Читайте также:
|
|
Жоспар:
1. Мемлекеттік мәжбүрлеу
2. Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы
3. Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері
Негізігі ұғымдар: Мемлекеттік мәжбүрлеу, әкімшілік мәжбүрлеу,
әкімшілік алдын алу шаралары, әкімшілік жолын кесу шаралары, әкімшілік жазалау шаралары.
1. Мәжбүрлеу қоғам дамуының объективтік қажеттіліктерімен байланысты, мемлекеттік биліктің қасиеті болып табылады, өйткені ол-әрбір әлеуметтік ұйымның қажетті элементі және әрбір биліктің қасиеті.
Мемлекеттік мәжбүрлеу ықпал етудің тікелей объективтігіне байланысты күш қолданатын немесе психикалық мәжбүрлеуге бөлінеді. Оның мақсаты-құқықтың нақты субъективтілігін белгілі бір нұсқамаларды сақатуға немесе қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға көндіру. Мәжбүрлеу әдісін пайдаланған кезде қажетті нәтижеге қол жеткізу субъектінің еркіне, оның ішкі ал кейде сырттай қарсыластығына қарамастан жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мәжбүрлеу құқықта бекітіледі, құқықтық мәжбүрлеу нысанында болады және құзыретті мемлекеттік органның қолданатын нақтылы мәжбүрлеу шараларынан көрініс табады. Оларға:
- Заңдық жауапкершілік шаралары (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық)
- Жолын кесу шаралары және мәжбүрлеу сипаты бар әкімшілік алдын алу шаралары (кедендік тексеру, мәжбүрлеп медициналық куәландыру) жатады.
- Мәжбүрлеп ықпал етудің нақтылы шараларын іске асырудың тәртібі мен ресімденуінің негіздемелерін нормативтік белгілеу негізінде қолданылады.
Мәжбүрлеудің міндеті – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушыларды тәрбиелеу, жаңа бұзушылықтың алдын-алу.
2. Әкімшілік мәжбүрлеу арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессулдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген техникалық, физикалықң материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасаудың құралы.
Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілері:
- Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі
- Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларын биліктік мәжбүрлеу сипатта
- Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер
- Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдвқ қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталғаг құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.
- Әкімшілік мәжбүрлеуді оғын уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады
- Қорғаушыны әкімшілік құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады
- Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негіздерінің ерекше заңдық қасиеті болып табылады.
3. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әр түрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.
Қоғамдық қатынастың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімішлік мәжбүрлеудің барлық шаралары 3 топқа бөлінеді:
- Әкімшілік алдын алу шаралары
- Әкімшілік жолын кесу шаралары
- Әкімшілік жазалау шаралары.
Әкімшілік алдын алу шаралары – адамның қоғамдық және жеке басының қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызатын, құқық бұзушылықтар мен жағдайдың алдын алу мақсатында ранайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бір түрі:
Әкімшілік алдын алу шараларын қолданудың негізі құқық бұзушылық емес, керісінше адамнң іс-әрекеттерімен байланысты болатын да, байланысты болмайтын да заңнамаларымен белгіленген ерекше жағдайдың пайда болуы болып табылады. Оларды қолдану үшін құқықтық норманы бұзу оқиғасы талап етілмейді, қайта норманың гипотезасымен қаралған ерекше жағдайдың болуы қажет. Бұлар: өрттер, су тасқындары, эпидемиялар, авариялар, қылмыскерді іздеу, сәтсіз оқиғалар.
Мемлекет әкімшілік алдын алу шараларын пайдалана отырып, қоғамдық қатынастарды мүмкін болатын бұзушылықтардан, оларға қандай да бір зиян келтіруден қорғауға, олардың пайда болуына болдырмауға тырысады.
Әкімшілік алдын алу шараларын тікелей арналымы мен құқық шектеушілік сипаты бойынша 4 топқа бөлуге болады:
1) Мүмкін болатын зиянды, қауіпті, тіпті ауыр салдарлары да жиі болатын қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар (эпидемиямен зақымданған жерлерде карантин енгізу, шекаралас аумақтарда қауіпті жұқпалы аурулар кенеттен пайда болған кезде мемлекеттік шекара учаскесін жабу т.б.)
2) Құқық бұзушылықтың, оның ішінде тек әкімшілік теріс қылықтың ғана емес, қылмыстың да алдын алуға бағытталған шаралар (кедендік тексеру, жеке басты анықтайтын құжаттарды тексеру)
3) Тиісті субъектінің өздерінің міндеттерін орындаудан жалтаруына кедергі келтіретін шаралар (реквизициялау, мәжбүрлеп медициналық куәландыру)
4) Емдеу-алдын алу деп аталатын мәжбүрлеу шаралары ерекше топ құрады, олардың мақсат міндеті тек қоғамдық қауіпсіздікті ғана емес сонымен бірге қауіпті есі ауысқандарды, нашақорларды жұқпалы ауруларды емдеуді қамтамасыз ету.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары қоғамдық қатынастарды қауіпсіздіктен, оның құқық бұзушылық немесе өзге әрекеттің не болмаса оқиғаның салдарынан пайда болуына қарамастан қорғаудың құралы болып табылады.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шараларын қолданудың негіздері: құқық бұзушылық жасау; объективті құқық бұзушылық әрекет жасау немесе қауіпті болып табылатын құқыққа қарсы жағдайдың, оқиғаның пайда болуы.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесудің алуна түрлі шараларын бірнеше түрлерге топтастыруға болады. Оларға мыналар жатады:
1) Құқық бұзушының тікелей жеке басына қолданылатын шаралар (құқыққа қайшы мінез-құлықты тоқтатуды талап ету, әкімшілік полицияға жеткізу)
2) Мүліктік сипаты бар шарлаар (дәрімен атылатын аулау қаруын алып қою)
3) Техникалық сипаты бар шаралар (бұзылған көлікті пайдалануға тыйым салу, техникалық қауіпсіздіктің ережелерін, өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғандықтан кәсіпорынның жұмысын тоқтату)
4) техникалық сипаты бар шаралар (несие беруді тоқтатуға, бюджеттік қаржыландыруды қысқарту)
5) медициналық санитарлық сипаты бар шаралар (жұқпалы ауруларды жұмыстан шеттету, сауда немесе тоқтату ксәпорындарынан олардың ластығы үшін пайдалануға тыйым салу)
6) лицензиялық рұқсат беру жүйесін жұзеге асырумен байланысты шаралар (лицензия беруден бас тарту, лицензияның күшін тоқтата тұру)
7) арнайы немесе ерекше міндет атқаратын шаралар (дәрімен атылатын қаруды, көден жас ағызатын химиялық заттарды қолдану).
Әкімшілік жазалау шаралары – құқық бұзушылыққа көңіл аударудың нәтижесі ретінде арнайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.
Әкімшілік жазалаудың түрлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы конституцияның 45 бабында белгіленген.
1) Ескерту жасау
2) Әкімшілік айыппұл салу
3) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою
4) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу
5) Арнаулы құқықтан айыру
6) Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру
7) Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу
8) Заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау
9) Әкімшілік қамауға алу
10) Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен тетіру.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 398 | Нарушение авторских прав