Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы.

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  4. Тақырып 10. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
  5. Тақырып 11. Халықаралық шарттар құқығы
  6. Тақырып 2. Халықаралық құқықтың даму тарихы
  7. Тақырып 3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері

Г.И. Тункин шабуыл жасамау және халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидаларының арақатынасын қозғай отырып, бұл екi қағида бiр медальдың екi жағы сияқты деп атап өттi. Егер мемлекет өзiнiң басқа бiр мемлекеттермен қатынасында күш қолдануға тыйым салатын болса, тиiсiнше мұндай мемлекеттермен туындаған дауларды да бейбiт жолмен ғана шешуi тиiс. Сонда дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы, осы дауларды реттеу үшін күш қолданбау керек дегендi бiлдiредi.

Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу, халықаралық құқық қағидасы ретiнде алғаш рет соғыстан бас тарту туралы 1928 жылғы Париж шартында бекiтiлген едi. 1928 жылғы Париж шартынан кейiн туындаған дауларды бейбiт жолмен шешу басқа да бiрқатар мемлекетаралық келiсiмдерде, сондай-ақ Ұлттар Лигасының резолюцияларында да халықаралық құқықтың қағидасы ретiнде танылды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн осы қағида БҰҰ Жарғысында, атап айтқанда 2 баптың 2 бөлігінде бекiтiлдi: “БҰҰ-ның барлық мүшелерi халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке және ақиқатқа қауiп төндiрмеу үшін, өз дауларын бейбiт құралдар арқылы шешедi”.

Дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасын дұрыс түсiну үшін “халықаралық дау” түсiнiгiн айқындаудың маңызы зор. Халықаралық дау деп қандай да бiр мемлекеттердiң арақатынастарында реттелмеген мәселелердiң, алауыздықтың болуы, халықаралық өмірдегi түрлі проблемалар бойынша келiсе алмаушылық, сондай-ақ халықаралық шарттар, келiсiмдер және өзге де актiлердi талдау негiзiндегi қайшылықтардың болуын айтамыз.

БҰҰ Жарғысында даулар халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қауiп төндiретiн даулар және қауiп төндiрмейтiн даулар деп екiге бұлiнген.

Дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы дауды бейбiт жолмен шешудiң белгiлi бiр іс-жосығын алдын-ала бекiтпейдi. Дауларды бейбiт жолмен реттеу құралдарының көлемдi тiзiмi БҰҰ Жарғысының 6-тарауында мазмұндалған. БҰҰ Жарғысының 33 бабының 1 бөлігіне сәйкес: “Кез келген дауға қатысушы тараптар, егер дау халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қатер төндiретiн болса, онда дауды ең бiрiншiден келiссөздер, зерттеулер жүргiзу арқылы, жарастырушылық, татуласу, төрелік, сот талқылауы, аймақтық органдарға және келiсiмдерге жүгiну арқылы немесе өз таңдаулары бойынша басқа да бейбiт құралдар арқылы шешуге тырысулары қажет”. Мұнан басқа БҰҰ Жарғысында даулы мәселелердi Бас Ассамблея мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешу мүмкіндiгi көзделген.

Мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы. 1970 жылғы Декларацияда осы қағида күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының бiр бөлігі ретiнде баян етiлген. Мемлекеттердiң аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған әрекеттердiң iшiнде күш немесе қауiп-қатер күшiн қолдану ерекше орын алады. Қарастырылып отырған қағиданың тұжырымдамасында мемлекеттердiң кез-келген мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi мен бiрлiгiне қарсы бағытталуы мүмкін кез-келген әрекеттерден тыйылуы жөнiнде сөз бар.

Сөйтiп, кез келген мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi мен бiрлiгi оның аумақтық тұтастығымен тығыз байланысты.

Басқаның аумағын жаулап алудан бас тарту алғаш рет француз революциясында жарияланған болатын. Мемлекеттiк аумақтың мызғымастығы мен тұтастық қағидасының қалыптасу тарихында халықаралық дауларды шешу құралы ретiнде соғысқа халықаралық-құқықтық тыйым салу маңызды оқиғаның бiрi болды. 1975 жылы Хельсинкидегi Қорытынды Актiге қол қойған барлық мемлекеттер үшін мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы мiндеттi болып табылады, мұндай мiндеттiлiк екi себеппен түсiндiрiледi.

1. 1970 жылғы Декларацияның тиiстi ережелерi өздерiнiң негiздеулерiнде барлық мемлекеттер үшін мiндеттi болып табылатын жалпы халықаралық құқық қағидасын бейнелейдi.

2. Мемлекеттер “осы қағидаларды өзара арақатынас пен ынтымықтастықтың барлық аспектiлерiнде қолдануға, әрбiр қатысушы - мемлекетке осы қағидаларды барлығының құрметтеуi мен қолдануынан келiп шығатын артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін толықтай құрметтеуге” өздерiнiң дайын екендiктерiн бiлдiрдi.

Шекаралардың мызғымастық қағидасы. Шекаралардың мызғымыстық қағидасының мәнi бұл қағиданың соғыс пен бейбiтшiлiк мәселелерiн шешудегi ұзақ мерзiмдi тәжiрибемен қамтамасыз етiлгенiмен айқындалады. Осы қағиданы қолдану әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан саяси және аумақтық болмыс шарт-жағдайларындағы барлық мемлекеттер үшін ақиқатты қауiпсiздiктi бекiту сұранысының жинақталған көрiнiсi болып табылады.

Бұрындары шекаралардың мызғымастық қағидасы халықаралық құқықтың жаңа қағидасы деп аталып келдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жарғылық ережелерi кез-келген мемлекеттiң аумақтық мызғымыстығына немесе саяси тәуелсiздiгiне күшпен қол сұғуға тыйым салады. Осылайша мемлекеттердiң аумақтық мызғымыстығын қорғай отырып және оны бұзу үшін күш қолдануа тыйым сала отырып, БҰҰ Жарғысы шекаралардың мызғымыстық қағидасын басшылыққа алады.

Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы. 1975 жылы Еуропада қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Кеңесте Еуропаның даму жолдары туралы пiкiрталасына белгiлi бiр қорытынды жасалды. Хельсинки Кеңесi мемлекеттердiң қарым-қатынасы дербес теңдiк, дербестiкке тән құқықтарды қорғау қағидаларына негiзделулерi қажет екендiктерiн растап бердi.

Дербес теңдiк қағидасы қарама-қайшы қоғамдық жүйелерi бар мемлекеттердiң теңқұқықтарын мойындауды бiлдiредi. 1975 жылғы Қорытынды Актiде дербестiкке тән құқықтардың толық тiзiмi берiлмеген. Құжатта әлемдiк бiрлестiктiң қауiпсiздiгi үшін аса маңызы бар бірнешеуi ғана көрсетiлген.

Ең алдымен, дербес теңдiк элементтерiнiң бiреуi - әрбiр мемлекеттiң заңи теңдiкке деген құқығы аталған. Дербес теңдiктi мойындау, мемлекеттердiң тәуелсiздiгiн құрметтеу - мемлекеттердiң әлемдiк аренада бейбiт қатар өмір сүру саясатының басты элементi болып табылады. Осы қағиданы халықаралық құқықтың негізгi қағидалар жүйесiне енгiзу бейбiтшiлiктi сүйетiн күштердiң халықаралық қауiпсiздiк үшін күресiнiң үлкен жетiстiгi болып есептеледi. Қазiргi заманның басты мақсаты осы қағидалардың халықаралық проблемаларды шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету.

Iшкi iстерге қол сұқпаушылық қағидасы. Мемлекеттердiң бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпауы туралы мәселе феодализм дәуiрiнде пайда болған едi. Бұл кезеңде қол сұқпаушылықты құқықтық норма ретiнде шарттық ресiмдеу - өте сирек кездесетiн құбылыс болатын. Ол халықаралық құқықтың жалпы қағидасы ретiнде буржуазиялық революция кезеңiнде қалыптасты. Бұл қағида кез келген мемлекеттiң құзiретiне қол сұғатын барлық әрекеттерден тыйылу мiндетiн бiлдiредi. Қағиданың заңдық мазмұны 1970 жылғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы Декларацияда баяндалған. “Ешқандай мемлекет өзiнiң дербес құқықтарын жүзеге асыру барысында және одан қандай да бiр артықшылықтарға ие болу үшін басқа мемлекеттi өзiне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси шараларды немесе кез-келген басқа сипаттағы шараларды қолдана да, көтермелей де алмайды.

Ешқандай мемлекет сондай-ақ басқа мемлекеттiң құрылымын зорлық-зомбылық жолымен өзгертуге бағытталған қарулы, зиянкес немесе террорлық әрекеттердi ұйымдастырмауы, көмектеспеуi, шағыстырмауы, қолдамаулары тиiс”. Бұл нысанның маңызды құндылығы - оның сипатының қатаңдығы мен үзiлдi-кесiлдi екендiгiнде. Кез-келген тiкелей немесе жанама қол сұғушылыққа тыйым салынады. Қол сұғушылық ешқандай себептермен ақтала алмайды. Халықаралық құқықтық және саяси әдебиеттерде мемлекеттердiң пайдаланатын қол сұғу шараларына байланысты әскери, экономикалық, саяси, дипломатиялық және қол сұғушылықтың өзге де нысандары қарастырылған, дегенмен де олар iс жүзiнде бiр-бiрiмен байланысты болып келедi.

Халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасы. Бұл қағида орталықтандырылған абсолюттi монархияның орнаған кезеңiнде, 15-16 жүзжылдықтарда пайда болды. Хельсинки құжаты осы қағиданы бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк және ынтымақтастықтың маңызды шарт-жағдайы деп таниды. Бұл байланыс алғаш рет бейбiтшiлiк туралы тарихи Декретте және Қазан социалистiк революциясының өзге де маңызды актiлерiнде көрiнiс тапқан болатын. Халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасының тұжырымдамасында халықтардың өздерiнiң саяси мәртебесiн айқындауы туралы былай делiнген:

* басқару нысанын еркiн таңдау;

* өздерiнiң мемлекеттiк құрылымын айқындау;

* өзiнiң саяси, әлеуметтiк және мәдени дамуын өз қалауынша жүзеге асыру;

* мемлекеттiң аумақтық тұтастығын қорғау.

Осындай құқықтардың жүзеге асуы халықаралық құқықтың қорғауында болады. Халықтардың өздерiнiң iшкi саяси мәртебесiн еркiн айқындауларына кедергi келтiру мақсатында мемлекеттердiң iшкi iстерiне қол сұғу басқыншы - мемлекеттерге тән сипат.

Мемлекеттердiң ынтымақтасу қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер өздерiнiң ынтымақтастықтарын барлық салалар бойынша дамытуға мiндеттенедi. Егер 1975 жылғы Қорытынды Актiмен 1970 жылғы Декларациядағы осы қағиданың тұжырымдамасын салыстыра қарағанда, мемлекеттердiң бұл қағиданы материалдық мазмұн жағынан толықтыруға тырысқанын байқауға болады. Егер 1970 жылғы Декларацияда ынтымақтасудың бiр мақсаты ретiнде “халықтардың жалпы тұрмысын жақсарту” үшін жәрдемдесу көзделсе, ал, Қорытынды Актiде бұл ереже нақтылана түседi: мемлекеттер, өздерiнiң ынтымақтасуын дамыта отырып, халықтардың тұрмысын көтеруге, соның iшiнде экономикалық, ғылыми, техникалық, әлеуметтiк, мәдени және гуманитарлық салаларда таралып келе жатқан өзара таныстықтардан келiп шығатын пайданы қолдануға тырысады.

Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы. Осы қағиданың мазмұнына сәйкес, мемлекеттер тек азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды да сақтауды өздерiне мiндет етiп жүктейдi. Сөйтiп, тәуелсiздiкке тән дербес теңдiк және құқықтарды құрметтеу қағидаларын орындай отырып, мемлекеттер бiр-бiрiнiң өздерiнiң саяси әлеуметтiк, экономикалық және мәдени жүйелерiн еркiн таңдау және дамыту құқықтарын құрметтеуге мiндеттенедi.

Қазiргi заманғы халықаралық қатынастарда, баяғы қалпынша адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын апартеида, геноцид, нәсiлшiлдiк сипаттарында дөрекi және жаппай бұзу әлi де орын алып келедi.

Халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы. Х алықаралық құқықта ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиiс – pacta sunt servanda - деген қағида бар. Ол кейiн БҰҰ Жарғысының Кiрiспесінде көрiнiс тапты. Онда БҰҰ мүшелерiнiң “халықаралық құқықтың шарттарынан және басқа да қайнар көздерiнен туындайтын мiндеттемелердiң әдiлдiгi мен құрметтелуiнiң сақталуына шарт-жағдайлар қалыптастыруға” бел байлағандары атап көрсетiлген. БҰҰ Жарғысының 2 бабының 2 бөлігіне сәйкес, барлық мүше - мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықаралық мiндеттемелердi адал орындауға мiндеттi. Мемлекеттер өздерiнiң iшкi құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзiмi және орындалу жерi бойынша өздерінің мiндеттемелерiн адал орындаулары тиiс.

Кейiнгi жылдарда мемлекеттер арасында жасалып жатқан шарттар мен келiсiмдер адамзатты жаңа дүниежүзiлiк соғыс қаупiнен арашалауға бағытталған. Олар мемлекеттер арасындағы түрлі ынтымақтастық жүйесiн қалыптастыруды мақсат тұтады. Сондықтан да шарттық ережелердң орындалуы халықаралық бiрлестiктегi бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық келiсiмдерге қол қойылуының кепiлi бола алады.

2 тараудың бақылау сұрақтары:

 

1. Халықаралық құқық қағидасына анықтама берiңiз.

2. Халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларының құқықтық табиғатын айқындайтын халықаралық-құқықтық құжаттарды атап шығыңыз.

3. Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасының нормативтiк мазмұны қандай?

4. Туындаған дауларды бейбiт жолмен шешудiң тәсiлдерi қандай?

5. Қазiргi заманғы халықаралық қатынастардағы адамның құқықтары мен негiзгi бостандықтарын құрметтеу қағидасының маңызы неде?

6. Қазiргi заманғы халықаралық құқықтағы бейбiт қатар өмір сүру қағидасының мазмұнын айқындап берiңiз.

Әдебиеттер:

 

1. Во имя мира. Международно-правовые проблемы европейской безопасности.- М. 1977.

2. В.И.Кузнецов, Р.А.Тузмухамедов, Н.А.Ушаков. От Декрета о мире к Декларации мира. -М. 1972.

3. В.И. Менжинский. Неприменение силы в международных отношениях. - М. 1976.

4. Н.А. Ушаков. Невмешательство во внутренние дела государств. -М. 1971.

5. Б.М.Клименко, Н.А.Ушаков. Нерушимость границ - условие международного мира. - М. 1975.

6. Курс международного права в семи томах. М. 1989. Т. 2.

7. Устав ООН 1945 года.

8. Декларация о принципах международного права, касающихся дружественных отношений и сотрудничества между государствами в соответствии с Уставом ООН 1970 года.

9. Хельсинский Заключительный акт 1975 года.

 

ТАРАУ.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)