Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқық бұзушылық ұғымы

Читайте также:
  1. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  2. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  3. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  5. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  6. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
  7. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.Әкімшілік право бұзушылық кодексінің (ӘПБК)9-бабы бұл құқық бұзушылықтың түсінігін былай деп берген:<<Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, социалистік меншікке (қазір социолистік жоқ – Б.Е.),азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық (теріс қылық) деп танылады>>.

Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққы әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және басқалардың) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайыдалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с.с), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:

а ) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер асау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкі.

Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.

б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле ұра, өз қылы,ының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Құқық теориясында қасқана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсызықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзақылық ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмең аң алау тағы сол сияқтылар-осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қанақасақана жасалмауы керек. Көптеген әкімшілік құқық юұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады,мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, таы сол сияқтылар.

Кінә – әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі; ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жок деп табылады.

в) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін зиян келтіретін әрекер танылады. Әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.

Әкімшіік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық салмағы қылмыс жасағаннан едәір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады да, аса қатал емес жауаптылық белгіленеді.

Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің – жасы кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.

Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде он алты жасқа толғандары жауапты болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар туралы Ережеде көзделген шаралар қолданылады.

16 жастан 18 дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13-бабының екіші абзацында көрсетілген (ұсақ бұзақылық, атылатын қарудан елді мекендерде және бұл үшін бөлінген орындарда, немесе белгіденген тәртіптің ережесін бұзып ату, полиция қызметкерінің немесе халық жасақшысының заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау және т.с.) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.

Әскери қызметшілер және жиындарға шақырылған әскери міндетті адамдар, сндай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары әкімшілік құқық бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және контрабанда жатпайды.

Осы көрсетілген жағдайларда бұл адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Сосын,бұл санаттағы азаматтарды әкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.

Қазақстан аумағында тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады.Қазақстан Республикасының әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.

Лауазымды адамдар олардың қызмет жағдайларына байланысты әкімшілік құқық субъектілерінің ерекше санатын құрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы белгіленген ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету өздерінің қызмет міндетіне жататын басқа ережелерді сақталмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)