Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам құқығын бұзу

Читайте также:
  1. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  2. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  3. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық.
  4. Еңбек құқығының қайнар коздері. Еңбек туралы заңдардың міндеттері
  5. Кімшілік құқық бұзушылық ұғымы
  6. кімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары, сатылары

Адамның ар-намысы мен абыройы, оның әлеуметтік – экономикалық, саяси және жеке басының құқықтары мен заңды мүдделері құқықпен қорғалатыны белгілі. Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес құқық қорғау мен құқық қолдану органдарының тұтас жүйесі бар және олар жемісті жұмыс істеуде. Бұлар соттар, милиция, полиция, прокуратура органдары, азаматтық, нотариалдық кеңселер және құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын басқа да мекемелер. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі мемлекеттік комиссия да жатады. Қазіргі уақытта қорғаудың қылмыстық құқықтық құралымен бірге (адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең ауыр түрі қылмыс болып табылады) азаматтық құқықтық құралы да белгіленген. Егер азамат кез келген дәрежедегі лауазымды адамның іс-қимылы өзінің конституциялық құқығына қысым жасап отыр деп санаса, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шағым жасауға құқылы. Сондықтан, әдетте, әділ сот азаматтар құқықтарын қорғаудың заңдылығы мен негіздігіне бақылау жасайды. Егер мұндай құқық қорғауды басқа органдар жүргізсе,құқық қорғау актілерін мәжбүрлеп жүзеге асыруды осы сот органдары қамтамасыз етеді.

Бірақ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең қауіптісі-бұл қолданылып жүрген заңдарда адам құқықтарын аяққа басуға жол беретін нормалардың болуы. Нәтижесінде бірқатар құқықтар мен бостандықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға кепілдік берілмейді. Егер мемлекетте адаммға қажет заңдар жұмыс істемесе, егер заңдардың өзі адамның табиғи құқықтарын аяққа басса, онда не істеу керек? Мұндай жағдайда адам құқығы қорғалмақ түгіл, оларды бұзу әдеттегі көрініске айналады. Сондықтан соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті (78-бап).

Сонымен адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың екі түрі бар екенін айтуға болады: 1) заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтарды әлдекімнің бұзғандығы; 2) Конституцияға қайшы заңдар шығарылып,соның негізінде адам құқығын аяққа таптай бұзу. Заңдар мен басқа да нормативтік актілер арасындағы қайшылықты жоймай, оларды қолдану өте-мөте қауіпті. Нәтижесінде атқарушы органдардың жүгенсіздікке баруына қолайлы жағдай жасалады. Мұның өзі сайып келгенде былық-шылық пен дағдарысқа әкеледі. Бұны біздің өміріміздің бүгінгі күнгі көрінісінен көруге болады. Сондықтан Қазақстан Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықпен қорғау жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс. Біз қоғамдық қатынастарға задық тұрғыда толық реттеу, заңдылық қағидатын дәйекті түрде жүзеге асыру қажет деген пайымдауды толық бөлісеміз.

 

4.4. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің ұғымы.Азаматтық

Жалпы алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымының толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының,бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмұны, оны құқықтары, бостандықтары және заңдық міндеттері болып табылады, ал бұлардың негізді болуы үшін белгілі бір алғышарттар туындауы тиіс. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің алғышарты оны құқылық қабілеттілігі,әрекет қабілеттілігі, сондай-ақ азаматтыққа қатыстығы болып табылады. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Заңына сәйкес азаматтық дегеніміз –адамның мемлекетпен,оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Бір жағынан, азаматқа белгілі бір құқықтар берілген, мемлекет осы құқықтардың нақтылы қамтамасыз етілуіне қамқорлық жасайды. Осыған орай мемлекет өз азаматтарын елден тысқары жерлерде де қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілідк береді. Екінші жағынан Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында азаматтардың мемлекет жөнінде белгігі бір міндеттері көзделген, осыған сәйкес мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты орындауларына тиісті шаралар қолдануға қақылығы анықталған.

Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болса да, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек азаматтық қана құқық береді. Азаматтықты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алған адамдар үшін азаматтақ жағдайының мерзімі тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледі, ал туғандығы – азаматтық жағдайы туралы куәлігі бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 10-бабының 2-тармағында: «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айырға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды» делінген. Егер «республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды»(11-бап, 1-тармақ). Конституция 10-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады» деген ереженің де іс жүзілік мәні зор. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай тең құқықтарға ие болып,міндеттер атқарады. Қалай болса да,адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс. Себебі, кез келген адам Қазақстан Республикасының азаматтығын заңды түрде ала алады және оны өзгерте алады.

Бұл туралы толық мәліметті 1991 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтығы» атты Заңынан алуыңызға болады. Жалпы Қазақстанда және өзге де шет елдерде азаматтықты алудың екі негізгі тәсілдерін айтып кетпесе болмайды. Соның ішіндегі ең оңай жолы- азаматтықты тууына байланысты алуы. Олай дейтініміз оны алу не оны беру тек жеке адамның,не тиісті мемлекеттің органның еркі емес, ол адамның табиғи құқығы болып табылады. Сондықтан мемлекет нәресте дүниеге келгенде ғана азаматтықты беруге міндетті. Ол үшін баланың әкесі мен шешесінің екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет. Егер баланың тууына дейін ата-анасы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрып жатқан болса, онда баланың азаматтығы олардың жазбаша өзара келісімі бойынша анықталады. Ал егер де баланың тууына дейін ата-ананың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады, егер ол туса: 1) Қазақстан аумағында; 2) Қазақстан аумағынан тыс жерде туылғанынан ата-анасының екеуі, не олардың біреуінің Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жері болса.Тұрған жеріне қарамастан, ата-ананың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып, екіншісінің азаматтығы жоқ болса да бала Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелінеді.

Шет елдердің азаматы мен азаматтығы жоқ адамдар да, жоғарыда айтылған азаматтық туралы Заң бойынша, өздерінің ерікті түрдегі өкініштері (арыздары) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданулары мүмкін. Заң әдебиеттерінде азаматтықты алудың екінші түрін натурализациялау дейді. Онда,Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін оның аумағында ең кемінде 5 жыл тұрақты тұруы, немесе оның азаматымен некеде болуы тиіс.Осы аталған жағдайлардың жасы толмаған жасөспірім балаларға,әрекет қабілеттілігі жоқ және Қазақстан Республикасына айрықша еңбегі сіңген қадірлі адамдарға,сондай-ақ кезінде жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, өзге де адамгершілікке жатпайтын шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аймағын тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың және олардың үрім-бұтақтарының (ұрпақтарының) өз тарихи Отанына қайтып оралғандарына қатысы жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтығын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары да ала алатынын еске сала кеткенді жөн көрдік. Ол үшін олардың өте жақын туыстары (балалары,не асырауларында болғандары, ерлі-зайыптылары,ата-анасының біреулері, қарындасы,ағасы, атасы мен әжесі) тұрған жерінің мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығында болулары тиіс.Бұларға азаматтыққа алудың ең жеңіл түрін қолданады, яғни арызданушылардың талабын 6 ай мерзімнен кешіктірмей қанағаттандыру. Мұндай жеңілдіктер тек екі елдің арасында тиісті шарттар болғанда ғана туу мүмкін. Бұл туралы шарттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының,және біздің еліміз бен Беларусь Республикасының арасында жасалғандығын естеріңізге сала кеткенді де жөн көрдік. Бұл шарттар бойынша, екі жақта тұрақты қолайлы жағдайлар, соның ішінде,азаматтықты алудың қысқартылған түрлерін қолдану т.б. туғызу міндетті. Демек,жоғарыда айтылғандай азаматтықты төлқұжат дәлелдесе,ал туғандығы туу туралы куәлігі бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 16-бабы 1-тармағына сәйкес (жалпы бөлімі) тұратын жері ретінде азаматтың тұрақты немесе басым тұратын елді мекені саналады. Азаматтың тұратын жерін анықтауда оның зайыбының тұратын жерінің маңызы жоқ (Неке және отбасы Кодексінің 18-бабы 4-бөлігі). Азаматтың тіркелген жері басым көпшілігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы қыркүйектегі қаулысы бойынша Республика аумағында 1998 жылғы 31-желтоқсанға дейін қолданылатын ескі төлқұжат үлгісінде көрсетілген азаматтың нақты мекен-жайының бірден-бір дәлелі болып табылады. Сондай-ақ мұндай дәлел азаматтың тұрақты тұратын жері бойынша оған жеке басы куәлігі беріле отырып, тіркелген жері болып табылады; онда берген орны, уақыты және есептен шығып,келуіне орай жеке басы жөнінде жаңа куәлік берілетін және есепке алынатын, тұрақты тұратын жерге көшкен кезде өзгеретін осы құжатты берген орган жазылады.

Осы мәселеге байланысты тағы бір айтатын жәйт-Қазақстан Республикасынла қос азаматтық ешкімге берілмейді. Бірақ, басқа шет мемлекеттерінде (мысалы Ресей мен Түркменстан арасындағы шартқа сәйкес) қос азаматтық беріледі.Мұндай қос азаматтыққа ие азаматтарды бипатридтер дейді, олардың құқықтары сол елдегі азаматтардың құқықтарымен пара-пар болғанымен міндеттері қай елдің аумағында тұратынына байланысты.

Ендігі айтатын жәйт –бұл Конституциядағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтарының басқа задардағы (қылмыстық істер жүргізу,азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы,азаматтық т.б. кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сондықтан да болар оны әдебиетте «құқықтар мен бостандықтардың негіздері» деп атайды.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)