Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Әкімшілік жауапкершілік.

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  2. Дәріс. Ғ.Мүсірепов және Ғ.Мұстафин шығармашылығы
  3. Дәріс. Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, Т.Жароковтың шығармашылық өмірбаяндары.
  4. Дәріс. Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт – стилистикалық заңдылықтар
  5. Дәріс. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер
  6. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  7. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық.

Жоспар:

1. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.

2. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері

3. Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері.

4. Әкімшілік жуапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.

5. Әкімшілік жауапкершіліктен босату

Негізігі ұғымдар: әкімшілік жауаптылық, әкімшілік құқық бқзушылық, әкімшілік құқықбұзушылық құрамы, әкімшілік жаза.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 28-бабына сәйкес Әкімішлік құқық бұзушылық деп жеке адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен әкімішлік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымын сипаттайтын белгілері:

1) Бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік

2) Қоғамдық қауіпті әрекет

3) Құқыққа қарсы әрекет

4) Кінәлі әрекет

5) Жазаланатын әрекет

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы –әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен белігленген объективтік және субъективтік белгілердің біртұтастығы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы 4 элементтен тұрады:

Объекті – әкімшілік құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар (жек адамның құықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, қоғамдық өнеге, ар-намыс, адамның тыныштығы)

Объективтік жағы- бұл құқыққа қарсы іс-әрекетті немесе әрекетсіздігі қол сұғудың нәтижесінғ әркетпен және туындаған салдардың арасындағы себепті байланысын, жасалынған әкімішлік құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралын сипаттайтын тыртқы белгілері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері – жеке және заңды тұлғалар. Арнайы субъектілер – лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл есі дұрыс, 16 жасқа толған адам әкімішлік жауаптылықта болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл адамның жасалынған әрекетке психикалық жағынан қарауын сипаттайтын беліглердің жиынтығы. Оның түйіні кінә болып табылады. Ол қасақана немесе абайсыздық нысанында болады.

Қасақаналық кінәнің мазмұны әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатымен анықталады, ол оның құрамы формальды немесе материалдық болады.

Қасақаналық формальды құрамы – құқық бұзушылық жасаудың нәтижесінде қандай да бір қоғамдық қауіпті, залалды салдардың болуын көздемейді. Материалдық құрамы – құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа олардың жасағанның нәтижесінде қоғамдық қауіпті салдардың міндетті түрде туындауы қамтиды.

Кінәнің абайсыздығы 2 нысанда көрініс табады:

1) Ұшқары ойлау – құқық бұзушылық жасаған адам құқықа қарсы зиянды салдар туындау мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ оны болдырамйын деп өз күшін негізсіз тым артық бағалайды.

2) Немқұрайлық (салақтық) құқыққа қарсы салдардың мүмкін болатынын алдын ала білмеу, бірақ тиісті назар аударған және ескерген жағдайда адам олардың алдын алуға тиіс те және мүмкін де болатындығынан тұрады.

2. Әкімшілік жауаптылық – әкімішлік құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімішілк жазалар қолдануы.

Әкімшілік жауаптылықтың беліглері:

- Мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады, өйткені биліктік өкілеттітер мемлекеттік билік органы арқылы жүзеге асырылады

- Құқықтық мәжбүрлеу

- Құқық бұзушылар үшін құқықтық норманың санкциясында қаралған жағының салдардың туындауына әкеп соқтырады

- Әкімшілік жауаптылықтың шараларында әрекет пен бұзушыға мелекет атынан берілетін қорытында құқықтық баға болады.

- Заңдық жауаптылық әрқашанда құқық бұзушылықтың нәтижесі ретінде қаралуы.

Әкімшілік жауаптылыққа тарту мен әкімшілік жаза қолдану бұзушыны сотталғанға әкеп соқтырмайды және оны жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.

Әкімшілік жауаптылықтың шараларын көптеген уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар қолданады. Олардың барлығы өздерінің өкілеттіктерін атқара отырып, құқық бұзушыға әкімшілік жазалар қолданады.

3. Әкімшілік жазалар- әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бір түрі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 44 бабына сәйкес Әкімшілік жаза дегенініміз – осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Әкімшілік жаза қолданудың мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жааған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушылық өзінің де, сол сияқты басқа адамның да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу.

Әкімшілік жазаның мазмұны олар қолданатын тұлғаның субъективтік құқықтары мен игіліктерін шектеуден, жоюдан тұрады (әкімшілік қамауға алу қысқа мерзімге еркінен айыруға әкеп соғады).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша әкімшілік жаза мынадай ерекшелікпен сипатталады, оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамның үлкен тобы- судьялар және атқарушы билік органдарының лауазымды адамнан жеке дара тәртіппен қолданады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 66-бабына сәйкес әкімшілік жазаға ұшыраған болып жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл бойы есептеледі және ол өткен соң автоматты түрде, яғни қандай да мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның арнайы шешімінсіз немесе санкциясыз жойылады. Бұл мерзім өткеннен кейін тұлға әкімшілік жазаға тартылмаған болып есептеледі.

Әкімшілік жазалар:

1. Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

2. Әкімшілік айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою, оны судья қаулысының негізінде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен кейіннен өткізуден тұрады. Осындай затты өткізуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткізу жөніндегі шығыстарды шегере отырып, меншік иесіне береді.

4. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу оларды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз өндіріп алудан тұрады.

5. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыр у осы құқықты пайдалану тәртібінiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.

6. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) айыру не белгiлi бір қызмет түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау. Жеке тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бір қызмет түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, біліктілік аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бір iс-әрекеттердi жасауы кезіндегі әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн. Белгiлi бір қызмет түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.

7. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргiзiледi.

8. Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау

9. Әкімшілік қамауға алу ды судья ерекше жағдайларда осы бөлімнің ерекше бөлігінің баптарында көзделген шектерде қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге тағайындайды.

10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіруді судья ӘҚБт Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген тәртіп пен негіздер бойынша әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданады.

Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

4. Әкімішлік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына құқық бұзушылық жеке басына сай келетін болуға тиіс.

Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімішілік құқық бұзушылықты ңсипаты, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі мінез-құлқы, мүлікті жағдай, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Заңды тұлғаға әкімішілк жаза қолданғана кезде әкімішілк құқықы бұзушылықтың сиапты, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Әкімшілік құыққы бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар:

1) Кінәлі адамның өкінуі:

2) Кінәлі адамның құыққ бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы

3) Әкімішлік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау

4) Әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы

5) Әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы

6) Әкімшілік құқық бұзушылықты күш қодану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшіг жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар:

1) Құқыққа қарсы мінез-құлықты прокурордың заңды түсіндіргеніне және

оны тоқтату туралы оған укілетті адамның талап етуіне қарамастан оны жалғастыра беру

2) Кәмелетке толмаған адамды әкімішілк құқық бұзушылыққа тарту

3) Кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын

адамдарды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы

4) Адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы

5) Ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі

бойынша, басқа адамның заңды әрекеті үшін кек алу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау және т.б.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 856 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)