Читайте также: |
|
«Эксперименталды психология» курсы университетте психолог мамандарды дайындаудың фундаменталды негізінің және ғылыми зерттеулердің негізгі тәсілдерін меңгеруді және принциптерін түсіндіруді құрайды. «Эксперименталды психология» курсын меңгеру барысында студенттер эксперименталды зерттеуді өткізу заңдылықтарымен танысады, оның негізгі әдістерін меңгереді және оларды өз еркімен қолдануға үйренеді. Осыған байланысты бұл пәннің өткізілу барысында практикада материалдарды бекітетін, қажетті дағдыларды қалыптастыратын дәрістер мен практикалық сабақтарға көңіл бөлінеді.
Эксперименттік психология курсының мақсаты және міндеттері.
«Эксперименталды психология» курсының мақсаты - студенттерді эксперименталды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті білім меңгерген, өз еркімен зерттеу жүргізуге жаттықтыру болып табылады.
«Эксперименталды психология» курсының міндеттері:
- психология дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқада эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту;
- психологиялық экспериментті жоспарлап, және оны ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту;
- эксперименталды зертеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі;
- ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін және эксперименталды жұмысқа бағытталуын қадағалау.
«Эксперименталды психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет:
- эксперименталды психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білуі керек;
- эксперименталды психологияның өзекті мәселелерін білуі керек;
- психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымда\рды білуі керек;
- теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек;
- психологиялық эксперимент ерекшелігін, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы, әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек.
«Эксперименталды психология» пәнін оқыту нәтижесінде студент меңгеруі қажет:
- практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
- түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
- психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек;
- зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек.
«Эксперименталды психология» курсын оқудағы студенттердің осы пәннің негізгі мазмұнын меңгеруі шеңберінде оқытылатын мәліметтерді өңдеуде математикалық статистикалық аймақтағы білімдердің қатысуын, сонымен қатар қалыпты және патологиялық заңдылықтардың білімдерін болуын талап етеді.
«Эксперименталды психология» курсы келесі пәндермен байланысты: психодиагностика, педагогикалық психология, психологиядағы математикалық әдістер, жеке адам психологиясы, психология бойынша прктикум.
«Эксперименталды психология» курсын оқыту нәтижесінде студенттер негізгі білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгереді. Студенттерге «Эксперименталды психология» курсын оқыту нәтижесінде эксперименталды зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктерін және жеткілікті білім қорларын пайдалану ұсынылады.
Курстың мазмұны дәрістерде ашылып, семинар, лабороториялық сабақтарда бекітіледі. Курстың негізгі тарауларына, арнайы әдебиеттерді конспектілау мен реферат жазуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмыстары қарастырылған.
Студенттердің білімін тексеру қорытынды тест түрінде жүргізіледі. Курсқа 135 сағат берілген: дәріске-45 сағат, СОӨЖ-на -45 сағат, СӨЖ –на 45 сағат.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кешенінің мазмұны | | | Пәннің мазмұны |