Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқықтың ұжымдық субъектілері.

Читайте также:
  1. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  3. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  4. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы
  5. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  6. Бюджеттік құқықтың, бюджет жүйесінің және бюджеттік проценттің ұғымы
  7. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.

1. Әкімшілік құқық субъектілері деп ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға қатысушы тұлғаларды айтамыз. Әкімшілік құқық субъектілері жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік құқықтың жеке субъектілеріне - ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, лауазымды тұлғалар жатады.

Әкімшілік құқықтың ұжымдық субъектілеріне – ҚР Үкіметі, Министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

2. Жеке субъектілерді қарастыру ең алдымен азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесінен басталады. Сондықтан азамат деген түсінікті анықтап алу қажет. Азаматтық дегеніміз – адамның адамгершілігін, негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген олардың өзара байланысты құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің жиынтығынан көрініс табатын адамның мемлекетпен тұрақты түрдегі саяси құқықтық байланысы. Азаматтық белгісі бойынша жеке тұлғалар бірнеше топқа жіктеледі: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, қос азаматтығы бар адамдар. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз – азаматтардың әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген субъективтік құқықтарының, заңды міндеттерінің және жауаптылығының жиынтығы.

Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен, олардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Құқық қабілеттілігі азаматтардың әкімшілік құқықтық қатынастарға түсуге мемлекет белгілеген және қорғайтын мүмкіндігі.

Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі – азаматтың құқығымен берілген өзінің іс-әрекетін жүзеге асыруға, өзінің жүріс-тұрысына заңды жауапты болуға және белгіленген міндеттерді орындауға бейімделген қабілеті. Әрекет қабілеттілік толық (18 жастан), шектеулі (16 жастан) және ішінара (7 жастан) боп бөлінеді.

Мемлекеттік басқару саласында азаматтардың мынадай құқықтары мен міндеттері болады: құқықтары: мемлекеттік басқаруға қатысу; мемлекеттік қызметке кіру; мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өтініш жасау; еркін жүріп тұру; тұрғын үйге қол сұғылмауы; тегі мен атын өзгертуі; бірлесуге; хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарларының құпиялығы; басқару органдары мен лауазымды адамдардың әрекеттеріне шағымдану; заңды бостандықтарын жүзеге асыру; білім алу; денсаулығын сақтау; мемлекеттік органдарға олардың қызметін жақсарту туралы ұсыныс енгізу, олардың кемшілігін сынға алу:

міндеттері: басқару аясында заңдылық пен мемлекеттік тәртіпті сақтау; арнайы тыйымдарды сақтау (мысалы: арнайы білімсіз заңдық практикамен айналысуға тыйым салу); бірқатар әрекеттерді жасауға басқару органдарынан рұқсат (лицензия) алу (мысалы, жолаушы тасымалдау үшін рұқсат алу; Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР-да болу мерзімі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

-тұрақты тұратындар; -уақытша тұратындар; -транзитпен жүріп өтетіндер.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 286 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)