Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 11. Халықаралық шарттар құқығы

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Адам құқығын бұзу
  3. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  4. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  5. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  6. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  7. Дәріс тақырыптары.

1. Халықаралық шарттар құқығының түсінігі, оның қайнар көздері және субъектілері

Халықаралық шарт – халықаралық құқықтың ең кең тараған қайнар көздердің бірі. Халықаралық шарттар мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негізін құрайтын дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін басты құрал болып есептеледі.

Халықаралық құқық жүйесінің дербес құқық саласы болып табылатын халықаралық шарттар құқығы өзіне шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тұру негіздеріне қатысты нормаларды топтастырады.

Бұл құқық саланың қайнар көздерін келесі халықаралық-құқықтық құжаттар құрайды: 1969 жылы қабылданған (1980 ж. өз күшіне еңген) «Халықаралық шарттар құқығы туралы» және 1986 жылы қабылданған, бірақ өз күшіне еңбеген «Мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы» Вена конвенциялары. 1986 ж. Конвенция өз күшіне еңбегенмен оның көптеген ережелері әдет-ғұрыптық нормалар ретінде қолданыла береді. 1978 жылы «Мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқықтық мирасқорлығы туралы» Вена конвенциясы қабылданып, 6 қараша 1996 жылы өз күшіне еңді.

Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерті және қолданылуын тоқтата тұру негіздері 2005 жылғы «ҚР халықаралық шарттары туралы» заңмен реттеледі.

1969 және 1986 жылғы Вена конвенцияларының 2-баптарына сәйкес, халықаралық шарт – ол мемлекеттер және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында жазбаша түрде жасалынатын және халықаралық құқықпен реттелетін келісім. Бұл келісім бір, екі немесе бірнеше бір-бірімен байланысқан құжаттарда болуы мүмкін және де оның нақты атауы (пакт, келісім, шарат, конвенция) оның заңдық күшіне әсер етпейді.

2. Халықаралық шарттың түсінігі және түрлері

Халықаралық шарттарды келесі өлшемдер бойынша жіктеуге болады: 1) қатысушылардың шеңбері бойынша екі жақты және көп жақты; 2) шартқа қосылу үшін басқа қатысушылардың келісімін алу қажеттілігіне байланысты ашық және жабық; 3) реттеу объектісі бойынша саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және т.б; 4) шартты жасасушы субъектілердің өкілеттілгіне байланысты мемлекетаралық, үкіметаралық және басқармааралық. Осы сұрақ шеңбері ішінде, Қазақстанда қандай органдар қандай мәселелер бойынша шарт жасасуға құзырлы екенін анықтаңыз.

Халықаралық шарттың нысаны және құрылымы: шарт ауызша және жазбаша нысанда қабылдану мүмкін. Ауызша шарттарға жасасу тәртібі әдет-ғұрыптық нормалармен реттеледі. Шарттың құрылымы келесі бөліктерден тұрады: атауы, преамбуласы, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Сонымен қатар, шарттың қосымшалары да болуы мүмкін. Барлық шарт ережелері заңдық күштері бойынша тең болып келеді және бір-бірінің мазмұнын ескере отырып қолданылады.

3. Халықаралық шарттарды жасасу сатылары

Халықаралық шартты жасасудың келесі сатылары бар: 1) шарт мәтінін дайындау және аутентикалығын анықтау; 2) шарт мәтінін қабылдау; 3) шарттың міндеттілігіне келісім беру. Әрбір сатыны толық түрде ашу қажет.

4. Халықаралық шарттарды талқылау

Шартты талқылау деп – оның іс-жүзіндегі мағынасы мен мазмұнын анықтауды айтады. Талқылаудың аутентикалық және халықаралық түрлерін ажыратады. Халықаралық шарт грамматикалық, логикалық, тарихи және жүйелі әдістер көмегімен талқыланады.

5. Халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру және жарамсыз деп тану негіздері

Халықаралық шарттар адал түрде орындалуға тиіс. Бірақ, кейбір жағдайларда шарт жарамсыз, яғни заңдық күші жоқ деп танылу мүмкін. Шарттарды жарамсыз деп танудың толық тізімі 1969 және 1986 жылғы Вена конвенцияларында көрсетілген.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 33, 34].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [47, 49, 69, 71, 112, 117, 118, 119, 135, 135].

Электрондық оқулықтар: [1]

 

Тақырып 12. Дипломатиялық және консулдық құқық

1. Дипломатиялық құқықтың түсінігі, жүйесі және қайнар көздері.

Дипломатиялық құқықтың нормалары, мемлекеттің халықаралық аренадағы сырттқы қатынастарын жүзеге асырушы органдардың мәртебесін, функцияларын және дипломатиялық қызметтерінің тәртібін реттейді. Бүгінгі таңда, дипломатиялық құқық саласындағы ең негізгі халықаралық келісім 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясы болып саналады. Сонымен қатар, 1969 жылғы «Арнайы миссиялар туралы» және 1975 жылғы «Мемлекеттердің әмбебаптық сипаттағы халықаралық ұйымдар жанында құрылған өкілдіктері туралы» және 1963 жылы қабылданған «Консулдық қатынастар туралы» Конвенциялар бұл құқық саланың қайнар көздерін құрайды. Ұлттық деңгейде дипломатиялық қызмет «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы заңмен реттеледі.

2. Мемлекеттің сырттқы қатынастар саласындағы саясатын жүзеге асыратын органдары

Мемлекеттің халықаралық аренадағы сырттқы қатынастарын жүзеге асырушы органдарды шартты түрде ішкі мемлекеттік және шетелдік органдарға жіктеуге болады. Ішкі мемлекеттік органдарға Президент, Парламент, Үкімет, Сырттқы істер министрлігі және сырттқы қатынастың жекелеген мәселелерін шешетін өзге де басқармалар жатады. Осы аталған органдардың әрғайсысына тән, сырттқы қатынастар саласындағы нақты өкілеттіктерін көрсетіңіз.

Сырттқы қатынастың шетелдік органдарына дипломатиялық және консулдық өкілдіктер, сауда өкілдіктері, мемлекеттің халықаралық ұйым жанында құрылған өкілдіктері, халықаралық кеңес және конференцияларға жіберілген делегациялар, арнайы миссиялар жатады. Сырттқы қатынастардың шетелдік органдарын тұрақты және ұақытша түрлеріне бөлінеді.

Мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан кейін, әрбір ел аумағында дипломатиялық өкілдіктер ашылады. Дипломатиялық өкілдіктің құрылымы әр елде қалыптасқан дәстүр және қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Бірақ, әдетте өкілдіктер ішінде саяси, экономикалық баспасөз, мәдени байланыстар, консулдық, әскери атташат бөлімдері және кеңсе құрылады. Дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлерін үш санатқа бөледі: дипломатиялық, әкімшілдік-техникалық және қызмет көрсетуші персонал. Әр бір қызметкерлер санатына берілетін артықшылықтар мен жеңілдіктерді және де дипломатиялық өкілдіктің өзіне берілетін артықшылықтар мен жеңілдіктерді ажыратады.

Дипломатиялық өкілдік атқаратын функцияларды қарастыру барысында, арнай миссиялар және әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдар жанында құралған мемлекет өкілдіктерінің құқықтық мәртебесімен, атқаратын функцияларына көңіл бөлу қажет.

Дипломатиялық өкілдіктер, екі мемлекет арасында қалыптасқан барлық қатынастарды қамти алмайды. Сондықтанда, бұл үрдісте өзіндік орынға консулдық қызмет ие болады. Консулдық қызметтің негізгі мәні – консулдық аймақ шеңберінде орналасқан, өз ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Консулдық қызметтің дипломатиялық қызметпен ара қатынасын және атқаратын негізгі функцияларына талдау жүргізіңіз.

3. Дипломатиялық өкілдіктердің құрлымы және атқаратын функциялары

Дипломатиялық өкілдік мекендік мемлекеттің астанасында орналасады. Оның функционалды бөлімдері бар: Саяси, экономикалық, консулдық, мәдени байланыс, баспа, әкімшілік-шаруашылық бөлім, кеңес.

Дипломатиялық өкілдіктің құрамы үшке бөлінеді:

1) дипломатиялық;

2) әкімшілік-техникалық;

3) күтуші.

Дипломатиялық құрамға дипломатиялық дәрежеге ие өкілдіктің қызметкерлері, оның ішінде атташе: дипломатиялық өкілдік басшылығының жанындағы кеңестік қызметті жүзеге асыратын әскери және арнайылар (әскери және арнайы ведомстволардың өкілдіктері).

4. Дипломатиялық өкілдік және оның қызметкерлеріне берілетін артықшылқытар мен жеңілдіктер

Дипломатиялық өкілдік пен дипломаттар мекендеуші мемлекеттің билігінен тәуелсіз және ерікті болса, олар халықаралық құқықпен қарастырылған қызметтерін толық атқара алады. Осы мақсатта халықаралық құқықта дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институты бар.

Дипломатиялық өкілдіктің және оның құрамының иммунитеттері мен артықшылықтары дегеніміз – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдігі мен оның құрамына халықаралық құқыққа сәйкес берілетін арнайы құқықтар мен артықшылықтар.

5. Консулдық қызмет түсінігі

Консулдық қызметте консулдықтар дипломатиялық өкілдіктерге қарағанда мемлекетаралық қатынастардың экономикалық, құқықтық және олардан туындайтын байланыстарды үзбеу және дамыту үшін құрылады.

Консулдық қатынастар әдетте дипломатиялық қатынастарды орнатқанна кейін пайда болады. Бірақ та, дипломатиялық қатынастар болмаса да консулдық қатынастар арнайы келісім негізінде пайда болуы мүмкін.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 35, 37].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [13, 23, 28, 32, 57, 86, 111, 136, 139, 135].

Электрондық оқулықтар: [1]

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 763 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)