Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  4. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  5. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы
  6. Бюджеттік құқықтың, бюджет жүйесінің және бюджеттік проценттің ұғымы
  7. Дәріс тақырыптары.

1. Халықаралық құқық нормасының түсінгі

Халықаралық-құқықтық норма деп – мемлекеттер және халықаралық құқықтың өзге де субъектілерімен міндетті заңдық күші бар ретінде мойындалатын тәртіп ережесін айтады. Олар тек қана халықаралық құқық субъектілерінің келісімі арқылы жасалынады.

Халықаралық құқық жүйесінің ерекшеліктері, халықаралық норманың құрылымына әсер ететіне назар аудару қажет.

2. Халықаралық-құқықтық нормалардың жіктелуі

Халықаралық-құқықтық нормаларды әрекет ету шеңбері, реттеудің құқықтық әдісі, нормаларда көрсетілген нұсқаулардың сипаты, халықаралық-құқықтық реттеу механизімінде атқаратын рөлі және т.б. өлшемдер бойынша жіктеуге болады. Нормаларға арналған сұрақты, міндетті түрде олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші механизімді қарастырумен аяқату қажет.

3. Халықаралық құқық қайнар көзернің түсінгі

Халықаралық құқықтың қайнар көздері ретінде мемлекеттер және мемлекетаралық халықаралық ұйымдармен қабылданған, халықаралық нормаларды бекіту, ресімдеу нысандарын түсіну қажет. Жалпы «құқықтың қайнар көзі» деген термин екі мағынада қолданылады: материалдық және формальдық.

4. Халықаралық құқық қайнар көздерінің түрлері

Бүгінгі таңда, халықаралық құқықтағы қайнар көздері тізімін бекітетін, жалпы танылған халықаралық құжат жоқ. Халықаралық қарым-қатынас тәжірибесінде қалыптасқан халықаралық құқықтың келесі қайнар көздерін көрсетуге болады: халықаралық шарт, халықаралық әдет-ғұрып, халықаралық конференция және кеңестердің актілері, халықаралық ұйымдардың резолюциялары. Соңғы екі қайнар көзді кейбір ғалымдар (Мысалы, И.И.Лукашук) «халықаралық жұмсақ құқық» деп атайды. Әрбір қайнар көздің түсінгін және ерекшеліктерін қарастырып өту қажет.

5. Халықаралық құқықты кодификациялау және ілгері дамыту

Халықаралық құқықтың кодификациясы деп – халықаралық құқықтың субъектілерімен жүзеге асырылатын, халықарлық-құқықтық нормаларды жүйелендіруді айтады. Жүйелендіру барысында ескірген халықаралық нормалар жойылып, жаңа нормалар қабылданады, халықаралық құқықтың ілгері дамуы қамтамасыз етіледі. Кодификацияның ресми және ресми емес түрін ажыратады. 1947 жылы құрылған БҰҰ-ның халықаралық құқық бойынша комиссиясы, ресми кодификацияны жүргізуші басты орган болып саналады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 5, 6].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14, 33].

Қосымша әдебиеттер: [14, 27, 67, 79, 125, 130].

Электрондық оқулықтар: [1]

 

Тақырып 4. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары

1. Халықаралық құқықтағы негізгі қағидалардың түсінігі

Халықаралық құқықтық тәртіптің негізін қалаушы болып саналатын жалпы сипаттағы нормалар, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын құрайды. Қағидалар ең жоғарғы заңдық күшке ие болады, кез келген мемлекет саясатының заңдылығын анықтайтын басты өлшемдер болып табылады.

1969 жылғы «Халықаралық шарттар құқығы туралы» Вена Конвенциясының 53-бабында халықаралық құқықтың императивтті қағидасы (jus cogens), мемлекеттердің дүниежүзілік қауымдастығымен ешбір жағдайда бұзуға болмайтын және де тек қана осындай сипаттағы нормамен өзгертіле алынатын, халықаралық құқықтың императивтті нормасы ретінде анықталған.

Негізгі қағидалар БҰҰ Жарғысында бекітілген. 1970 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған «БҰҰ Жарғысына сәйкес достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты реттейтін халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияда» қағидалар жүйелендіріліп, олардың мазмұнына толық анықтама берілген. Бұл Декларация, халықаралық құқықтың негізгі қағидалары қатарына мыналарды жатқызған: халықаралық қатынастарда күш қолданбау, дауларды бейбіт жолмен шешу, ішкі істерге араласпау, ынтымқтасу, халықтардың теңдігі мен өзін-өзі анықтауы, мемлекеттердің егеменділік теңдігі, халықаралық міндеттемелерді адал орындау.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің қорытынды актісі тағы үш қағиданы қосты: шекараларды бұзбау, аумақтық тұтастық және адам құқықтарын күрметтеу. Мемлекеттік шекараларды бұзбау қағидасы өзінің кең таралауын таппаған, көбінесе Еуропа аймағында ғана қолданылады.

Әрбір қағиданың түсінігін қарастыру барысында барлық қағидалар бір-бірімен тығыз байланысты, тұтас бір кешен болып табылатынын ескеру қажет. Бір қағиданың бұзылуы міндетті түрде басқа да қағидалардың бұзылуына әкеп соғады.

Қағидалардың ішінде бірінші орынға, бейбітшілікті қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын, күш қолданбау қағидасы ие болады. Ал дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, бұл қағиданы толықтырушы норма болып келеді. Сонымен қатар, адам құқықтарын күрметтеу қағидасы ерекше орынға ие болады.

2. Халықаралық қатынастарда күш және күш қауіпін қолданудан бас тарту қағидасы

Бұл қағида негізінде ежелгі заманнан белгілі норма жатыр (Ежелгі Римнен бері). Шарттар нормалары сақталу керек, яғни мемлекеттер өздерінің егеменділік құқықтарын жүзеге асыру барысында, демек заңдарды, әкімшілік ережелерді орнатқанда өздерінің мойнына алған халықаралық міндеттемелерді ескеруге тиіс. Халықаралық міндеттемелерді орындаудан мемлекет кей жағдайда бас тарта алады.

3. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы

Халықаралық құқықтың императивті нормаларына сай мемлекеттер өздерінің араларына туған барлық дауларды тек қана бейбіт жолмен шешу керек. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу институтының қайнар көздері болып 1907 ж. қабылданған «Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы» Конвенция, 1928 ж. қабылданған 1949 жылғы редакцияда әрекет ететін халықаралық дауларды бебіт жолмен шешу туралы жалпы акт, сондай-ақ аймақтық ұйымдардың жарғылары, БҰҰ жарғысы, 1970 ж. қабылданған халықаралық құқықтың қағидалары туралы декларация, және әдет-ғұрыптар.

4. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау

Мемлекеттердің егеменділігі олардың халықаралық аренада басқа субъектілермен тең құқылы болуға және де өзінің ішкі өмірін өз қалауынша құруына негіз болады. Осыған сәкес мемлекетаралық қатынастарда бұл тәртіп халықаралық құқықтың қағидасына айналды. Мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидасы мемлекеттің өз экономикалық құрылымын, мемлекеттік органдар жүйесін және басқа да өзгерістерді жасауға әсер немесе кедергі жасалмауын білдіреді. Бірақ та

5. Басқа мемлекеттермен міндетті түрде ынтымақтасу

Бұл қағида БҰҰ жарғысының негізінде жатыр, өйткені оның бірінші бабында «халықтардың ортақ мақсаттарына жету жолындағы ұлттар келісімінің орталығы болуы керек» деп көрсетіледі. Бұның маңыздылығы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті БҰҰ-ның басқа мақсаттарына жету шарты ретінде қамтамасыз етуде көрініс табады. Осыған сәйкес көптеген халықаралық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде 1970 ж. қабылданған Халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларация бар.

6. Халықтардың тең құқықтылығы мен өзін-өзі анықтауы

Халықтардың (ұлттардың) өзін-өзі анықтау қағидасы буржуазиялық революциялар кезінде пайда болды. Бүкілеуропалық халықаралық құқық комитетінде танылған. Отаршылық жүйенің болуы және кейбір Еуропалық елдерде көпұлтты империялардың болуыосы қағидамен тығыз байланыста.

Бұл қағида БҰҰ Жарғысында, 1960 ж. Отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы декларацияда, 1970 ж. Халықаралық құқықтың қағидалары туралы декларацияда және Адама құқықтары туралы пактіде бекітілген. Қағиданың мазмұны барлық халық өзгенің араласуынсыз өзінің саяси мәртебесін анықтауға және өз экономикалық, әлуеметтік және мәдени дамуын іс жүзіне асыруға құқығында болады. Сонымен қатар барлық мемлекеттер осы құқықты құрметтеуге тиіс, барлық мемлекеттер халықтардың өзін-өзі анықтау құқығының іс жүзіне асырылуына көмектесуі керек, мемлекеттер халықты өзін-өзі анықтау бостандығы

7. Мемлекеттердің егеменділік теңділік қағидасы

Бұл қағида бойынша әр мемлекет егеменділікке ие болып өз билігін ел ішінде және сыртқы қатынастарда толығымен жүзеге асырады. Мемлекеттер егеменді болып халықаралық қатынастарда тең болып табылады.

8. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау

Бұл қағида халықаралық құқық сияқты өте көне. Рим заманынан бері оны «пакта сунт серванда» шарттар сақталуы тиіс деп латынша атаған. Бүкіл мыңжылдықтар бойы, кейбір кезеңдерде әр түрлі себептермен әдеттегідей, діни-саяси негіздер шығарылған тек 1945 ж., БҰҰ Жарғысының қабылдануымен осы ерекшеліктер нәтижесінде жалпы өлшемдер пайда болды. Бұл қағида БҰҰ Жарғысына сай емес міндеттерге таралмайды. Бұл маңызды өлшем бойынша түсіндіріледі: Мемлекеттер БҰҰ Жарғысына сай өз міндеттерін атқаруға міндетті; Мемлекеттер басқа келісімдер бойынша міндеттердің ішіне БҰҰ Жарғысына сай болатын міндеттерді ғана атқаруы тиіс; Егер БҰҰ Жарғысы бойынша мемлекеттердің міндеті басқа келісім міндетімен қарама-қайшылыққа келсе, онда Жарғы бойынша, мемлекеттердің міндеті заңды, ал басқа міндет – заңсыз болып табылады.

9. Мемлекеттік шекараларды бұзбау қағидасы

Бұл қағиданың идеясы алғашқы рет ФРГ мен КСРО арасындағы 1970 ж. келісімде, содан кейін ПХР, ГДР, ЧССР және ФРГ келісімдерінде құқықтық орын алған. Осы уақыттан бастап, бұл қағида халықаралық құқықтың нормасына айналды және осы келісімдердің қатысушыларына міндетті болды. Келісімдерде екі негізгі жағдай көрсетілген: іс жүзіндегі шекараларды тану және қандай да бір аумақтық дәмеленуден бас тарту.

10. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы

Бұл қағида 1945 ж. БҰҰ Жарғысының қабылдануымен бірге бекітіліп дами бастады. Қағиданың атауы әр түрлі. Оның аумақтық тұтастық, аумақтық қол сұқпаушылық деген атаулары кездесе береді. Халықаралық қатынастардың тұрақтылығы жағынан осы қағиданың маңызы зор. Оның мәні – мемлекет аумағынан кез келген қол суғұшылықтан қорғау.

11. Адам құқықтарын қүрметтеу қағидасы

Бұл қағида 17 ғ. буржуазиялық төңкерістермен пайда бола бастады. Халықаралық актілерде 1948 ж. бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адама құқықтары туралы Жалпы декларациясында тіркелді. Одан кейін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтары туралы халықаралық Пактіде 1966 ж. көрсетіледі. Сонымен қатар 1975 ж. СБСЕ-ның қорытынды актісінде жеке қағида ретінде баянды етіледі.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 5, 7, 21, 30].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [3, 4, 8, 22, 62, 155].

Электрондық оқулықтар: [1]


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 289 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)