Читайте также:
|
|
1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы және дамуының тарихи кезеңдері
Халықаралық құқықтың пайда болу уақыты мен даму тарихын белгілі кезеңдерге бөлу ғылымдағы ең күрделі және даулы мәселелердің бірі болып табылады. Халықаралық құқықтың пайда болуын және даму тарихын, әдетте мемлекеттің дамуымен байланыстырып қарастырады.
Мемлекеттің даму формациялары және қоғамдық өмірде болған ірі шешуші өзгерістерге орай, халықаралық құқықтың даму тарихын шартты түрде келесі кезеңдерге бөледі: ежелгі дүниенің халықаралық құқығы, орта ғасырлар, халықаралық құқықтағы буржуазиялық институттардың қалыптасуы және қазіргі заман халықаралық құқығы.
Әрбір тарихи кезеңнің ерекшеліктері және де қазіргі заман халықаралық құқығының дамуына қосқан өзіндік үлесі бар.
Халықаралық құқықтың даму тарихын қарастырғанда, халықаралық құқық барлық жерлерде бірдей дамымағаның ескеру қажет. Осы орайда, Орта Азия өңірінде халықаралық құқықтың дамуын және де Қазақстан тарихында болған халықаралық құқық ерекшеліктерін қарастырған жөн.
Халықаралық құқықтың даму тарихын жаңа нормаларды жасау, әрекет етуші нормаларды өзгерту және халықаралық құқықтың ескірген нормаларын жою процессі ретінде сипаттауға болады.
Әрбір тарихи кезеңдер арасында нақты шекаралар өткізу қиын болғанмен осы заман халықаралық құқығының оның алдында болған халықаралық құқықтан ажыратуға мүмкіндік беретін біраз өзгешеліктерін көрсетуге болады.
Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың пайда болуын Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы және оның қызметімен байланыстырады. Оның басты ерекшелігі ретінде барлық мемлекеттер үшін міндетті императивтік халықаралық нормалардың (қағидалардың) бекітілуі, халықаралық құқықтың тең құқылы субъектілері ретінде барлық мемлекеттердің мойындалуы, дауды шешудің әдісі ретінде соғысқа тиымның салынуы.
Халықаралық құқықтың даму тарихына шолу жасау, қазіргі заманғы халықаралық құқықтың ерекшеліктерін терең түсінуге, сондай-ақ оның келешек даму жолдарына болжау жасауға мүмкіндік береді.
2. Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы
Ежелгі халықаралық құқықтың пайда болуы құл иеленушілік құрылыммен байланысты. Алғаш кездерде ежелгі халықаралық құқық аймақтық халықаралық құқықтық жүйелер ретінде қызмет еткен. Дами келе бұл жүйелер қосылып бір халықаралық құқықты құрайды. Ең ежелгі халықаралық шарт ретінде Египет фараоны Рамзес 2 мен хеттер патшасы Хаттушил 3 арасында (б.д.д. 273 ж.) жасалған шартты келтіруге болады.
Сонымен қатар ежелгі халықаралық құқық ескерткіші ретінде б.д.д. 1 ғасырда жасалынған Ману заңдарын келтірген.
Халықаралық шарттарды бұзу бойынша даулар третейлік соттармен қарастырылған. Шарт бұзушыларға үлкен мөлшерде айып тағайындалатын. Айып төленбеген жағдайда оны әскери күштердің көмегімен өндіріп алатын.
Ежелгі Римде республика уақытында елшілер сенатта сайланып, оған өздерінің қызметі жөнінде есеп беріп тұратын. Империя уақытында халықтар құқығы пай да болған. Сонымен қатар, сол уақытта әділ және әділ емес соғыстар деп айырмашылықтар жүргізіле бастады. Шарттарды орындау қағидасы пайда болып, шарттарды бұзу құдай құқығын бұзу деп саналатын. Римде елшілер қол тиіспеушілік құқыққа ие болатын. Елшілердің бұл құқығын бұзған адам елшінің мемлекетіне беріледі. Елшілер қол тиіспеушілік құқығына ие болғанмен де қарапайым шетелдіктердің ешқандай құқықтары болмаған. Бірақ шетелдіктердің ешқандай құқықтарға ие болмауы, Римнің экономикалық дамуын тежеп тұрды. Шетелдіктердің құқықтарын қорғайтын арнайы лауазым – преторперегринус құрылды. Ежелгі дүниеде көп шарттар екі жақты болған. Көп жақты шарттар сирек кездесетін.
3.Орта ғасырлардағы халықаралық құқық
5 ғасырдың соңында Рим империясы күйреді. Оның орнына бірқатар рим мемлекеттері құрылған. Олар арасында соғыстар жүріп, бейбітшілік және одақтық шарттар жасалған. Орта ғасырлық мемлекеттер бір ерекшелігі - олар феодалдық бытыраңқылықта болды. Ортағасырларға тән бір ерекшелік жеке және мемлекет аралық қатынастар көпшілік және жеке құқық арасындағы айырмашылық жойылған халықаралық байланыстар жекелеген аймақтарға дамыған: 1) Батыс Европа, 2) Византия, 3) Русь, 4) Араб әлемі, 5) Африка, 6) Үндістан, 7) Қытай.
Әр аймақ халықаралық дамуына өз үлесін қосты. Бірақ әртүрлі себептерге байланысты халықаралық құқық қазіргі мағынасында ең алғаш рет Батыс Европада пайда болды.
Үлкен маңызға егеменділік және мемлекеттердің теңдік қағидасы ие бола бастады. Алғашқыда феодалдық династиялық сипатта болған бұл қағида дами келе халықаралық құқықтың негіз салушы қағидаларының біреуіне айналды. Орта ғасырда елшілік жақсы дамыды. Айырбас тұрақтанды. Уақытша елшіліктер тұрақты елшілктерге айналды. Феодалдық дәуірге елшілік жеңілдіктер мен иммунитеттердің кеңеюі. 17-15 ғ.ғ. консулдар институты пайда болды. Империя уақытында консул тек қана құрметті атақ болса, кейін консул деп өкіметтен өзінің азаматтарының шетелде құқықтық сауда және өзге де мүдделерді қорғау үшін жіберілетін лауазымды тұлғаны айтады. Орта ғасырда сонымен қатар соғыстың заңдар мен әдеттері қалыптаса бастады. Ашық теңіздер мен мұхиттарда еркін жүру қағидасы пайда болды.
Халықаралық құқықтың дамуына үлкен үлесті шіркеулер қосты. Шіркеулердің мұндай рольді атқару себебі олардың қолында билік болды. Өткізетін соборлар халықаралық құқықтың кодификаторлар ролін атқарған. 438 ж. өткізілген Карфаген соборында ресми түрде маңызды халықаралық қағидаларының бірі халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы анықталды.
4. Буржуазиялық революциялар дәуірі және жаңа (классикалық) алықаралық құқық нышандарының қалыптасуы
Буржуазиляқ халықаралық құқықтың негіздері 17 ғ. қалыптасты. Бұл уақытта европада көптеген тәуелсіз мемлекеттер болған. Олардың мүдделері халықаралық қатынас жүйелерін орнатуды талап етті. Осы дәуірде халықаралық құқықтың негіз салушы ғалымы Гуго гроций (1583-1654 ж.ж.). Оның негізгі шығармасы соғыс және бейбітшілік құқығы туралы, бұл оның еңбегі қазірде ондағы идеялар ол халықаралық құқықтың шарттардың жатуы, мемлекеттер соғыс және бейбітшілік уақытындағы қатынастарды реттейтін ортақ қатынастарды қалыптастырды. Соғыс туралы тек қана әдептілікке жету үшін жүргізіледі. Сонымен қатар, сауда еркіндігі туралы айтылған.
5. Қазіргі заман халықаралық құқықтың пайда болуы және дамуы
Бұрынғы және қазіргі халықаралық құқық арасында шекара өткізетін оқиға ретінде 1-ші дүниежүзілік соғысты атауға болады. 1919 жылдардағы Вергаль бейбіт келісімімен, сен-жермен және басқа да көптеген бейбіт келісімдерімен бекітілген соғыстан кейінгі режим Еуропада көптеген жаңа мемлекеттерді құруға негіз болды. Халықаралық құқыққа еңген өзгерістер ол ашық сипаттағы көп жақты халықаралық шарттардың, халықаралық ұйымдардың пайда болу соғысқа қатысты пайда болған. Дипломатиялық нормалар – ол жарақаттандарға және науқастарға көмек көрсету. (1867 Женева Конвенциясы және 1899, 1907 ж. Гаага конвенциясы). Бұл конвенцияларды прогрессивті ережелердің бірі, ол соғыс бейбіт тұрғындарға қарсы емес, комбатанттар (соғысушылар) арасында жүргізіледі. Бейбіт тұрғындары ғана емес сонымен қатар армияның комбатанттары емес те (яғни армияға қызмет етуші адамдар да) әскери әрекеттердің объектілері бола алмайды. Комбатанттар жарақаттарға және науқастарға көмек көрсетуге тиіс.
Әскери оккупация – Территорияны уақытша иеленіп алу. Окупанттарға мемелекеттің егеменділігі ауыспайды. Халықаралық әдет-ғұрып және тәртіпті алу, жеке және де жалпы мүлікті кәмпескелеу. Гаага конвенцияны халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістерінің жүйесін енгізді.
1919 ж. әмбебап халықаралық ұйым Ұлттар Лигасы құрылды. Оның статуты Версаль шартының құрамдас бөлігі болып табылады. Ұлттар Лигасы халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік қамтамасыз ету үшін құрылды.
1945 ж. Біріккен Ұлттар Лигасы құрылып халықаралық қауіпсіздік және бейбітшілікті қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, қазіргі халықаралық құқықта ежелгі халықаралық құқыққа қарағанда халықаралық шарттардың ролі артты.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 2, 35, 37].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 6, 8, 10, 13, 14, 19].
Қосымша әдебиеттер: [9, 107, 110].
Электрондық оқулықтар: [1]
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 390 | Нарушение авторских прав