдылық бермейдi. Конституциялық монарх-тың бейнесiнде саяси қауымдастық Констан ойынша, ² бейтарап билiкке² ие болады. Ол белгiлi үш ² классикалық² билiктен (заң шығарушы, атқарушы, сот) тыс, оларға тәуелсiз және сондықтан олардың бiрлiгiн, кооперациясын, қалыпты қызметiн қамта-масыз етуге қабiлеттi. ² Король әрбiр билiк тармағының бiр-бiрiн терiске шығармай, керiсiнше бiр-бiрiмен келiсiмдi және үйлесiм-дi әрекет етуiне мүдделi. Бейтарап, реттеушi және төрелiк етушi билiк ретiндегi король билiгi идеясы монархияның заманға лай-ық бейiмделген (²модернделген²) түрiн құқықтық мемлекет құ-рылымына енгiзу талпынысынан туындайды.Индивидуалдық еркiндiктiң кепiлi ретiнде баспасөз бостан-дығына сүйенген қоғамдық пiкiрмен және жалпы қоғаммен қадағаланатын мемлекеттiк билiк институттарымен қатар құқық маңызды рөлге ие болады. Бұл — Констанның мызғымас ұста-нымы. Құқық өзiнiң бүкiл болмысымен еркiншiлдiкке қарсы тұрады. Құқықтық нысандар ²адамзат қоғамының желеп-жебе-ушi перiштелерi², ² адамдар арасындағы қатынастардың жалғыз мүмкiн болатын негiзi². Әлеуметтiк болмыстың тәсiлi ретiндегi құқықтың түбiрлi мәнi құқықты сақтауды саяси институттар қызметiнiң негiзгi мiндетiне айналдырады.Б. Констанның еңбектерi Францияда либерализмнiң тамыр жаюына ықпал еттi. Констанның отанында либерализм идеяла-рын онан ары жалғастырған оның атақты кiшi замандасы Алек-сис де Токвиль 1805—1859 индивидуалдық еркiндiктi демокра-тиялық тұрғыда бүкiл құқық құралдарымен қорғауға үлкен үлес қосты.
Немiс жерiндегi либералдық қозғалыс XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында басталып 1848—1849 жылдардағы революция қарсаңында өзiнiң ауқымы мен ұйымдасуы жағынан да, идеялық-теориялық жағынан да бiршама жетiстiктерге жеттi. Революцияға дейiнгi кезеңде қалыптасқан ерте немiс либера-лизмi сипаты жағынан ² конституциялық қозғалыс² болды. Онда-ғы бытыраңқы немiс мемлекеттерi үшiн қолайлы саяси-заңгер-лiк тәртiптердi ұсынған әртүрлi үлгiлердiң мазмұнында сол кездегi Батыс Европадағы либералдық ұстанымдар мен қалыптар мол ұшырасты. Ағылшын және француз либералдары сияқты немiс либералдары да өзiнiң әлеуметтiк тiрегiн орта буржуа-зиялық топтардан iздедi. Сонымен қатар олар партикулярлық мүдделердi көздемей, замана талабына сай жалпы игiлiктi жақ-тайтын монархтардың саналы әрекеттерiнен де үмiттендi.XIX ғасырдың бiрiншi жартысында Германияның саяси жә-не рухани ахуалына өз көзқарастарымен ықпал еткен Фридрих Дальман, Роберт фон Моль, Карл Роттек, Карл Велькер, Юлиус Фребель және өзгелерi сияқты немiс либерализмiнiң өкiлдерi болды. Ал Вильгельм фон Гумбольдт және Лоренц Штейннiң либералдық идеялары немiс жерiнен тысқа шығып, жалпы Европаға танымал болды.И. Канттың iзбасары болған Вильгельм фон Гумбольдт (1767—1835) немiс либерализмiнiң негiзiн қалаушының бiрi. Басты саяси шығармасы ² Мемлекет қызметiнiң шекараларын бекiту тәжiрибелерi² деп аталады. Гумбольдт адам мен мемлекет арақатынасы мәселесiне келгенде гуманистiк индивидуализм позициясын ұстанады. ² Тәжiрибелер² еңбегiнiң шешетiн негiзгi мiндетi ² мемлекет iшiнде адам үшiн неғұрлым қолайлы жағдай-ды табу² болатын.Гумбольдт XVIII ғ. әлеуметтiк ғылымының қоғам (азамат-тық қоғам) мен мемлекеттi жiктеу дәстүрiн онан ары жал-ғастырады. Ол мыналардың арасындағы айырмашылықтарды айқындайды: 1) ұлттық мекемелер жүйесi (индивидтердiң өзде-рiнiң төменнен құрған ұйымдары, одақтары, әртүрлi өзге бiрле-стiктерi) мен мемлекеттiк институттар мен қызметтер арасында; 2) ²табиғи, жалпы құқықтар² мен тiкелей мемлекеттiң құрған позитивтi құқығы арасында; 3) ²адам² мен ²азамат² арасында.Гумбольдт қоғам мен мемлекеттiң шекараларын бөле оты-рып, оларды шамалас көлемде деп есептемейдi. Оның пiкiрiнше қоғам мемлекеттен, ал адам саяси одақтың (мемлекеттiң) мүшесi азаматтан анағұрлым маңызды. Сондықтан да ² табиғи және жал-пы құқық² мемлекеттiк заңдарды дайындау мен қабылдау бары-сындағы позитивтi құқықтың жалғыз негiзi және жетекшi бас-тауы болуы тиiс.²Мемлекеттiк құрылыс түпкi мақсат емес, ол тек адамды дамытудың құралы ғана² деген тезиске сүйенген Гумбольдтың пiкiрiнше мемлекет өзiнiң қызметiнде азаматтардың iшкi және сыртқы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуден өзге әрекеттерге бар-мауы тиiс. Гумбольдт — европалық ерте буржуазиялық либера-лизмге тән ² шағын (минималды) мемлекет² концепциясын қатаң сақтаушы. Азаматтардың жеке бақыты, өмiр сүру тәртiбi, денсаулығы, адамгершiлiгi және т.б. мемлекеттiң қамқорлық көрсетуi идеясына ол толығымен қарсы болды.Гумбольдтың ойынша, мемлекеттiң белсендi қызметiнiң ауқы-мы тар болуы керек, өйткенi адамдардың әлеуметтiк қауымындағы әр алуан қызмет пен әрекеттер барысында қабiлетi мен абыройы жоғары адамдар оқшауланып шығады, ал жоғары билiк мұндай өзгешелiктерге шыдай бермейдi. Жоғары билiк мемлекеттiң көмегiмен ұлттың, қоғамның барлық өмiрлiк көрiнiстерiн, адам-дардың санасы мен жүрiс-тұрысын бiрегейлендiруге тырысады. Индивид үшiн қауiп әсiресе, мемлекеттiң патерналистiк (әкелiк қамқорлық) миссияны өз қолына алуынан төнедi.Гумбольдтың байқауынша, мемлекеттiң тарапынан үнемi көмек күту ақыр соңында кедейшiлiкке ұрындыратын адамдардың қамсыздығына әкеледi. Индивидтiң адамгершiлiгiне нұқсан келедi; бiреудiң жетегiндегi адам әдетте өз дербестiгiн жоғалтып, апатияға ұрынады. Оның пiкiрiнше мемлекеттiң билiкқұмар құл-дары төмендегi принциптi теориялық тұрғыда да, практикалық тұрғыда да бұзады: ² еркiндiкке жетуге дәл еркiндiктей ықпал ететiн өзге нәрсе жоқ².Гумбольдтың мемлекет туралы пайымдауынша, мемлекеттiк құрылым еркiндiктi шектегендiктен, ол ² қажет болғанымен зұ-лымдық² дегенге саяды. Мұндай полемикалық пiкiрлер сөз жоқ әлеуметтiк хаос пен тәртiпсiздiкке жол ашады. Алайда оның ² Тәжiрибелерiнде² келтiрiлген мемлекеттiң кейбiр әлеуметтiк-қорғаушылық функцияларының пайдалылығы мен қажеттiлiгi, азаматтарды мемлекеттi құрметтеуге шақыруы Гумбольдтың ли-берализмiн көптеген анархиялық iлiмдерден, әртүрлi бағыттағы саяси нигилизмнен арасын ажыратады. Бұл тұрғыда немiс ойшылының идеялары өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтпайды.Лоренц Штейн (1815—1890) қоғам, мемлекет, құқық, бас-қару туралы бiрқатар iргелi еңбектер жазды: ²1789 жылдан бүгiн-ге дейiнгi Франциядағы әлеуметтiк қозғалыстың тарихы² (үш-томдық бұл еңбектiң бiрiншi кiтабы ²Қоғам ұғымы² деп ата-лады), ²Басқару туралы iлiм², ²Германиядағы мемлекет және құ-қық туралы iлiмнiң бүгiнi мен ертеңi².Штейннiң либерализмi оның әлеуметтiк-саяси доктрина-сында индивид, оның құқықтары мен меншiктерi туралы мәсе-ленi алдыңғы орынға қоюынан көрiнедi. Индивидтiң қозғаушы күшi Штейн бойынша, игiлiктердi өндiру, өңдеу, дайындау және көбейтумен сипатталатын өзiн-өзi жүзеге асыруы. Тұлғаның өндiрген бүкiл игiлiгi оның өзiне тиесiлi және өзi сияқты оған да қол сұғылмайды. Игiлiкке қол сұғылмаушылық құқықты бiлдiредi. Ал құқық арқылы тұлғамен бiрiккен қол сұғылмайтын бүтiн игiлiк меншiк болып табылады.Адам өзгелерден оқшау, дара өндiрiстiк әрекетпен айналыса алмайды. Ол өзiне ұқсас адамдармен бiрге әрекет етуге мәжбүр. Осылайша қауымдастық, қоғам мәселесi туындайды. Штейн бойынша барлық қоғам құрылымының шығу көзi меншiк бөлiнiсiнен келiп шығады. Меншiк иелерi мен еңбек адамдары әрқашан бiр-бiрiмен ерекше байланысты. ²Меншiгi жоқтардың меншiк иелерiне бағыныштылығының тұрақты және өзгермейтiн тәртiбi² қоғамдық өмiрдiң заңдылығы болып табылады. Бұл екi топтың қарама-қайшылығын жою мүмкiн емес, ондай қоғам жоқ.Штейннiң қоғам мен мемлекет және олардың арақатына-сына көзқарасы Гегель идеяларының ықпалында болып келедi.Штейннiң концепциясында қоғамның индивидтердiң қара-пайым аморфты көпшiлiгiнен айырмашылығы, ондағы адамдар-дың бiр-бiрiне үнемi және жан-жақты бағыныштылығы. Сон-дықтан қоғамда еркiндiк үшiн негiз жоқ. Қоғамның жоғарғы формасы мемлекет, онда қоғамды құраған адамдардың әр алуан индивидуалдық ерiктерi мен әрекеттерiнiң органикалық тұтастығы бекiтiледi. Мемлекет жалпы ортақ ерiкке қызмет етедi. Өзiнiң ұйымдасуы мен мақсатына қарай тек мемлекет еркiндiктi қамтамасыз етедi.Қоғам мен мемлекет өзара әрекетiнде бiр-бiрiне қарсы тұрады. Қоғам мемлекеттi өзiне ұқсас етiп құрғысы келедi, ал мем-лекет өзiне тиiмдi қоғамдық құрылысты қалайды. Қоғамнан жоғары тұрған мемлекет жетекшi ретiнде қоғамдағы әртүрлi таптар арасындағы тепе-теңдiктi ұстап тұруы тиiс.Егер атқарушы билiк заң шығарушы билiкке адал қызмет етсе ғана мемлекет өзiнiң басты рөлiн орындай алады. Мұндай жағдайда қарапайым мемлекет құқықтық мемлекетке айналады. Штейн — ² басқару құқығы конституцияға сүйенетiн және заң-дар мен атқару бұйрықтары арасы құқықтық түрде ажыратыл-ған² құқықтық мемлекеттiң жақтаушысы. Құқықтық мемлекет-тiң тиiмдi нысаны ретiнде Штейн конституциялық монархияны атайды. Штейннiң пiкiрiнше, монарх орталық тұлға ретiнде қоғамдағы партикулярлық мүдделерге жол бермей, жалпыға ортақ мүдделердi қамтамасыз ете алады.Штейннiң бiрқатар идеяларын таптық қайшылықтан тыс ²әлеуметтiк монархия² ретiндегi Герман империясының аполо-гиясы үшiн пруссиялық канцлер Бисмарк және өзге саясаткер-лер қолданды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Мұхамедов, Сатершинов Б. Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Алматы, 2003.
2. История политических и правовых учений (под ред. Мокичева, М., 1971 –т. 1; М., 197 –т.)
3. История политических и правовых учений (под ред. А. Лейтса) М., 1978
4. История политических и правовых учений. М., 1983 (под ред. Нерсесянца В.С.)
5. История политических и правовых учений. М., 1988 (под ред. Нерсесянца В.С.)
6. Источники по истории политических и правовых учений. Учебное пособие (сост. Золотухина Н.М., Плоткина С.Я., Розин Э.) М., ВЮЗИ, 1981
7. История политических и правовых учений (Домарксистский период) М.: Юрид. Литература 1991
8. История политических и правовых учений (Древний мир), Москва, Наука 1985
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница | | | ГОРОД БЕЗ ИМЕНИ |