Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқықтық қатынастардың түрлері

Читайте также:
  1. Автотрофты қоректену түрлері
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  3. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  4. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  5. Аржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
  6. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  7. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар

Әкімшілік-құқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының заңдық сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар ауларалық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді.

1. Тіке әкімшілік-құқытық қатынастар әкімшілік-құқытық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік қатынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құқықтық қатынатардан айыратын басты делгі, оларда тараптардың тепе-теңдігі болмайтының дәлелдейді. Шындығында тіке қатынаста бір тараптың заңдық-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта, немесе оладың көлемі аз болады (мысалы, бақарудың төменгі органында).

Тіке түрдегі көптеген әкімшілік-құқықтық қатынастар олардың біріне-бір бағынышты емес қатысушысының арасында пайда болады. Алайда, бұл сияқты жағдайларда да тараптардың бірі өзінің құзыретінің арқасында ұйымдық жағынан оған бағынбайтын белгілі бір құқықтық қатынастың басқа тарабына орындауға міндетті болатын заңдық актілер шығаруға құқылы. Мысалы, министрліктердің біреуінің басқа министрліктерге, ведомстволарға және азаматтарға міндеттті болып табылатын нормативтік актілер шығару жөнінде өкілеттіктері болуы мүмкін. Бұл білімнің, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың, өрт қауіпсіздігінің мәселелері және көптеген басқалар болуы мүмкін.

Бұл сияқты қатынастарға барлық басқа әкімшілік-құқықтық қатынастарды да жатқызуға болады, оларда тараптардың ұйымдық бағыныштылығы болмаса да, бірақ бір тараптың басқа тарапқа қатысты заңдық биліктік іс-қимыл жасауға құқығы бар. Мұндай құқықтық қатынастардың қатарына бақылау-тексеру органдары мен олардың тексеретін объектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды жатқызуға болады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардағы шын мәніндегі тікелікті және тараптардың теңсіздігін өзінің құқықтық мазмұны бойынша иландыра дәлелдейтін ең ауқымды белгі мынау: бұл түрдегі барлық тіке қатынастар бір жақтың екінші жақтан заңды түрдегі тәуелділігін іс жүзінде көрсетеді. Мұндай тәуелділікті қандай да болмасын мәселені шешуге қажетті заңдық – биліктік өкілеттіктердің тек қана бір жақта атқарушы биліктің субъектісінде болатындығымен алдын ала айырылады.

2. Көлбеу әкімшілік-құқықтық қатынастар болып, солардың шеіберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы таныылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.

Көлбеу қатынастары мемлекеттік басқару саласында, тікелік қатынастар сияқты, соншалықты кең қолданылмайды.

Көлбеу құқықтық қатынастар көпшілігінде тіке қатынастарға алғы шарт болатының басқару тәжірибесі көрсетіп отыр. Шынында, мысалы, қадай да болмасын бір нормативтік актіні дайындау және келісу сатысында тараптар тең құқылы. Бұл сияқты қатынастар министрліктер арасындағы қатынастар тәжірибесінде, жергілікті өкілді және атқарушы орандардың және әкімшілік құқықтың басқа субъектілерінің өзара қарым-қатынастарында кең орын алған. Көлбеу түрі азамат пен басқару органының (лауазымды адамның) арасында мынандай жағдайларда, мысалы, азамат жұмысқа тұрғанда, арыз немесе шағым бергенде т.с.с. қалыптасатын қатынастарға тән. Бірақ көлбеулік қатынасы өкілетті басқару органы тек заңды биліктік шешім, мысалы, қызметке алу туралы бұйрық шығарғанға дейін ғана көрінісін табады. Осы кезеңнен бастап көлбеулік қатынасы тікелік мәні бар қатынасқа айналады, мұнда тараптар енді жұмыстың шарты мен еңбек ақының мөлшерін талқыламайды, қайта жұмыскер өзі жұмысқа тұрған жеріндегі әкімшіліктің заңды өкімдерін орындауға міндетті болады.

 

 

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)