Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыптары.

Читайте также:
  1. Дәріс 40-50 жылдардағы қазақ поэзиясы. Жамбыл Жабаевтың ақындық өнері. Иса Байзақов - импровизатор ақын.
  2. Дәріс кешені
  3. Дәріс сабақтарының мазмұны
  4. Дәріс сабақтарының мазмұны
  5. Дәріс. Ғ.Мүсірепов және Ғ.Мұстафин шығармашылығы
  6. Дәріс. Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, Т.Жароковтың шығармашылық өмірбаяндары.

Заң факультеті

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

С И Л Л А Б У С

 

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық пәні бойынша

5В030100 «Құқықтану» мамандғы үшін

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 2,3

семестр: 4,6

кредит саны: 3

барлық дәрісханалық сағат саны: 135 соның ішінде:

дәрістер: 30

семинарлық сабақтар: 15

ОСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: 4 - семестр

 

 

Талдықорған 2014 ж.

Түсіндірме беретін жазба

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1- тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Осы Конституцияның ережелеріне сәйкес бүгінгі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі қолданылып келеді. Осы орайда әрбір азаматтың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасын білгені де дұрыс, әрі қажет.

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық» курсы таңдау компонентттерінің бірі болып табылады.

Оқытудың мақсаты:

- әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі мен түрлерін;

- әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі, белгілері, түрлерін;

- әкімшілік жауапкершілік ұғымы, белгілері, одан босатудың

негіздерін;

- әкімшілік жазалар және оларды қолдануды;

- әкімшілік іс жүргізу ұғымын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс

жүргізу тәртібін танып білу болып табылады.

Оқытудың міндеті:

- тыңдаушыларға «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық» пәні туралы терең білім беру;

- тыңдаушыларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы дұрыс түсінуге оқыту;

- әкімшілік жауапкершілікті құқықтық жауапкершіліктің бір түрі ретінде қарастырып, оның белгілерін көрсету; сөйтіп басқа құқықтық жауапкершіліктерден ажыратуды үйрету;

- әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстан ерекшелігін көрсету;

- курсты зерделеу барысында алынған теориялық білімді жадында

бекіту үшін өз бетімен жұмыс істеуге машықтануды дамыту

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

- «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық» пәні бойынша негізгі ұғымдарын білуге, әрі жадында түйуге;

- Юрисдикция мәселелерімен танысуға, әкімшілік құқық бұзушылық

туралы заңнамасының негізгі принциптері мен ережелерін білуге;

- Курс бойыншаалған білімдерін тәжірбиеде қолдана білуге тиіс.

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық» курсы жоғары оқу орындарында студенттердің таңдау компонентттерінің бірі болып табылады. Бұл өз алдына оқытушыларға пәннің аса маңызды бөлімдерін жүйелі әрі тереңірек оқытуда жауапты міндет жүктейді. Егеменді Қазақстанның жаңа мақсаттарына сәйкес экономикалық, саяси-құқықтық және әлеуметтік-мәдени салаларының әкімшілік құқықтық институттарын қайтадан қарастыру мүмкіндігі туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары, билікті бөлу, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік жауапкершілік мәселелерін ескеру қажет. Заңнаманың жаңаруы және оның тұрақты түрде өзгеріп отыруы әкімшілік жауаптылық пәнінің мазмұнына әсер ететін маңызды деректердің бірі болып табылады.

Оқу баағдарламасы жоғары оқу орындарында «Құқықтану» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарына арналып құрастырылған.

 

 

Дәріс тақырыптары.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)