Читайте также: |
|
* 4 сынып мұғалімі сыныпқа кіріп, серуенге баратындықтан оқушыларға сабақтың болмайтынын айтты. Ол үшін тезірек үйлеріне оқулықтарын апарып тастап, мектептің қасына жиналуды сұрады. Марат тезірек бару үшін терезеден секіріп кетті. Оны көрген мұғалім Маратты сыныпқа қайтарып алды да, ұзақ уақыт бойына, шыдамдылықпен оның ақылсыз қылығын түсіндірді. Мараттың көзінде жас пайда болды. Мұғалім бұл жасты баланың өкінуі деп білді, ол баланың өзін аяп кетті.
Мұғалім сөз соңында тәрбиені жүйеге келтірейін деп:
-Марат! Сенің атаң соғыс батыры. Сен үйге бар да әжеңнен сұра, сенің атаң қашан болса да терезеден секірді ме екен.
Келесі күні Марат қол көтеріп отыр.
-Марат, саған не керек?
-Мұғалім, сіз маған айтқансыз, менің атам терезеден секірді ме- деп.
-Ендеше не болды?
-Иә,сұрадым.
-Не бопты?
-Жоқ секірмепті
-Мінеки, көрдіңдер ме балалар –деп мұғалім балаларға қарады.
-Бірақ әжем айтқан, атаңның басқа оқиғасы бар деп. Бірде атаңды сабақтан кейін қашып кеткісі келгені үшін алып қалып, атаңды сыныпқа қамап кетіпті. Содан атам түтін шығатын жол арқылы, яғни тұрба арқылы, шатырға шығып, секіріп түсіпті.
Міне, содан барлығы таң қалып, атамның портретіне қарайтын болды. Енді түсініпті, атамның неліктен «батыр» атанғаны.
Мұғалімнің балаларды өзін-өзі тәрбиелеуде жетекшілік етудегі қатесін талдаңдар.
* Мектепке бірінші сынып оқушысы келгенде, В.А.Сухомлинский мамасы үшін, папасы үшін және тағы басқалар үшін алма ағашын отырғызды. Бала ағаштарды баптап күтті. Ал ағаштар жемісін берген кезде, бала ең бірінші мамасына алып берді. Міне, В.А.Сухомлинский қандай жұмыс істеген.
Осы жұмыстың тәрбиелік мәнін талдаңдар.
*Орта мектеп бітірген жас қыздың хаты: «Мен – жанұяда жалғызбын. Менің ата-аналарым жоғары қызметтерде жұмыс істейді. Бізбен бірге әжеміз тұрады. Мен 19 жастамын. Мен еш жерде оқымаймын да, жұмыс та істемеймін.
- Неліктен?
- Істегім келмейді! Маған уақыт өтпейді. Менің өз телефоным, бейнемагнитофоным, фирмалық дискілерім бар. Өз «жигулиіммен» қалада қыдырамын.
Бірақ маған сонда да уақыт өтпейді (олардың барлығын маған 18 жасымда сыйлады). Маған бәрі қызығады.Менде 7 джинси костюм, велюрден, замштан тігілген костюмдар, дубленка, етік, туфлилер бар. Бұның бәрі өзгелерді қызықтырады, ал бұның бәрі мені жалықтырады. Мен өмір сүруге, бірдеңе істеуге жалығамын. Үйдегі барлық жұмысты әжем істейді. Әжем 85 жаста. Әжем қартайды, ол кісі өмірден жуықта кетеді деп ойласам, маған қорқынышты болады. Мен қорқамын, себебі, әжем өлсе, барлық жұмыстың маған қалатындығына. Менде ата-анаммен үнемі келіспеушіліктер болып тұрады. Олар маған ұрсады, себебі, мен не оқымаймын, не жұмыс істемеймін. Бірақ мен олардың сөзіне үйреніп кеттім.
Маған көмек, кеңес беріңіздерші. Мен не істеуім керек?
*Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 7-сыныпқа сабақ беруде. Т. есімді оқушы сабақтың басынан бастап сабақта шулап, жұмыс істемейді, сынып ішінде жүрді де қойды. Мұғалімнің ескертуіне қарамады.
Т. есімді оқушының тәртібі бүкіл оқушыларға әсер етуде. Олар да оған ескерту жасауда. Ақыр соңында Т-ға мұғалім сынып бөлмесін босатуды өтінді. Бұл өтініш те Т-ға әсер етпеді.
Мұғалім:
-Дауысқа салайық, балалар, Т-ның сыныптан шығып, бізге жұмыс істеуге кедергі келтірмеуіне кім келіседі? Қолдарыңды көтеріңдер.
Көпшілігі қолдарын көтерді. Тек екі бала сынып ұжымының шешімін қолдамады. Сол кезде Т. сыныптағы қол көтерген балаларға қарады да, қызарып кетті. Оқушы сабақтарын әрі қарай жалғастыра берді.
*Бір-екі күн турасында маған дәрігер келді де, сабақтан кейін барлық ұл балаларды менің кабинетіме егілуге алып кел деді. Балалар үрейленіп, қорқып қалды.
-Міне, керемет жағдай туды. Біздің сыныптың ұлдарының қайсысы ержүрек, батыл, қайсысы қорқақ екенін білеміз,-дедім.
-Кәнеки, үш қыздан тұратын комиссия құрайық. Ол қыздар біздің сыныптың ұлдарын дәрігердің кабинетінде бақылайды. Дәрігердің кабинетіне Анар, Айгүл және Сара келді. Біздің сынып ұлдарының бәрі де ержүрек, батыл болып шықты.
* Бір қыз бала газетке хат жазады: «Құрметті редакция. Біздерде жарыс туды: кім әртүрлі қалалардан көп хат алады деп. Құрметті редакция. Маған хат жазыңызшы. Осы газетті оқитын балалар да хат жазсыншы! Әйтпесе, біз жеңіліп қаламыз. Түсінесіз бе, егер кімде-кім өте аз хат алатын болса, ол екі ай бойына сыныпта тазалық жұмысын жүргізетін болады. Ал, жеңімпазды жарысқа алады».
6 сыныпта оқитын Сара есімді қыз әдемі әр түрлі фломастерін сыныпқа алып келді. Оны оған институтта оқитын ағасы сыйлаған еді. Бірақ үшінші сабақтан кейін Сараның фломастері жоғалып кетті. Сара жылап сынып жетекшісі Ораз Қалиұлына келді. Сынып жетекшісі сыныпқа кірді де, көзілдірігін шешіп, бүкіл оқушыларға асықпай назар аударып қарап шықты. Бір кезде көңілденіп бүкіл сыныпқа:
-Балалар, ешкім де Сараның фломастерін ұрлаған жоқ қой. Мен бұл жерде ойын, әзіл болар еді деп тұрмын. Отызға дейін санаймын. Бәріміз тақтаға назар аударып қарайық.
Ораз Қалиұлы сынып аралай жүріп, сиқыршы тәрізді қолын былғап жүрді және арасында «тақтаға қараңдар» деуді ұмытпады. Мұғалім сыныпты түгел аралап шығып, санап болып тақтаға келгенде, оның қолындағы фломастерді көріп оқушылар таң қалды. Оны Сараға берді.
-Қалай, қайдан?- деп оқушылар шуласты.
-Қолымның ептілігі-деп әзілдеді мұғалім. Ал енді, демалыңдар - үзіліс.
Балалар көңілденіп, үзіліске жүгірді. Үндемес Ақылжан қызарған бетімен кішкене кідіріп тұрды да, ол да жолдастарымен үзіліске шықты. Бірақ, бұны балалар байқамай қалды.
*Ақылжан 4 сыныпта оқиды. Ол сабақты жақсы оқиды, тәртібі де жақсы, тілалғыш бала. Бірде сынып жетекшісі Роза Маратқызы оқушылардың үйін аралады. Ақылжанға да келді. Ол үйде жалғыз екен. Роза Маратқызы Ақылжанмен әңгімелесе отырып, столдың үстіндегі фарфор кесеге көзі түсті.
-Бұны саған біреу сыйлады ма?
-Жоқ, оны бұрында мамам сатып алған. Тиын салғыш қой.
Мұғалім көтеріп көргісі келіп еді, ауыр екен. Ішінде көп ақша салынғаны көрініп тұр.
-Барлық отбасыңызбен жинадыңыз ба?
-Иә. Бұл менің 1 сыныпқа барғанымнан бері жиналып келеді,-деп Ақылжан қуанышпен жауап берді.
-Сен қазірден бастап ақша тауып жатырсың ба?-деп мұғалім қызығушылық білдірді.
-Жоқ, мамам мен папам ғой, менің оқуым мен тәртібіме беріп тұрады.
-Бұл қалай сонда?
-Егер «5» алсам 20 тенге, мен оны ыдысыма салам.
-Ал «4»-ке ше?
-10 тенге. Егер «3» алсам 5 тенге. Ал тәртібім жақсы болса, тұтас жүз тенге береді.
-Мұғалім:-Бұл ақшаларды неге жұмсамақсың?
-Әлі білмеймін. Бірақ, мамам айтады, осылай жинап-жинап бір киім алуыңа болады,-дейді.
* 6 сыныптың жетекшісі табиғатты жақсы көреді. Сынп жетекшісі қолы бос уақытта өз тәрбиелеғнушілерін алып қала шетіне шығып жүрді Қыркүйек айының бір демалысында балаларды алып, жақын жердегі орманға саяхатқа жиналды. Сынып жетекшісі балаларға табиғаттың сұлулығын әңгімеледі. Балалар секер қызылшасын жинаған жұмысшылардың жұмысын қызықтады. Сынып жетекшісі балалардың «неге, неге?» деген сұрағына жауап беруде.
Балалар үйлеріне үлкен әсер алып, қызығушылықпен тарады. Келесі күні көрген-білгендерін айтып тауысар емес. Кейбір сынып жетекшілері бұл сыныптың серуенін ұнатпады. Өздерінің түрлі көзқарастарын білдіріп жатты.
* Төрт тоғызыншы сынып шілде айында еңбек және демалыс лагеріне барды. Олар палаткаларға орналасты. Әр сыныптың жас аспаздары тамақ әзірледі. Олардың жұмыстары түрліше болды: қызанақ, қияр тазалап, жинап жұмысшыларға көмектесті. Балалар сүт өнімдері фермасының жұмысымен танысты. Айлық тез өте шықты. Көпшілігі лагерьде тағы да 10 күнге қалуға ынта білдірді. Бірақ басқа да топтарға кезек беру керек болатын.
* Өз-өзіне қызмет көрсету кезінде 6 сынып жетекшісі Роза Маратқызына әрқашанда қиыншылықтар кездесіп отырды. Роза Маратқызы алтыншы сабақтан кейін қалса, сыныпты тазалап жинағанда оқушылар жұмысты таза, ұқыпты, жауапкершілікпен істеп жүрді. Ал, Роза Маратқызының алтыншы сабақтан кейін жоқ екенін білсе, оқушылар дұрыс орындамайды, үйлеріне кетіп қалады. Ертесіне Роза Маратқызы мектеп директорынан сөз естіп қалып жүрді. Содан кейін бүкіл сынып жетекшілеріне 6-сабақтан кейін қалу керектігі туралы ескертіледі, тазалауды ұйымдастыруды қадағалау ескертіледі. Кейбір мұғалімдер «тек қана оқушыларда жауапкершілікті қалыптастыра алмағандар қалсын» -деп жатты.
* Саматтың отбасында оқуға, спортқа көңіл бөлінеді. Оны 5 жасынан бастап оқуға әзірледі. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің бағалауынша, Самат ұқыпты, ынта қызығушылығы бар оқушы. Еңбек сабағынан да жақсы бағалар алады. Бірақ өз-өзіне қызмет көрсетуді ұнатпайды. Дене еңбегін ұнатпайды, үйде де үй шаруасынан ештеңе істемейді.
* Орыс тілі пәнінің мұғалімі 9 сыныпқа пікірталас өткізгісі келді. «Әдебиет. Ол маған не береді?» деген тақырыпта. Көптеген оқушылар әдебиеттің адамның қалыптасуындағы, сезімдердің қалыптасуындағы рөлі туралы қызықты әңгіме қозғады. Оқушылар Лермонтов, Пушкин, Тютчев өлеңдерін, Тургенев, Толстой, Шолохов прозаларынан үзінділер оқыды. Оқушылардың кейбір бөлігі өз пікірлерін білдірді. Бұл шараның тәрбиелік мәні неде?
* Педуниверситеттің студенті педагогикалық машықтан өтуге ауыл мектебіне жіберілді. Ал, ол өзі қаладағы орта мектепті бітірген еді, ауылды білмейді. Машығы жақсы өтіп, көп әсер алып келді. Т.В. өзінің курстастарымен машығы туралы бөлісті.
–Мені ауыл балаларының әсемдікті сезінуі таң қалдырды,-деді. Оларда өте ерекше әсемдікке деген көзқарас қалыптасқан. Мені жұмысқа шақырды. Таңғы сағат 4-те шықтық.. Таң атып келеді. Балалар күннің шығуына таң қалып, таңғы шықты ұстап көрді. Мен балаларға да, табиғат сұлулығына да таң қалдым. Мен ауыл балаларында мұндай жоғары деңгейдегі эстетикалық тәрбие барын бұрын ойламаппын.
-Сен қателесесің-деді Сара. Бұл ешқандай да эстетикалық тәрбиені түсінушілік емес. Олар музыкадан, бейнелеу өнерінен хабары бар ма екен, театрда болып көрді ме екен?
-Әңгіме бұнда емес, - деді Т.В.
-Эстетиканы қалыптастыратын тек қана музыка, театр емес қой - деді Т.В.
Сіздің пікіріңіз?
* Саматтың ата-анасы баласының жан-жақты дамуына көп көңіл бөледі. Ол мектеп жанындағы спорт секцияларына қатысады. Ал, кешкісін анасы баласына музыкадан үйретеді. Бәрі Саматтың дарындылығына таң қалып, болашағы бар деп жүрді. Шынында да ол алғашқы екі тоқсан бойына «5»-ке оқып жүрді, ал екінші жарты жылдықта сабағы күрт нашарлап, тез төмендеп кетті. Спорттық көрсеткіші де нашарлады. Мамасы ашуланып ұрысса, қала шетіндегі апасына қашып кететінді шығарды.
Әкесі: «Балаға көп ұрысып, қинама»- деп ескертті. Анасы болса, баласының ақылды болғанын қалайды.
Ана тәрбиесіне көзқарасыңыз.
* Мектепке жас дене тәрбиесінің мұғалімі келді. Ол балалармен көптеген спорттық шаралар өткізуге уақыт табады: серуендер, саяхат, шаңғы ойындары т.б. Әрбір жексенбі сайын ол оқушылармен әртүрлі қызықты ойындар өткізіп отырды. Мектеп жанындағы шағын орманға барып тұрды. Кейде арасында жағымсыз жайттар да кездесті. Бір серуенде Марат қолын ауыртып, Олжас аяғына балтаны түсіріп алады.
Шаңғы жарысында да келеңсіз жайттар кездесіп жатты. Бірақ бәрі де тез ұмытылып, балалар алдағы жоспарлары туралы мұғалімдерімен ақылдасып отырды.
Бірде жексенбідегі шаңғы серуенінен кейін, дүйсенбі күні алты ұл бала, үш қыз бала сабаққа келмей қалды. Біреулері тұмауратып жатса, біреулерінің аяқ бұлшықеті ауырып қалған. Сынып жетекшісі мектеп директорына шағымданады. Балалар ылғи да дене тәрбиесінен кейін сабаққа түгел келмейтіндігі туралы айтылды.
Директор:
-Ал, балалар, бұған қалай қарайды?
Сынып жетекшісі:
-Балаларға қалай да сабақтан кетсе болды. Мектеп спортзалына теннис, волейбол ойнасын.
Директор ойланып қалды да, ертесіне дене тәрбиесі маманын шақыртып алды да, орманға, тауға серуендеуді қысқарту керектігі айтылған бұйрықты ұсынды. Оқушылардың денсаулығына зиян деп шешті. Сөйтіп, балалар мен директор арасында даудамай туды.
*8 сыныпқа сынып жетекшілікке жас мұғалім тағайындалды. Ол қыркүйекте оқушыларға сауалнама жүргізді. Мынадай сұрақтар қойылды:
-7 сыныпта сендерде қай пәндерден қиындықтар болды және олар неге байланысты?
-Тоқсан соңында қанағаттанбаған бағаларың болды ма? Неліктен?
-Сендердің араларыңнан кім озат оқиды?
-Сендерге оқуда жолдастарыңның көмегі керек пе?
-Сендер өз жолдастарыңның арасынан кімге көмек көрсетер едіңдер?
-Кімге жекелей көмек керек?
-Өз сыныптарында болған қиын, сәтсіз жағдайды айта аласыңдар ма?
-Қай мұғалімнің сабағында қиындықтар туындайды, неліктен?
Бұл неліктен қажет?
* 6 сынып оқушысы Алмас мектептегі «қиын» бала атанды. Оның мұғалімдермен де, жолдастарымен қарым-қатынасы нашар болды. Оған балалар «Байпақ» деп ат қойды. Мұғалімдердің бәрі сынып жетекшісіне Алмас жөнінде шағымданып, оған бір шара қолдануды талап етеді. Сынып жетекшісі Алмастың бұл мәселеден шығудың жолын іздеді. Сынып жетекшісінің бұл сыныппен жұмыстанғанына бір жыл болды. Сондықтан, сынып жетекшісі оқушылардың ата-анасымен танысып үлгермеді. Алдағы жексенбіге Алмастың ата-анасымен танысу сынып жетекшісіне ешқандай нәтиже бермеді. Өйткені Алмастың әкесі арақ ішеді екен, анасын ұрып соғады екен (4 баласы бар). Үйлері лас, сабақ оқуға мүмкіндік жоқ. Анасы болса - шаршаған, қорқып қалған әйел екен. Әкесімен болған әңгімеден ешқандай өзгерістің болуына үміттенуге болмайды.
Сынып жетекшісі ертесіне барлық осы сыныпқа сабақ беретін оқытушыларды шақырып алып, Алмастың ата-анасы жөнінде айтып түсіндірді. Балаға жылы, қайырымдылықпен қарауды ұсынды.
Бірде Алмас сабақта жоқта оқушыларға да оның ауыр халін айтып, оған деген қарым-қатынасын өзгертуді талап етті, «Байпақ» деген атты атамауларын ескертті.
Сынып жетекшісі бір жексенбіде Алмасты, көрші балаларды шайға шақырды, кітаптар қаратып, шашка ойнатты. Қонаққа шақыру бірнеше рет қайталанды. Ал, Алмастың туған күніне балалар шашка сыйлады. Сынып жетекшісі Д. Медведеваның кітабын сыйлады. Міне, сынып жетекшісі Алмаспен осы бағытта жұмыс істеді. Кейбір мұғалімдер бұл әрекетке күле қарап жүрді.
Сынып жетекшісінің әрекетін талдаңыздар.
* 7 сынып оқушылары өздерінің жаңадан тағайындалған жетекшілерімен қызығушылықпен танысты. Бұрынғы сынып жетекшісіне бұрын өткізген істерін айтып берді. Олар биыл да солай өткізуді, ұйымдастыруды ұсынды. Бірақ сынып жетекшісі жұмысты «өзімнің жоспарым» бойынша өткіземін деді.
Балалардың сынып жетекшісімен қарым-қатынасы бұрынғы жетекшілеріндей болмады. Олар енді өз ұсыныстарын айтпады. Ал мұғалімге «өз жоспарын» орындау күннен күнге қиындай түсті. Неліктен?
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 2717 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Социометрия әдісі | | | Білімді бағалау жөніндегі мәлімет |