Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек құқығының қайнар коздері. Еңбек туралы заңдардың міндеттері

Читайте также:
  1. Адвокатураның міндеттері мен өкілеттері
  2. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  3. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  4. Азаматтық құқық туралы ұғым
  5. Азаматтық заңдардың қолданылуы.
  6. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  7. Азаматтың құқықтары мен міндеттері.

Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілері еңбек құқығының көздері болып табылады.Әдебиетте бұл көздер“еңбек туралы нормативтік актілер”,”еңбек туралы заң актілері”,”еңбек құқығының нормативтік актілері”және т.б. деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілері мыналар болып табылады:

Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын,тікелей қолданылатын заң Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады,еңбек туралы барлық нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сәйкес келуге тиіс.

Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы заңынан және соған сәйкес қабылданған:

-заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан;

-Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;

-Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларынан;

-Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулыларынан;

-министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына сәйкес азаматтардың құқықтарына,бостандықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялауы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының еңбек туралы нормативтік құқықтық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе аталған шарттың ережелері қолданылады.

Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа,халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданады.

Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған”Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы”Заң болып табылады.Бұл заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.”Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы”Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақ КСР-нің 1972 жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика аумағынан күшін жойды деп танылды.Қазақстан өзінің тәуесіздігін алғаннан кейін бұл кодекс көп жағдайда оның нарықтық экономика мен жеке кәсіпкерліктің қалыптасуының шарттарына сәйкес келмеді.

Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” жаңа заңы, өкінішке орай, Кодекс нысанында қабылданбады және негізінен еңбек қатынастарының “Еңбек туалы” заңға қайшы келмейтін бөлігін сақтап қалған заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер реттемейтін саласын реттейді.Оларға, мысалы,мына заңдар жатады;1992 жылы 4 шілдеде қабылданған “Ұжымдық шарт туралы”:1993жылы22қаңтарда қабылданған”Еңбек туралы”; 1993 жылғы 9 сәуірде қабылданған”Кәсіптік одақтар туралы ”; 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған ’’Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы ’’; 1998 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған “Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы ” және т.б.

Орталықтандырылған тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілер, әдетте, жалпы ережелерді белгілейді, олар ұйымдарда қолданған ннақтылауды талап етеді немесе соған жол береді.Ұйымдарда қабылданған нормативтік актілер жұмыс берушінің актілері деп аталады.Оларға бұйрықтар,өкімдер,нұсқаулықтар,ішкі еңбек тәртібінің ережелері жатады.

Еңбек туралы заңдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады;

1.Еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін бекемдеу;

2.Еңбек бостандығы мен еңбек туралы шарттары бостандығын бекемдеу;

3.Еңбек қатынастарындағы қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтық мәртебесін белгілеу;

4.Әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;

5.Қызметкерлердің, оның ішінде уақытша жұмыссыздардың әлуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)