Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  4. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  7. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар

Негізгі ұғымдар: құқықтық норма, гипотеза, диспозиция, санкция. құқықтық қатынас, құқықтық қатынас субъектісі, объектісі, мазмұны.

Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.

Әкімшілік құқықтық нормалар дегеніміз – мемлекеттік органдардың басқару-атқару жұмыстары процесінде пайда болатын, атқару билігі аясында қоғамдық қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың актілерінде көрсетілген, мемлекеттік заң шығару және атқару билігінің органдары тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері.

Әкімшілік құқық нормалары басқару аясында пайда болатын қатынастарды ұйымдастыруға, реттеуге және жетілдіріп жоғары сатыға көтеруге негізделген.

Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері:

-мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу және жөнге салу;

-басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты, объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;

-басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің (қатынасының) тәртібін белгілеу.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың, құқықтың басқа салаларының нормалары сияқты, өзінің бөлімдерінің өзара орналасу тәртібі, яғни құрылымы бар.

Әкімшілік құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - оның ішкі құрылысы, негізгі құрамының (бөлшектерінің) өзара байланысының айқын тәртібі.

Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы мынадай бөлшектерден тұрады:

- гипотеза;

- диспозиция;

- санкция;

Гипотеза норманы іс жүзінде асыру шартының сипаттамасы, яғни ережені қолдану шарты. Гипотеза жорамал не болжам түріндегі пікірді білдіреді.

Диспозиция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесінің мазмұны.

Санкция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесін бұзудың салдары, яғни норманы бұзғаны үшін қолданатын шара. Әкімшілік құқықтық санкциялардың өзіне тән ерекшелігі әкімшілік жолмен ықпал ету әдістерінің, санкция түрлерінің көптігі, сонымен қатар өкілетті органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына белгіленген шеңберде берілген ықпал ету шараларын қолданудың мол мүмкіндігі.

Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері.

Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

1. материалдық (қаржылық) нормалар

2. процессуалдық нормалар болып екіге бөлінеді.

Материалдық нормалар – азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).

Процессуалды нормалар – мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесін тағайындаса. ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;

б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

в) іске асыру, яғни әкімшілік құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни сфераға байланысты және т.б.

Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша нормалар 3-ке бөлінеді:

1. міндеттеуші;

2. тыйым салушы;

3. уәкілдік беруші әкімшілік құқықтық нормалар болып бөлінеді.

Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар – бұл конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережелердің жиынтығы. Ал әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп басқарып отырады.

2 Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік басқару саласында пайда болатын әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар.

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар қызметшілері.

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болады.

Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі: әкімшілік құқықтық қатынас бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.

Заңды фактілер - әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін мән-жайлар. Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді: оқиға және іс-әрекет.

Оқиға адамдардың еркінен тыс болатын мән-жайлар. Мысалы: адамның туылуы, белгілі бір жасқа толуы; жер сілкінісі, су тасқыны,т.б. Іс-әрекет адамдардың еркімен байланысты.

Іс-әрекет заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік құқықтық қатынастар байланысы сипаты бойынша - тік және көлбеу болып бөлінеді.

Мазмұны бойынша - материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.

Құқықтың функциялары бойынша – реттейтін және қорғайтын.

Заңды фактілерінің сипаты бойынша – заңды іс-әрекеттер туғызатын, заңсыз іс-әрекеттер туғызатын, оқиғалар туғызатын болып бөлінеді.

Қорғау тәсілі бойынша - әкімшілік тәртіппен қорғалатын, сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.

Әкімшілік құқықтық қатынастар мен нормалар болмаса қоғамның дамуы мүмкін емес, өйткені әкімшілік құқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік құқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттікке ие болып қоймастан, сонымен бірге әкімшілік құүқық субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 486 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)