Читайте также: |
|
«Эксперименталды психология» курсы 050103- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда маңызды орын алады. Курс студенттердің болашақ педагогикалық-психологиялық қызметінде қажет білімдері мен біліктерін пайдалану мақсатында «Эксперименталды психология» пәні бойынша теориялық және практикалық дайындықтарына бағытталған.
Курстың пәні «Эксперименталды психология» пәнін оқытуда білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесі болып табылады.
«Эксперименталды психология» курсын оқытудың обьектісі экспериментті өткізу техникасы мен процедурасын, теориялық ұғымдардың реті болып табылады. Оқыту әдістері болып дәрістік және практикалық сабақтар (семинар) саналады. Эксперименталды психологияның даму тарихына төмендегідей кезеңдер кіреді: педагогикалық және медициналық міндеттерге байланыстағы эксперименталды әдістердің дамуы, ғылыми жаратылыстану циклндағы ғылымдармен сабақтастық аспектілері, обьективті зерттеу әдістеріндегі психологияның даму қажеттілігімен байланысы.
Аталған курс сегіз бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім «Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері» деп аталады, онда психологиялық ғылымның жалпы жүйесінде қазіргі заманғы эксперименталды психологияның мақсаттары мен міндеттері, эксперименталды психологияның принциптері, негізігі ұғымдар мен бағыттар, оның негізгі зерттеу әдістері қарастырылады.
«Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістері» деп аталатын екінші бөлімде әдіснама, әдіс және әдістеме мәселелері, эксперименталды психологияның дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері т.б. мәселелер қарастырылады.
«Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу» деп аталатын үшінші бөлім эксперименталды психологиядағы ұйымдастырушылық әдістер мен эмпирикалық әдістерді, психологиялық зерттеу кезеңдері жайлы мәселелерді қарастырады.
Төртінші бөлім «Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері» деп аталады, бұл бөлім бақылау мен эксперименттің өтілу барысы мен техникасы бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті, психологиялық зерттеу кезеңдерін қарастыруға ерналған. Бесінші бөлім, «Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері» деп аталады. Бұл бөлімде экспериментте зерттеуші мен сыналушының қарым-қатынасы, оның тұлғасы мен іс-әрекеті, мотивациясы, эксперимент жүргізудің этикасы қарастырылады.
Алтыныш бөлім «Экспериментті жоспарлау» деп аталады, бұл бөлім эксперименттің валидтілігі, оның түрлерін, болжам және оның түрлерін, тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу мен шкалалау тәсілдерін, экспериментті жүргізудің кезеңдерін қарастыруға бағытталған.
«Алғашқы мәліметтерді өңдеу» деп аталатын жетінші бөлімде нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері, мәліметтерді өңдеу әдістері, факторлық талдау әдістері мәселелері қарстырылады.
Сегізінші бөлім, «Ғылыми нәтижелерді ұсыну» деп аталады, онда эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері, зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну формалары, ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар туралы мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Курсты меңгеру оқытудың ақпараттық- дамытушы, практикалық, көрнекі әдістері қолданылатын дәрістік, практикалық сабақтар және СОӨЖ сабақьары барысында жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 257 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Алғы сөз | | | ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ |