Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 10. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік

Читайте также:
  1. Дәріс тақырыптары.
  2. Дәріс. Әкімшілік жауапкершілік.
  3. Дәрістің тақырыптық жоспары
  4. Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
  5. Жазбаша жұмыстар тақырыптары
  6. Күнтізбелік тақырыптық жоспар
  7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

1. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік институтының түсінігі және оның қайнар көздері

Халықаралық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету механизімінде маңызды рөлді жауапкершілік институты атқарады. Халықаралық-құқықтық жауапкершілікті – халықаралық құқық субъектісінің халықаралық норманы бұзу нәтижесінде басқа да субъектілерге келтірілген зиянды өтеу міндеті ретінде қарастыруға болады.

Халықаралық жауапкершіліктің түсінігі қарастыру барысында, жауапкершілікті қолданудың мақсаттарына көңіл бөлу керек.

Жауапкершілік, халықаралық құқыққа қарсы әрекет жасалған жағдайда туындайды. Жауапкершіліктің заңдық, фактілік және процессуалдық негіздерін ажыратады. Әрғайсысына анықтама беру қажет.

Сонымен қатар, кейбір жағдайларда жауапкершілік заңды және кінәсіз әрекеттер нәтижесінде туындау мүмкін. Мұндай жауапкершілік түрі жоғары қауіптілік қайнар көздерімен келтірілгін зиянды өтеуге қатысты қолданылады.

2. Халықаралық-құқық бұзушылқтың түсінігі және түрлері

Халықаралық-құқық бұзушылықтың үш түрін ажыратады: халықаралық қылмыстар, халықаралық сипаттағы қылмыстар, өзге де халықаралық құқық бұзушылықтар. Жіктеу қауіптілік дәрежесі бойынша жүргізілген. Әрбір топқа жататын құқық бұзушылқтардың түрлері белгіленген.

3. Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің түрлері және нысандары

Мемлекеттер жауапкершілігінің екі түрін көрсетуге болады: материалдық және материалдық емес (оны немесе саяси жауапкершілік деп атайды). Материалдық жауапкершілік реституция және репарация нысанында жүзеге асырылады. Ал материалдық емес жаупкершілік ресторация, сатисфакция, егеменділікті шектеу және декларативті шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

4. Бейбітшілік және адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған жеке тұлғалардың халықаралық-қылмыстық жауапкершілігі

Бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзған агрессор-мемлекеттің халықаралық-құқықтық жауапкершілігін бейбітшілікті қамтамасыз ету, соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзған жеке тұлғалардың (әскери қылмыскерлер) жауапкершілігі туралы нормалар толықтырады.

Мұндай әскери қылмыскерлерді арнайы құрылған халықаралық соттар (халықаралық әскери трибуналдар), сондай-ақ аумағында қылмыстар жасалған мемлекеттердің ұлттық соттары соттай алады. Халықаралық әскери трибуналдардың жарғылары және үкімдерімен белгіленген қылмыстар тізімі толық болып табылмайтынын ескеру қажет. Ол 1949 жылғы Женева конвенцияларымен І-қосымша хаттаманың нормаларымен, басқа да халықаралық құжаттар ережелерімен толықтырылған.

Жеке тұлғалардың халықаралық-құқықтық жауапкершілігімен қоса халықаралық ұйымдарды жауапкершілікке тарту ерекшелітерін көрсетіңіз.

5. Халықаралық құқықтағы санкциялар

Кез келген мемлекет өзінің құқықтары мен мүдделерін халықаралық құқықпен рұқсат етілген әдістер арқылы, оның ішінде мәжбүрлеу сипаттағы шаралар арқылы да қорғай алады. Осындай мәжбүрлеу шаралардың бір нысаны халықаралық-құқықтық санкциялар болып табылады. Санкциялар -құқық бұзушыға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары болып табылады.

Халықаралық құқықта санкциялар және жауапкершілік екі бөлек ұғым болып табылады, оларды шатастыруға болмайды. Осы екі ұғымнын ара-қатынасын, айырмашылықтарын білу керек.

Санкциялардың түрлері және нысандарына келсек, халықаралық құқық тәжірибесінде жеке мемлекетпен және де халықаралық ұйымдардың көмегімен жүзеге асырылатын санкцияларды ажыратады.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 8, 15, 81, 89].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [11, 24, 89, 137, 138, 140].

Электрондық оқулықтар: [1]

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 285 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)