Читайте также:
|
|
Жоспар:
1. Әкімшілік жаза ұғымы, түрлері
2. Әкімшілік жаза қолдану
Негізгі ұғымдар: әкімшілік жаза, ескерту, айыппұл, әкімшілік қамау, арнаулы құқықтан айыру және т.б.
1. Әкімшілік жазалар- әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бір түрі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 44 бабына сәйкес Әкімшілік жаза дегенініміз – осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Әкімшілік жаза қолданудың мақсаты-әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жааған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушылық өзінің де, сол сияқты басқа адамның да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу.
Әкімшілік жазаның мазмұны олар қолданатын тұлғаның субъективтік құқықтары мен игіліктерін шектеуден, жоюдан тұрады (әкімшілік қамауға алу қысқа мерзімге еркінен айыруға әкеп соғады).
Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бойынша әкімшілік жаза мынадай ерекшелікпен сипатталады, оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамның үлкен тобы- судьялар және атқарушы билік органдарының лауазымды адамнан жеке дара тәртіппен қолданады.
Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 66 бабына сәйкес әкімшілік жазаға ұшыраған болып жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл бойы есептеледі және ол өткен соң автоматты түрде, яғни қандай да мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның арнайы шешімінсіз немесе санкциясыз жойылады. Бұл мерзім өткеннен кейін тұлға әкімшілік жазаға тартылмаған болып есептеледі.
Әкімшілік жазалар:
1) Ескерту 47 бап әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органның жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.
2) Әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін ең тқмен есепті көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне ай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза. (жаза тәртібі салынатын айыппұлдың мөлшері аз есепті көрсетікштің бестен бір бөлігінен (200 аек); лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, заңды тұлғаға 5 аек (400 аек), ал ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдығ мөлшері 20 аек (2000 аек) кем болмауы кереу. Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.
3) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны судья қаулысының негізінде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіптен кейін өткізуден тұрады. Осындай затты өткізуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткізу жөніндегі шығыстарды шегере отырып, меншік иесіне береді.
4) 50 бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан мүлікті тәркілеу, оларды заңнамада белігленген тәртіппен мемлекет меншігіне міжбүрлеп өтеусіз өндіріп алудан тұрады. Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркіленуге жатады. Тәркілеуді судья қолданады.
5) 51 бап. Арнаулы құқықтан айыру нақты адамға берілген адам құқығынан айыру осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел немесе үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Адам құқығынан айыруды судья қолданады. Адам құқығынан айыру мерзімі 1 айдан кем болмаға және 2 жылдан аспауға тиіс.
6) 52 бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе белгілі бір қызмет түріне не белгілі іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру.
Жаза тартуды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әректтер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыруды судья аталған адамның қызметті жүзеге асыруы не лицензиядан, арнаулы рұқсатта, біліктілік аттестатында көзделген белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезінде әкімшілік құқық бұзушылығы үшін қолдануы мүмкін.
Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан уақытша айыру 6 айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
7) Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тқру не оған тыйым салу- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізілетін тыйым салу туралы талап қою өтініші ҚР-ның заң актілерінде белгіленетін тәртіппен және негіздерде сотқа жіберіледі. Өтінішті сот 10 күн мерзімде қарайды.
8) Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау. Оны судья тағайындайды.
9) Әкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда жеке адамға қарсы әкімшілік құқық бұзушылық жекелеген түрлері және әкімшілі кқұқық бұзушылық туралы кдекстің ерекше бөлімінде көзделген басқа да құқық бұзушылықтар үшін 15 тәулікке дейінгі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлқыпен әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерін жасағаны және төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге тағайындалады.
10) Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен кетіруді судья әкімішлік құқық бұзушылық туралы кодекстің ерекше бөілмінде көзделеген тәрітп пен негіздер бойынша әкімішілі кжазалау шарасы ретінде қолданады.
2. Әкімішлік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына құқық бұзушылық жеке басына сай келетін болуға тиіс.
Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімішілік құқық бұзушылықты ңсипаты, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі мінез-құлқы, мүлікті жағдай, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.
Заңды тұлғаға әкімішілк жаза қолданғана кезде әкімішілк құқықы бұзушылықтың сиапты, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.
Әкімшілік құыққы бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар:
1) Кінәлі адамның өкінуі:
2) Кінәлі адамның құыққ бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы
3) Әкімішлік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау
4) Әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы
5) Әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы
6) Әкімшілік құқық бұзушылықты күш қодану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшіг жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар:
1) Құқыққа қарсы мінез-құлықты прокурордың заңды түсіндіргеніне және оны тоқтату туралы оған укілетті адамның талап етуіне қарамастан оны жалғастыра беру
2) Кәмелетке толмаған адамды әкімішілк құқық бұзушылыққа тарту
3) Кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы
4) Адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы
5) Ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамның заңды әрекеті үшін кек алу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау және т.б.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав