Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары

Читайте также:
  1. Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т.Б. қысқа мерзімді жоспары.
  2. Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т.Б. қысқа мерзімді жоспары.
  3. Дәрістің тақырыптық жоспары
  4. Күнтізбелік тақырыптық жоспар
  5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  6. Күнтізбелік-тақырыптық лекция сабақ жоспары

 

ОСӨЖ бойынша тақырып Сағат саны Апта Өткізу формасы
  Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері. 1. Даму теориясы.Зерттеу әдістері. 2. Л.С.Выготскийдің «Жас мәселесі» атты мақаласы.     1апта Л.С.Выготский«Вопросы детской психологии» атты кітабынан конспектілеу 3-27 бб.
  Даму психологиясының даму тарихы. 1. Кеңес психологиясындағы даму психологиясы. 2. Шетел психологиясындағы жастық даму кезеңдерге бөлу.   2апта Баяндама, конспект
  Психикалық дамудың теориялары. 1.Психикалық дамудың принциптері, заңдылықтары мен факторлары. 2. Даму психологиясының категориялары.   3апта Л.Ф.Обухова «Возрастная психология» кітабынан конспектілеу 32-161 бб.
  Баланың психикалық дамуының факторлары мен механизмдері.   4апта Сызба кесте құру
  Жастық даму периодизациясы туралы теория (түрлі авторлар бөлген кезеңдер).   5апта Жүйелеу, талдау
  Сәбилік шақтың психологиялық ерекшеліктері. 1. Сәбидің туа біткен психикасы мен мінез-құлық формалары. 2. Сәбилік шақты зерттеуге бағытталған әдістемелер.   6апта кейс-стади
  Ерте балалық шақтағы психикалық даму. 1. Үш жастағы дағдарыс ұғымына қатысты теория 2. Ерте балалық шақтағы танымдық процестерінің дамуы.   7апта Проблемалық жағдаяттар дайындау
  Мектепке дейінгі шақтың психологиялық сипаттамасы. 1.Метепке дейінгі балар-дың ойын әрекеті түрлері 2. Мектепке психология-лық даярлықты анықтау.   8апта Әдістемелер пакетін даярлау, талдау
  Бастауыш мектеп шақтағы психикалық даму. 1. Бастауыш мектеп кезеңіндегі дамудың әлеуметтік жағдаяты. 2. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі психологиялық жаңа құрылымдары.   9апта Идеялар аукционы
  Жеткіншектік кезең психологиясы. 1. Жеткіншектік шақтағы «дағдарыс» проблемасы. 2. Жеткіншектік агрессияны зерттеу психологиясы   10апта Әдістемелер пакетін даярлау, талдау
  Жасөспірімдер психологиясы 1. Жасөспірімдердің оқу әрекеті. 2. Отбасын құруға даярлық   11апта Конспект, баяндама
  Орта кемел жастағы адамның психологиялық сипаттамасы.   12апта конспект
  Қарттық жаста тұлғаның психологиялық аумақтарындағы өзгерістер сипаттамасы. 1. «Кәрілік әлеуметтік-психологиялық мәселе ретінде»   13апта Пікір-сайысы
  Ж.Пиаже бойынша баланың инттелектуалдық дамуы   14апта конспект
  Э.Эриксон бойынша тұлға әлеуметтенуі кезеңдері   15апта конспект

 

Психология және адам дамуы пәнінен оқытушының басшылығымен студенттердің өз беттерінше атқаратын жұмыстарына әдістемелік нұсқау

Мақсаты: Оқыту жүйесіндегі негізгі мақсатының бірі - пәннің оқу- әдістемелік сапасын арттыруды талап ететін студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының жоғары сапалы деңгейін қамтамасыз ету.

Міндеті: Студенттердің оқытушының басшылығымен өз бетімен орындайтын жұмыстары оқу курсын тереңдете оқуға, өз бетімен жұмысты орындау дағдысын қалыптастыруға, өз бетімен білім алуға машықтануға, оқу - әдістемелік жұмыстарды, қосымша әдебиеттерді, теорияны практикамен байланыстыру іскерліктерін жетілдіруге, психология ғылымының қазіргі кезеңдегі әлі де жете зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелеріне өзіндік пікірін қосуға жетелейді. Өздік жұмыс мазмұнына психология тұрғысынан 15 тақырып кіріп отыр.

Оқытушылардың студенттермен жүргізетін өздік жұмыстарының мақсаты – онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру.

Студенттермен істелетін жұмыстардың түрлері:

1. Жас ұғымының психологиялықұ ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу.

2. Жас ерекшеліктік психологияның жалпы және жеке әдістерімен танысу.

3. Кәсіби, сараптау, ойлауды, байқағыштықты, зейінділікті дамыту.

Курсты оқытудағы негізгі әдіс – оқытудың инерактивті әдістері.

Жас ерекшеліктік психологиясын оқыту үшін қажетті алдыңғы пәндер тізбесі: жалпы психология, жеке адам психологиясы, дифференцианалдық психология, психология тарихы, педагогика негіздері курстары негізінде ғылыми жұмыстар жүргізіледі.

Олар:

- Психологияның жалпы мәселелері

- Психологияның даму трихы

- Іс-әрекет және тұлға психологиясы

- Жеке тұлғаның іс-әрекет психологиясы

- Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы

- Психикалық қасиеттер. Темперамент, мінез, қабілет

- Психикалық таным процестері. Түйсік, ойлау, ес, қабылдау, қиял, зейін

- Тұлғаның психикалық күйлері. Эмоционалды-еріктік сферасы

- Даму психологиясы

- Ерте сәбилік шақ психологиясы

- Мектепке дейінгі балалар психологиясы

- Бастауыш мектеп шақ психологисы

- Жеткіншектер психологиясы

- Жасөспірімдер психологиясы

- Ересек адам жіне кәрілер психологиясы

Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмыстары олардың шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына, психологиялық әдіс - тәсілдерді терең меңгеруге мүмкіндік туғызады.

Күнтізбектік – тақырыптық жоспарда студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын өздік жұмыстарының тақырыптары көрсетілген. Сонымен қатар орындалу формалары да берілген.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 828 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)