Читайте также:
|
|
ІІМ – 261 қылмыс, Ауыл шаруашылық министрлігі – 141, Еңбек министрлігі– 88, Салық комитеті – 72, әкімдер – 71, Денсаулық сақтау министрлігі – 53, ТЖМ – 45, Кеден комитеті – 43, ҰҚК шекаралық қызметі– 36, Әділет министрлігінің сот актілерін орындау жөніндегі Комитет– 28, Қарулы күштер – 23 қылмыс
Коррупционерлер мынандай типтерге бөлінеді:
I. Корыстолюбивый тип – өзінің материалдық жағдайын сақтау немесе көбейтуді көздейтін индивидтердің тобы
II. Престижный тип – өз мақсаттарын қанағаттандыруға ұмтылуымен сипатталады. Моральдық нормативтілік тыйымдарды бұзу арқылы және қылмыстық әрекеттер арқылы өзінің жеке және әлеуметтік имиджін сақтайды.
III. Игровой тип – индивидтің билікті жүзеге асыру процесіне деген талпынуын сипаттайды. Рұқсат етілген мен тыйым салынған, заңи және қылмыстық шегіндегі қауіптілігінен психологиялық қанағаттану алады.
Алдын алу
Жаза тағайындау кез келген қылмысты алдын алу шарасы болып табылады. Қытайдағы жемқорлыққа қарсы қолданылатын әдістің бірі биліктің барлық органдарындағы кадрлар ротациясы.бұл шенуніктердің қалыптасқан қызметтік туыстық достық және тағы да басқа заңсыз іс әрекеттерге жол ашатын қатынастарды қолдану мүмкіндігін болдырмайды. Және де жемқорлық үшін қолданатын жаза өлім жазасын айтпай кетпеуге болмайды.
Соңғы екі онжылдық ішінде Қазақстаннан шетелге $123,057 млрд. шығарылды. 1994 пен 2013 жылдар арасындағы сыбайлас жемқорлық салдарынан мемлекетке келген зиян $ 7,5 млрд.ты құрады. Бұл қаражатқа:
· Қазақстан Республикасының Нидерландыға қарызының үштен бір бөлігін немесе Ресей немесе Қытайға деген қарызының жартысын төлей алатын еді;
· 4500 және 1530 орындық 5 мектеп пен 7 балабақша салуға;
· 680 көшенің атын өзгертуге;
· Шымкент, Қызылорда, актөбені жалғайтын 1062 км және Қазақстан шекарасынан Қытайға дейінгі 2800 км жол салуға; (35 000 жұмысс орны)
· 1500 мектепті толық жөндеуден өткізуге болатын еді.
Жемқорлық бар жерде, жұмыс нәтижелi болмайды. Алайда, осынау жағымсыз қылықтың бiздiң қоғамда жиi көрiнiс берiп жатқаны өкiнiштi,
«Жемқорлық – індет, жою – міндет». Көптің ақысын жеп, ешкім шалқып-тасып өмір сүре алмайды, ондай болған жағдайда зерттелуін, оның ашылып көрсетілуін, жан-жақты талдануын уақыт өзі талап етеді.
Қазіргі көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық проблемалар қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасының маңыздылығын көтеріп отырған бірнеше себептер бар.
Біріншіден, қолдағы билікті бас пайда үшін пайдалану, ондай қылмыстың әшкереленуі билік беделін түсіреді, демократияға нұқсан келтіреді, тіптен диктатураға алып келуі мүмкін.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық өзінің ресурстардың бөлінуіне тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып, нығаюына алып келмейді.
Үшіншіден, сыбайлас жемқорлық, басқа да келеңсіз әлеуметтік құбылыстар сияқты, өзіне-өзі жағдай тудыра отырып, келешек әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті шайқалтады, ол неғұрлым тамырын жайған сайын онымен күресу қиындай береді.
Төртіншіден, елде етек алған сыбайлас жемқорлық шеттен келетін жәрдемнің, инвестициялардың жолына тосқауыл болады.
Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады. Ол, әдетте, қоғамның жаңару кезеңінде бой көтереді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас.
Сыбайлас жемқорлық, әдетте, мемлекеттік қызметтің өте күрделі, көпшілік түсіне бермейтін түрлерінде орын алады. Басқа салаларға да тез таралады, тез дамып жетіледі. Бірақ оны айқындау өте қиын. Бұл қылмыс әшкереленген күннің өзінде «айран ішкендер» құтылып кетеді, тек «шелек жалағандар» ғана тұтылады.
Барған сайын өріс алып бара жатқан сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде тек заңгерлердің ғана емес, философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика, психология және басқа салалар мамандарының да назарын аударып отыр. Бұл қылмыста өзінше ерекшелік бар. Ол ұйымдасқан қылмыстың бас пайданы көздейтін, экономикалық және кәсіби қылмыстардың жиынтығын береді. Екінші жағынан онда қылмыстық жауапкершілік көзделген нақты қылмыстың сипаты бар. Кеңестік заңнамада сыбайлас жемқорлық ұғымы болмағанмен лауазымдық қылмыстар қарастырылған болатын, ал олардың көбісі қазір жемқорлық қылмыс деп саналады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамасақ оның криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы» деп аталатын Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресті басты мақсаттар қатарына қойған, оны құқықтық мемлекет орнатудың шарты деп санаған.
Жемқорлық қылмыскерлігінің бұрындары қаншалықты қарастырылғандығына жасалған талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
- жарияланымдар көп болғанмен, мемлекеттік функциялар атқаратын адамдардың жемқорлығымен күресуге арналған кешенді жұмыстардың тапшылығы бар;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарға енгізілген бірқатар өзгерістер әлі де болса жетілдіруді керек етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
Халыктын өзі шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа үйретпеу керек.
«Сыбайлас жемқорлық биліктің коррозиясы. Темірдің тат басқаны сияқты жемқорлық та мемлекеттік аппарат пен қоғамның адамгершілік қағидаларын шірітеді. Сыбайлас жемқорлық деңгейі мемлекеттік аппараттың мәселелері өзінің емес, қоғамның пайдасына шеше алу қабілетінің және қоғамның моральінің көрсеткіші. Метал үшін коррозиялануы оның төзімділігінің төмендеуі сияқты қоғамның жемқорлықтан шаршауы оның қарсыласу дәрежесінің төмендеуі.» (А.И. Кирпичников).
Айтқанды қорыта келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу оңай шаруа емес, ол ұзақ мерзімге бағытталған мемлекеттік шара екені рас. Адам затының рухани әлемін ескере отырып әр азамат алдын ала жемқорлыққа жол жоқ деген сипатпен өз-өзімен күресті бастау қажет және ең бастысы осы кеселді жоюға бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейде жауаптылықпен іске асырылуы тиіс, сонда ғана егемен еліміз бұл кеселді ауыздықтайтынына үміт етуге болады.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ауіптілігіне байланысты | | | King Crimson, Genesis, Pink Floyd и Milli Vanilli. |